Абай шығармаларыныңмәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 21:33, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы Президентінің халқымызға арналған Жолдауында басшылықпен бүкіл қауымның алдына қойған өрелі талаптары да осы жөнінде:» Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің бабаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ата-бабасынан алған мұрасын игеріп,өз ұрпағының жауапты да, жігерлі білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады.Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады»,-делінген.

Работа состоит из  1 файл

Зәбира курс жұмыс.docx

— 81.27 Кб (Скачать документ)

Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылыммен белсене айналысуға үндеді. Әркімді өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп  отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды.

Абайдың пікірінше, адам болу үшін оның бойынан үш түрлі фактор табылуы тиіс. Біріншіден, баланың  шыққан тегі жаксы болуы керек, екіншіден, оның әлеуметтік жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, ушіншіден, балаға адамгершілік тұрғысында тәрбие берілуі қажет. Абай парақор билеушілерді, ашкөз судьяларды, надан молдаларды әшкерелеп отырды. Халықтың игілігіне  жету жолындағы Бұл қырсықты ғылым  мен білім аркылы ғана жоюға болады деп есептеді. Ол жастарға үздіксіз еңбек етіп, білім алуды міндет етіп қойды. Білім алуға жұмылған еңбек әрқашанда жемісті және ізгілікті болатынын қадап айтты. Қараңғылықтан шығар, елді өркениетке жеткізер жалғыз жол — оқу-білім  екенін көзі қарақты жастарға түсіндірді.

 Абай орыс тілін  тамаша меңгерді. Мұның өзі оның  орыс ақыны М. Лермонтовтың  біркатар өлеңін қазақ тіліне  аударуына мүмкіндік берді. Атап  айтқанда, Абай М.Ю. Лермонтовтың  «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт  түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз  жалау жалтылдап»), «Теректің сыйы»  («Асау Терек долданып, буырқанып») сияқты өлендерін аударды. Абай  А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин»  дастанының үзінділерін қазақы  ұғымда жатық етіп еркін аударды.  Абайдың Татьяна хатының сөзіне  шығарған «Татьянаның қырдағы  әні» қалың елдің сүйікті әніне  айналды.

Абай И.А. Крыловтың мысалдарын казақ тіліне аударумен де айналысты. Қазақтар ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті жетекшісі Ә. Бөкейханов өзінің қырғыз даласындағы әр түрлі уездерде болған кезінде ондағы ақындардың Пушкин мен Лермонтовтың Абай аударған өлеңдерін  жақсы білетініне, оларды домбырада  әнге қосып айтатынына көз жеткізіп қайтқанын жазады.Орыс тілінен Абай аударған шығармалар қазақ әдебиетін  байыта түсті. Абай орыстың ұлы акындарының 50-ден астам өлеңін қазақ тіліне аударды.

 Абайдың өз өлеңдері  мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында  қазақ қоғамы өмірінің барлық  жақтарын ашып көрсетті. Одан  ақыл-кеңес сұраған дала тұрғындары  ағылып келіп жатты. Атап айтқанда, оған Баянауыл өлкесіндегі белгілі  шежіресі, әрі ақын Мәшһүр Жүсіп  Көпейұлы келіп тұрды. Абаймен  Семейге саяси жер аударылып  келгендер де санасатын. Міне, мұның бәрі патша үкіметі шенеуніктері  мен олардың жергілікті кейбір  итаршыларының тарапынан қызғаныш  пен көре алмаушылық, тіпті саяси  күдік туғызды. Ақынның үстінен  өсек айту мен жала жабу  әрекеттерін күшейтті. Патша үкіметінің  әкімшілігі Абайдың соңына шам  алып түсіп, аңду орнатты. Тіпті  1903 жылы Семей полицмейстері ақынның  және оның балаларының үйіне  тінту жүргізді.Даналықтың өлшемі бола білген философ-ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде, казақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедця секілді. Абайды танып, белсенді игере отырып, сол кездегі казақ қоғамының экономикалық, саяси, кұкықтық, отбасылық, мәдени-тарихи, моральдық хал-жайынан айқын да толык мағлұматтар алуға болады.

