Абай шығармаларыныңмәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 21:33, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы Президентінің халқымызға арналған Жолдауында басшылықпен бүкіл қауымның алдына қойған өрелі талаптары да осы жөнінде:» Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің бабаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ата-бабасынан алған мұрасын игеріп,өз ұрпағының жауапты да, жігерлі білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады.Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады»,-делінген.

Работа состоит из  1 файл

Зәбира курс жұмыс.docx

— 81.27 Кб (Скачать документ)

Абайдың ұстаздық ойларының  ішінде білімді  өмір бойы игеру, оны  кітаптан іздеу, өз бетінше оқу, естіген  білгенді есте сақтау проблемалары айқын  көрінеді. Өз басындағы тәжірибесі болар, Абай әр шәкірттің өзін-өзі  ғылым мен білімге жетелейтін жолдарын көбірек сөз етеді. Білім  берудің негізгі үш сатысын - кез  келген жаңалықты білудің естуден  басталатынын, оны түсіну үшін әр шәкірт оқып, не көру екендігін,  ал одан соң  барып қажетті жерде қолдануды  үйрететінін айқындап беріп тұр. Әрі бұл оқудың сапасын анықтайтын білім, біліктілік, бағдымен де сәйкес келеді.

Ағартушы  ретінде білім  алу жолын набайлап жатпайды, оны  қалай оқу керек, оқығанды қалай  меңгеру керек, ал меңгерген білімді  қалай өмірде пайдалануға, жүзеге асыруға  болатындығы ойлары осы заманғы  педагогика тұрғысынан өте орынды, әрі байыпты. Білім шәкіртке сөз  арқылы беріледі, сондықтан ақын ретінде  Абай көбіне сөз құдіретіне жүгінеді:

Кейбіреу  тыңдар үйден  шыққанша,

Кейбіреу  қояр көңіл ұққанынша,

Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар

Абайлар әрбір сөзін өз халынша,-деген жыр жолдары тыңдаушының  өзін үшке бөліп тұр емес пе? Ұлы  ақын білімнің  «нұрлы сырын» көру үшін ынталы, «сөзі балу тыңдамайтын» шәкіртті іздейді. Ол бұрыннан да іздегіш, сөзді  тез ұғатын болса тіпті ғанибет. Адамның білімге құштарлығы оны  тәрбиелі етеді, өйткені, Абайдың айтуынша, «Жақсыға айтсаң жаны еріп, ұғар көңіл  шын беріп».

Абай  данышпандығының  басты көрінісі – қазақ халқының жолын байыптап, болашағын анықтап  беруінде. Оның көрегендігінің өзі  де заманындағы қалыптасқан  саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайды жете түсініп, оның елге тигізетін зиянды себептерін айқындап біліп, тығырықтан шығудың жолдарын көрсетуінде.

Абай қоғамының  тәрбиесін  жеке адамнан басталатынын көрсетеді, өйткені «адам түзелмей заман  түзелмейді» деп анық айтады, тобырдың ішінде тұлға жүрмесе мәнінен  айырылатынын мегзеп, «не болады өңкей  нал» деп налиды.

Абай тәрбие мәселесіне ерекше  көңіл бөледі. «Әне оны берем, міне мұны берем деп, балаңды алдағаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы  болса кімнен көресің? «Боқта» деп  біреуде боқтатып, кәпір қияңқы,осыған тимеңдерші!-деп, оны массаттандырып тентікке үйретіп қойып, «қу, сұм  бол» деп «пәленшенің баласы сенің  сыртыңнан сатып кетеді деп, тірі жанға сендірмей жат-мінез қыласың» -деп, теріс тәрбие беретін ата-аналарды қатты сынға алады. «Ақыл ардың  сақтаушысы» деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы.

Абай қазақ жастарының ғылым-білімге ден қоюуын әрқашан  құттап отырған. Оның көптеген өлеңдері осыған дәлел бола алады:         

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Біреу ұшін үйренсең,

Біреу білмес, сен білсең,

 Білгеніңнің  бәрі  тұл.

Мына  шумақ жолдары  түсіндіріп жатудың  өзі артық  болатын тәрізді.Өйткені  бәрі де анық, түсінікті айтылған.

