Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 13:08, курсовая работа
Курстық жұмыста эстетикалық тәрбиенің түрлері, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру, дамыту жолдары көрсетілген. Ұсынылып отырған эстетикалық тәрбиені дамытудың жолдары практика жүзінде дәлелденген. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мақсаты - өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік құралдары арқылы балаларды жанын сұлуландыратын жақсы қасиеттерге бет бұрғызу, жаман қасиеттерден жирендіру. Бұл мақсатты іске асыру үшін бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге көркем шығармаларды пайдалану жөніндегі теориялық жағынан негізделген ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен дидактикалық кешендер құруды қолға алу керек.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесінің теориялық негіздері................................................................................................................5
1.1 Педагогика ғылымында «Эстетикалық тәрбие» ұғымының анықталуы.....5
1.2 Бастауыш сынып оқушыларына берілетін эстетикалық тәрбиенің түрлері...9
2 Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың жолдары..............................................................................................................17
2.1 Бастауыш сынып оқушыларын көркем шығармалар арқылы эстетикалық сезімге тірбиелеу................................................................................................17
2.2 2-сыныпта ана тілі сабақтарында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру тәжірибесі....................................................................................26
Қорытынды.................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................33
Қосымша 1
Хрестоматияға енгізілген қай шығарманы алмайық, адамгершіліктік, танымдық дидактикалық бағытты ұстайды. Барлығында да автор достыққа, шыншылдыққа, ұстамдылыққа, қызығушылыққа, адал еңбек етуге, туған жерін, елін сүюге, табиғаттың ғажайып сұлу көріністерін сезіммен қабылдауға, ата-ананың ақыл-кеңесін тыңдай білуге шақырады. Оны “Бай баласы мен жарлы баласы” әңгімесінен Үсеннің қиналған кезде әкем айтушы еді:”далада жүріп адассаң, молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады” – деп әркез әкесінің кезінде айтқан ақылын, ұлағатты сөздерін еске түсіруінен-ақ байқауға болады.
Сонымен бірге осы әңгімедегі “…қырдың жығылар асты үлкен көл екен, көлдің айналасы да, іші де жыңылдаған мал; жағасындағы жібектей жапырылған көкорай қора-қора қой мен жылқы, жылқының бір парасы көл ішіне кіріп, белінен құраққа кіріп тұр, енді бір жақ жағасындағы сортаңда бір топ түйе жатыр” деген табиғаттың тамаша көріністерінің суреттемесі балаларды, оларға деген эстетикалық қатынасқа тәрбиелейді, қуаныш сезімі мен шабытын оятады.
Хрестоматияда халықтың тұрмыс-тіршілігіне, өміріне, іс-тәжірибесіне байланысты туындаған мақал-мәтелдерге де аса назар аударылған. Ондағы бейнеленген ізгі-ниетті, арман-тілекті, ақыл-кеңесті, өсиет, сенімді Ыбырай балалардың эстетикалық тәрбиесінде ұтымды пайдалана білді. Тіпті өзінің өлеңдерінде, ертегі, аңыз - әңгімелерінде, орыс достарына жазған хаттарында да мақал-мәтелдерге жүгініп отырды.
…Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
“Өнер – жігіт көркі” деп,
Ескермедік мақалды… - деп айтылатын ойдың немесе әңгіменің “тобықтай түйінін” сөз мәйегі мақалмен беруге болатынын түсіндірді. Тұжырымды, қысқа сөйлеу – мәдениеттіліктің, ақыл – парасаттылықтың, әдеміліктің белгісі екенін ескертті.
