Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 11:38, курсовая работа
Тақырыптың көкейкестілігі: Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиылған бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.
Кіріспе……………………………….........……………………………..........3 - 10
I - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері...........................11-35
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелерінің зерттеу жағдайы...................................…......11 - 19
1.2. Бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мағынасы............................................20 - 24
ІІ-тарау. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптастырудың әдістемесі....................................................…...........................................….36 - 50
2.2. Бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру формалары, құралдары, әдістері оларды жетілдіру жолдары........................................................................
ІІІ. Қорытынды…………………………....……….………....…………....51-52
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………….....…………53 - 54
Олардың бойында дене және психологиялық дамуында кезге көрінетін аномалиялары жоқ. Алайда жағымсыз жанұялық және әлеуметтік жағдайлар салдарынан бұл балалардың, мектеп жасына жеткен кезде, мектепте жақсы оқу үшін қажетті қасиеттері мен дағдылары жоқ. Денсаулығының әлсіздігі, жұмыс қабілетінің төмен болуы, өз құрдастарынан психикалық дамуы жағынан артта қалуы қауіп-қатер факторы, үлгермеушілік, мектепке үйрене алмаушылық, тәртібінің нашарлығының себептері болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша "қауіп-қатер балаларың бастауыш мектеп оқушыларының 20%-ға жуығын құрайды.
"Қауіп-қатер балаларымен" жұмыс кезінде баланың даралық ерекшеліктерін ескеретін әртүрлі әдістер қолданылады. Осы әдіс негізінде бірнеше негізгі принциптер жатыр: баланың дамуындағы мықты деген жақтарына сүйену; мақсатты және оқушының оны орындай алуын нақты анықтау; үздіксіз кері байланыспен қамтамасыз ету; баланың жеткен нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ оның оларға жетуғе деген талпынысы мен ыкыласына әрдайым оң баға беру.
Басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы, олармен әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықтарына кездесіп отырады. Алайда, өзінің ішкі дүниесінде қандай да қарама-қайшылық өз шешімін табуы мүмкін емес (Э.В.Илентков). Қарама-қайшылық "оқушы (адам)" жүйесінде пайда болып "адам-адам" жүйесінде, яғни педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі. Оқу-тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама-қайшылықтарын оқушыларды оқу-танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды, кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбылармен қарым-катынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен, ал оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұндай өзара әрекеттестік өте қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым-қатынас, өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.
Оқу процесінің субъектілерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық танымдық іс-әрекет ретінде түсініледі. Бұл мәселелрдің теориялық әдіс-тәсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған. Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын карым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар, жасалатын қарым-қатынастың зерделенетін объектілері тұрғысындағы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер - әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқты субъект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Оқушылардың ұжымдык танымдық іс-әрекеттерінің оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетелейтін оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндіктері мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер барысында оқушыларда меңгертілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады. А.Синицкая зерттеулері жас өспірім балалармен жүргізілетін біріккен жұмыстардың сапасы жеке жүргізілетін жұмыстарға қарағанда жоғары, яғни сабақтарда әдеттегідей жеке жүргізілетін жұмыстар барысында оқу материалының 60-70%-і, ал оқушылардың өзара әрекеттесуі арқылы 89%-і меңгертіледі. Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс-әрекеті өз бетінше ойлауды дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасайды. Мұндай тұжырымды Л.А.Ростовецкая өзі жүргізген эксперименттік жұмыстарының нәтижесінде жасаған. Зерттеушілер ұжымдық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі оқыту екендігін айқындады, өйткені ол оқушыларға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге жеке, фронтальды оқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдарды, біліктерді және дағдыларды қалыптасыртуға оқу уақыты аз жұмсалады. Қазіргі уақытта кооперация қатынастары мен ойдың интелектуалдық құрылымының мазмұнының арасында ішкі байланыстың бар екендігі дәлелденіп отыр. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде дәстүрлі оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушылардың танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқалады.
Ұжымдық
танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде
оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы
осал жерлер жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды
жедел алу сияқты өзекті дидактикалық
проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды;
оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде
дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын
қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
1.2. Бейнелеу өнерінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Оқушылардың танымдық шығармашылығының дамуына бейнелеу өнері сабағының ықпал ететін үлкен мүмкіндігі бар. Бейнелеу өнері сабағы бір жағынан, белсенділік, өзбетгілік, қиял, оймен жұмыс істеу сияқты шығармашылық іс-әрекетті талап етсе, екінші жағынан, эстетикалық бағыт-бейнелеу өнері сабағына тән қасиет.
Мектеп жасындағы балалардың танымдық-шығармашылық белсенділігін тәрбиелеу, ең алдымен, олардың әлемді тану қажеттілігімен және алған білімін өз шығармаларында пайдалануын дамытумен тығыз байланысты.
Атақты психолог Б.М.Теплов қажеттілік негізінде өмір процесінде сезім тәрбиеленеді, қызығушьшық туындайды, көзқарастар, тұжырымдар және дүниетаным қалыптасады деген. Ал бұл жердегі сезім де, қызығушылық та, тұжырьш да, адамның дүниетанымы да оқушы іс-әрекетінің мотиві ретінде көрінеді.
