Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық қабілетін дамытудың жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 13:08, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыста эстетикалық тәрбиенің түрлері, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру, дамыту жолдары көрсетілген. Ұсынылып отырған эстетикалық тәрбиені дамытудың жолдары практика жүзінде дәлелденген. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мақсаты - өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік құралдары арқылы балаларды жанын сұлуландыратын жақсы қасиеттерге бет бұрғызу, жаман қасиеттерден жирендіру. Бұл мақсатты іске асыру үшін бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге көркем шығармаларды пайдалану жөніндегі теориялық жағынан негізделген ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен дидактикалық кешендер құруды қолға алу керек.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесінің теориялық негіздері................................................................................................................5
1.1 Педагогика ғылымында «Эстетикалық тәрбие» ұғымының анықталуы.....5
1.2 Бастауыш сынып оқушыларына берілетін эстетикалық тәрбиенің түрлері...9
2 Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың жолдары..............................................................................................................17
2.1 Бастауыш сынып оқушыларын көркем шығармалар арқылы эстетикалық сезімге тірбиелеу................................................................................................17
2.2 2-сыныпта ана тілі сабақтарында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру тәжірибесі....................................................................................26
Қорытынды.................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................33
Қосымша 1

Работа состоит из  1 файл

Төлетаева Айсулу.docx

— 88.78 Кб (Скачать документ)

Адам тек ақыл-оймен ғана емес, сезіммен де өмір сүреді. Сезім – біздің дүниені қабылдауымыздағы, оны түсінудегі, өмір сүрудегі, болашақты ойлаудағы, дүниені жасап құрудағы қабілеттің бөлінбес бөлшегі. Адамзат жасаған ақыл-ой, білім, ғылым, тәжірибесі адамға қандай керек болса, ғасырлар бойы сұрыпталып, шыңдалып, әсемделіп жеткен сезім тәжірибесін білу де соншалықты қажет. Дүние туралы, әлем туралы ғылым мен білім мыңдаған жылдарда қалыптасқан болса, адамның сезім арқылы білінетін оларға қатынасы да соншалықты ұзақ уақыт қалыптасқан [15].

Сол қалыптасқан қатынастар мен  сезімдердің материалдық көрінісі көркем өнер адам сезімі мен қатынастарын ізгілендіруде бай тәжірибе жинақтаған. Сол тәжірибені пайдалана отырып, әдебиет сабағында адам жанын  адамгершілік, ізгілік деңгейге көтеріп, сезім мен қатынас мәдениетін қалыптастырамыз.

Әдеби – теориялық білім де, әдебиеттің тарихы да қанша жетілдірілген  деңгейде меңгерілгенімен, мектептегі әдебиет пәнінің мақсаты мен  мәні бола алмайды.

Әдебиеттің тарихы мен теориясы әдебиетшіні ғана дайындайды, оларда әдебиеттің ана сүті, жүрек қылын  шертер нәрі жоқ. Әдебиеттің ана сүті – оның мәнінде, ондағы сұлу суретте, ой-сезім бірлігінде. Әдебиеттің мәні ғана адамның жан сезімін байытады. Әдебиеттің мәнін түсінген, сезінген ұрпақ қана оның адамгершілік –  эстетикалық мазмұнымен сусындап, оның ана сүтіне қанығады, тойынады, сөйтіп ғасырлар бойында қалыптасып, дамып, сұрыпталып келген сұлулық сезімі тәжірибесін  меңгеріп, әдебиетті танып білуге әрқашан дайын болады. Сол арқылы өзінің өмірге, адамзатқа, табиғатқа  ізгі қатынасын құруға қабілеті артады.