   Абай  ел қыдырып ас ішіп, өлең босатып ішер, жалқау жастарды мінеп-сынап келе:

Жалға жүр, жат елге кет, мал тауып кел,

Малың болса сыйламай тұра алмас ел…

Талаптан, талпын, адал еңбек ет.  «Есек артын жусаң да» адал  еңбекпен мал табудың арлығы жоқ, егіннің ебін, сауданың тегін үйрен дегенді насихаттайды. Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал таппақ болатын жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүріп күн көрішілердің арам пиғылын әшкерелеп, «ұрлық түбі қорлық», -адалдан тапқан мал мұратқа жеткізеді, «еңбек түбі – зейнет» дегенді өнеге тұт дейді.

 Жастардың белгілі  бір өнеге, өнер үйреніп, пайдалы  іспен шұғылдануын, адал еңбекпен  мал табуын уағыздаған ұлы  ақын оларға:              

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң, әрқашан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та , бар қалан,

өмірден өз орныңды таба біл деп өсиет айтады.

Абай  үлгі етіп ұсынған  адал еңбек, ар-ождан  мәселелері қай  қоғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын  тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастардың алға жетелер жарық  жұлдызы нысанасы екені даусыз.Ұлы  ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы  бастынысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол…жақсы көпке  ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой пікірді қуаттау  болады. Абай ұрығын сепкен оқу, өнер-білім, адамгершілік әдеп, мораль мәселелері қазақ халқының рухани азығына айналып  отыр.

 

 

2.2 Абайдың қара сөздерінің мәні

 

Халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбаев қазақ  жазба әдебиетінің  негізін қалаушы, ғұлама ойшыл, ағартушы, қалың қазақ  қауымына, ауыр ойды арқалап ауырған жанның «Жүрек сырын, тылсым сезім, терең ойын» жеткізуге  тырысты. Олар өздеріне рухани көсем, білікті  ұстаз тұтты.

Қазір Абай мұрасын талдап, зерттеуге арналған еңбектер саны мың  жарымнан асады. Абай мұрасын шынайы танып білудің ең басты жолы, халқымыздың  тарихи жадын қайта жаңғырту, қайта  талдау. Оның ішінде ең қажеті Абай ғұмыр  кешкен дәуірдің мәдени, тәлім-тәрбиелік, саяси, әлеуметтік болмысы, елдің отарлану тарихи, халықтың рухани қазынасы, дәстүрлі мәдениеттің өзіндік сабақтастық  жолдары. Осы процестерді жалпы  азаматтық көзқарас принциптері негізінде талдай алсақ, Абайдың педагогикалық көзқарасындағы іздерін аша алсақ, Абайтану бағытында көптеген белгісіз, жаңаша ойлар туар еді.

Абай  шығармашылығында алты мыңнан аса сөз  қоры бар екен, әсіресе онша көп зерттелмеген  «Қара сөздерін» бүкіл қазақ  қауымына, әлем жұртшылығына түсінікті  ету, даналығының тылсым сырларын ашып, сайын далада ғасырлар бойы өсіп-өніп келе жатқан көшпенділер рухани мәдениетінің төлтумасын жалпы адамзат мәдениетінің ешуақытта маңызын жоғалтпайтын асыл мұрасы, рухани жәдігері етіп көрсету  дәрежесіне жету. Бұл Абай алдындағы  үлкен парыз.

«Қара сөздер» тек қана Абайға тән философиялық үрдіс. Абайға дейін де, кейін де бұл сарында  арнайы еңбек жазған кісі жоқ. Абай өзін ғана емес өзгені де зерттеуге  тырысады, адам, адамгершілік қасиеттерін  сарапқа салып «Адам деген  даңқым бар», «Адам бол», «Адам баласына адам баласының бәрі – дос» деген  өшпес, өлмес қағидаларды дүниеге  келтіреді. Осындай жалпы азаматтық  принциптерді қамтыған қырық бес  сөз қазақтың тәлім-тәрбие аясында  қалыптасқан.

Президент Назарбаев Н.Ә. «Абай туралы сөз» атты көлемді баяндамасында  хакім  ерекшелігін былай деп  суреттейді: «Абайдың адам көрмеген жанқиярлығы  мен ерен құбылыс саналардай ерекшелігі – отаршыл кемсітушілік бар жерде  болмай қоймайтын тайсалудың орнына тайталасты, жиренудің орнына үйренуді, жарамсақтықтың орнына жарастықты, мансап қуған баққұмарлықтың орнына білім  қуған бәсекені сіңістіріп, ұлтымыздың рухани қайсарлығын атымен, жаңа қасиеттерімен  байытқандығы»

 Абайдың ұстаздық идеяларының  ең мол жері – оның әйгілі  қарасөздері. Ақынның педагогтік  идеялары қарасөздерінің өне  бойын алып жатыр. Олардың жазылу  мақсаты да айқын. Бірінші сөзінде  айтқандай, есейген кезде түйгендерін,  өткен өмірмен байланыстыра, ақын 5 түрлі жол таңдайды – ел  бағу, мал бағу, ғылым және бала  бағу. Дана Абай поэзиясы қуатымен  қатар «ақ қағазбен сияны ермек  қып», қараңғы халық санасын оятып,  көкірегіне дарытатындай ағартушылық  идеяларын қарасөзбен тізіп берген.

