Орталық Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 18:58, курсовая работа

Описание

Орталық Қазақстан экономикалық ауданы еліміздің орталығында орналасқан. Экономикалық аудан республикамыздың халықаралық маңызы бар түсті және қара металл кен орындарының, көмір кенінің, т.б. пайдалы қазбаларына бай. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикасындағы жетекші салалар болып табылатын металлургия көмір өнеркәсіптерінің, мал шаруашылығының маңызы зор.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................3 – 4
І тарау. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық-
географиялық жағдайы................................................................................5 - 12
1.1 Орталық Қазақстанның географиялық жағдайына
жалпы сипаттама................................................................................................5 - 7
1.2 Орталық Қазақстанның еңбек ресурстары................................................7 - 9
1.3 Қарағанды облысының қалыптасу тарихы...........................................10 – 12

ІІ ТАРАУ. Орталық Қазақстанның индустриалдық-инновациялық
дамуын талдау..............................................................................................13 – 30
2.1 Облыс индустриясын дамыту жағдайы мен тенденцясы............................13
2.1.1. Кен өндіру өнеркәсібі..........................................................................14 - 15
2.1.2. Өңдеу өнеркәсібі..................................................................................16 - 18
2.1.3. Электр қуатын, газ және су өндіру және үлестіру...................................19
2.1.4. Өнеркәсіп салаларының жалпы проблемалары.......................................20
2.2 Орталық Қазақстандағы жаңа технологиялар салаларын дамыту......21 - 25
2.3 Орталық Қазақстандағы сауда саясаты..................................................26 - 28
2.4 Орталық Қазақстанның инвестициалық саясаты..................................29 - 30
Қорытынды..........................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................32

Работа состоит из  1 файл

орталық Қазақстан курсавой.doc

— 330.50 Кб (Скачать документ)

 

2002 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 2001 жылмен салыстырғанда  3,6%-ға, экспорт – 6,4%-ға, облыс импорты - 5,3 %-ға өскен.

Қара металл илегін әкеліп жеткізуді - 30,7%-ға, өңделген немесе жартылай өңделген күмісті - 10,4%-ға, кен және мырыш қойыртпаларды - 2,3%-ға, бидай мен меслинаны -  68,2%-ға арттыру есебінен экспорттың өсуі пайда болды.    

3-кесте. 2004-2006 жылдарға арналғаноблыстың жоспарланған сыртқы сауда айналымы

млн. АҚШ долл.

 

2004 жыл

өткен жылға %-бен

2005 жыл

өткен жылға%-бен

2006 жыл

өткен жылға %-бен

ССА

2650,0

102,3

2700,0

101,9

2750,0

101,9                                                                                                                           

Экспорт

2100,0

100,5

2130,0

101,4

2150,0

100,9

Импорт

550,0

110,0

570,0

103,6

600,0

105,3

Сальдо

1550,0

97,5

2700,0

101,9

2750,0

101,9                                                                                                                           

 

Машина және құрал жабдықтарын әкеліп жеткізуді -  4,5%-ға, жиһазды- 2,9%,-ға, шинаны-10,1%-ға, қара металлдан жасалған құбыр бұйымдарын – 29,3%-ға, қантты - 52,6%-ға  азайту есебінен импорттың төмендеуі пайда болды.

2003 жылдың сыртқы айналымын талдау сыртқы сауда құрылымдағы оң өзгерісті көрсетеді: экспортқа жіберу көлемі 22,0%-ға, импорттық кіріс – 8,4 %-ға өскен, сыртқы сауда сальдосы оң болып, 1589,0 млн. АҚШ долларды құрайды. 

Сыртқы сауда айналым көлеміндегі алыс шет елдердің үлесі 2003 жылы 73,2%-ды құраған, бұл өткен жылға қарағанда 10,7%-ға артық. Алыс шет елдердің негізгі серіктестері:

Тауар айналымының жалпы көлемінен Қытай – 37,7 %, Италия – 6,7%, Германия – 5,1 %, Иран – 8,3%,  Солтүстік Корея – 1,9 %, Вьетнам – 1,7%.

ТМД елдерінің сыртқы сауда айналымы 40,1%-ға ұлғайған. ТМД елдері бойынша негізгі серіктесі: тауар айналымының жалпы көлемінен Ресей Федерациясы – 20,3% , Украина – 2,9%, Өзбекістан – 1,5%.

Болжаулы экспорт бойынша 2004 жылдан 2006 жылға дейінгі мерзімнің деректерін талдау экспортқа жіберетін тауарлардың негізгі түрлері болып қалуға қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

·              «Испат Кармет» ААҚ  2004-2006 жылдары дүниежүзілік рынокта қара металл бағасы өсуіне байланысты қара металл илегінің экспортын 1,2-4%-ға өсіреді

·              Тазартылған мыс және қорытпалар – экспорттың жыл сайынғы көлемі 524,5 млн.  долл. құрайды

·              Тасты көмір және лигнит –  2004 жылы экспорт 58,2 млн. АҚШ долл. құрайды, 2005-2006 жж. жыл сайын 58,5 млн. АҚШ долл. Негізгі экспортқа жіберетін кәсіпорындар -  «Испат Кармет» КД ААҚ, «Шұбаркөл көмір» ААҚ, «МУГОТЕКС» ЖАҚ болып табылады.

