Абай шығармаларыныңмәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 21:33, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы Президентінің халқымызға арналған Жолдауында басшылықпен бүкіл қауымның алдына қойған өрелі талаптары да осы жөнінде:» Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің бабаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ата-бабасынан алған мұрасын игеріп,өз ұрпағының жауапты да, жігерлі білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады.Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады»,-делінген.

Работа состоит из  1 файл

Зәбира курс жұмыс.docx

— 81.27 Кб (Скачать документ)

К І Р І С  П Е

 

Тақырыптың  өзектілігі:

 Қазақстан Республикасы  Президентінің халқымызға арналған  Жолдауында басшылықпен бүкіл   қауымның алдына қойған өрелі  талаптары да осы жөнінде:» Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің бабаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ата-бабасынан алған мұрасын игеріп,өз ұрпағының жауапты да, жігерлі  білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады.Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады»,-делінген.

«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын  жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын  жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір  қырларымен жарқырай ашылып,қадірін  арттыра түсетініне Абайдан кейінгі  уақыт айқын көз жеткізді. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.

 Бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне  қатысты ең күрделі  мәселе  ұлттық және жалпы адамзаттың  мәдени мұраларды жас өспірімнің  бойына ізгі қасиеттерді сіңіріп,ұлттық  сана сезімін қалыптастыру, рухани  байлығын өсіру болып отыр.Сондықтан,бүгінгі  таңда жас ұрпақты халықтың  тәрбие негізінде тәрбиелеу үшін  ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың  педагогикалық көзқарастары мен  идеяларының тәрбиелік мүмкіндіктерін  зерттеу өзекті мәселенің бірі  болып табылады.

 Осыған  орай, Қазақстан  Тарихындағы көрнекті қазақтың  ұлы ақыны, композитор, философ,  қазақ жазба әдебиетінің негізін  қалаушы,оның алғашқы классигі  Абай Құнанбаевтың педагогикалық  идеялары мен тәлім-тәрбиелік  мұраларын жаңаша зерттеудің  қажеттігі туындады. Біздің мақсатымыз  ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен  ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі  педагогикалық идеяларға бүгінгі  күн тұрғысынан ғылыми-теориялық  сипаттама беру, олардың өзара  үндестігін айқындау болып отыр.

«Әкенің ұлы болмай, халықтың ұлы боламын» деген тартысында, «Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адам баласы – бауырың» деген ой Абайдың сөзі ғана емес, адамгершілік, гуманистік жолы да болатын. Абай өзі үшін, елі үшін ізденді, ізденді де тапты және бар тапқаны мен тудырғанын ұстаздыққа салды. Абай үмітін болашаққа жүктеп: «Арттағыға сөз қалсын, мендей ғарып  кез болса, мойын салсын,ойлансын, қабыл көрсе сөзімді, кім таныса сол алсын» дейді. Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың ақындығы түпсіз терең мұхитпен тең десек,қателеспеген болар едік.Ғажайып суреткер,нәзік лирика,көркемсөз шебері,ең алдымен-ойшыл ақын.Бұл пікір ақынның өмір құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне, философиялық дүниетанымына және оның қара сөдеріне,әсіресе дінге, Алланың болмысы,имандылық туралы толғаныстарына қатысты.Ақын шығармашылығында өзі өмір сүрген тарихи дәуірдің тұтас бейнесі көрініс тапты. «Абай поэзиясы қоғам дамуындағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын,ұлттың мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып,қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес,өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді»,-деген академик З.Ахметовтың пікірі Абай поэзиясына берілген әділ баға.Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасына орын алады.

Адамды сүйіп,адамды құрметтеуге  үндеген кемеңгер ақын поэзиясының  түпкі негізі-адам,толық адам.Абай армандаған толық адам өнерлі,білімді,еңбекқор,адал,әділ,жылы жүректі,ыстық қайратты ғылым жолына түскен іздемпаз болуы керек.Ал махаббат пен сүю,адамды сүю, Алланы сүю,әділетті сүю Абай шығармаларының биік мұраты. Сонымен бірге әдеби мұралардағы тәлімдік ойлар мен оқу, білім, ғылымға қатысты пікірлер отандық педагогиканы дамытып қалыптастырудың қайнар көзі.