Адам  дамуы екі қажеттіліктің: «тән құмары мен жан құмарының» қалай  іске асатынына тікелей тәуелді. Жан құмарын қанағаттандыру дегеніміз  – білімге сусындау болса, оның өзі  шәкірттің жас шамасына қарай  өзгеретінін ақын 7-ші сөзінде тап  басып айтады: бала кездегі «ол  немене, бұл немене» деп, бір нәрсені  сұрап білсем екен дегенде ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететін  құмарымызды, ер жеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін  тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екенбіз? Бұл сұрақ  – бүгінгі педагогикадағы көкейкесті проблема. Осыдан-ақ қазіргі балабақша  мен бастауыш мектептің шәкірттерінің  сұрампаздығының азаюынан басталады. Жоғары сыныптардағы білімді түсіну төмендеп, даму тежеліп қалды, міне осыдан олардың әрі қарай ғылым  таңдай алмайтыны көрініп тұр  емес пе?

 Абай 7-ші қарасөзінде  «жан- құмарлығын» бала кезде  күшті болатынын,  ал адам есейе  келе, сол қасиеттен азайып, тіпті  ада болатынына қынжылады. Туа бітетін адамға тән ерекше дүние тануға деген ынтазарлықтың болатынын Абай: «Қайта бала күнінде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз» ,- деп сипаттайды.Осы ойлардың бүгінгі ұстаздарға қажеттілігі: шәкірттердің бойында болатын білімге деген «жан құмарлығын» өмір бойы жоғалпай,жанған шырақтай мазданып ұстап тұрудың басты мақсат етудің тиімділігін көрсетуінде.Әр сабақ шәкірттердің көзін ашып, ойын ортаға салып  бөлісетіндей, пікір айтып таластыратындай деңгейде өтуі тиіс. Сонда ғана білім адам бойына дұрыс дамиды дейді ұлы Абай.

 «Жан қуаты деген  қуат – бек көп нәрсе» дей  келе ұлы ұстаз оның ішінен  ерекше екі түріне тоқталады.  «Біреуі … не көрдің, есіттің,  әрнешік білдің, соны тездікпен  ұғып, ұққандықпен түрмай арты  қайдан шығады, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды  жіберіп қармаққа тез қозғап  жібереді. Егер бұл болмаса, көп  білуге уақ оңды пайда да  бермейді». Педагогикалық тұрғыдан  алғанда, оқу үрдісінде керекті  білімді бақылап, қабылдап, ұғып  қана қоймай, оның алды-артын бірге  ойластырып, жүйелі түрде түсініп  отырса ғана білім тиянақты, тиімді  болатынын дәл нұсқап тұр.

«Жан  қуатының» екінші түрі жаңалықты  қабылдау барысында  ұқсағандарды тексеріп отыру қажеттілігімен байланыстыра қойылады. Бұл педагогикадағы таным үрдістеріндегі басты заңдылықтармен үндес келеді.

Ақынның 32-ші сөзі, түгелімен  білім- ғылым үйренбекке талап қылушыларға  арналып,оның 6 шарты тайға таңба  басқандай етіп берілген: «әуелі білім-ғылым  табылса,ондай мұндай іске жаратар  едім деп… іздемекке керек»-бұл  оқытудың басты мақсатының қазіргі  күнгі қағидасымен сайма-сай келсе, әрі қарай айтылатын»… Білім-ғылымның өзіне тән құмар,ынтық болып  бір ғана мектептің өзін дәулет білсең көңілде бір рахат пайда болады…  білмегенді тағы да сондай білсем деген  құмарлық пайда болады». Осы ойлардың өзінен-ақ қазіргі ғылыми педагогикадағы оқытудың дидактикалық заңдылықтары мен  ұстанымдардың біразы айқын көрінеді. Оқушының белсенді таным-қызметінің қалыптасуы үшін онда саналы ынта болуы, оның қызығуға тәуелділігі, игерген білім шәкіртті қуанышқа бөлейтіндігі, оның өзі тағы да жаңа білімге жетелейтіні,қызыға,құмарта  оқыған оқу – адам жадында ұзақ қалатыны ап-айқын айтылып тұр.

