Орталық Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 18:58, курсовая работа

Описание

Орталық Қазақстан экономикалық ауданы еліміздің орталығында орналасқан. Экономикалық аудан республикамыздың халықаралық маңызы бар түсті және қара металл кен орындарының, көмір кенінің, т.б. пайдалы қазбаларына бай. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикасындағы жетекші салалар болып табылатын металлургия көмір өнеркәсіптерінің, мал шаруашылығының маңызы зор.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................3 – 4
І тарау. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық-
географиялық жағдайы................................................................................5 - 12
1.1 Орталық Қазақстанның географиялық жағдайына
жалпы сипаттама................................................................................................5 - 7
1.2 Орталық Қазақстанның еңбек ресурстары................................................7 - 9
1.3 Қарағанды облысының қалыптасу тарихы...........................................10 – 12

ІІ ТАРАУ. Орталық Қазақстанның индустриалдық-инновациялық
дамуын талдау..............................................................................................13 – 30
2.1 Облыс индустриясын дамыту жағдайы мен тенденцясы............................13
2.1.1. Кен өндіру өнеркәсібі..........................................................................14 - 15
2.1.2. Өңдеу өнеркәсібі..................................................................................16 - 18
2.1.3. Электр қуатын, газ және су өндіру және үлестіру...................................19
2.1.4. Өнеркәсіп салаларының жалпы проблемалары.......................................20
2.2 Орталық Қазақстандағы жаңа технологиялар салаларын дамыту......21 - 25
2.3 Орталық Қазақстандағы сауда саясаты..................................................26 - 28
2.4 Орталық Қазақстанның инвестициалық саясаты..................................29 - 30
Қорытынды..........................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................32

Работа состоит из  1 файл

орталық Қазақстан курсавой.doc

— 330.50 Кб (Скачать документ)

Жылына 4 млн. тонна өнімділікті «Жаман Айбат» мыс өндіретін кен орнының және 180 км Жезқазған қаласына дейін жүретін темір жолының құрылысы басталған. 

«Балқаштүстімет» БКМК ӨК салқындату, зиян газдарды тазарту және абсорбциялау бөлімінің құрылысы жалғастырылуда. Белгіленген бағдарлама бойынша 2005 жылы объектіні іске қосуы жоспарланған. 

2005 жылы «Испат-Кармет» ААҚ болатты үздіксіз құятын қондырғының жұмысы басталады, бұл кәсіпорынға шығаратын болаттың номенклатурасын едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді, өндірістің көлемі жылына 5,2 млн. тонны құрайтын болады. Осы жобаны іске асыру 2-і технологиялық кезегін алу (слябинг жасау және құрам дайындау) есебінен өнімнің өздік құнын едәуір азайтуға, сонымен қатар дайын илектің техникалық сипаттамасын жақсартуға мүмкіндік береді. 2004 жылдың қазан айында бірінші машинаны (І кезекте УНРС), екінші машинаны 2005 жылы іске қосу жоспарлануда. 2006 жылға қарсы өнеркәсіп өнімі 412,1 млрд. теңгеге өндіріледі, 2003жылмен салыстырғанда өсімі 113,2% құрайды.

              Франция және Ресей компанияларымен бірлесіп жылына 3,0 мың тонна қуатты «Aliant Paint» ЖШС сыр-бояу материалдар шығаратын зауыт іске қосылған. Өндіріс түрлі сипатты және қасиетті бояулар шығаратын еуропалық модульді технологиямен қамтылған.

              Қарағанды қаласында дәрі-дәрмек, оның ішінде дүниежүзіндегі ұқсасы жоқ ісікке қарсы қолданатын шөпдәрі «Арглабин» шығаратын фармацевтикалық зауыты салынып жатыр.

              Химия саласының, машина жасау, тамақ өндірісінің үлесі ұлғаяды. Осыған орай жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі «Испат-Кармет» ААҚ және «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ үлесі 2003 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 74,9%-ға, 2015 жылы 65%-ға дейін азаяды.

              Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласындағы жұмыс мынаған бағытталады:

18   өнімнің тауарлық түрін орауды жақсарту;

19   барлық сала кәсіпорындарында ИСО9000 сериялы сапа менеджментін енгізу;

20   өңдеу үшін шикізат сапасын жақсарту және көлемдерін тұрақтандыру үшін өнеркәсіп мал шаруашылығын дамыту;

21   өнім түрлерін көбейту және оның қосымша құнын көтеру үшін бидай және басқа ауыл шаруашылық дақылдарды күрделі өңдеу бойынша үздік инновациялық технологиялар игеру.