Осыған орай біршама жұмыстар жүзеге асып та келеді, атап айтсақ, Х.Арғынбаев, Қ.Б.Жарықбаев, Қ.Қ.Құнантаева, А.К.Көбесов, С.Қалиев, Т.М.Әлсатов, С.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, І.Р.Халитова, А.Н.Ильясова т.б .еңбектерін атап өтуге болады. Жалпы Абай шығармаларының философиялық тегі, психологаялық, педагогикалық мүмкіндіктері мен әдебиеттанудағы маңызына байланысты А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Тәжібаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Қирабаев, Қ.Мұхаметханов, Х.Сүйіншәлиев, М.Орынбеков, Ғ.Есім, З.Ахметов, М.Мырзахметов, Г.Барлыбаева, Х.Досмұхамедұлы зерттеулерін айтуға болады. Абайдың педагогикалық пікірлеріне ең алдымен 1934 жылы жазылған Ш.Әлжанұлы мақаласын, одан кейінгі кездерде Қ.Ж.Жарықбаев, А.Көбесов, К.Қ.Құнантаева, І.Р.Халитованың, А.Е.Дайрабаеваның, К.Шаймерденованың т.б. ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да авторлардың жекелеген мақалаларын айтуға болады. Қазақстанда дидактиканың мәселелерін зерттеушілер Р.Г.Лемберг, Г.А.Уманов, К.Қ.Құнантаева, АА.Бейсенбаева Г.Меңлібекова Г.К.Нұрғалиева, С.А.Ұзақбаева, Б.И.Мұканов, А.Б.Нұрлыбекова, Д.М.Жүсіпәлиева т.б айтуға болады. Абай шығармаларындағы педагогикалық ой-пікірлердің ерекшеліктеріне байланысты кейбір пікірлерді А.Н.Ильясова, А.Е.Дайрабаева, ІР.Халитовалардың ғылыми-зерттеулері мен Н.Берікұлы, А.Бейсенбаева, Ә.Қоңыратбаев т.б. жекелеген мақалаларынан табуға болады. Бірақ, оларда оқыту теориясы тұрғысынан толық талданып, практикалық мәні жеткілікті ашылмаған. Сондықтанда ғұлама ақынның мол мұралары әлі де зерттеуді талап етеді.

Зерттеу жұмысының  мақсаты: Абай  шығармаларының мәнін ашып тәрбиелік жағына ерекше көңіл бөлу.

 

Зерттеу жұмысының  міндеттері:

1.  Абай.Құнанбаевтың  өмірі мен шығармашылығына талдау жасау.

2.  Абай.Құнанбаевтың  педагогикалық және ағартушылық идеяларын зерттеу .

3. Абай туындыларын жинақтап,танысу.

Зерттеу жұмысының  нысаны: А.Құнанбаевтың шығармаларының жасжеткіншектерге беретін тәрбиесін насихаттау, және нәтижеге қол жеткізу.

Зерттеу пәні: А.Құнанбайев шығармаларын зерттеу.

Зерттеудің әдістері: әдебиет көздерін зерттеу, Зерттеуге байланысты поэзиялық туындылар, Абай шығармалары,мерзілімді басылмдағы материалдар мен басқа ғылымдардың Абай шығармашылығын зерттеу туралы еңбектері.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан және де пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. АБАЙ  ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ӨМІРБАЯНЫ,  АҚЫЫНДЫҚ ЖОЛЫ

 

    1. Абай- қазақтың көрнекті ақыны, ағартушысы

 

 Қазақ халқының ұлы  ақыны Абай (Ибраһим), 1845 жылы осы  күнгі Семей облысындағы Шыңғыс  тауын жайлаған Тобықты ішінде  туады.

Ақынның әкесі Құнанбай –  ол күнгі сахараның  жуан әкімінің бірі.Түгел тобықтының ұлығы болған.

Абайдың ең алғашқы балалық  шағы «күндестің күлі күндес» дейтұғын көп шешенің  арасында өтеді.Бірақ  өзін тапқан шешесі Ұлжан мен үлкен  шешесі Зере жаратылыстан мінезді,әділ,мейірбан адмдар болып,жас Абайды бауырмал,адамгершілік жолымен тәрбиелеуге тырысады.Әкесі  қойған Ибраһим деген атты да сол  аналар еркелетіп өзгертіп:»ойлы  бол,абайлағыш,аңдағыш бол» деп «Абай» қойған.

