Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптастырудың әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 11:38, курсовая работа

Описание

Тақырыптың көкейкестілігі: Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиылған бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.

Содержание

Кіріспе……………………………….........……………………………..........3 - 10
I - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері...........................11-35
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелерінің зерттеу жағдайы...................................…......11 - 19
1.2. Бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мағынасы............................................20 - 24
ІІ-тарау. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптастырудың әдістемесі....................................................…...........................................….36 - 50
2.2. Бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру формалары, құралдары, әдістері оларды жетілдіру жолдары........................................................................
ІІІ. Қорытынды…………………………....……….………....…………....51-52
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………….....…………53 - 54

Работа состоит из  1 файл

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыпт.doc

— 786.60 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе……………………………….........……………………………..........3 - 10  

I - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері...........................11-35 

1.1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелерінің зерттеу жағдайы...................................…......11 - 19 

1.2. Бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мағынасы............................................20 - 24  

ІІ-тарау. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптастырудың әдістемесі....................................................…...........................................….36 - 50 

2.2. Бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру формалары, құралдары, әдістері оларды жетілдіру жолдары........................................................................ 

ІІІ. Қорытынды…………………………....……….………....…………....51-52 

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………….....…………53 - 54 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе.

  Тақырыптың көкейкестілігі:    Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиылған бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.

     Танымдық белсенділік -- оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықылы сының, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады.

     Оқушының өздігінен білім алуы өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Өздігінен білім алуды оқушылардың күнделікті рухани қажетіне айналдыру мәселесіне мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат-міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері анықтап, іске асыруына байланысты. Ал оларға кеңес, нұсқау, жалпы бағыт беріп, басқарып отыру - мұғалімнің міндеті.

     Ахмет Байтұрсынов оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген құштарлық - кез келген сыныптағы балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу -- бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей.

     Ал, В.Г.Лембергтің пікірінше, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:

     а)  жұмыстың мақсатын айқын түсінуі;

     ә) жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;

     б) жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы.

     Оқушының оқу-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі -оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары, сөзсіз, ой еңбегінің мәдениетімен байланысты. Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңу, табандылық, еске сақтау, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жазба жұмысын жүргізе білу, ой  әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білуі керек.

     Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: мұғалімнің нақты тапсырмалар, нұсқаулар беруі; жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің мөлшері; олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеу, оған әсер ететін мотивтер т.б.

     Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік әрекетінің деңгейінің артып отыруы -- осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі белгілері болып табылады.

     Оқушылардың дербестігінің даму деңгейіне қарай өз бетінше істейтін жұмыстарды репродуктивтік және шығармашылық деп арнайы екі топқа бөлуге болады.

     Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:

     1. Өз бетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы.

     2. Оқуға деген қабілетінің артуы.

     3. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.

     4. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.

     5. Өз ойының дербестігі. Оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, эксперимент жүргізу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

     Репродуктивтік жұмыстарға -- оқушының дайын үлгіге қарап жасайтын жұмыстары (көшіріп жазу, жаттығулар, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу, сабақ үстінде орындаған тапсырмаға ұқсас тапсырманы үйде орындау т.б. жатады.

     Оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Шыгармашылық жұмыстар -- оқушының өздігінен шығарма, баяндама, реферат, өлең шығару, модельдеу, көрнекі құралдар жасауы т.б.

     Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады, ойлауды жандандыра түседі және оқып үйренуде оқушылардың жалпы беісенділігін арттырады. Оқушының өзіндік жұмысы оқу материалын нығайта түсу, жаңа материалды игеру мақсатын көздейді.

     Оқушылардың оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, қабілетін дамы-ту, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру ұзақ әрі жүйелі жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қалыптасады.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Практик мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды   оқушыларға   білімді   меңгерту барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың. қозғаушы күштің қалыптсауының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.

     1) Әрекеттік жақындасу оқушыларды танымдық әрекетке тәрбиелеу. Әрекеттік жуықтаудың негізінде әрекет теориясы жатады. Оның негізі: жеке тұлға әрекетте қалыптасады (бұл туралы Қытай даналығында былай делінген: "Маған айт - мен ұмытып қаламын; маған көрсет - мен есімде сақтаймын; маған өзіме жасауға бер - мен үйренемін"). Оқыту процесін ұйымдастыратын мұғалімдерге әркеттің құрылымын білу өте маңызды. Оның негізгі түрлері: мотиві, мақсаты, мәселелер, мазмұны, құралдары, әдіс-тәсілдері және қорытынды. Бұлай дегеніміз, мұғалім көптеген құралдар арқылы оқушының ойлау қабілеті, тәжірибелік шамасына әсер ету керек. Осы компоненттердің барлығын мұғаліммен бірге оқушы да меңгеруі керек.

