Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 21:33, курсовая работа
Қазақстан Республикасы Президентінің халқымызға арналған Жолдауында басшылықпен бүкіл қауымның алдына қойған өрелі талаптары да осы жөнінде:» Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің бабаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ата-бабасынан алған мұрасын игеріп,өз ұрпағының жауапты да, жігерлі білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады.Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады»,-делінген.
Абай өз парызын түсініп
саналы түрде жаңа ізденістер мен
ерекше әрекеттер жасап адамтану,
адам болу ілімінде көп жаңалықтар
ашты. Абай тәрбие теориясының басты
мақсаты адамдыбарынша
Абайдың қай сөзін алсаңызда
ақынның өз тұсындағы емес бүгінгі
күннің шындығына дәл келеді, айтқандары
қазіргі күннің өзін көріп тұрғандай
өсиет сөз ретінде өріле
Отаршылдық ойранынан кейін Абай айтқан «ешкімге достығы жоқ жандардың шығуы» бүгінгі күні де ылаңын салуда. Яғни «достығы жоқ жандар» дегеніміз – ең бірінші өзінің ұлтына достығы жоқ, тек өзге ұлттық ғана тілін, мәдениетін, дәстүрін мойындайды, отаршылардың уысына өсіп шыққан, тәрбиеленген «мәңгүрттер» мен «көзқамандар». Олар үшін өз Отаны, өз ұлты – тек материалдық байлықтың көзі ғана, соның ордасы ғана, Абайша айтқанда «мұның бәрі төрт аяқты малы көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан.
Мұхтар Әуезов кезінде айтуға, терең талдауға тиым салынған Абайдың дін жөніндегі қарасөздеріне ептеп қана сақтықпен тоқталып өтеді, қарасөздердің ішінде тағы бір қайталай түсетін тақырып – дін мен мораль,тәрбие жайларын қозғайтындығын, оларға:он екінші, он үшінші, жиырма жетінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз сегізінші және қырық бесінші сөздердің жататындығын айтады.
Әр істі ойлап істе, кеңескен
істе кемшілік аз болады. Ақылды, жанашыр
достарыңмен кеңескейсің. Білгенің
жөн,бір кісінің ой-пікірі, екі
кісінің ой-пікіріндей болмайды, бір
көз екі көзбен көргендей болмайды.
Тәуіп өзін-өзі емдей алмайды»-
93-94-95 жылдарғы Абай қарасөздерінің
алуаны қандай. Абайдың тыңдаушысымен,
оқушысымен бетпе-бет
Он бесінші сөзі.Өзі қолданып жүрген тәжірибені ойналар, толғанар, сол арқылы тоқтамға келер дегенді айтады. Бұлары адамгершілік, мораль философиясына қарай тартады. Адам өздігімен адамгершілікке жету керек, өзіңді өзің аямай арыңның таразысына сал дегенді аңғартады.
Он жетінші сөзі. Адамның адамгершілігі неден құрылады дегенде: қайрат, ақыл, жүрек, жұрт-үшеуін айтып, ғылымға жүгіністіреді. Абай жүрекке бірінші орын береді. Ол жүректің сезгіштігі. Мұның өзі көрегендік. Олай болса ақыл байқамағанды жүрек сезеді. Абай өлеңінде де, қарасөзінде де шабыттың адамы, сондықтан жүрек сезімі күшті болып отырады.
Отыз сегізінші сөзі. Әр алуан оқымысты философтардың сөздерін өзінше түйіп айтады. Бұл сөзі жас буынға сырласу ретінде айтылған сөзі ретінде болады. Тілеулестік, мейірмандық, достық жүрекпен емірене сөйлейді. Бұл өсиеттерін мұсылман ғұламасы болып отырып құдай, иман камили деген салаларға бөліп таратып отырады. Сондықтан оны ғылым жолымен қарағанда қате жерлері де бар. Мысалы өсімдік,жәндік – бәрі адам үшін. Адам – дүниенің патшасы деген пікірлер ескірген. Адамның адамшылығын көтеріп айтқанда надан молдалар жайында айтатын пікірлері өткір, актуалды. Абай адамның өз басын өзі қор ететін кемшілігін көрсетеді. Ол – надандық, еріншектік, зұлымдық дейді. Мұның бәрі – педагогикалық, адамгершілік пікірін тарата келіп, қорытқан жері осы десе болады. Абай тәрбиені екіге бөлді. Біріншісі, жеке адам тәрбиесі, екіншісі халық тәрбиесі. Халықтың қамын жеген адам бір жағынан хаким болмағы керек. Сондықтан халықты қуат иесі хаким адам тәрбиесіне алу керек. Ол үшін айрықша қазына, мүлік керек. Абай мемлекеттік тіршілікті айтады, елдің басын қосып басқаратын мемлекеттік күш болып, сол күш аталық қамқорлықты қолына алу керек деген ойды айтты.
