Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық қабілетін дамытудың жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 13:08, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыста эстетикалық тәрбиенің түрлері, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру, дамыту жолдары көрсетілген. Ұсынылып отырған эстетикалық тәрбиені дамытудың жолдары практика жүзінде дәлелденген. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мақсаты - өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік құралдары арқылы балаларды жанын сұлуландыратын жақсы қасиеттерге бет бұрғызу, жаман қасиеттерден жирендіру. Бұл мақсатты іске асыру үшін бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге көркем шығармаларды пайдалану жөніндегі теориялық жағынан негізделген ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен дидактикалық кешендер құруды қолға алу керек.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесінің теориялық негіздері................................................................................................................5
1.1 Педагогика ғылымында «Эстетикалық тәрбие» ұғымының анықталуы.....5
1.2 Бастауыш сынып оқушыларына берілетін эстетикалық тәрбиенің түрлері...9
2 Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың жолдары..............................................................................................................17
2.1 Бастауыш сынып оқушыларын көркем шығармалар арқылы эстетикалық сезімге тірбиелеу................................................................................................17
2.2 2-сыныпта ана тілі сабақтарында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру тәжірибесі....................................................................................26
Қорытынды.................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................33
Қосымша 1

Работа состоит из  1 файл

Төлетаева Айсулу.docx

— 88.78 Кб (Скачать документ)

Сондай-ақ “Не бересің? Бауырсақ бересің  бе, қант бересің бе? – деп Мысық  икемге келе бастады” деген жолдардан  Мүсінші баланың жағдайсыз, кедей  баласы екендігі, әрі ойыншықтарының оңайлықпен жасала салмайтындығын, оның да бағасы, құны болатындығын түсіндіру  артық етпейді. Мәтіннен Шоқанның інісі  Жақыптың өрескел қылығына арлануы, інісінің мінезіне қарама-қайшы келетін  мейірімділік мінезі мына жолдарда көрініс  тапқан: “Інісінің ешбір кінәсіз  баланы ұрып кеткен тентектілігіне ішінен ыза болып тұр. Ол Мысықты қолынан  тартып, үйіне қарай алып жүрді. Мысықтың тартынғанына қойған жоқ”.

Оқушылар мәтінді оқи түскен сайын Шоқанның әрбір өнегелі  іс-әрекетіне сүйсініп, әділдігіне, адалдығына қызыға түседі. Оның – “Аулақ кет, мұнда нең бар? Қорқытпа, тиіспе, бұл менің жолдасым”, - деуі, “Әжеке, мына Мысыққа бауырсақ беріңізші! “  – деп шешесіне өтініп етуі –  соның дәлелі. Ал бір туған Шоқан  мен Жақып мінездерін оқушыларға салыстырта отырып, Жақыптың тым ерке, шолжаң екендігін, оның оқымағандығын, әлі ақыл тоқтатпаған жастығын да айтып өткен жөн. Мәтіндегі “Үлде  мен бүлдеге оранған үлкен  ақ сары әйелдің қасында отырған  әлгі тентек Жақып қолына шыбыртқы қамшы ұстап, әлі де Мысыққа өшіге  қарап:

  • Өй, өзін қара, неге келдің, айда шық, - деп тұра жүгірді” деген жолдардан өзін өзгеден биік, артық санайтын, ақылдан гөрі қызбалығы басым, дөрекі мінезді Жақыпты оқушылар “Ондай болмау керек”, “дөрекілік – жаман қасиет”, “көргенсіз баланы ешкім де ұнатпайды” деген сияқты ой-пікір білдіруге жетеленеді. Сөйтіп, оқушылар жаманнан жиреніп, жаман әдеттен бойларын аулақ ұстап, озбырлыққа, әділетсіздікке жандары қас болып тәрбиеленеді [29].

Жалпы, озат тәжірибелерден байқағаныңды сарапқа салар болсақ, 2-ші сыныптағы “Ана тілі” оқулығында оқушыларды эстетикалық тәрбиеге бағыттайтын шығармалары:

1. Өнер адамдары туралы көркем шығармалар (Ә.Кекілбай.”Күйші”, С.Сейфуллин.”Біржан” т.б.).

2. Табиғат суреттері бейнеленген шығармалар (Жамбыл “Алатау”, М.Тумеров “Көк кептер”, Ә.Қоңыратбаев “Сұр көжек” т.б.).

3. Жақсы мінез-құлыққа үндейтін шығармалар (Абай “Ғылым таппай мақтанба”, А.Байтұрсынов “Мен оқуға қалай бардым”, М.Дулатов “Ешкімге жауыздық қылма” т.б.).

4. Сұлулық сезім, тіл этикетін қалыптастыратын шығармалар (М.Әлімбаев “Сөз құдіреті”, Ә.Тәжібаев “Тіл туралы” т.б.) – деп топтастыруымызға болады [30].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Эстеикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың ауқымды саласын қамтиды. Эстетикалық тәрбие – сұлулық тәрбиесі – баланың әдемілікке деген көзқарасын қалыптастыру процесі – бастауыш сатыдағы оқыту мен тәрбие жүйесінің негізгі буыны. Бұл жүйеде ана тілі пәнінің алатын ролі ерекше. Өйткені, көркем шығармалардағы жаратылыстың сұлу суретінен, өнер адамдарының өнегелі өмірінен, сөзбен жасалған сұлу үн, сұлу түс, сұлу өлеңдерден ләззат алмайтын адам болмайды. Тек сол сұлулықты көретіндей көз, еститіндей құлақ, сезетіндей сезім туғыза алу қажет. Бұл – бастауыш сынып мұғаліміне жүктелетін міндет деп есептеймін.