Көркемөнердің ғылымнан айырмасы –  ғылым заттар өзін зерттесе, көркемөнер сол затқа адамның қатынасын  қалыптастырады. Ал адамзат қатынастарының бай тәжірибесін күштеп меңгеруге  болмайды. Меңгеруші адамның қабылдап отырған сезім мен қатынасты  өзінің өмір тәжірибесімен тектестіріп, күйініп – сүйінуі арқылы өз бойынан, өз жан дүниесі елегінен өткізу арқылы, көңіл-күйінің толғаныс-толқындары аясында ықтиярлы тап білмек, сөйтіп өз игілігіне, өз қазынасы айналдырмақ.

Білім мен сезім тұтастығы (синтезі) - әдебиет сабағында оқушының табиғатқа  ізгілік қатынас тәжірибесін  қалыптастырудың методологиялық арнасы бола алады.

Өнер арқылы ғана сезім мен білім  бірлігі болып табылатын қатынас  ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады, өнер арқылы ғана адамнан адамға беріліп  отырады. Ол – тек өнерге ғана тән  бірлік. “Өнер дегеніміз – сезім  техникасы”- деп, П.Л.Выготскийдің өте  ұтымды айтқанындай, өнер адам сезімдерін зерделейді, қалыптастырады, сау әрі таза болуын қамтамасыз етеді [16].

Бірақ бұл қызметін тек табиғатқа, дүниеге жан бітіру арқылы ғана, адам мен сол жанды табиғаттың тұтастық қатынасы арқылы ғана жүзеге асыра алады. Көркемөнердегі табиғат  – кәдімгі табиғаттан да, ғылымдағы  табиғаттан да, өзіндік ерекшелігімен  бөлек дүние. Кәдімгі табиғаттан айырмасы – көркемөнердегі табиғат  автордың көзқарасы бойынша мейлінше әсемделген, түрлендірілген, белгілі  бір мақсатта сұрыпталған. Ал, ғылымдағы  табиғат – кәдімгі табиғаттың сол қалпындағы күйі болса, көркемөнердегі табиғат, яғни сезім мен қатынас  тудыратын табиғат.

Ғылым сендіріп, дәлелдеп, ақиқатты өз болмысында танытып оқытса, көркемөнер сүйіндіре, не күйіндіре ақиқаттың  ішкі рухын жұқтырып, адамның тек  санасын ғана емес, бүкіл жан дүниесін баурап оқытады.

Әрине, көркемөнерде де дәл және нақты  білім мен іскерлік қажет. Алайда өнер тарихы, оның сырлары туралы білім, ақпарат қалыптасатын іскерліктер  өнердің негізгі оқыту әдіс –  тәсілін алмастыруға тиіс емес. Егер ол ұзақ уақыт және ұдайы алмастыратын болса, онда баланың көркемөнерді, әдебиетті  қабылдау қабілеті дами алмайды.

Өйткені шығарма әлеміне ену  – көркемөнерді қабылдаудың негізгі  заңы. Ол көркемөнерді танып білу, сезініп  түсіну әдістерін айқындайды. Оқушылардың  дүние, адам, шығарма – нені болса  да тұтастықта қабылдауға бейім келуі  – оларды шығарма әлеміне тарта  оқытуға психологиялық негіз  бола алады.

Оқушы осылай шығарма әлеміне ену  барысында бастан кешкен сезімдері, білімдері, іскерліктері шығармашылық жұмысына жалғасып, көркемөнердің туу  процесін сезінуге, оны көркем эстетикалық  тұтас қабылдауына мүмкіндік  қабілеттерін арттыра түседі. Оқушы  білімі, іскерлігі, шығармашылық ізденіс  әрекеттері әдебиет сабағының түпкі  мақсатына қызмет етеді: баланың  дүниеге, табиғатқа, адамға қатынас  мәдениетін қалыптастырды.

Көркемөнерді оқумен үндес бұл  заңдылық туралы Б.Неменский былай  деп тұжырымдайды: “жалпы білім  беретін мектепке білім, іскерлік және шығармашылық – түпкі мақсат емес, ол – көркемөнердің сырын меңгеруге, сол арқылы оны қабылдауға жеткізетін құрал. Білім, іскерлік, шығармашылық әдебиет  әлеміне баланы апаратын ситуацияның  элементтері болуға тиіс, сол арқылы оның адамзаттың адамгершілік-эстетикалық  тәжірибесін игеру қабілеті ашыла  түседі”.

