Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 13:08, курсовая работа
Курстық жұмыста эстетикалық тәрбиенің түрлері, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру, дамыту жолдары көрсетілген. Ұсынылып отырған эстетикалық тәрбиені дамытудың жолдары практика жүзінде дәлелденген. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мақсаты - өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік құралдары арқылы балаларды жанын сұлуландыратын жақсы қасиеттерге бет бұрғызу, жаман қасиеттерден жирендіру. Бұл мақсатты іске асыру үшін бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге көркем шығармаларды пайдалану жөніндегі теориялық жағынан негізделген ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен дидактикалық кешендер құруды қолға алу керек.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесінің теориялық негіздері................................................................................................................5
1.1 Педагогика ғылымында «Эстетикалық тәрбие» ұғымының анықталуы.....5
1.2 Бастауыш сынып оқушыларына берілетін эстетикалық тәрбиенің түрлері...9
2 Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың жолдары..............................................................................................................17
2.1 Бастауыш сынып оқушыларын көркем шығармалар арқылы эстетикалық сезімге тірбиелеу................................................................................................17
2.2 2-сыныпта ана тілі сабақтарында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру тәжірибесі....................................................................................26
Қорытынды.................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................33
Қосымша 1
Жоспар
Кіріспе.......................
1 Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық
тәрбиесінің теориялық негіздері.....................
1.1 Педагогика ғылымында «Эстетикалық тәрбие» ұғымының анықталуы.....5
1.2 Бастауыш сынып оқушыларына берілетін эстетикалық тәрбиенің түрлері...9
2 Бастауыш сынып оқушыларының
эстетикалық тәрбиесін
2.1 Бастауыш сынып оқушыларын көркем
шығармалар арқылы эстетикалық сезімге
тірбиелеу.....................
2.2 2-сыныпта ана тілі сабақтарында оқушылардың
эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру
тәжірибесі....................
Қорытынды.....................
Қосымша 1
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында бастауыш сатыдағы оқыту “оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жекебас-тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәбиелеу” мақсатын көздейтіндігі айтылған. Халыққа білім берудің бүкіл жүйесін қайта құру жағдайында бұл мақсатты іске асыру үшін эстетикалық тәрбиесінің ең маңызды бағыттарының бірі – ана тілі пәні арқылы, яғни көркем шығармалар арқылы оқушының әсемдік сезімін қалыптастыруға басты көңіл бөлінуде [1].
Соған қарамастан бастауыш сынып оқушыларын
эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге
көркем шығармаларды пайдалану жөніндегі
теориялық жағынан негізделген
ғылыми-әдістемелік ұсыныстар
Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт
ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ж.Баласағұни,
т.б.), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері
(М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,
т.б.), шетел психолог-педагогтары (Н.Крупская,
А.Луначарский, П.Блонский, Д.Лихачев, С.Шацкий,
Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Бакушинский,
т.б.) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта,
өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп,
қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының
басты құралы екендігі қарастырылған.
Бүгінгі таңда педагог ғалымдардың қазақ
қолданбалы өнері және эстетикалық тәрбие
теориясы мен тәжірибесінің зерттеліп
отырған кезеңдегі жай-күйін, өзіне тән
ерекшеліктері ғалымдар: А.Жүнісбаева,
Ө.Қамақов,
Б.Әлмұхамбетов, Ж.Балкенов, Е.Асылханов,
Қ.Ералин, Қ.Ижанов,
Ү.Ибрагимов, З.Ахметова, Қ.Болатбаев, С.Ұзақбаева
еңбектерінде арнайы зерттелген.
Баланы жастайынан эстетикалық тәрбиелеуге
Мағжан Жұмабаев ерекше назар аударды.
Ол қазақ мектептерінің мұғалімдері үшін
“Педагогика” оқу құралын жазды. Онда
ғалым-педагог эстетикалық тәрбиені “сұлулық
тәрбиесі” деп атап, тәрбиенің міндеті
”баланы дұрыс, пайдалы, жоғары нәрседен
ләззат алуға, төмен, пайдасыз нәрседен
жиренуге үйрету” екендігін ескертеді.
М.Жұмабаев «Жаратылыстың Һәм өнердің
сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін
оятады». Үлбіреген гүл, сұлу ай,
жұлдызды таң, міне осылар сықылды жаратылыстың
сұлу заттары, көріністері адам жанына
бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып
туғызбай қоймайды.
Дәл осы ойды Ы.Алтынсариннің еңбектерінен байқауға болады. Ы.Алтынсарин эстетикалық тәрбие проблемаларын қозғайтын арнайы еңбектер жазып қалдырмаса да оның эстетикалық көзқарастарын педагогикалық қызметінен көруге болады.
Орыс халқының педагогтары К.Д.Ушинский,
В.А.Сухамлинский, А.С.Макаренко
да эстетикалық тәрбие мәселелеріне
ерекше көңіл бөлді. “Мәдени дағдыларды
қалыптастыру” атты мақаласында
А.С.Макаренко бұл жөнінде “
Қазіргі мектеп практикасын талдау да бастауыш сатыда көркем шығармалар арқылы оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу қажеттігін айғақтай түседі.