2004-2006 жылдары облыста дамыту институттармен бірлесіп басымды жоғары технологиялық және инновациялық өндірістің іске қосылуы жоспарлануда:

Мемлекеттік дамыту институттарымен бірлесіп жүзеге асыруға жоспарланған жобалар:

1.Еден жабу өндірісі («Құрылыскомплект-А» ҚФ ЖШС) – жоба «Акцент», «Винфлекс НБ» типті еден жабу коммерциялық ПВХ өндірісін ұйымдастыруға, жылына 14 млн. м2 қуатты инеалғыр талшықты еден ПВХ жабуларға бағытталған. Жоба құны 480,5 млн. теңгені құрайды, іске асыру мерзімі – 3 жыл;

2.Жылу  күш қондырғыларға экологиялық таза және қауіпсіз сұйық ортаның гидродинамикалық қыздырғыш сериясын құру («Темір мен мыс» ЖШС) - жоба ыстық сумен жабдықтайтын ауаны, су және ауа жылуын салқындату үшін жергілікті желдетпе жүйесінде қолданатын  жылу  күш қондырғыларға экологиялық таза және қауіпсіз сұйық ортаның гидродинамикалық қыздырғыш тәжірибелі -өндірістік сериясын құруға бағытталған. Жобаның құны – 7,7 млн. теңге, іске асыру мерзімі – 1 жыл;

3.Бейнеграмметрикалық жол өлшеу жүйесі («Тұлпар» ЖШС) – жоба деректерді лазерлік көмескі жарығы және компьютермен ө өңдей отырып, темір жол сипатын анықтайтын көрінісін өзгерту үшін жабдықтарды өндіруге бағытталған. Жобаның құны – 650,0 млн. теңге, іске асыру мерзімі – 2 жыл;

4. Фармацевтика зауытын салу (Фитохимия институты)  - жоба  жылына 2 млн. ампула және 2 млн. сауыт көлемінде ісікке қарсы қолданатын «Арглабин» дәрі өндірісіне бағытталған. Бұл теңдессіз, дүние жүзінде ұқсасы жоқ  дәрі. «Аглабин»  Қазақстан Республикасында ісікке қарсы құрал болып тіркеліп, «Негізгі өмірге қажетті дәрі-дәрмектер және ҚР дезинфекция құралдарының тізіміне» қосылған;

5. Болатты құбырлардың өндірісі («Темір мен мыс» ЖШС) – жоба 4-шектегі өнімнің - халықаралық API-5L стандарты бойынша диаметрі 102-426 мм мұнайгаз сортаментінің болатты тік тігісті құбырлар  өндірісін ұйымдастыруға бағытталған. Іске асыру мерзімі – 2 жыл, зауыттың жобалық қуаты жылына 120 мың тонна дейін орнатылуы мүмкін. Құбырларды өндірген жағдайда «Испат-Кармет» ААҚ болатты илегін пайдалану жоспарлануда;

6. Кірпіш зауытын салу («Уралдомнаремонт» ААҚ) – жоба жылына 20,0 млн. дана көлемінде үздік француз технологиясы бойынша қайта құрылған кірпіш өндірісін ұйымдастыруға бағытталған. Жоба құны 792,0 млн. теңгені құрайды, іске асыру мерзімі – 5 жыл;

7.Асинхронды электрқозғалтқыш өндіру («Қарағанды электротехникалық жабдықтар зауыты» ЖАҚ) – жоба жылына 8,0 мың дана мөлшерінде 20-120 кВт қуатты асинхронды электр қозғалтқыш өндіруді ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстанда аталған өнім шығарылмайды. Жобаның құны 120,0 млн. теңгені құрайды, іске асыру мерзімі – 3 жыл.

Бұдан басқа жыл сайын экономиканың нақты секторын дамыту бағдарламасына сәйкес жұмыс істейтін және жаңадан құрылатын өнеркәсіптің тамақ, жеңіл, химия, металлургия және басқа салалар кәсіпорындарында жаңа өндірістер ашылатын болады (2004 жылы 33 өндіріс ашылуы жоспарлануда).

              Бірнеше инвестициялық және инновациялық жоба аймақтық деңгейде жүзеге асырылады:

1. Электр энергияны есепке алатын құралдар өндіру («АИМ ЛТД» ЖШС) – жоба «Темір 1» электр энергияны есепке алатын құралдар шығаруға бағытталған. Жоба құны – 21,9 млн.теңге, іске асыру мерзімі – 2 жыл;

2. Ақтас және Ақшоқы -3  кендерінің кварц желін терең байыту зауытын салу («Қаратас-Абад» ЖШС) – жоба жартылау өткізгіш, жарық- техникалық, оптика- талшық және кремний өнімдеріне арналған аса таза кварц шығаруға арналған. Жобаның құны – 900,0 млн. теңге, іске асыру мерзімі – 3 жыл;