·              Мырышты руда және концентрат - 2001 жылы бірлескен қазақстандық-швейцарлық «NOVA ЦИНК» ЖШС кәсіпорны ауыр байыту жүзгін цехын іске қосуына байланысты жаңа машина, құрал сатып алды, 2002 жылы мырыш руда экспорты 18,2%-ға өсіп,  12,06 млн. АҚШ долл.,  2003 жылы – жылына 15,6 млн. АҚШ долл. құраған. 2004-2006 жылдары  2003 жылдың деңгейінде болу жоспарлануда.

·              Өңделген немесе жартылай өңделген күміс, алтын. «Қазақмыс Корпорациясы» 2003 жылдың деңгейінде қалуды жоспарлайды.

·              Өңделмеген мырыш - 2003 жылға дейін осы тауар экспортқа мүлде шығарылмаған. «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ мырыш зауытын іске қосуына байланысты мырыш экспорты 2004-2006 жылдары жыл сайын 59,5 млн. АҚШ долл. құрайтын болады.

Қарағанды экспортындағы шикізат тауарлар әлі де құрастырушы негіз болып қалуы анық. Алайда облыс үшін шикізат өңдеу дәрежесінің тереңдеуі және осының негізінде экспорттағы үлесінің одан әрі ұлғаюы әбден анық.

Бұдан басқа өз ауыл шаруашылығын және жеңіл өнеркәсібін қалпына келтіру бойынша қарағандылық импорттағы тұтынушы тауарлар үлесі азайып, машина және жабдықтар - инвестициялық тауарлар үлесі өседі.

Экономика салаларын дайындау шегінде ССА-ға кіру үшін аймақтық деңгейде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

1.      облыс кәсіпорындарында сапа жүйесін енгізу жөніндегі жұмыс;

2.      аймақтық бизнес, ассоциациялар, бірлестіктер, СӨП өкілдерінің қатысуымен Казақстанның  ССА-ға кіру мәселесі жөнінде семинарлар, конференциялар, «дөңгелек стөлдер» ұйымдастыру;

3.      «Қарағандылық сапа» тауар өндірушілер арасында аймақтық конкурс өткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Орталық Қазақстанның инвестициалық саясаты

 

2002 жылы негізгі капиталдағы инвестиция бүкіл облыс бойынша 62,6 млрд.теңгені құраған, бұл 2001 жылғы деңгейден 13,4%-ға артық. Инвестицияның жалпы көлемі 92% -ке жуығы – жеке және шет елдік меншік кәсіпорындардың күрделі салымдары,  бюджет қаражатының үлесі -  8%. 

Инвестициялар көлемінің динамикасын төмендегі кестеден байқауға болады:

млрд. теңге

                      

Қарағанды облысының 2003 жылғы негізгі капиталдағы инвестиция көлемі бағалау есебімен 65,2 млрд. теңгені құраған, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңіне  102,1% сәйкес.

2003 жылғы инвестицяның салалық құрылымы көлемінің негізгі бөлігі -  80% өнеркәсіп саласына, оның  51% – өңдеу саласына келеді.

Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік инвестиция үлесі 11,4%, шет елдік – 18,0% және  70,6%- ы кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен құраған.

Республикалық бюджет қаражаты (4,7 млрд. теңге) күрделі жөндеуге, су шаруашылық объектілерін жаңғырту және салуға, автожолдарды салу және жөндеуге, медициналық құралдарын жетілдіруге, халықты ауыл шаруашылық өнімдермен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған.

Жергілікті бюджеттегі қаражаттар (4,6 млрд. теңге) белгіленген басымдылыққа сәйкес облыстық маңызды автожолдарды күрделі жөндеуге, аймақтық су құбырлар желілерін қайта  жаңартуға, сонымен қатар білім беру және денсаулық сақтау объектілерін жөндеуге бағытталған.

2003 жылы негізгі капиталдағы шет елдік инвестиция көлемі 9,6 млрд. теңгені, немесе жалпы инвестиция көлемінің 18%-ын құраған.  Оның ішінде «Испат - Кармет» АҚ-да шет елдік инвестиция есебінен металлургия зауытын қайта жаңартуы жүргізілген, болатты үздіксіз құю цехының құрылысы басталған.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаты 37,8 млрд. теңгені құраған, олар  өндірістік қорларды жаңартуға, жаңа қуаттар енгізуге, сонымен қатар, «Қазақмыс Корпарациясы» АҚ, «Испат-Кармет» ААҚ, «Жайрем КБК» АҚ т.сс кәсіпорындардың техникалық қайта  жарақтандыруға бағытталған. 

