Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 11:38, курсовая работа
Тақырыптың көкейкестілігі: Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиылған бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.
Кіріспе……………………………….........……………………………..........3 - 10
I - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері...........................11-35
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелерінің зерттеу жағдайы...................................…......11 - 19
1.2. Бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мағынасы............................................20 - 24
ІІ-тарау. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптастырудың әдістемесі....................................................…...........................................….36 - 50
2.2. Бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру формалары, құралдары, әдістері оларды жетілдіру жолдары........................................................................
ІІІ. Қорытынды…………………………....……….………....…………....51-52
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………….....…………53 - 54
Жоғарыда айтылған танымдық теорияның тікелей қарым - қатынаспен тығыз байланыста екені аталып кетті. Ал, ойын арқылы төменгі сынып оқушыларының да ең алдымен қарым - қатынасын нығайтып, танымдық белсенділігін арттыру бірінші жолға қойылатыны белгілі.
Ойындардың сан алуан түрлілігі балалардың ой-өрісінің дамуына, танымның артуына, олардың ойын арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіруіне маңызы орасан зор.
Сайып келгенде, жоғарыда аты аталған ойындар қазақ халқының ғасырлар бойы рухани баии түсуіне еңбек етіп келеді және болашақ ұрпақтарға да еңбек етері сөзсіз.
Ұлт ойындары ата - бабамыздан бізге жеткен, өткенімен байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.
Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
В.А Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: "ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты".
Міне ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажап нәрсе, ақыл - ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Қоғамдық
жас ұрпақты тәрбиелеу, танымдық белсенділігін
арттыру, білім беру талаптарына гуманистік
өнегелілік және адамгершілік қасиеттерін
терең сіңіріп, ұлттық саналы тәрбие, сапалы
білім жүйесін қалыптастыру "Қазақстан-2030"
стратегиясының негізгі міндеттерінің
бірі болып отыр.
Оқыту процесінің маңызды компоненттерінің бірі - бақылау, баға қою және есепке алу. Бұл ұғымдардың әрқайсысының өзінше мәні және ерекшелігі бар. Олар оқу тәрбие процесін мұғлімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты.
Бақылау -- бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық іс-әрекетін меңгерудің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психологиялық педагогикалық мәні оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі тиіс Егер кейбір оқушы тапсырмалы орындауда қате жіберсе, оған дөрекі, өрескіл сөздер айтып ескерту жасауға болмайды.
Сабақтың барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыларды іс-әрекетіне ынталандыру және олардың белсенділігін тиіс. Бақылау процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар алу өте қажет. Осыған байланысты бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады. Олар тақырыптық бақылау, тараулар бойынша оқтын-оқтын бақылау, қорытынды бақылау.
Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.
Тараулар бойынша оқтын-оқтын бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бақылаудың мақсаты оқу бағдарламасы негізінде бақылау жұмыстары және түрлі техникалық құралдар (оқыту машинасы, компьютер, электронды-есептеуіш машинасы т. б.) арқылы әрбір тоқсанның аяғында пәндер бойынша оқушылардың алған білімінің көлемін және сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау.
Қорытынды бақылау -- барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және практикалық білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.
Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықталды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Оларды ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді.
Егер оқушының дайындығы жеткілікті болса, ол дұрыс жауап беріп, оны мына бақылау картасы арқылы табуы керек:
Код нөмірлері | Сұрақтар рим цифрымен | ||||
І | ІІ | ІІІ | ІV | V | |
1 | 3 | 2 | 1 | 4 | 4 |
2 | 3 | 3 | 1 | 4 | 2 |
3 | 2 | 4 | 3 | 2 | 1 |
4 | 1 | 4 | 4 | 2 | 3 |
5 | 4 | 4 | 2 | 3 | 4 |
6 | 2 | 4 | 1 | 1 | 3 |
7 | 3 | 1 | 3 | 4 | 2 |
8 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 |
9 | 2 | 3 | 4 | 3 | 4 |
10 | 4 | 2 | 2 | 2 | 1 |
11 | 3 | 4 | 1 | 2 | 4 |
Бірінші
графада код нөмірлері араб цифрларымен
(II), бірінші - бесінші нрафаларда сұрақтар
рим цифрларымен белгіленген, ал, клеткалардың
ішіндегі сұрақтардың варианттары арап
сандық белгілерімен көрсетілген.
Сұрақ
№ 1 Оқыту процесі дегеніміз не, оны дәлелдеп,
толық
Жауаптың
варианттары: