Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 12:27, курсовая работа
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған білім беру ісін дамыту тұжырымдамасында отандық білім беруде жетілдіру мен оның әлемдік білім беру аясына ықпалдасуының басты бағыттары белгіленген. Соған байланыста алған білім мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермей өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылды.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, халықаралық қарым-қатынасының кеңеюі экономиканың қай саласында болсын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елімізде кәсіби оқыту мамандарының кәсіби дайындығын зерттеу мәселесі жағынан бірқатар тәжірибелер жиналған. Қазіргі кезде кәсіби білім саяси-қоғамдық және психологиялық-педагогикалық білім саласында кеңінен өріс алады. Әсіресе, болашақ мамандарды ғылыми теория және іс-тәжірибе бағытында дайындауға зерттеулер педагогика ғылымдары жүйесінің әр саласында жүргізіліп келеді. Бұл кең етек алып келе жатқан еңбек нарығындағы құбылыстың бір көрінісі. Бұл үздіксіз процесс, оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан білім саласын қоғамның осы ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет [1].
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында “арнаулы кәсіби білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның саналы арнаулы білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік беру” делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани және инновация жағынан дамуындағы ролін терең зерттеуді қажет етеді [2]. Сондай қажеттіліктердің бірі - кәсіби лицейдегі арнайы пәндерді оқу процесінде факультативтік сабақтар мен курстарды оқу жлспарына енгізу.
Жалпы, кәсіптік лицей - бұл
жалпы орта білім берудің
Кәсіптік лицей қабырғасында оқушыларды кәсіпке бағыттау маман тұлғаны қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы қоғамның экономикалық даму жағдайларына тез бейімделіп, еңбек нарығында өз орындарын тауып, өз іс-әрекеттерінен тұрмыстық және рухани қанағат алатын, өз қабілеттерін орынды пайдаланып және шығармашылық күштерін дамытуға белсене ат салысатын озық ойлы, елжанды мамандарды дайындау қажетті деп есептелінеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан» атты
жолдауында да Қазақстандағы
білім беру жүйесінің алдында
тұрған негізгі мәселелерге
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған білім беру ісін дамыту тұжырымдамасында отандық білім беруде жетілдіру мен оның әлемдік білім беру аясына ықпалдасуының басты бағыттары белгіленген. Соған байланыста алған білім мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермей өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылды.[4]
XXI ғасырдың өзекті талабы кәсіби- техникалық еңбектің жоғары білікті мамандарының кадрларын даярлау [1]. Осыған байланысты « Білім туралы заң» 4- тарау, 17- бабы бойынша:
1. Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім беру деңгейінің құрамдас бөлігі болып табылады және қоғамдық пайдалы кәсіптік қызметтердің негізгі бағыттары бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлауға бағытталған.
2. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары бағдарлама мазмұнына және білім алушылардың даярлық біліктілігінің деңгейіне қатысты техникалық еңбектің жоғары білікті мамандарын даярлауды, оларды қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруді көздейді[3].
І.
Арнайы пәндер бойынша
сабақтан тыс курстар
мен факультативті
сабақтарды ұйымдастыру
жолдары
1.1
Техникалық және
кәсіби білім жүйесінде
арнайы пәндерді
оқытудың ерекшеліктері
Көп жылдар бойы білімді кәсіптік білімнің негізгі көрсеткіші деп бағалау теория мен тәжірибе жұмысы дайындығы арасындағы табиғи байланысқа мән берілмеуіне, мамандарды кәсіпке дайындауда білім қорының жеткілікті болмауына әкеліп, кейбір студенттердің оқуға, одан кейін болашақ кәсібіне деген біліктілігінің төмендеуіне әсерін тигізді. Кәсіптік лицейдің білім беру барысындағы осы мәселені шешу жолының бірі - студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастыруды қайта бағдарлау арқылы оларды таңдаған кәсібі саласында өз білімдерін, іс-тәжірибелерін, мақсаттарын толықтай жүзеге асыруға тұлғалық құлшыныстарын ынталандыру. Кәсіби біліктілік - ол маманның таңдаған кәсібі алдындағы талаптарды, міндеттерді және оған сәйкес көзқарастарды, пікірлерді, нұсқауларды барынша қабылдау деген сөз. Әсіресе, студенттердің болашақ кәсібіне байланысты мәселелерді шешу барысындағы олардың шығармашылық ой қабілеттерінің маңызы ерекше. Бастапқы кезеңде бірқатар студенттер өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуді жоспарламайды, сондықтан олардың оқуға жағымды көзқарасын тудыру арқылы болашақ кәсібіне қызығушылығын қалыптастыру қажет [1].
Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы,технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері: мақсат - мазмұн - форма - әдіс - оқыту көрнекілігі болса, бүгінгі жаңа технология бойынша: оқып үйрену - меңгеру - өмірге ендіру - дамыту болып өзгеріп отыр.
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды ұйымдастыру түрі - оқу процесіндегі арнайы пәндер бойынша берілетін білімді жалғастыруға және тереңдетуге, сонымен қоса оқушының тәжірибелік дайындығын жүргізуге мүмкіндік туғызады.