Табиғатқа жан беріп, оны қабылдаушы адаммен біртұтас субъекті деңгейіндегі қатынасқа келтіріп, шығарма әлеміне  тарта отырып, жан дүниесіне сіңіру арқылы адамның рухани игілігіне айналдыру суреткердің мұраты болса, оны Б.Д.Ковалевскийдің өзінің музыканы мектепте оқыту туралы еңбегінің эпиграфы етіп алған В.А.Сухомлинский сөзімен айтуға болады. “Мектептегі музыкалық тәрбие шын мәнінде музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу”. Шығарма әлеміне тарта оқытудағы мақсат – шығарманың оқиғалық арқауын ғана біліп алу емес, көркем әдебиеттің мәнін түсіну [17].

Табиғатқа ізгілік қатынасты қалыптастыратын  әдеби мұраларды бейнелі қабылдауға логикалық ойлау мен көркемдік сезіну бірін-бірі толықтыра түседі. Әдеби материалдың заттық болмысы, логикалық түсінігі қаншама айқын болғанымен, нақты, көрнекті болғанымен, біз ондағы табиғаттың мән-жайын әлі жете танып біле алмайсыз. Бұл турасында С.Л.Рубинштейннің пікірін негізге алсақ, заттардың, құбылыстардың қашан да, белгілі бір мазмұн-мағынасының шеңберіне сыймайтын құны болады. “Осы әр нәрсенің нақты мазмұнынан тысқары құн дегенімізге адамның көзқарасы, қарым-қатынасы, өз алдына бағалық сапаға ие көркемдік таным, көркемдік талғам кіреді. Осынау толық құрам ескерілмеген жағдайда адамның жалпы рухани қазынасының бөлінбес компоненті эстетикалық құндылық қамтылмайды, шығарманы эстетикалық қабылдау жүзеге аспайды.

1 бөлімді қорытсақ, М.Жұмабаевтың пікірінше, әр адамның сұлулық сезімдері әртүрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу суреттен, біреудің поэзиядан. Өнердің әйтеуір бір түрінен ляззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды.

Тәрбиешінің міндеті балада өнердің қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету. Өркендету жолдарынан төмендегі жолдарды көрсетуге болады.

1) Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Жаратылыста сұлулықтың неше түрінің бәрі бар. Бала бұлақтың былдырын, судың сылдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің күрілдегенін естісін; жымыңдаған жұлдыздар себілген көк шатыр көркі, түрлі түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бұраңдаған қайыңды көрсін.               

Жаратылыс сұлу. Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында болсын, балада сұлулық  сезімдері еріксіз оянады. Тәрбиеші жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың абайын аудара білу керек.

2) Баланың маңайындағы нәрсенің  бәрі жинақты, ретті, таза болсын. Таза деген сөзді қымбат деп  ұғу қата. Тегінде қымбаттың бәрі  сұлу деп ұғу қата ғой. Баланың  маңайындағы нәрсе қымбат болмасын. Таза, ретті, тәртіпті болсын. Ойдың  іші, киім-кешек, ыдыс-аяқ бәрі  таза болуға тиісті. Баланың үсті-басы, денесі, беті-қолы, бәрі таза ұсталуға  тиісті.

Баланың маңайындағы жүрген адамдар  ретті, тәртіпті, таза болуға міндетті. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді. Тазалыққа үйренген бала таза болады. Былықтыққа үйренген бала былық болады.

Ас жеп отырып әжесі жалаңаш  қолмен мұрнын сіңбіріп, яки баланың  нәжісін ұстап, қолын жөндеп шаймастан, яғни асқа кіріссе, бала да осыны істейді. Кейбіреулердің былықтықты ырыс көруі надандықтың әбден асқандығы ғой.

Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиісті. Былық  сөздерді естіп өскен бала өмір бойы былық, былапыт тілді болады. Отағасы-ау, бала-шағаның алдында былық, былапыт  сөздерді сапырып сөйлегеніңді қой. Қайдағы құдай атқан сөздерді естіп өскен ұлыңда қандай әдеп болады, қызыңда қандай қылық болады?!

Және баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп  өскен баланың денесі де, қозғалысы  да сұлу болады. жер жүзінде біздің қазақтың денесінен, қазақтың жүріс-тұрысынан  жексұрын дене, жексұрын жүріс-тұрыс  кемде-кем-ақ шығар. Аяғы қисық, жауыры құшық. Ақыл қарында тұратындай-ақ, қарны буаз биенің қарнындай салбырап жатса, би болады-мыс. Кейбір “мырзалар” сұлу боламыз деп жүргенде қиқаңдай ма керек, бұраңдайма керек, қарап тұрсаң жүрегің айнып құсқың келеді. Осыларды көріп өскен қазақ баласының  денесінде не сұлулық болады?! Қазақ! Жұртқа күлкі болмайын десең, бұл  мінездеріңді таста, балаңды сұлу, сымбатты қылып өсір. Адам сұлулықты сүйсе, тазалықты сүйеді. Тазалықты сүйсе, оған ауру жоламайды.

3) Баланы сұлу өнермен терең таныстыру керек. Бала неше түрлі сұлу үндерді естісін, неше түрлі сұлу түрлерді, түстерді көрсін, сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасын, сурет салып үйренсін. Ән салып, музыка құралдарында ойнап үйренсін. Міне осыларды естісе, баланың эстетикалық сезімдері өркендейді [18].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың жолдары

 

 

2.1 Бастауыш сынып оқушыларын көркем шығармалар арқылы эстетикалық сезімге тірбиелеу

 

Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында білім  берудің басты міндеттерінің  бірі оқушының “айналадағы дүниемен дара – тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық адамгершілік нормаларын меңгеруін” қамтамасыз ету екендігі атап көрсетілген.

Бұл бастауыштағы ана тілі пәніне де қатысты міндет. Өйткені дәл  осы құжатта атап көрсетілгендей. “Ана тілі – бастауыш мектептегі негізгі  де маңызды пән, адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі, қарым-қатынас жасау мен  дүние танудың құрамы, баланың  интеллектісі мен шығармашылығын дамытудың  арнасы … Оқушының адамгершілік және әсемдік эстетикалық сезімдерін қалыптастыру құралы” [19].

Әдебиет сабағында оқушылардың  қиялын дамытуға үлкен мүмкіндік  бар. Егер біз әдебиетті көркем өнермен, музыкамен, табиғаттың тікелей өзімен интеграциялау арқылы бере білсек, бала олардың оқиғасына, кейіпкерлердің тағдырына ортақтасады, көркемдігін  терең сезініп, жүрек тебірентер әсерін бойынан өткізіп отырады, ал бұның өзі – бала қиялының шарықтауына негіз болмақ. Осы  жөнінде М.Жұмабаевтың пікірімен  де келісеміз. “Жаныңдағы ойды, әсерді жарыққа шығаруға ынтаны бала не жаратылыстан алады, не маңайдағы адамдардың тұрмысынан алады, не өнерден алады. Әр бала бір жерге қамалмай, еркін жаратылыстың құшағында болсын. Экскурсияға бір жоспар бойынша барып, белгілі бір заттарды, көріністерді бақылау керек. Мысалы, көктің түсін, бұлттардың түрін, құмырсқаның ұясын, құстардың ұшуын, жапырақ, көлдердің түр-түстерін бақылау сықылды. Мұндай бақылау уақыттарында алған әсерлерін сөзбен жарыққа шығаруға ұмтылуы, һәм баланың аузына дәл, терең, сұлу сөздердің түсуі анық нәрсе дей келіп ғалым-жазушы ойын әрі қарай жалғастырады.