Бала  Абай сабақты әуелі  үй молдасынан оқиды. Кейін Қүнанбай сегіз жасар баласын Семейге  апарып,Ахмет Риза деген имамның  тәрбиесіне береді.Сол шаһарда,сол  медреседе бес жыл тұрып,он үш жасына шейін оқуды үзбей оқығанда зейінді шәкірт Абай көп сауат  алады.Ақындықтың ерте білінген қозғауы  да осы кезде басталады. Кітаптан оқыған келісті жырды,жыршыны сүйе бастайды.Бұдан бұрын кәрі құлақты  әже тәрбиесін алып жүргенде туған  сахарасының аңыз дастанын,аңыз әңгімесін,көркем қазынасын көп тыңдап,көп ұғып,құмартып өскен жас енді араб,иран,шағатай,түркі  ақындарын іздерлеп оқып,жадына алады. Тағатшыл имам, намазқой халфе, дүмше  молдалар арасындағы қуыс кеуде, құрғақ сопылыққа салынбай ынталы зерек  шәкірт шығыстың ақындық бұлағына, классик тұнық поэзиясына ден  қояды.

 Абай - ұстаз, сыншыл  ақын, күй шығарғыш өнерпаз. Бар  қазақтың өнерлі қауымы – мұның  досы. Айналасына талантты жас  үйіріледі.Үгітіне, өлеңіне халқы  ынталай құмартады. Сонымен барған  сайын Абайдың абырой-атағы артады. Өлең үлгісі болса ол да  қазақтың барлық жас ұрпағына  жайыла тарап,өнер серік айт  пен тойда талап пен ойда  өмір серік боп,тәрбие тәлімін  үнемі беріп,ұдай түсті.

 Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жаэыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқо толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 — 78 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең үстауға кұш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі." Абай  тірлігінің мағына-мәнісінің өзін бұрынғы қазақ ақындарынан мүлде басқа, жаңаша бағалап ұғындырады. Осы жолда өнерлі елдің бәрінен оқы, үйрен, үлгі ал. Адам  баласының бәрінің тарихындағы жақсылығынан,өнерінен үйрен. Бұл жолда дін дін де, ата салт та, ескі құрылыс қалып та кедергі, бөгет болмасын. Болар болса аттап өт, елең қылма. Кім білім беріп,елдігіңді жаңа белге шығарар  болса сол досың,сол жақының деп, халық, қауымға бет сілтейді. Осы жолда ел тарихының кесірі болатын:

 Сабырсыз, арсыз, еріншек,

  Көрсе қызар жалмауыз.

  Сорлы қазақ сол үшін,

  Алты  бақан алты  ауыз.

Болып жүрген пәлешіл, ескішіл, керенау, надан  ру басыларды еңбек  елінің, ел тарихының  барып тұрған залалды арам тамақ паразиті деп  жариялайды.

Қылып жүрген өнері –

Харкеті әрекет.

Өзі оңбаған антұрған,

Кімге ойлайды берекет,-деп  таңбалайды.

Осындай жұрт әлеумет тірлігіне  арнап  айтқан ұлы ақынның үлкен  үн, қатты сынын үнемі көреміз. Сондай ұстаздық сөзінде жаманшылықтың  пішін-кескінін аса жиіркенішті  етіп, жалтармастан басқа сабап, жарып  айтқан ақын қазақ әдебиетінде Абайдан  бұрын, дәл бұндай толық боп шыққан емес.

Абайдың айнымай, қажымай  ұстап қалған бір  құралы, бір  досы бар еді.Ол – сол ақындық  еді…Өзгесінің бәрінен ажыраса  да жалпы айрылмас сол серігі арқылы келер ұрпақ туар тарих жарқын күйімен тіл қатысқандай болатын.Сондықтан  да өзінің жан сырын айтып, келешекке  жолдаған жырында өз ақындығы туралы:

Көк қанат бейіс құсындай         

Қу  ағашқа қонақтай.

Ол  бұтақтан қозғалмас,

Өкіріп  дауыл,соқса жел.

Өзгеге  бола жырламас,

Ыстық күнді жоқтар ол.

Жанымның  жарық жұлдызы

  Жамандық  күнде жарымсың,

  Сөз болсын ескі әр сөзі

  Кейінгіге қалынсын,- деген.

Бұл анық келешектің ыстық, мейірлі күнін жоқтаған, кейінгіге  сырын ашқан ұлы ақынның арыздасу сөзі, соңғы өсиеті еді.