Курстық жұмыстың нысаны – бастауыш сынып оқушылары.
Курстық жұмыстың пәні – бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың мәні.
Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру жолдарының педагогикалық және әдістемелік жолдарын негіздеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ұлы адамдардың, ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, “Эстетикалық тәрбие” ұғымының мағынасын түсіндіру .
2. Бастауыш сынып оқушыларының өмірінде эстетикалық тәрбиенің алатын орнын насихаттау.
3. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың жолдарын ашып көрсету.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер:
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеде жұмыстың мақсат – міндеттері анықталып, зерттеу объектісі, зерттеу пәні және әдістері таңдап алынды.
1 бөлімде ұлы адамдар мен педагогтардың пікіріне сүйене отырып эстетикалық тәрбиенің маңыздылығы дәлелденді. Бастауыш сынып оқушыларына арналған эстетикалық тәрбиенің түрлері анықталды.
2 бөлімде бастауыш сыныптарда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеуде көркем шығармаларды пайдаланудың әдістемелік жолдары көрсетілген. Озат мұғалімдер және жеке рактикамның тәжірибесі негізінде дәлелденген.
Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық бағытта тәрбиелеудің маңыздылығы жөнінде қортынды жасалды.
Философиялық тұрғыдан алып қарайтын болсақ “эстетика” деген сөздің өзіне былайша түсініктер берген. “Эстетика”- көркемдік таным теориясы, әсемдік туралы, көркем шығарманың жалпы заңдары туралы, адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым, өнерге деген көзқарас, өнерді қабылдау, сезіну, түйсіну, түсіну.
Ал, ”эстетикалық” дегеніміз не, бұл сөз нені білдіреді? Бұл гректің сөзі, оның тікелей аудармасы “сезінушілік” (чувственное) дегенді білдіреді: Мұнда көру, есту, түйсіну, талғам арқылы – адамдардың сезінуі.
Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген ұғымды “көркемдікке тәрбиелеу” деген ұғыммен қатар алады.
“Көркемдікке тәрбиелеу” дегеніміз - өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз. Ал эстетикалық тәрбие дегеніміз – Ильишаның айтуы бойынша өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу эстетикалық тәрбиемен пара пар емес оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады [4].
Батыстың белгілі философы И.Кант (1724-1804) “Этикалық тәрбие адамның эстетикалық тыныс – тіршілігімен байланысты ” деген еді. Этика мен эстетика бір-бірінсіз өмір сүре алмайтыны шындық. Ал бұл екеуінен де жұрдай, не бұлары бір-бірімен қиыспайтын адам бұрын да болған, қазір де бар. Эстетикалық талғамды тәрбиелеу – адамның көңіл-күйіне, мінезіне қатысты мәселе. Айталық, көркем сөз бен картиналарды адам іштей бағалап, жан дүниесімен сезініп, терең ойға шомылып, ұнағанына қуанып, ұнамағанына реніш білдіріп отырады. Егер адам осындай көңіл күйіне түспесе, эстетикалық тәрбиеміздің пәрменсіз болатындығы түсінікті. Эстетикалық талғамнан эстетикалық ұғымды ажырата білу ләзім. Эстетикалық талғам – адамның түрлі өнер салаларынан алған түсініктерінің жиынтығы. Эстетикалық ұғым оның іргетасы, ол шәкірттердің жас өзгешеліктеріне байланысты өзгеріп отырады [5].
Эстетикалық (сұлулық) тәрбие беру балалардың өскен ортасына, жасына және ұлттық ерекшелігімен байланысып жатады. Мысалы, бізге төменгі сынып оқушыларының шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне таң-тамаша болып қайран қалатыны, олардың кейіпкерлерге баға беріп, өздеріне үлгі ететін кісінің жан-жүйесінің нәзік жақтарына көңіл қоя білмейтіні, шығарманың көркемдік мәнін түсіне бермейтіні, ал олар адамның сыртқы тұрпатына ғана көңіл аударып, бұлардың ішкі астарына зейін қоймайтындығы, шығармаларда құйқылжытып жылдам орындалатын әуездерді ұнататыны байқалса, жоғары сыныптардағы ересек шәкірттердің музыкалық шығармалардың орындалу шеберлігімен дауыс ырғақтары гармониясына көңіл бөле бастайтыны белгілі.
Дала ойшылдары жас өскіннің эстетикалық тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген, олардың жыр-толғауларынан жақсы байқалады.
Аса мәнді эстетикалық түйіндерді
кейіннен ұлы Абай мен Сұлтанмахмұт
аз айтпаған. Олар әннің, жырдың көркемдігін
көкірегі ояу, жаны сезгіш, ойы қырағы
адам шарықтаған шығармашылық қиялдың
негізінде ұғынады деп
Осы ойды Абай қырық үшінші қара сөзінде ары қарай толықтырады. ”Ол хабарлардың ұнамдысы – ұнамды қалыппен, ұнамсызы – ұнамсыз қалыппен, әркешік өз суретімен көңілге түседі… Жан қуатыменен адам хасия қылған өнерлері де күнде тексерсең күнде асады. Көп заманнан тексермесең, тауып алған өнеріңнің жоғалғандығын және өзіңнің ол мезгілдерден бір басқа адам боп кеткендігіңді білмей қаласың”- деп Абай мұнда адамның көркем шығармашылығының негізінде эстетикалық сезімді жатқызады. Абай өзінің шығармаларында эстетикалық түсініктерге, әсемдік, сұлулық, талғам және т.б. эстетикалық категорияларға арнайы талдау жасамағанымен оның өлеңдерінде осы түсініктерді қамтитын мазмұнда шумақтар аз емес.