Ы.Алтынсарин – қазақ музыкасын өте жоғары қастерлеген, өзі домбыра шерте білетін, қазақтың халық әндерін сүйіп айтатын адам болған. "Өнер көзі халықта” деп халықтың әнін, күйін, жырын, аңыз әңгімелерін белгілі адамдардан (Нұржан, Орынбай, Сейтахмет т.б.) тыңдап, олардың үлгілерін жазып алып отырған. Ыбырайдың “… үйім толы қонақ, Сейдалин екеуміз бір қазақ әншісінің әнін тыңдадық” – деуі жоғарыда айтылған пікірлерді дәлелдей түседі (3,259). Ол, әсіресе, жас буын жеткіншектерге халықтың әні, күйі арқылы музыкалық тәрбие беруге зор көңіл аударады. Музыка мен ән сабағыны мектеп бағдарламасына енгізудің өзінде оқушылардың бойында өз халқын, Отанын, табиғатты, ұлттық мәдениетін құрметтейтін сезімді оятумен ұштасқан ниет жатқаны күмансіз. Ы.Алтынсариннің мектептерінде ән сабағынан басқа, гимнастика, көркемөнерпаздар үйірмесі де оқу жоспарларынан тұрақты орын алды. Әр түрлі концерттер қою, хормен (бір дауысты) ән айту, халық әндері орын алды [22].
Балалар мен жастардың әсемдікке, сұлулыққа деген көзқарасын қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі ерекше. Оның өлеңдеріндегі туған жердің сұлу табиғаты, қазақ ауылының көріністері, адамдардың көңіл-күйі сан алуан сезімдерімен ұласып музыка үніндей естіледі. Мұндай суреттемелер “Жаз”, “Күз”, “Жазғытұрым”, “Желсіз түнде жарық ай” т.б. өлеңдерінде ерекше әсерлі көрсетілген. Абай қазақ ауылының көшіп қонған көрінісін “Жаз” деген өлеңінде былай деп шебер суреттейді:
Жазды күні шілде болғанда,
Көк орай, шалғын бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда:
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап.
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап
Құйрығымен шылпылдап
Арасында құлын, тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары, төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса, сымпылдап.
Қыз, келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Өлеңдегі табиғаттың әсем, сұлу көрінісі, жан-жануарлар қимылы, күн шұғыласы, адамдардың іс-әрекеттері бәрі де балалардың қиялына қанат бітіреді, күнделікті өмір тіршілігінде істеліп жүрген әрекеттер болғандықтан көп мән беріле бермейтін көріністерге көңіл тоқтатып, оны эстетикалық тұрғыда қабылдай білуге үйретеді.
Абай өлеңдерінің әрбір
Мысалға “Желсіз түнде жарық ай”
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп. Сыбырласып өзді-өзі,
Ауылдың жаны терең сай, Көрінбей жердің топырағы
Тасыған өзен гүрілдеп. Құлпырған жасыл жер жүзі.
Мұндағы табиғат көрінісі суреттемесінің нақтылығы, мәселен, Абайдың түн мезгіліндегі көл бетіне түскен ай сәулесінің дірілдеп көрінуін, ағаш жапырағының өзінді-өзімен сыбырласуын нақты суреттеледі [23].
Тағы бір пікірге жүгінсек, әдіскер-ғалым Ә.Қоңыратбаев:
“Көркем шығарманы эстетикалық талғам тұрғысынан білгір талдау үшін тек әдебиеттану ғылымы - әдебиет теориясын білу жеткіліксіз. Ол үшін соған етене басқа ғылымдарды да білу шарт. Әдебиет өнер туындысы болғандықтан, эстетиканы, сол сияқты әдебиеттің өз тарихын, психологияны білу шарт” – дейді.
Білікті әдіскер ғалым бұл тұжырымын тағы да нақтылай түседі: ”Әдебиетті оқыту, онан өрісті білім беру деген сөз – шәкіртті шығармаға аналитикалық, эстетикалық талдау жасай білуге үйрету деген сөз. Сонда ғана ол көркем туындыға тереңдей үңіліп, ондағы адамгершілік, эстетикалық проблемалардың байыбына бара алды”.
Көркем шығарманы эстетикалық тұрғыдан танып, талдау үшін эстетика заңдарын оқушылырдың да біліп отыруының маңызы үлкен.
