Арнайы пәндер бойынша сабақтан тыс курстар мен факультативті сабақтарды ұйымдастыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 12:27, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған білім беру ісін дамыту тұжырымдамасында отандық білім беруде жетілдіру мен оның әлемдік білім беру аясына ықпалдасуының басты бағыттары белгіленген. Соған байланыста алған білім мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермей өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылды.

Работа состоит из  1 файл

Бабур1.doc

— 458.00 Кб (Скачать документ)

     ІІ. Арнайы пәндерден  сабақтан тыс курстар  мен факультативтік сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі

     2.1. Сабақтан тыс курстар  мен факультативтік сабақтардың мақсаты 

       Өндірістік оқыту процесінде негізінде арнайы пәндерден сабақтан тыс курстар мен факультативтік сабақтарды ұйымдастыру оқу шеберханалары мен өнеркәсіптің оқу учаскелері, цехтарында жүргізіледі де, шебер барлық топтармен бір мезгілде жұмыс атқарады. Мұнда сабақтан тыс өндірістік оқытудың мына түрлері жүзеге асырылады:

    • Оқушыларды оқу  бригадалары құрамында жасақтап оқыту;
    • Оқушыларды білікті жұмысшылар бригадасы құрамында жасақтап оқыту,
    • Білікті жұмысшыларға оқушыларды жекелеп, даралап бекіту,
    • Өндірістік экскурсия,
    • Үй тапсырмасын орындау.

        Арнайы пәндер бойынша сабақтан тыс курстар мен факультативтік сабақтарды өткізу және ұйымдастыру үшін (мысалы, «Ауылшаруа-шылық машиналар, тракторлар мен автомобильдер, мал шаруашылығын механикаландыру, т.с.с.) мынадай бірізді тапсырмалардың орындалуы қажет:

• машинаның (агрегаттың) қүрамдас бөлігін бөлше-теу;

• ондағы бөлшектердің өзара байланыстылығын, машинаның қүрамдас бөлігінің жүмыс сызбасына көңіл бөлу, оларды майлауды және салқындатуды оқып үйрену;

• эксплуатациялың  және технологиялың реттеулерді оқып-үйрену;

• машиналардың бірқалыпты жұмыс істеуі үшін оларға қажет техникалық күтімдердің мазмүнын окып-үйрену;

• эксплуатациялық  ақауларды және оларды түзету әдістерін  оқып-үйрену;

• машиналардың қүрамдас бөліктерін жинастыру (құрастыру).

      «Автомобильдердің құрылымы;» пәнінен сабақтан тыс курстар мен факультативтік сабақтар кәсіптік мектептің оқу шаруашылығында немесе жақын жерде орналасқан колхоздар мен совхоздар да топ жүйесінде мұғалімнің басқаруымен өткізіледі. Мұғалімге көмекке сабақтан бос өндірістік оқыту шебері бөлінеді.

   Арнайы пәндерден сабақтан тыс курстар мен факультативтік сабақтардың көлемін білу үшін төмендегі үлгілік оқу жоспарын ұсынып отырмыз. Онда арнайы пәндер «Автомобильдердің құрылымы», «Арнайы технология», «Автомобильдерді басқару негіздері және қозғалыс қауіпсіздігі» үшін сыныптан тыс курска 80 сағат, факультативтік сабаққа 136  сағат берілген.

ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫ

техникалық  және кәсіптік білім  беру 
 

Кәсіптік  білім бейіні:           1200000  - «Өндіру, құрамалау, пайдалану және

                        жөндеу (әр сала бойынша)»

                                     

Мамандық:               1201000 – «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету,

                        жөндеу және пайдалану»

                                       

Біліктілік:                              120109 2 – Көліктерді жөндеуші шебер біліктілігі 