Белгілі педагог М.Жұмабаевтың  пікіріне жүгінсек, сұлулық сезімдері  адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан  тиылуына көп көмек көрсетеді. Осы арқылы бала дұрыс тәрбие алады.

Қоғамның  қазіргі дамуы педагогика ғылымының  алдына тәрбиенің жан-жақты берілу міндеттерін қойып отыр. Бұл міндетті жүзеге асыру бастауыш мектептерде дұрыс тәрбие беруден басталады. Педагогикада тәрбиенің 8 түрі бар. Соның ішінде эстетикалық тәрбиенің  алатын орны ерекше. Бала сұлулықты сезіну арқылы ғана жағымды қасиеттерді бойына сіңіреді.

Балаларды эстетикалық сезімге  баулу үшін, біз ең алдымен эстетикалық  тәрбиенің мектепке дейінгі жастағы  жүйелі, бірізді формада жүргізілуіне көңіл бөліп, және оны ұйымдастырудың жолдарын меңгеруіміз керек.

Курстық жұмыста эстетикалық тәрбиенің  түрлері, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру, дамыту жолдары көрсетілген. Ұсынылып отырған эстетикалық тәрбиені дамытудың жолдары практика жүзінде дәлелденген. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мақсаты - өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік құралдары арқылы балаларды жанын сұлуландыратын жақсы қасиеттерге бет бұрғызу, жаман қасиеттерден жирендіру. Бұл мақсатты іске асыру үшін бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге көркем шығармаларды пайдалану жөніндегі теориялық жағынан негізделген ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен дидактикалық кешендер құруды қолға алу керек.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде  эстетика, эстетикалық және эстетикалық  тірбие сөздеріне толық сипаттама  берілген және бастауыш сынып оқушыларын берілетін эстетикалық тірбиенің  түрлері көрсетілген.

Екінші бөлімінде бастауыш мектепте осы эстетикалық тәрбиені көркем шығармалар арқылы  қалыптастырудың жолдары көрсетілген. Және әр түрлі ғалымдардың шығармаларынан мысалдар келтірілген.

Қорыта келгенде, балаларға эстетикалық тәрбие беру арқылы олардың көркемдік таным теориясын, әсемдік туралы, көркем шығарманың жалпы заңдары туралы, адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы, өнерге деген көзқарасы туралы жалпы түсініктер қалыптастырып қана қоймай, олардың сезінуін,  талғамын және түйсік, қабылдау, қиял, зейін сияқты психологиялық процестерін қалыптастырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1.  Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік  стандарты, 2007.01.01., http://www.ineu.edu.kz/data/spec/1/spec_48.pdf              
  2. Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, 2009.11.16., //«Егеменді Қазақстан», № 9, 12б.
  3. Жарықбаев Қ. Эстетикалық тәрбие туралы//“Бастауыш мектеп”, 1999, №6, 12б.
  4. Аймауытов Ж. Тәрбие жетекшісі. Орынбор, 1924, 85б.
  5. Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. А., 1974, 132б.
  6. Жұмабаев М. Педагогика. А., “Рауан”, 1992, 13б.
  7. Ұзақбаева С. Халық педагогикасындағы эстетикалық көрініс – Абай шығармаларының арқауы//“Ұлағат” журналы, 1995, №1, 8б.
  8. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі, 1936, 124б.
  9. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. А., 1959, 24б.
  10. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 3 том. А., “Жазушы”, 1979, 217б.
  11. Жарықбаев Қ. Психология. А., “Мектеп”, 1982, 37б.
  12. Баласұғын Ж. Құтты білік. “Жұлдыз”, 1986, №12, 17б.
  13. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. А., 1995ж, 57б.
  14. Құрманбаева К. Оқушылырдың табиғатқа адамгершілік – эстетикалық қатынасын тәрбиелеуге жаңаша тұрғыдан келу//“Ізденіс”, 1996, №5, 9б
  15. Азаров Ю.П. Искусство воспитывать. М, 1995г, 148с.
  16.   Қоянбаев Ж.Б. Педагогика – оқу құралы. Алматы. «Рауан», 1992ж, 32б.
  17. Караковский В.А., Новиков Л.И., Воспитание? Воспитание Воспитание! М., 1996, 194с.
  18. Ақшолақов Т. Шығарманың көркемдік айшықтарын таныту. А., ”Рауан”, 1994, 24б.
  19. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. А., “Мектеп”, 1970, 42б.
  20. Ж.Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. Алматы. 2004. 217б.
  21. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. 271б.
  22. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. А., “Рауан”,     1990, 21б.
  23. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993, 147б.
  24. Мырзахметов М. Абай жүрген ізбенен. А., 1985, 110б.
  25.    www.ukgu.kz/system/files/0205_kaz_lit_na_kazyaz.doc
  26. Тамабаев Ө. Әдебиет сабағында оқушыларды табиғатты сүюге тәрбиелеу. А.,”Мектеп”, 1980, 5б.
  27. Рахметова С., Жаманқұлова П. Қабатаева Б. “Ана тілі” оқулығы, II сынып, “Атамұра”, 2002, 3-100б.
  28. Рахметова С., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. А., “Атамұра”, 1998, 54б.
  29. http://kk.wikipedia.org/wiki
  30. Жұмабекова Н.Ф., Мектепке дейінгі педагогика, А-2008, 127б.



Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық қабілетін дамытудың жолдары