Көркем шығарма дегеніміз ол адам баласының (автордың) өз қалауын, өзінің көзқарасы – қатынасын, өз ойын білдіруі десек, сол авторлық пафостың (қалау) әсемдікті, асқақтықты, ұсқынсыздықты, ұнамсыздықты, трагедиялықты, комедиялықты жеткізіп тұрған мазмұнға оның түрінің лайық болуы көркемдік болып табылады; суреткерлік ақиқатқа өзінің көзқарасы – қатынасын, жүрек қалауын білдіру үшін таңдап алған мазмұнды қандай түрмен берді, сол түр мазмұнның киімі сияқты оған сәйкес келе ме, мазмұны мен түрі бір-біріне сәйкес келсе, онда ол сәйкестік автордың қатынасын көрсетіп тұр ма, - міне, осы мәселелердің сапасын айқындау шығарманың көркемдігін танып білуге жол салады.
“…Сұлулық – адам бойында әрқашан болатын қажеттілік пен құштарлық. Егер адам бойында қалыптасқан сұлулық мұраттары мен сол мұраттарға құштарлық сақталса, онда ол адамның кемелді дамуы кепілі болары анық”. Ал сұлулық мұраттары мен сол мұраттарға құштарлықты сол көркем шығарманың көркемдігін оятады. Шығарма көркемдігі оқушы мұраттарын бекіте отырып, оны байытады, дамытады. Демек, көркем шығарманың көркемдігі табиғатқа ізгілік қатынастың көзі (факторы) бола алады.
Шығарманың көркемдігін тану үшін адам өзінің эстетикалық талғамын, сезім мәдениетін, ақыл-ой қуатын, қоғамдық-әлеуметтік көзқарасын бар зейінімен бағыттау қабілетін тыңдап отыруы эстетикалық заңдар мен категориялар негізінде жүзеге асып отырады. Эстетикалық қабілет арқылы адам өзінің ықылас-зейіне бағытталған шығармадан жаңа сипаттар, жаңа көркемдік құндылықтар көре алады.
Эстетикалық қабілет - эстетикалық әрекеттерді атқару мүмкіндігін арттыратын адамның жеке психологиялық ерекшеліктер жиынтығы. Эстетикалық тәрбие дегеніміз – құбылысты, болмысты, көркем өнерді эстетикалық қабылдау және оған күйіну-сүйіну, оны өзінің талғам таразысы бойынша бағалау және эстетикалық мұраттарымен салыстыру, әр түрлі жаңа эстетикалық құндылықтарды жасау, тудыру. Эстетикалық қабілет ерекше табиғи жаратылыстан бастау алғанымен оның көрінуі және даму үшін сол адамның белгілі бір психологиялық және әлеуметтік жағдайда болуы шарт, ол әр кезде өздігінен көрініс бере бермейді. Сондықтан да әдебиет сабақтарында осы заңдылық ескеріліп, сыныпта арнайы психологиялық жағдай тудыру, топтап, саралап, жекелей қызықтыру сияқты шаралар алдын ала ойластырылып, ұйымдастырылса, шығарманың көркемдігін өзіміз мақсат еткен бағытта тану үшін эстетикалық қабілетке жол ашамыз.
Эстетикалық қабілет әдебиет сабақтарында
сезім сергектігі, тереңдігі, көркемдікке
құштарлық және көркемдік қабілет
болып көрінеді. Көркемдікке құштарлық
сатысында шәкірттер әдеби
Әдебиет сабағында белгілі бір
мақсатқа жетуде, атап айтқанда шығарма
бойынша табиғатқа ізгілік
Көркем өнер авторының шығармаға дарытқан ішкі жан сезімі мен дүниеге өзіндік көзқарасына күші арқылы адамға тәрбиелік ықпал ете алады. Оны ғылыми тілде пафос дейді. Пафос идеяға алып баратын мазмұн мен сезім білігінен тұрады. Пафостан шығарманың өн бойына өзек болып таратылған қуатты көңіл-күй сезімі, бұлқынысы, ішкі жан-дүниесі байқалады. Пафосты тап басып аңғарған оқушы өзі де шығармашылық әрекет күйін кешеді; шығарманың пафосын аша отырып өз тарпынан оның қайта ой мен сезім елегінен өткізіп, жаңғыртып өзінің көркемдік қабылдау деңгейінде одан жан қуатын алады. Сөйтіп оқушының жан қуатына айналған автордың шығармадағы идеялық – сезімдік ұсынары толық құрамды пафос сипатына ие болады. Яғни пафоста көркем туындыдағы автордың шығармашылық пен оқырманның эстетикалық қабылдау шығармашылығы тұтасып кетеді.