              Оқыту нысаны: күндізгі

              Оқытудың нормативтік мерзімі: 1 жыл 10 ай

              негізгі орта бiлiм базасында

Индекс Оқу пәндері мен циклдердің атаулары Бақылау түрлері

Емтихандар /  сынақтар

Оқу уақытының көлемі (сағат) Бақылау жұмыстар саны
   Барлығы    Оның  ішінде: Курстар мен семестрлер бойынша бөлу
Теориялық сабақтар    Зертханалық практикалық сабактар    Курстық жобалау (жұмыс)    негізгі орта білім базасында орта бiлiм базасында
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
ЖГП 00 Жалпы гуманитарлық пәндер                
ЖГП 01 Кәсіби қазақ (орыс) тілі /1 72   72     1  
ЖГП 02 Кәсіби шетел тілі /1 64   64     1  
ЖГП 03 Қазақстан тарихы 1/ 80 80       1  
ЖГП 04 Дене тәрбиесі 1/ 184   184     1,2  
  Модуль  бойынша барлығы: 2/2 400 80 320        
КМ 00 Кәсіптік модуль                
КМ 01 Жалпы кәсіптік пәндер                
КМ 1.1 Техникалық  сызу /1 90 20 70     1,2  
КМ 1.2 Электротехника 1/ 90 64 26     1,2 1
КМ 1.3 Материалдар тану /1 74 54 20     1,2 1
КМ 1.4 Стандарттау және метрология негіздері /1 64 54 10     1,2  
КМ 1.5 Өндірісті автоматтандыру және ақпараттандыру негіздері /1 68 20 48     1,2  
КМ 1.6 Қоршаған орта мен еңбекті қорғау /1 66 56 10     1,2  
КМ 1.7 Мемлекеттік тілде  іс жүргізу   72 72       1,2  
  Цикл  бойынша барлығы: 2/5 524 340 184       2
КМ 02 Арнайы  пәндер                
КМ 2.1 Автомобильдердің құрылымы; 1/ 220 150 70     1,2  
КМ 2.2 Арнайы технология 1/ 194 50 144     1,2  
КМ  2.3 Автомобильдерді басқару негіздері және қозғалыс қауіпсіздігі 1/ 90 62 28     1,2 1
  Цикл  бойынша барлығы: 3/- 504 262 242       1
  Модуль  бойынша барлығы:   1028 602 426       3
  Қосымша пәндер   48 48          
  Теориялық оқытудың барлығы 7/7 1476 730 746       3
ӨП 00 Өндірістік  оқыту және кәсіптік практика                
ӨП 01 Өндірістік  оқыту                
ӨП 1.1 Оқу-өндірістік шеберханадағы практика   240         1  
ӨП 02 Кәсіптік практика                
ӨП 2.1 Кәсіптік  дағдыларға ие болу мен бекіту жөніндегі практика   480         2  
ӨП 2.2 Біліктілік практикасы   432         2  
  Практикалық оқыту сағаттарының барлығы   1152            
Е Емтихандар   72            
  Аралык аттестация   36          
  Қорытынды аттестация   31          
  Кәсіби дайындық пен біліктілік кволификациясын деңгейін бағалау   5 сағат            
  Арнайы  оқутудың жиынтығы   2880            
  Сыныптан тыс  курстар   80            
  Факультативты сабақтар   136            
  Барлығы   3096            
Оқытуды аяқтау нысаны
Мемлекеттік біліктілік емтихандары
 

       Кәсіптік техникалық білім беру жүйесінде оқытудың маңызды бөлігі тәжірибе зерттеу сабағына бөлінсе, арнайы пәндерді оқыту барысында сабақтан тыс курстар мен  факультативтік сабақтар теорияда алған білімнің жетіспейтін тұстарын оқушы еркімен тереңдетеді және бекітеді.

       Нәтижесінде сабақтар барысында окушылар ауылшаруашылығы машиналарында жұмыс істеудің технологиялық жағын тереңірек меңгереді, яғни машиналарды бөлшектеу, жинақтау, реттеу, күтіп - баптау дағдыларын қалыптастыруға машықтанады және слесарьлық-монтаждау қүрал-сайман-дарын, арнайы көмекші жабдықтарды пайдалану әдіс-тәсілдеріне жаттығады.

       Автокөліктерді жөндеу бойынша өтілетін арнайы сабақтар төрт бөліктен тұрады. Әр бөлік түрлі типті машиналардың құрыоысын теориялық тұрғыдан лекция түрінде қарастырады. Енді бір тобы ондірістік оңыту шебері басшылығымен машиналарды күтіп-баптау жұмыстарын орындайды. Бұл оқыту әдісі бір кезеңде жекелеп және бөлімше түрде өзіндік жұмыс орындауға мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 

 Арнайы пәндер бойынша сабақтан тыс курстар мен факультативтік сабақтарды өткізу ерекшеліктері 
 

           Жоғарыда айтылғандай арнайы пәндер бойынша сабақтан тыс курстар мен факультативтік сабақтарды өткізгенде орындалатын тапсырмалар жүйесі бірнеше циклге бөлініп жүргізіледі.

       Төменде «Автомобильдер құрылымы» пәндері бойынша жүргізілетін сабақтан тыс курстар мен факультативтік сабақтарды өткізудің ерек-шелігі беріп отырмыз.

        Мысал ретінде «Автомобильдер құрылымы» пәніне қатысты сабақ жоспарының үлгісі мынандай болады:  

Сабақ нөмірі Бөліктер мен  тапеырмалар Сағат саны Қажетті құрал-жабдықтар Сабақ

өтілетін

күн

1. дизельді және карбюраторлы қозғалтқыштардың айналшақты-бұлғақты (кривошипті шатунды) және газ тарататын механизмдері 30    
2. А-41 дизелінің айналшақты-бұлғақты және газ тарататын механизмдері 3 А-41 дизелі құрылғылары мен құрал-саймандар, т.б.  
 

         Технологиялық нұсқау карталарындағы тапсырмалардың орындалуына 3 сағат беріледі.