Ақын шығармалары сусындаған негізгі үш қайнар көзді айтатын  болсақ, ол ең алдымен Абай қазақ  елінің ұлтгық рухы мен менталитетін, оның көкейтесті арманы мен даналық  ойларын абыздық көрегеңділікпен, өлеңмен өрнектеуді қазақ эпосынан үйренді. Сондай-ақ Абайдың жүйелі ойларының  үлкен бір арнасының калыптасуына Шығыстың рухани қазынасының да ықпал-әсерінің аз болмағандығы сөзсіз. Өйткені ол күллі араб пен парсының батырлық дастаны мен жырларын, Шығыстың атағы  жер жүзіне мәшһүр классик ақындарын, Әбу Жафар Мүхаммед ат-Табари, Рабғузи, Рашид әд-Дин, Бабыр Захиреддин Мұхаммед, Әбілғазы Баһадүр ханның тарихи еңбектерін, сондай-ак, логика ғылымының негіздері  мен мұсылмандық құқық, Шығыстың шариғат кағидаларын ұғындыратын  ғұламалар еңбектерін жетік меңгерген. Сол еңбектерді түпнүсқасында оқитын жан-жақты білімдар, ғұлама болған. Араб, парсы, түркі тілдеріндегі білім  көздеріне Абай ерекше көңіл аударады. Айрықша қабілетінің аркасында, араб, парсы тілдерін өз бетімен  жүйелі түрде оқып, игереді. Сөйтіп ол Ә. Бөкейханов айтқандай, қасиетті кітаптардың  білімпазы атанады. Отырардан шықкан және Шығыстың екінші ұстазы атанған  ғүлама ғалым Әбу Наср әл-Фараби философиясы Абайдың дүниетанымын қалыптастырып дамытуда елеулі рөл  аткарған.

Ақынның шұрайлы филос. ойлары, негізінен, шығыс ойшылдары мен  ақындарының кемел пікірлерін айрықша  шеберлікпен игергендігін көрсетеді.Орыстың  қоғамдық-филос. ақыл-ойы ақынның  эстетик. көзқарасының қалыптасуына елеулі әсер етгі. Сондай-ақ басын сонау  антикалық ежелгі заман мәдениетінен алатын Батыс Еуропа мәдениеті Абай дүниетанымының даму процесінде тарихи сабақтастық желісін атқарды. Казақ кемеңгері Сократ, Платон, Аристотель еңбектерімен жақсы таныс болды. Сонымен катар ол Спенсердің "Тәжірибелерін",Льюистің "Позитивтік фило-софиясын", Дрепердің "Еуропа ақыл-ойының даму тарихы" атты туындылары мен Милльдің, Бокльдің және тағы басқа көптеген авторлардың да шығармаларын оқыған. Батыстың өркениеті мен философиясы, қоғамдық ойдың даму тарихы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани есею жолында елеулі рөл аткарып, Батыс пен Шығыс мәдениеттерін оның өз дүниетанымында тамаша ұштастырды. Абайдың негізгі зерттеу объектісі -адам. Сол адамның эстетик., этик. талғамы, арман-мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреніске түсірген. Шығыс ойшылы ретінде Абай адам проблемасын үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этик., эстетик. тұрғыдан зерделеді. Ол адам табиғатын этик. тұрғыда қарай отырып, "сегіз қырлы, бір сырлы" сырбаз адам, яки кемеліне жеткен, "толық адам" кейпінде алға тартады. "Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні", - дейді Әуезов. Шындығында, Абайдың "жан сыры", "жан құмары", "жан куаты", "жанжарығы", "хауас", "хауас сәлим", "хауаси хамса", "хауаси хамса заһири", "толық адам", т.б. филос. ұғымтанымдар жөніндегі көзқарасы Ислам филос-сын терең танығанын байкатады. "Әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім - ғалым", "Адаспай тура іздеген хакімдер болмаса дүние ойран болар еді" - деген пікір - ғұламаның филос. көзқарасы. Жалпы, Абайдың . көркемдік, әлеум. гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері . Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік куатын, филос-дағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың кара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен филос. сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеум. ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының филос. концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның кара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Ежелдегі  дәстүрдегі қазақтың ағартушылық негіздерін сөз еткенде 6-9 ғасырдағы көне түркі ескерткіштерін – Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк  жазбалары, «Оғызнаме»дастаны, «Қорқыт  ата» кітабы,Әбу Насыр Әл Фарабидің  педагогикалық еңбектерін атап,ол негіздердің  мәнін ашап көрсетті.

Қазақ жерінде Х-ХІІ ғасыр  арасында өркениеттік серпіліс болып,ірі  қалалардың саны көбейіп,сол қалалардағы  ағартушылық іс-әрекеттер мен  ой-мақсаттардың алтын қазынасы ретінде Жүсіп Баласағұнидің  «Құдатғу білігі», Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани Хикмет», Ахмет Иүгінекидің  «Хибатул-халайық» және бүкіл түркі халықтарының тілін зерттеп, сөздігін жасаған Махмұт Қашғаридің «Диуани Лұғат ат-түрік» сияқты ұстаздық еңбектердің жарық көргенін айтуға болады.

 ХІІІ-ХІV ғасырда –  «Кодекс Куманикус» (Қыпшақ тілінің  сөздігі) және Мұхамед Хайдар  Дулатидің «Тарихи Рашиди»,Қыдырғали  Жалайырдың «Жамиғат – тауарих»,Захириддин  Бабардың «Бабырнаме» шығармалары  мен жыраулардың және жыраулар  поэзиясының тарихтану және ағартушылық  мәні зор болды.

Бертін  келе ХІХ-ХХғ.ғ. ағартушы-демократ ақындарымыз, ғалымдарымыз өздерінің  педагогикалық көзқарастарын өз шығармалары, еңбектері арқылы білдіріп отырды.

 Ыбырай  Алтынсарин  ең алғаш мектеп ашып, қазақ  балаларына арнап оқулық жазса,  Абай Құнанбайұлы да қазақ  халқына деген ыстық ықыласын,қоғамға  жанашырлығын, педагогикалық көзқарастарын  өлеңдері арқылы да, қара сөздері  арқылы да беріп отырған.

Абайдың ақындық жолға  бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналды.1885 жылы жазған «Жасымда ғылым  бар деп  ескермедім» өлеңі  осы тақырыптағы  тұңғыш туындысы болумен қатар, ақынның сөз өнері  жолындағы жаңа ізденісін де танытады.Абай мұнда ең алдымен, жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылымды-білімді кезінде зерттей  алмағанына өкініш білдіреді.Өзінің қателігін  балаларын оқытумен түзеуге бет  алғанын айтады.

Мұнда ұлы ақын  «Қызмет  қылсын, шен алсын» деген халық  мүддесіне жат тәрбиені мінеп, сынайды.

 Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

 Пайдасын  көре тұра тексермедім

Ер  жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Баламды медресеге біл  деп бердім,

  Қызмет  қылсын,шен  алсын деп бермедім

Н/е   Адамның бір  қызығы бала деген,

Баламды оқытуды жек көрмедім.

Ақынның мұндағы идеясы баланы оқытудан ешқашан  қашпау керек және оны атақ үшін емес көзі ашық көкірегі ояу білімді азамат болып өсу  үшін оқыту керек.

 Сонымен қатар, бұл  - өткенге құр өкіну емес, келешекте  жастардың, өзі тәрізді опық  жеп, бармағын тістеп қалмай, білім  мен өнер қуатын шағын бос  өткізбей еңбек етуіне жөн  сілтейді, жол көрсетеді. Шығарма  «Абай» ақындығының халықтық ,ағартушылық  мақсатқа қарай бет алғандығының  белгісі тәрізді.Кейінгі туындыларында  ақын бұл идеяны тереңдете  түседі.

1886 жылы Абай «Ғылым  таппай мақтанба»,  «Интернатта  оқып жүр» деген  өлеңдер  жазды. Мұның алғашқысы ұстаз  ақынның кейінгі ұрпаққа айтар  өсиеті түрінде жазылған.Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып,адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі  жастың талпынатын арманы – ғылым болуы керектігін түсіндіреді.

Ғылым таппай мақтанба!

 Орын  таппай баптанба!

 Құмарланып шаттанба,

 Ойнап босқа күлуге, -дей отырып, болашақ ұрпаққа,  жастарға ғылымға берілудің, ғалым  болудың жолдарын әңгімелейді.

 Ғалым болмай немене,

 Балалықты қисаңыз.

Болмасаңда  ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

«Ондай болмақ қайда?»  деп,

Айтпа,ғылым сүйсеңіз

 Сізге ғылым кім   берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз,-дей  келе ғылым жолына ұмтылған жастарға айтар ақынның айрықша ескертуі бар. Ол:

 Бес нәрседен қашық  бол,

 Бес нәрсеге асық  бол,

Адам  болам десеңіз,

Тілеуің,өмірің алдында,

Оған  қайғы жесеңіз.

Өсек,өтірік,мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпанның білсеңіз.

 Талап, еңбек,терең  ой,

Қанағат,рақым  ойлап қой  –

 Бес асыл іс көнсеңіз  – дейді.