31-ші  сөзінде келтірілген  естіген  нәрсені ұмытпастықтың  4 түрлі  себебіне зер салсақ, оқытудың қазіргі дидактикалық  заңдылықтары мен ұстанымдарымен  тікелей байланысын байқаймыз.  Шәкірттің сабақ кезеңіндегі  білімділігі мен саналылығы алдымен  оның «көкірегінде оянатынын», ал  оқығанды жүйеге келтіріп есте  сақтау үшін «ынтамен ұғу керек»  екендігін, «көңілге бекіту» үшін  естігенді бірнеше «қайтара ойланып»  оқу қажеттігіне ерекше тоқталады.Білімді  игерудің бұл сатылары іске  асуы үшін адам ойын «кеселді  нәрселер» бөлмеуі шарт. Ұстаз  шәкірттің бүкіл ақыл-ойын, ынтасын  оқуға тартады.

19-шы  сөзінде: «Адам  ата-анадан есті  болмайды: естіп,  көріп, ұстап, татып ескерсе,  дүниедегі жақсы, жаманды таниды  – дағы, сондайдан білгені, көргені  көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп  жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескере, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді естігенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып естісе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұщынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?  Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады»- деген. Қ.Өмірәлиев М.Әуезовтің Абай өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады, себебі өлең сөздер көбіне-көп оқушы мен тыңдаушыға үнемі түсінікті бола алмайды дегенін мысал ете отырып, осы жайды ескеріп Абай дидактикалық поэзия туыс нақыл сөз үлгісіндегі қара сөзге көшеді деп айтады. Яғни ақынның қара сөздері өз дәуіріндегі оқушы мен тыңдаушының ой-өрісін ескере отырып, дәуірдің жағдайларына байланысты дидактикалық-философиялық шығармалар, мораль философиясы еді деп пікір білдіреді.

Абай  ұлылығын, сырын  шынайы түсінудің  әдістемелік кілтін қазақстан халық  жазушысы Әбіш Кекілбаевтың мақаласынан  табамыз. «Абай –  пайғамбардай пір тұтарлық ақыл-ой алыбы. Ондай құбылыстың құпиясына  күллі болмыстың қыр-сырына түгел  үңіліп барып түсінуге болады». Халқымыздың  рухани болмысын, мәдениетін жаңаша ой елегінен өткізіп, бұрын мән бермеген бояулары мен қыртыстарын ашуға  тырысудың өзінде теориялық мән  бар. Ол білімімізді, танымымызды толықтырады, ғылым тұңғиығына тереңдетеді. Абай «Қара сөздерін», бүгінгі заманға  сай түсініп, хакімнің арманын халқымызды жаңа менталитетке, жоғары адами мақсат-мұратқа  тәрбиелеуге қолдана алсақ, бүкіл  қауым болып шеше алмай жатқан мәселеге – ұлттық идеяға бір табан  жақындай түсер едік. Зерттеу барысында  жасауға тырысқан тұжырымдар адам және қоғам, адам және дін, мәдениет, өркениет, әлеуметтік таным, тарихи сана, этнотәрбие, ұлттық идентификация, ұлттық намыс  түсініктерін анықтауға себін тигізіп, мәдениеттану, философия, тарих, педагогика пәндерін оқытуда пайдаланылуы мүмкін.

Жалпы тәлім-тәрбие, мәдениеттілік, адамшылдық деген түсініктер адамзат  тарихымен  бірге жасап келе жатқан және де дәстүрге айналып кеткен нәрселер. Әсіресе тәрбие жолында жаңалықтар  көп бола бермейді. Бүкіл адамзатқа  ортақ тәрбие талабы – жастарды адам болуға баулу, адамшылықтың негізгі  принциптеріне үйрету. Ал адам болудың  жолдары әр халықтың, ұлттың дәстүріне, салтына, тарихына, дініне, рухани болмысына  байланысты. Қазақтың өмір салтында адам болу жолдары үлкенді сыйлаумен, ата жолын, ана жолын қуумен ар-намысты, ұятты бетке ұстаумен, өнер-білімге, еңбекке ұмтылумен анықталады. Абайдың  өз басында осы қасиеттердің бәрі де болды. Сондықтан да ұлт ұстазы болуға неден қашық болып, неге асық болып, немен дос болуға шақырып  жөн сілтеуге моральдық құқығы болды.

Информация о работе Абай шығармаларыныңмәні