2004-2006 жылдары облыс бойынша негізгі капиталдағы инвестициялар барлық қаржыландыру көздері есебінен 239,4 млрд. теңге көзделген,  76,4 млрд. теңге, 82,6 млрд. теңге және 80,4 млрд. теңге жылдарға сәйкес.

Республика бюджеті есебінен 2004-2006 жылдары негізгі капиталдағы инвестициялар болжам бойынша3,4; 4,2 и 3,6 млрд. теңгені құрайды. 2005 жылдағы инвестицияның өсуі селолық аудандардағы білім беру объектілерінің құрылысына жобалы түрде бөлінген қаражатқа байланысты. Республикалық және облыстық маңыздағы автожолдарды қайта  жаңартуға, облыстың селолық аудандарындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға, сонымен қатар, білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салу және қайта жөндеуге бағытталған.

2004-2006 жылдары жергілікті бюджеттен қаражат автожолдарды күрделі, орта жөндеуге және бір қалыпта ұстауға, тұрғын үй шаруашылық объектілерін қайта жаңартуға бағытталады.

Жергілікті бюджет есебінен инвестициялар жұмсау селолық аудандардағы білім беру объектілерін салу және қайта жөндеу арқылы білім беру саласына да көзделген.

Алдағы жылдарда инвестициялар жұмсау көздерінің негізі мемлекеттік емес сектордағы кәсіпорындардың өз қаражатынан болады. 2004-2006 жылдары кәсіпорындардың  күрделі салымы 52,1 млрд. теңге көлемінде жоспарланған, жылдарға сәйкес 56,3 млрд. теңге және 53,4 млрд. теңге. 2004-2006 жылдары инвестициялар шет елдік инвесторлар қаражаты есебінен 14,9 млрд. теңгені құрайды, жылдарға сәйкес 16,1 млрд. теңге және 16,5 млрд. теңге.

Салалық құрылымындағы инвестициялар салу басымды секторы болып кен өндіру және өңдеу, электр энергия, газ және су өндіру және үлестіру өнеркәсібі табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

              Орталық Қазақстан экономикалық ауданының айрықша ерекшелігі қоғамның жұмыс істеуінің механизмдерін тұжырымды түрде қарастыруда, әлеуметтік-саяси процестерді бағалауға басқаша амалдарды қалыптастыру, сондай-ақ дамудың жаңа бағыттарын жасау болып табылады. Орталық Қазақстан өнеркәсіптің дамыған орталығы. Ауданның негізгі маманданған саласы – түсті және қара металлургия салалары, көмір өнеркәсібі, ауыл шаруашылығынан мал шаруашылығы.

              Әлеуметтік-саяси жаңғыртулар кезеңінде қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қоғамдық тұрақтылық, ұлттық қорғалушылық сияқты мәселелерді теориялық қарастыру әрекеттері тұрғысындағы ізденістерді күшейтіп, бұл тақырып маңызды әлеуметтік мәні бар сипатқа ие болады.

              Болашақта аймақтың ғылыми, өндірістік және шикізаттық әлеуеті негізінде облыстардың индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыру арқылы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізу күтіледі:

      Жаңа өндірістердің ашылуына байланысты облыстың өнеркәсіп өндірісі құрылымының өзгеруі;

      Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемінде инновациялық өнім үлгісінің артуы;

      Инновациялық жобаларды жүзеге асыру процесінде өнеркәсіп өнімінің негізгі түрлері және экспорт-импорт құрылымының өзгеруі;

      Өнім шығарудың жалпы көлемінде шағын және орта бизнес рөлінің артуы;

      Стратегияны жүзеге асыруы аясында сыртқы инвестиция бағыттарының өзгеруі.

Орталық Қазақстан экономикалық ауданының металлургия кешенін дамытудың төмендегідей бағыттары анықталған:

      Экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту;

      Металлургия зауыттарын модернизациялау және өңдеу қуаттылығын арттыру;

      қажет инфрақұрылымды қалыптастыру;

      Металлургия зауыттары және шахта құрал-жабдықтарының өңдірісі және қызмет көрсету сферасын дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.      Казахстан возможности инвестиций в минерально-сырьевой сектор.- Алматы: 1994. – 191 с.

2.      Каренов Р.С. Минерально-сырьевой комплекс Казахстана в условиях рыночной экономики. – Алматы: 2000. – 201 с.

3.      Қарағанды облысының энциклопедиясы. – Алматы: 1997.

4.      Қарағанды облысы// Қазақстан ұлттық энциклопедия. – Алматы, «Қазақ энциклопедиясы». 1-том, 1998.

5.      Смағұлова Г.С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері. – Алматы: 2005

6.      Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. – Алматы: «Мұнайшы қоғамдық қоры», 2005. -1-т.- 297 б.

7.      Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. – Алматы: Білім, 1997. – 176 б.

8.      Қазақстан Респубикасы: ақпараттық төлқұжат. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 112 б.

9.      Хайрлиев И.Н., Кожахметов М.К. Экономическая и социальная география Республики Казахстан. – Караганда: Изд-во КарГУ, 1997. – 130 с.

Информация о работе Орталық Қазақстан