        Тапсырмалардың орындалу жүйесін үйымдастыру барысында, оның толың өткізілуін қамтамасыз ету керек, оны әдістемелік кеңесте қарап бекітеді.

Тақырыбы: ГАЗ-53А автомобилінің трансмиссиясы.

Сабақтың  мақсаты - ГАЗ-53А автомобилінің ілініс, беріліс қорабы мен артқы белдігінің құрылысымен танысып, оларды бөлшектеу, жинау, реттеу әдістерін үйрену.

Құрал-жабдықтар: монтажға орналасқан ГАЗ-53A автомобилі, арнаулы стендке орналасқан ЗМЗ-53 қозғалтқышы (ілініс, беріліс қорабымен бірге). ГАЗ-53А автомобилінің артқы белдігі (стендке орналасқан), (верстак), ПИМ-1516 құрал-саймандар жинағы, ажыратқыш құрылғылар. Берілетін уақыт - 3 сағ.

  Тапсырманың орындалу жүйесі Тапсырманың орындалуының техникалық шарттары, сұлбалар
  Техника қауіпсіздігі ережесімен танысыңыз.

1. Іліністің  құрылысын оқып, үйреніңіз (VI бөлік сабақтарының әдістемелік нұсқауларында толық көрсетілген).

 
  2. Ілініс дискілерін  
  алыңыз, т.с.с.  

         Арнайы пәндерде сабақтан тыс курстар мен факультативтік  сабақтарды өткізу барысында жасақталған топтардың алмасу кестесін тақырыптың жоспарлы тапсырмаларына сәйкес жасайды. Бірінші және екінші курс оқушыларының факультативтік сабақтарын 2 сағаттан өткізген тиімді, себебі оларға 4 сағат жүмыс істеу қиындау соғады, ал үшінші курс оқушыларына сабақтарды 4 сағаттан өткізуге болады.

Топтардың алмасу кестесінің үлгісі

Сабақ нөмірі Тапсырмалар тақырыбы Жұмыс орны Топтардың алмасу реті
1 ГАЗ-53А автомобилінің 1 1/2 3/4 5/6 7/8
  трансмиссиясы, тежеуіш 2 9/10
  жүйесі /6 сағ./    
2 Зил-130 автомобилінін, 3 3/4 5/6 7/8 9/10
  трансмиссиясы,   1/2
  пневматикалық тежеуіш    
  жүйесі /6 сағ./    
3 КамАЗ-5320 автомобилінің 5 6/6 7/8 9/10 1/2
  трансмиссиясы, тежеуіш   3/4
  жүйесі /6 сағ./    
 

      Оқушылардың білім деңгейлерінің тереңдігі және білім дағдыларын қалыптастыруда сабақтан тыс курстар мен факультативтік сабақтарды дұрыс ұйымдастырылуының маңызы өте зор. Сондықтан оқытушы сабақтарды дұрыс басқарып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланғаны жөн. Оқыту барысында оқытушы оқушы білімінің тиянақты болуын қадағалайды. 

         Арнайы пәндерде сабақтан тыс  курстар мен факультативтік сабақ беру кезінде оқытудың теориялық сабақ әдісімен бірге тәжірибелік сабақ әдісін де қолдаған жөн, атап айтқанда: машиналардың құрылысы жұмыс орындарының ерекшеліктерін қарастырғанда әңгіме, түсіндіру және көрсету, оқытушы оқушылардың қиналғанын байқағанда, жұмыстарды орындағанда, окушыларды қызықтыратын сұрактар қоя отырып оқушыларды дұрыс шешім, қорытынды шығаруға бағыттап отыратын сұхбат және негізгі әдістердің біріне еңбек үрдісін көрсету болады, яғни оқушыларға техноло-гиялық операцияларды өз бетінше орындау іскерліктерін қалыптастырады.

    Барлық бөліктер тапсырмаларын орындау кезінде оқыту құралдарын, көрнекіліктерді, жұмыс бөлшектері бар стендтерді, плакаттар және машиналардың сызбалары, бөлшектеу және жинақтау альбомдары, сонымен бірге тәжірибе зерттеу сабақтарын өткізуге арналған оқу құралдары, технологиялың нұсқау карталары және техникалық шарттарын пайдаланады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Пайдаланылған әдебиеттер 

   1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. – Алматы: РГЖИ «Дәуір», 1992. - 56 б.

   2 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жылдарында. Қазақстан халқына Жолдауынан // Егемен Қазақстан.  – 2005. – 16 мамыр.

   3 Назарбаев  Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан // Егемен Қазақстан. — 2007, 1 наурыз.

   4 Қазақстан Республикасында техникалық  және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы. – Алматы. – 2008. – 11 б.   

   5.Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы. –Алматы. 2008. – 12 б.

Информация о работе Арнайы пәндер бойынша сабақтан тыс курстар мен факультативті сабақтарды ұйымдастыру жолдары