“Өнер. Бала өнерден көп әсер алсын. Күй, ән тыңдасын, сұлу картиналарды көрсін, театр сахнасымен таныс болсын, кестелі әдебиет түрлерін тыңдасын. Осылай әсер алып, дағдыланған соң мұғалім бос әңгімемен емес, қарапайым, жұмсақ әңгімемен балалардың алған әсерлерін анық ұқтыруға тиіс. Сонда бала жалаңаш әсерлерін киіндіру үшін сұлу сөзді өзі-ақ іздейді, - деп М.Жұмабаев қиял процесін дұрыс қолдану арқылы табиғат пен көркем сөз байланысын, тұтастығын, олардың туу жағдайын ашып берді.

Атақты педагог В.А.Сухомлинский оқу процесі мен тәрбие процесінің бірлігін сақтай отырып, көркем шығарманың, ауыз әдебиеті үлгілерінің, халықтың педагогика өнегесінің оқушыларды өздерін қоршаған ортамен, табиғатпен етене тұтастыратынын айта келіп, оны этико-психологиялық  негіз деп көрсетеді.

“Сенім мен қайырымдылықтың  қайнар көзі бізді қоршаған ортаның  сұлулығында”, - дейді ол. Құстардың  қалай әндетіп, бұлақтардың қалай  сылдырлайтынын естімей өскен, көк  шөптің жер қыртысынан қалай жарып  шығып келе жатқанын көрмеген, гүлдердің  әсем бояуын тамашаламаған, батып бара жатқан күннің шапағының қарағайлы  орманды алтындай түске бояғанын көрмей өскен ұрпақтың қиял сезімі тас қараңғы, соқыр, өлі жандарға ұқсас болып келеді. Мұндай сезімі селт етпес ұрпақтан қиялы қарыштаған ғалым да, сөзі сел боп аққан  ақын да шықпайды.”Өйткені шығармашылық сезімді оятатын таңырқау мен  қызығудың, сүйсінудің, ләззатқа бөленудің, ой-қиялдың анасы – табиғат [20].

Л.В.Занков өзінің дидактикалық жүйесінде  психология ғылымында әсерленуге эмоцияға берілетін сипаттамаға сүйене отырып, ең тиімді әдістеме ретінде оқушының әсерленушілік – еріктік жан  дүниесіне, рухани қажеттігіне қозғау салатын әдістемені жақтайтынын  атап көрсетеді және өзінің дидактикалық жүйесін осындай әдістемемен құрдым деп есептейді [21].

Әсерлену – субъектінің көңіл  күйін, объектіге деген қатынасын  бейнелейді және рахаттану, жирену, шаттану, жабырқау, қуану, қайғыру т.б. сияқты адам жанындағы қарама-қарсылықты сапаны, яғни оң немесе жағымсыз өзгерістерді көрсетеді. Осымен байланысты – адамның  психикалық әрекетінің және дүниеге  қатынасының түріне қарай интеллектуалдық, моральдық, эстетикалық әсерлену болып  бөлінеді.

Көркем шығармалар көркем образдар, суреттер, сипаттаулар мен тілдің бейнелі құралдары арқылы сана мен  сезімге, психикаға әсер етіп, адамда эстетикалық, адамгершілік әсерленуді тікелей туғызады.

“Әдебиеттің басты міндеті оқушының сезіміне әсер ету, сол арқылы жақсы  қылыққа, мінезге баулу, өмірдің  сырын аңғарту. Әдебиет арқылы бала бойына жұғатын жақсылықтың бәрі осы жолмен келеді”, - дейді С.Қирабаев. Әдістемелік әдебиеттерді талдау барысында  эстетикалық тәрбие туралы көп пікір  айтқан адам Ы.Алтынсарин екенін байқадық. Оның бұл тақырыпта жазған еңбегі – “Хрестоматия” оқу құралы.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық қабілетін дамытудың жолдары