 Ғылым бағу,бала бағу  сияқты ұғымдар ұлы  ойшылдың  поэзиясында жиі кездеседі.Бұлар   бір-бірінен бөлінбес, елдің сауатын  ашатын жол.Сондықтан да ұлы  ақын:

Түбінде баянды еңбек –  егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім  алған

 Би  болған, болыс болған  өнер емес,

 Еңбектің  бұдан өзге  бәрі жалған,- деп қорытындылайды.

Олай  болса, Абай туындыларының  басты орында еңбек туындылары тұрады.Ол еңбекпен келген табыстың барлығы адал да дұрыс жолға бастайтынына кәміл  сенеді. Адам еңбекпен,саналы оймен,ақылмен  істелінетін істің ғана нәтижесі болады деп санайды. Оны: 

Өзіңе сен,өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі  жақтап,- деп жырлайды.

Адамның бойындағы жағымсыз қасиеттердің тууына қарсы тұру үшін ұстаз оның ғылым  мен білімге  деген құмарлығын арттырып,дамыта түсуді өсиет етеді. Осыған орай ақыл мен еңбектің мәніне ерекше тоқталып,оларды адамның жеке басының басты құдіреті деп түсіндіреді. Сондықтан:

Бақпен  асқан патшадан

Мимен асқан қара артық,

Сақалын сатқан кәріден

 Еңбегін сатқан бала  артық,- деп түйіндейді.

 Ақынның көптеген шығармаларының  жастарға арналуы  – заңды.  Елді түзеу, бесікті түзеуден басталады. «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» деген өлеңінде қырықтан асқан Абай тағдырынан  тағылым етіп, айтар ойларының біразын қосқан. Жаманнан жиренсе, жақсыдан үйренсе деген ниетпен жастарға ұсынатын тәрбиелерінің сан алуан түрлерін сараптасақ, ақын айтатын жігітке тән мақтаулы қасиеттер: тұрақтылық, шынайылық, табандылық, адалдық, талаптылық, татулық, сыйластық болып шығады. Осының бәрі жиылып, бірлік деген кең мағыналы ұғымға айналады. Ол жастарға, достарға, ағайындарға тән татулықтан басталып, бүкіл ел, халық өміріндегі ынтымақтастыққа, түсіністікке, тыныштыққа әкеледі. Жаны да жақсы адам ғана жаман мінездерден, бақталастық пен қызғаншақтықтан бойын аулық салып, олардан жоғары тұрады.

Ұлы ұстаз шәкірттің бүкіл  ақыл ойын, ынта-жігерін оқуға бағыштаса  ғана естігендерін түсініп, ұмытпайтындай  болады деп сенеді. «Өзгеге көңілім  тоярсың» атты өлеңінде «ғылым да жоқ, еш ди жоқ» адамды даладағы аңға теңей  келе, ондайларға «жүрегіңмен тыңдамай құлағыңмен  қармарсың» деп ренжиді.Немесе:  

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма – жыл.

Біреу үшін үйренсең – 

 Біреу білмес сен  білсең

 Білгеніңнің бәрі тұл», -дейді. Мұнда да кәдімгі біздің  бүгінгі шәкірттеріміздің, ұстаздарымыздың  жағдайын көріп, біліп отырғандай  тұжырымдайды. Әке-шешесі үшін оқып  жүргендей болады. Біреудің жазғандарын,  білгенін көшіріп алып, дайын  дүниеге ие болуға дайындалған  оқушылардың тиянақты білімі  болмайтындығына бәріміз куә  болып жүрміз ғой.

Қазіргі жалпы білім беретін  мектептердің өмірінде болып жатқан бетбұрыстардың ішінде – оқыту мақсатының біршама өзгеруіне сай тәрбие технологиясына да жаңа ұстанымдар енуге  тиісті. Толыққанды  педагогикалық  педагогикалық үрдісті іске қосып ,шәкірттануды жолға қою үшін оқыта  отырып тәрбиелеу, тәрбиелей жүріп  білім беру ұстанымдарын жүзеге асыруды  басшылыққа алуымыз керек. Абай «білімдіден  шыққан сөз, талаптыға болсын кез» дегенде  «көкірегінде көзі бар», «жүрегі-айна, көңілі-ояу» жастарға арнайды, яғни тәрбие мен оқудың жігін ашпайды, олардың  тиімділігі екі жаққа да: ұстаздарға да шәкірттерге де ортақ екендігін  көрсетеді.

Информация о работе Абай шығармаларыныңмәні