Абай  тікелей мұғалімдікпен  айналысып, сабақ беріп, арнайы түрде  педагогика ғылымдарына бағыштап еңбек  жазбағанымен, оның шығармаларының өне  бойы адам жанының небір түкпірлеріне үңілетін адам тәрбиесіне қатысты тұнып  тұрған озық идеяларға толы. Соның  бастысы – дара тұлғаның өзін-өзі  қалыптастыруына апаратын жолды  дәл тауып, «жан құмары»- «білмекке  құмарлық» деп жұмбақтың шешуіне  айналдырғаны.

Қорыта  келгенде айтарым, Абай – қазақ халқының тарихи көшін  ілгері бастауда, ой-пікірлерінің шеңберін кеңейтуде, ұлттық мәдениетін көтеруде ерен еңбек сіңірген ұлттық болмысымызға  дара біткен  жарық жұлдыз. Абай тағылымы оның даралығында, Абай даналығы оның данышпандық ойлары мен парасатты  сөздерінде. Абай парасаттылығы оның ағартушылық ой-түйіндерінде, сол  ұстаздық ойларының асқар белесі ел тәрбиесінде деп білемін

 

 

    1. Абайдың шығармаларындағы табиғат лирикасы

 

 Табиғат - адам баласының  еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Табиғатты дүниежүзінің классик  ақындарының бәрі жырлаған. Дәуірі  мен ортасына, өзінің және басының  көңіл күйіне байланысты әр  ақын өзінше жырлайды. Біреулер  таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы  қоғамдық өмірді, тартысты суреттейді.

          Абай да табиғатты өзінше жырлаған. Абайдың көп тақырыптарының бірі – адам мен табиғат бірлігі. Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай Құнанбаев халқымыздың салт-дәстүрі мен тұрмысын, төрт түлікті шаруашылығын, саятшылық, аңшылық өмірін табиғат лирикасымен ұштастыра жырлаған.

           Ақынның табиғат лирикасы түр жағынан да, мазмұн жағынанда өзгеше.Өлеңдерінде ақын еліне, жеріне шексіз сүйсіне отырып, өмір шындығын кеңінен қамтып көрсетеді. Табиғаттағы тіршіліктің бір күйден екінші күйге ауысатынын жердегі органикалық заттардың мәңгілік еместігін, олардың өзгеріп отыратынын өлеңдерінде айтқан. Жаратылыстың бар дүниесі бір түрден екінші түрге ауысып, өзгеріп отыратындығын, дамудың табиғи заңдылық екенін ерте таныған. табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі. Ақын өзін қоршаған табиғаттың осы бір күйін, жанды бояуын, іңкәр сәтін кінәрәтсіз құрметпен, ақындық шеберлікпен тереңнен қорғап түрлі-түрлі көрінісін көз алдына әкеледі.

           Ақын жырларын оқыған сәтте-ақ көкірегінің көріктеніп, бойыңа ыстық нәр құйылып, жаның жайлы бір ләззатқа бөлінесің. Ақын поэзиясына алғаш баға беріп, оның сырын терең ұғып сипатын таныған Ахмет Байтұрсынов: «Не нәрсе жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады», - деп айтқан.

           Абайдың табиғат тақырыбында  жазған тұңғыш өлеңі – «Жаз». Мұнда жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше алуан қызықты құбылыс асқан шеберлікпен суреттеледі. Шілде айындағы толысқан табиғат, жайлауға жаңа келіп қонып жатқан көшпелі қазақтың қарбалас тіршілігі өлеңде бар болмысымен шынайы суреттеледі. Табиғат бояуы сақталынған сурет көрсетіледі.

  Жаздыгүн шілде болғанда,

  Көкорай шалғын, бәйшешек.

  Ұзарып, өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге.

  Көшіп ауыл қонғанда...-

 деп суреттейді де  табиғаттың ауыл өміріне жерін  әдемі өлеңмен жеткізеді.                         Жазда жан-жануар масайрап, шаруаның  малы көбейіп, береке, молшылық, ырыс, қуаныш әкеледі. Ақын осы құбылысты даналықпен, сезімталдықпен, шынайы суреткерлікпен жеткізеді.

          «Қыс», «Күз», «Жазғытұры», «Қараша,  желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңдерінде:

Информация о работе Абай шығармаларыныңмәні