Халықтың ауызекі
Мәселен, қарасөздерінде мақал-мәтелдерді
талдау, ертегі, аңыз сюжеттерінде, салт-дәстүрлерге
тоқталу, адамдардың этикасын, мәдениеттілігін
сипаттау арқылы балалар мен жастарды
адамгершілікке, әсемдікке баулып ақыл-кеңес
береді. “…Мақалдарды халықтың өмірімен,
тарихымен тығыз байланыста алып
қараған, оларды қоғамдық мәні тұрғысынан
бағалап, өзінің қазақ тарихына, этикасына,
дініне, дүниетанымына деген
Егер топтап айтар болсақ, мақал мен мәтелдерді талдау барысында Абайдың көтерген мәселелері адамгершілік, ынтымақтастық, татулық, әділдік, еңбекшілдік, адалдық, талапкерлік, талаптанушылық, ел тарихы. Бұл мәселелерді жеке, жалаң түрде алмай, мақалдарды талдау барысында зұлымдық, сұрқиялық, екіжүзділік, барымташылық тәрізді мінез-құлықтарға қарсы қоя отырып қарастырды”.
Жастарға адам баласының сыртқы сұлулығы мен ішкі жан-дүниесінің үйлесімділікті болғаны дұрыс екенін ескерте отырып, Абай өзінің “Он сегізінші қара сөзінде” “адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп…таза кимек дұрыс іс”, ал “өз дәулетінен артық киінбегі, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ –кербездердің ісі” деп түсіндіреді. “Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, сақал-мұртын, мүшесін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін “айран ішерім”, деп солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен кейінгілерге “әттең дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?” деген болмаққа ойланбақ. Мұның барлығы – масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егер бір ойласа, қайта адам болмағы – қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген – сөзге ұқсатамын. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылдық”- деп кісінің кісілігін киімінен емес, адамгершілігінен, білімі мен мәдениеттілігінен көрінетінін ұғындырады.
Сонымен қатар ол жоғары адамгершілік
қасиеттердің мінез-құлық мәдениеттілігіне
байланысты екенін ескеруді де ұмытпайды,”…ғылымды,
ақылды сақтайтұғын мінез…бұзылмасын!…
Балалар мен жастардың әсемдікке,
сұлулыққа деген көзқарасын қалыптастыруда
Абай өлеңдерінің рөлі ерекше. “Қуатты
ойдан бас құрып, еркеленіп шығар
сөз” деп ұлы ақынның өзі
Мұндай суреттемелер “Жаз”, ”Күз”, ”Жазғытұрым”, ”Желсіз түнде жарық ай”, т.б. өлеңдерінде ереше әсерлі көрсетілген.
Өлеңдегі табиғаттың әсем көрінісі, күн шұғыласы, адамдардың, жан-жануарлардың іс-әрекеттері – бәрі де балалардың қиялына қанат бітіріп, күнделікті тыныс-тіршіліктегі көріністерге көңіл тоқтатып, оны эстетикалық тұрғыда қабылдай білуге үйретеді.
Абай қазақ қыздарының нәзік жанын, ибалы қасиеттерін, мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, сұлу мүсінін, адамгершілік, ар-ұждан тазалығын, бүкіл болмысын тамаша бір теңеулермен әсерлі жырлап, олардың мәртебесін көтеріп, жүрек сезімін өлеңге қосты.
Мысалы:
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған ойды.
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, ал-қызыл бет тіл байлайды.
Нәзік бел тал шыбықтай бұрындайды.
Қалаң қара шашы бар жібек тамды,
Торғындай толқындырып көз таңдайды…
Осылайша әдемі кейіптеумен бірге:
Бұлардың кейбірінің мінездері,
Ешнәрсе көрмегенсіп бұртақтаған.
Кейбірі жайдары, ашық боламын деп,
Орынсыз адамдармен жыртақтаған – деп қыз-келіншектерге мұндай одағай мінездің әркімге ұнай бермейтінін ескертуді әсте ұмытпайды.
Абай эстетикалық тәрбиенің
құрамы ретінде халық музыкасының
маңызына да тоқталады. Қазақтардың
жарық дүниеге келгеннен
Абай, әсіресе, халық арасынан шыққан әнші-күйшілердің, ақын-жыршылардың өнеріне зор құрметпен қарап, жастарды оларды үлгі тұтуға бағыттап отырған [7].
Эстетикалық тәрбие туралы пікір айтқан адамдардың бірі – Шоқан Уалиханов.
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық қабілетін дамытудың жолдары