3. Лифт өндірісін ұйымдастыру («Қарағанды лифт жасау зауыты» ЖШС) - жоба бұрайтпа технологиясы бойынша лифт жинауды ұйымдастыруға бағытталған. Іске асыру мерзімі – 2004 жыл. Болжамдаған өндіріс көлемі – жылына 360-тан 600 бірлік өнімге дейін;

4.Құрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіп кешені («Караганданедруд» АҚ)- жоба француз технологиясы бойынша керамика кірпіш және жабынқыш өндірісіне, швед технологиясы бойынша құм-тасты қоспалар өндіруге және өңдеуге бағытталған. Іске асыру мерзімі – 2 жыл. Жоспарлаған көлемі – 30 млн. дана кірпіш;

5. Өзге жолдарымен атомды су тегін алу аэроионды технологияны игеру («Абсолют-Қазақстан Компаниясы» ААҚ) – жоба ауа тазарту технологиясын аэроионды  сынау және енгізуге бағытталған. Іске асыру мерзімі – 1 жыл;

6.Ұсақтайтын өзектер өндірісі («Қазақмыс Корпарациясы» АҚ «Қарағанды құю – машина жасау зауыты» ААҚ) – жоба жылына 8,4 мың тонна диаметрі 100-120 мм  ұсақтайтын өзектер өндірісін ұйымдастыруға бағытталған. Бұл Қазақстандағы жалғыз өндіріс, бұйым бағалары импорт бұйымдарға қарағанда 2 есе төмен. Жүзеге асыру мерзімі – 2004 жыл;

7. Жабынқыш және кірпіш өндірісін ұйымдастыру («Осакаров кірпіш зауыты» ЖШС) – жоба кірпіш зауытын салуға бағытталған, 10,0 млн. дана жабынқыш және кірпіш шығару;

8. Жаңа кен орындарын дайындау: («Қазақмыс корпорациясы» АҚ) Абыз, Жаман-Айбат, («Нұрдәулет» ЖШС) Көкзабой, («Казвольврам корпорациясы» ЖШС) Қараоба

              Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде облыста 5 кластер құрылады.

              Кәсіпорындар басшыларына, облыстың қалалар мен аудандар әкімдеріне, ғылыми ұйымдар мен институттарға ұсынған инвестициялық және инновациялық жобалар базасы құрылған.

Инновациялық құрамдас бөлігі

Инновациялық саясат дүниежүзілік деңгейдегі технологиялық әзірлемелерді белгілі салалар мен өндірістерде жеделдеткен өнеркәсіптік игеруге бағытталады. 

Металлургиялық комплексінің бағдары металл өнімдерінің сапасын көтеру, номенклатураларды кеңейту және кластерлер құру болып табылады.

Металлургиялық өнеркәсібінің жоғарғы нәтижелеріне бар қуаттарды барынша пайдалану, тұрып қалуды қысқарту, жаңа техника мен технологиялар енгізу арқылы жеткен.

«Испат-Кармет» ААҚ 2002-2004 жылдары болатты үздіксіз құю жаңа технологиясын енгізуге 300 млн.АҚШ доллар жұмсайды. 2005 жылдан бастап диаметірі 400-1200 мм болатты құбырлар өндіретін зауыт салуды жоспарлауда.

              Өндіріс көлемін өсіру мақсатында машина жасайтын кәсіпорындар өнімнің жаңа түрлерін игеруде жұмыс істейді, өндіріске қайта жаңартуын және қайта пішіндеуін жүзеге асырады.

Химия өнеркәсібіндегі технологиялық бағдар синтетикалық және композициялық материалдар, оның ішінде жаңа буындар өндірісі, ресурс сақтайтын шағын тоннажды химия өндірісі болып табылады.

Импорт алмастыру саясаты және өнеркәсіптің бәсекеге шыдамдылығын арттыру.

Импорт алмастыру қазіргі сатыда өнеркәсіптің нақты секторын көтерудің негізгі бағыттарының бірі болды. Импорт алмастыру отандық тауарөндірушілерді қолдау, сауда балансын арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру үшін орасан резерв болып табылады.

Импорт алмастыру бағдарламасы облыста төртінші жыл іске асырылады. Жылдан жылға импорт алмастыру өнімдерін шығару көлемінің өсіп отырғаны байқалуда. 2000 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артып, қазіргі кезде 25 млрд, теңгеден асып отыр.

2000 жылға арналған облыстық бағдарлама 12 кәсіпорынның қатысуымен басталса, 2003 жылы оған 147 кәсіпорын қатыстырылған.

2000 жылы импорт алмастыру өнімінің «Испат-Кармет» ААҚ мен «Қазақмыс» Корпорациясы» АҚ импортының көлеміндегі жеке үлес салмағы 9,5 %  құрады, қазіргі уақытта ол екі есе артқан.