Қырық үшінші сөзінде адамда тән қуаты мен жан қуаты бар деп пікір толғауы арқылы Абай психология ғылымының кейбір жақтарын айтады. Педагогикалық көзқарасының тағы бір жағы таратыла айтылады.
Қырық төртінші сөзінде
адамның әлеуметтік ортамен
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.
Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.
Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.
Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.
Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында "… адам мен адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 1920-30 жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай философиясын» діншілдігі басым әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның жамап-жасқаған біртүрі деп дәлелдемек болушылар да табылды (Қабдолов З. Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын. «Советская степь», 1928, 2 тамыз).
Көрнекті мәдениет қайраткерлері
мен жазушылар: М.О.Әуезов, С.Мұқанов,
Қ.Жұбанов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, І.Жансүгіров
т.б. Абайдың ақындық мұрасын анайы-
Ақын шығармалары 19 ғасырда
да Қазақстанда демократиялық
1) қазақтың ауыз әдебиеті
мен өткен замандардағы жазба
ескерткіштерінен сусындаған
2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары;
3) орыстың материалистік
философиясы мен демократиялық
мәдениеті, сол арқылы
ҚОРЫТЫНДЫ.
Абай шығармыларының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді. Ал қоғам өміріндегі көптеген адамгершілік,моральдық проблемалардың, мысалы, әділдік, бірлік, достық, білімділік, еңбек сүйгіштік, алаптылық, адалдық, солармен қатар озбырлыққа жауыздыққа, екіжүздікке төзбеушілік секілді сан түрлі мінез-құлық мәселелері қай заманда да мәні жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт, жағдай өзгерді дегенмен,халықтың ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып, жаңаша сипат ала отырып, жалғастық тауып өрістеп,дами беретінін ескерсек, Абай поэзиясы кейінгі дәуірлердің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір шындығын танып – білуге үлкен себін тигізе алатыны қақ. Олай болса, Абайдың педагогикалық идеясы өз дәуірінің шеңберінде ғана қалатын, осы мағынада біз үшін тек тарихи маңызы бар, өткінші құбылыс деп санауға болмайды, ол-заман ауысып,уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал-әсері арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын асыл мұра.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТЗІМІ
1.Жұмалиев Қ. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. Алматы, 1948
2.Абай Құнанбайүлы. Толық жинақ. Қызылорда, 1933, 18-6.
3.ӘуезовМ.Уақыт және әдебиет. Алматы,1962, 371-бет.
4.Абай Құйанбайұлы. Толық жинақ. Қызылорда, 1933, 17-6.
5. Абайдың революцияға
дейінгі басылған өлеңдері
1963, № 5, 147—153-6.
6.Қазақтың халық жұмбақтары. Алматы, 1959, 6, 187-6.
7.Жұмалиев.К.Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай
позиясының тілі. Алматы, 1960.
8.Әуезов М. Абай Құнанбаев.-
9.Исаев.С. Қазақ әдеби тілі тарихы.-А.1996.
10.ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі.-Астана,2000.
11.Келімбетов.Н. Қазақ әдебиет бастаулары.-А.2001.
12.Кенжебев.Б. Әдебиет белестері.-А1998.
13.Абайдың қара сөздері.-
14.Мақмұтов.А.Абай
15.Омаров Е.С. Казахстан - наследник империи гуннов. - Вестник университета "Кайнар", 1997, №2.~с. 33-35.
16. Дуйсенбинова Адамгершілік тәрбиесіне айқын бағыт //Қазақстан мектебі. 7-
1991ж
17. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алматы «Рауан» - 1992
18. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы – Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011
19. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,