Шығарма ішіндегі адамның табиғатқа ізгілік қатынасы бүкіл шығарманың тұтас пафосымен өріліп, оның құрамдас элементін құрайды, сонымен бірге оның даралық та сипаты сақталады [24].
Эстетикалық қабылдау деп көркемөнер
туындыларының басқалай заттар мен
құбылыстардың эстетикалық
Осы арақашықтықты дұрыс жүріп
өтіп, дұрыс көркем қабылдауы үшін
адам өзінің ойы мен жан дүниесінің
алдын ала құлақ күйін келтіріп
(установка), қабылданатын шығарманы
белгілі бір шартты бейнесі екенін
есте ұстауы тиіс. Осылайша эстетикалық
қабылдау екіжақты амал: қабылдаушы субъекті
бейнеленгеннің ақиқаттығына әрі сенеді,
әрі сенбейтін күй кешеді. Эстетикалық
қабылдаудың бұл күрделілігі
шығарма идеясының кәдімгі
Эстектикалық қабылдаудың
Сонымен әдебиет сабақтарында көркем шығарманы, соның ішінде табиғатқа адамгершілік көзқарас сырын, эстетикалық қабылдаудың басты баспалдақтары бар. Ол кесте 1 көрсетілген:
Кесте 1.
1 |
2 |
3 |
4 |
р/с |
Қабылдау сатылары |
қабылдау барысында жүзеге асатын эсте-тикалық тәрбие кате-гориялары. |
көркем шығарманы табиғатқа ізгілік қатынас мазмұнын қабылдаудағы оқушы әрекеттері. |
1 |
Қабылдау-дың мотиві |
эстетикалық қажетсіну |
қабылданатын шығарманың белгілі бір ақиқаттың шартты бейнесі екнін есте ұстау, шартын белгілеу |
2 |
Әсерлену |
эстетикалық сезім, рахаттана бастау, эстетикалық бақылау |
детальдар мен кілттерді (кодтарды) табу, тұтастыққа жету |
3 |
Шығармадан өз мұраттарын іздеу |
эстетикалық талғам, елестету. |
шығарманың идеясын, пафосын айқындау |
4 |
қабылдаушының реципиентке айналуы. |
эстетикалық баға |
шығарма әлеміне ену, қабылдаушы санасында екінші “көркем бейненің” пайда болуы. |
5 |
интерпре-тациялау |
эстетикалық баға, пікір |
өз деңгейіне, өз қабілетіне қарай бейнелеу әрекеті (шығармашылық әрекет болып табылады) шығарма туралы пікірге келу. |
6 |
идентифи-кациялау |
эстетикалық мұрат, рухани байлық. |
өз тағдырына, өзінің жеке басына тасымалдау, тектестіру, оның шығарма мұраттарымен сәйкестігі, бірлесуі:автор мен оқушының біріккен пафосының көрінуі. |
7 |
Катарсис |
эстетикалық толғаныс күйі. |
адам жылайды, шаттанып күледі, жан дүниесі жеңілденеді, сезім тудырады, нұрланады, бұл дүниені ұмытып, жан-тәнімен беріледі, шығарма оқиғасы, кейіпкерлер тағдырына ортақтасады. |
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық қабілетін дамытудың жолдары