     Педагогтарға сонымен бірге оқушылар әрекеттерінің негізгі түрлерін білу керек: оқыту-танымдық, әлеуметтіқ, еңбек, ойын, талғамдық, денешынықтыру-сауықтыру. Әрекеттің барлық осы түрлері оқытушы мен оқушының өзара қатынасынан тұрады. Әрекеттің бұл түрлерін өзара байланыстыру өте маңызды.

     2) Гуманистік психология және педагогика ілімдеріндегі жеке-бағытталған жуықтау төменгі саладай қалыптасады (К. Роджерс):

     - Индивид үнемі ауысып отыратын әлемнің ортасында өмір сүреді. Оған қоршаған әрекетті қабылдаудың жеке әлемі өте маңызды; бұл жекелік әлем-әлі сырттан ешкім танып білмеген.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

     - Қоршаған әлемге адам жеке қабылдау және түсі арқылы қатынас жасайды.

     - Адам өзінше түсінуге және өзінше пайдалануға ұмтылады; өзіндік жетілдіруге ішкі қажеттілік қасиеті болады. Жеке тұлғаның дамуы үшін қажет өзара түсіністік тек қарым-қатынас жасау қорытындысында ғана толық жетеді.

     - Өзіндік жетілу, даму-ол қоршаған ортамен, басқа адамдар байланыста болады. Адамға тура және жасырын байланыстар нәтижесінде пайда болатын, оның өзіндік түсінігін шығаратын сырт көздің берген бағасы өте маңызды, оқушының өзіндік толымдық әрекетінде мұғалім жеке бағытта оқыту жағдайында ең зор ұйымдастырушы-нұсқалық жоспарлар, дифференциалды әдістер, шығармашылық үй тапсырмалары, сабақтан тыс оқушы әрекетін ұйымдастыру арқылы жоғарғы сапаға жетеді. Жоспарлау мен бірге педагогика әдістері кіреді.

     3) Оқыту процесіне деген зерттеушілік өткендегі іс-әрекетпен байланысты. Атап айтқанда өзіндік танымдық оқушының әрекетін қамтамасыз етеді, ойлау қабілетін дамытады, өзіндік білім алуға дайындайды. Оқушыларды зерттеу үшін әртүрлі іздену әдістері қолданылады (эврика-іздену): ізденіс әңгімелер, өзіндік шешім (мұғалімнің басқаруымен) ережелер, формулалар, түсініктер, стандарт емес есептердің шығарылуы, лабораториялық және тәжірибелік жұмыстар, бақылаулар. Мектеп тәжірибесінде жеке және ұжымды түрде оқыту жұмысының топтық ізденіс

түрлері, әдісі.

     Мәселелеп оқыту (проблема қою) - ізденіс танымдық әрекеттің негізгі құралы. Мәселелеп оқытудың қайнар көзін Сократтың ізденіс әңгімелерінен көруге болады, бұл жерде ол сұрақ қою және әңгімені қисынды құрастыру арқылы өзінің оқушыларын қарама-қайшылыққа, әрі қарай тиісті қорытынды жасауға жетектейді.

       Қазіргі мектептерде, оқушылардың әртүрлі дәрежесіне бағытталған оқыту тапсырмаларын дифференциадцап, оқыту жағдайында не мұғалім бере алады,  не болмаса оқушылардың өздері таңдауларына болады. Егерде оқушы өзі таңдап алған болса тапсырманы, онда мүғалімге оны алдағы қателіктерден сақтандыру, сонымен бірге оның мүмкіндігіне қарай есеп шығаруды тапсыра алады және де оқушының осыған деген қүштарлығының деңғейін анықтай алады. Бірақ та дифференциалдап оқыту жуықтау бола алмайды, себебі оқу процесі оқытудың басқа да маңызды, оқушылардың дамуына бағалы да мәнді екені белгілі. Сонымен барлық дәрежедегі сыныптағы оқушылардың жеке мүмкіндіктерінің қаншалықты екенін көрсете алатын маңызды құрал. Бұл жерде оқушыға басқалардың еңбегінің нәтижесін көрсететін және жеке қабілеті мен білімнің деңгейін танытатын кері байланыс та іс жүзіне асырылады.

Информация о работе Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптастырудың әдістемесі