Кәсіптік- техникалық мектептерде, лицейлерде оқытудың мынадай формалары қолданылады:
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру: коллоквиумдар, сынақтар, емтихандар, қорытынды конференция- біліктілік байқау жұмыстары.
Сабақ- оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі. Сабақ оқу- тәрбие барысының нақты түрі. Мұның нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамыту, білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады. Сабақ беру- білім беру және тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған мұғалім ұйымдастыратын оқушылар іс- әрекетінің күйі. Оқу- оқушының нақты білім алып, біліктіліктер мен дағдыларды меңгеріп қамтамасыз ететін, тұрақты бағдарлама мен жоспар арқылы жүзеге асырылатын мақсатқа бағытталған барыс.
Оқу процесін дұрыс ұйымдастыру оқушылардың үздіксіз өз бетімен білім және тәрбие алуды қажетсінуін туындатады. Оқудың сипаты, оның нәтижесі мұғалімдер құрамына, олардың теориялық және педагогтық дайындығына, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқу іс- әрекетінің сипатталуына, оқуға олардың қатынасына тәуелді болады.
Кәсіби білім берудегі сабақ өту барысында инженер- педагог оқушыларды білім деңгейі бірдей нақты топтарға, бригадаларға біріктіріп, белгілі бір мерзім ішінде ақпарат береді.
Кәсіби оқытуда сабақ берудің мына түрлері қалыптасқан:
Теориялық оқыту сабағы
Теориялық оқыту үрдісінде
Өндірістік оқытудың мынадай формалары бар:
1. оқу шеберханаларында оқыту;
2. өндірісте оқыту [5].
Бастауыш кәсіптік білім мен орта кәсіптік білім беру
Қызмет корсету
Техникалық
Ауылшаруашылық
Кәсіптік техникалық мектептерде ӛқытудың мына турлері қолданылады: 1.Теориялық ӛқыту:-сабақтар, лекциялар, -зертханалық-сарамандық жұмыстар, -семинарлар,экскурсиялар, -оқу конференциялары, үй тапсырмалары. 2.Ӛндірістік оқыту: -оқу шеберханасындағы сабақ, -кәсіпорынның ӛндірістік цехында ӛқыту, - қызмет кӛрсету аясындағы еңбек,
Білікті жұмысшылар мен мамандар дайындау. Ф КазНПУ 703- 03 -10 Студенттерге арналған пән силлабусы. Үшінші басылым Бет 20 барлығы 75
-ӛндірістік
практика, жұмыс орны, -түлектік жұмыс
алдындағы практика,т.б...
Сыныптан тыс
жұмыстар мен қосымша сабақтар: -факультативті
сабақтар, -консультациалар, - үлгермеушілермен
қосымша сабақтар, -ұйірме жұмыстары т.б...
1.2
Арнайы пәндерде
оқу процесін
ұйымдастырудың
формалары
Тұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты процестің бірі – оқыту процесі (оқу процесі) болып табылады. Оқыту процесі күрделі процесс болып табылатындықтан оның анықтамалары да әртүрлі.
Ерте дәуірдегі және ортағасырлық ойшылдар еңбектерінде «оқыту», «оқыту процесі» ұғымдары «білім беру» деген мағына береді. Өткен ғасырдан бастап оқыту ұғымына білім беру және оқу компоненттері енгізіле бастады. Мұнда білім беру – мұғалімнің оқу материалын меңгертуге бағытталған іс-әрекеті, оқу – оқушының ұсынылған білімдерді меңгеруге бағытталған іс-әрекеті ретінде көрінеді. Кейінірек оқыту түсінігі сол сияқты мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекетінің тәсілдерін қалыптастыруды басқару іс-әрекеті және мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін де қамтиды [9].
Қазіргі түсінікте оқытудың мынадай белгілері бар: 1) екіжақты сипат; 2) мұғалімдер мен оқушылардың өзара іс-әрекеті; 3) мұғалім тарапынан басшылық; 4) арнайы жоспарланған ұйымдастыру және басқару; 5) тұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесін басқару.
Дидактика (гр. Didaktikos – оқытушы, didasko – оқушы, үйренуші) – оқыту мен білім берудің мәселелерін қарастыратын педагогиканың бөлімі.
Дидактика ғылым ретінде оның пәні аясында әрекет ететін заңдылықтарды зерттейді, оқыту процесінің жүргізілуі мен барысын айқындайтын тәуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды. Сондықтан дидактика екі негізгі қызмет (функция) атқарады: 1) теориялық (негізінен, диагностикалық және прогностикалық); 2) практикалық (нормативтік, құрал-жабдықтық).
Дидактика принципі немесе оқыту принципі — бұл негізгі кағидалар. Ғылым негіздерін оқытқанда соларға сүйену керек. Олар барлык оқу пәндерін окытудың барлық сатысында колданатын нағыз жалпы қағидалар болып табылады. Дидактикалық принциптер- оқыту принциптерінің жүйесі мақсаттарына негізделеді. Сондықтан қоғамдық дамудың әр кезеңінде дидактикалық принциптер өзіндік ерекшеліктерімен көрінеді.