Импорт алмастырудың облыстық Бағдарламасын іске асыру оң нәтижесін берді. Жалпы облыстың өңдеу  өнеркәсібінде, сондай-ақ, машина құрылысы, химия, жеңіл өнеркәсіп, өнеркәсіп құрылыс материалдарының және басқа да өнімдері өсуде.

Бұйымдардың номенклатурасы облыста бұрын шығарылмаған, ал қазіргі кезде сатып алушы кәсіпорындар - жергілікті тауарөндірушілер импорт шығарушылар сатып алып жүрген өнімдердің жаңа түрлерімен толыға түсті. Солардың қатарында «Алаш» ЖАҚ шығаратын ферромарганец және силокомарганец; «Краст» ЖШС және «Скиф» ЖШС жеткізіп беретін лак-бояу өнімдері, «Монета Дитерджентс» ЖШС шығаратын синтетикалық жуу құралдары, «Углесинтез» ЖШС шығаратын көмір сілтілі реагент, сұрыптау прокат («Металлекс» ЖШС»); «Киіз аяқ киім» ЖШС шығаруға кіріскен жүннен басылған  аяқ-киім және құрылыс киіздері; «Еркиногнеупор» ЖШС отқа шыдамды кірпіштер; «Карагандинский завод асбоцемизделий» ЖШС жеткізіп беретін асбоцемент трубалары; «Испат-Кармет» ААҚ мырышталған жаймалары, «Карагандарезинотехника» ААҚ шығаратын резина маталы және резина тросты ленталар, сұйық көмір қышқылы («Алаш» ЖАҚ химия металлургиялық заводы) және басқалар. Тұралап қалған кәсіпорындардың саны 14% артық төмендеді.

Импорт алмастырушы өнімдерді өндіретін тұралап қалған кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қатарына қосылды. Кірпіш шығаратын «Монолит» ЖШС», синтетикалық жуу құралдарын шығаратын «Монета Дитерджентс» ЖШС, қалыпты , қалыпсыз жеңдік бұйымдар, резина маталы және резина тросты ленталар, гуммирленген валдар шығару жөніндегі цехтарды іске қосқан «Караганда резинотехника» ЖШС, «Абай тігін фабрикасы» ААҚ және тігін бұйымдарын шығаратын қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорындары; «Темірші» ААҚ мүліктік кешені базасында құб өнідірісі игерген «Вторпром» ЖШС; тері бұйымдарын шығаратын «Медет» ЖАҚ және басқалар да бар. Жаңа жұмыс орындары құрылуда.

Соңғы бес жыл ішінде облыстың төлемдік балансында экспорттың импортқа қарағанда нақты абсолютті салмағы байқалып отыр, осы жылдары экспорт құрамы 78-79%.

Сонымен қатар облыстағы импорт алмастырудың барлық резервтерінің бәрі бірдей қолданылмайды және ғалымдардың өнеркәсіпшілермен бірлесе отырып оларды қолданысқа енгізу жөнінде жұмыс істеуі қажет.

Қазіргі кезде бәсекеге төзімді өнім өндіруші кәсіпорындар қазірдің өзінде  толық қамтылған. Бірақта өнеркәсіптерді модернизациялау процессі өнім сапасына, түрлеріне, алынатын тапсырыстар көлеміне тікелей әсер етуде, баяу жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Үкіметі импорт алмастыруды дамыту міндетін экспортқа бағытталған өнімдерді құрайтын жоғары технологиялық даму, өндірістің жоғары қосымша құны арқылы қойып отыр.

Осыған байланысты аймақтың индустриалды саясаты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жоғары қосымша құнды тауарлар өндіру үшін кеңейту және жаңа кәсіпорындар құру.

Ол үшін жоғары технологиялық өндірістер дамытылып, өндіріске жаңа ғылыми жобалар белсенді енгізілетін болады.

 

 

2.3 Орталық Қазақстандағы сауда саясаты

 

              Қарағанды облысының сыртқы сауда айналымы 2003 жылы 2589 млн. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 2089 млн. АҚШ долл. импорт – 500 млн. АҚШ долл., оң сальдосы – 1589 млн. АҚШ долларды құрады.

 

2-кесте. 2001-2003 жылдардағы облыстың сыртқы сауда айналымы млн.АҚШ долл.

 

2001 жыл

өткен жылға %-бен

2002 жыл

өткен жылға %-бен

2003 жыл

өткен жылға %-бен

ССА

1963,8

101,7

2034,6

103.6

2589,0

119,1

Экспорт

1491,3

96,4

1587,1

106.4

2089,0

122,0

Импорт

472,5

124,5

447,5

94.7

500,0

108,4

Сальдо

1018,8

97,7

1139,6

100.9

1589,0

139,4

Информация о работе Орталық Қазақстан