Бейнелеу өнерін оқыту барысында балалардың өзбетгілігі және белсенділігі жақсы дамуы үшін бірнеше талаптарды ескеру керек.
Мұндай талаптардың бірі - сурет салуды шебер түсіндіру, суреттің салыну кезеңдерін айқын көрсету. Оқушылар салынатын нұсқауға өз бетінше талдау жасап, оның ерекшеліктерін анықтайды.
Әсіресе, кіші мектеп жасындағы балалар сәндік композиция мен тақырыптық суреттерді өзбетінше шешкені маңызды. Балалардың зейінін сурет салудың мұндай түріне тарту, олардың шығармашылық ойын белсендіруге алдын ала жасалатын жұмыстарға жұмылдыру пәрмеңді ықпал жасайды. Мысалы, нобайлар, бақылау, эскиздер т.б.
Балаларға еркін тақырыпта сурет салуға тапсырма көбірек беру керек. Бұл тапсырма оқушыларда шығармашылықты, қайсарлықты, тұрақтылықты дамытуға жағдай жасайды. Балалардың бойында алға қойған мақсатқа қол жеткізе білу, соған жету үшін кездескен қиындықтарды жеңе білу сияқты қасиетгерді тәрбиелейді. Бұл жерде өзбеттілік, шыдамдылық және қайсарлық әрқашан бірге жүреді.
Бейнелеу өнерінің өзіне тән ерекшелігі - үнемі шыдамдылық пен сурет салу процесі кезіндегі белсенділікті талап етеді. Баланың танымдық-шығармашылық белсенділігі оның бақылауына негізделген. Сонымен қатар бақылау - тұлғаның қоршаған әлемді тануының белсенді формасы екендігі белгілі. Белгілі психолокгар Л.С.Выготский мсн СЛ.Рубинштейннің ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту барысында жетіледі. Оқыту жеке адамның таным қабілетін, дүниетануын мақсатқа сәйкес дамыта және тәрбиелей отырып жетілдіреді.
Таным қабілетін дамыту туралы Ресей ғалымдарының (Н.Дайри, Т.И.Махмутов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин, И.А.Лернер, А.Н.Пискунов т.б.) тұжырымды ұсыныстары мен пікірлері бар. Олардың идеяларының мәні мынадай:
1. Таным қабілетін дамыту - бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту барысында оқушыларды дамытуға бағытталған мақсаттылық іс-әрекеті.
2. Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жайындағы оқулықтар ерекше маңызды рөл атқдрады.
3. Оқытудың әдістері мен формаларын әрдайым жетілдіріп отыру.
4. Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы - оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдарының бірі.
Бастауыш мектеп мұғалімі балаларды оқуға үйретуді, оқушының танымдық қажеттілігін сақтап, оны дамытуы және ғылымдардың негізін игеру үшін танымдық құралдармен қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімі танымдық іс-әрекеттің шығуы мен табиғатын біліп, оны бала бойында қалыптастырудың жағдайлары мен шарттарын білгені жөн.
Бейнелеу өнері пәнін оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекетінің кейбір сипаттарына тоқталайық.
Бастауыш сынып оқушыларының сурет салу кезінде мұғалім оларға жазу үйреткен сияқты, қолынан ұстап, суретгің контур сызықтарын сызуға көмектесіп жатады. Бұл көмек қол саусақтарының қимыл-қозғалысына біршама серпін берсе де, баланың өз бетінше жұмыс жасауына кері әсерін тигізуі мүмкін. Әсіресе оймен жасалатын танымдық іс-әрекет барысына теріс ықпал жасайды, себебі бала сурет салудың кезеңдерін, ережелерін толық ұқпайынша,оған қағаз бетіне сол суретті бейнелеу өте қиынға соғады. Бейнелеу өнері материалдарын игеріп, үйренуде сол материалдарды түсіндірмей, сөйтіп, балалардың санасыз әбден сіңірмей тұрып, оларды бейнелеуге көшіру немесе сурет салуға кірістіру - үлкен қателік.
Мәселен, бала заттарды көруге, олардың пішіні, түсі, өлшемдік қатынасына көңіл бөлсе болды, ал сол заттарды бейнелеу немесе суретін салу оқушылардың жеке қабілетгеріне қарай реттеледі. Себебі, бұл жағдайда педагогикалық процесс біржақты әрі шала болып шығады. Бұл кезде оқушыларда заттарды қабылдауды дамыту ғана алға басады да, суретті қабылдау өспей қалады. Яғни даму, танымдық іс-әрекет тоқырап қалады. Еліктеу арқылы салынған алғашқы суретгі түсіну шараларын жасауға да болады, бұған дайын репродукциялар, суреттер көрсетумен, оны мұқият түсіндірумен қатар сыныптағы жақсы сурет салатын балалардың суреттері де көмек көрсете алады. Бұл тәсілдерді қолдану кезінде суретті көрсету, түзетуді қалай жасаудың жемісті, табысты жолдарын таңдап алған жөн. Заттың суретін салудағы, мысалы, оньщ формасының дұрыс еместігін оқушы өзі түсініп түземесе немесе мұғалім өзі түзетіп берсе, онда оқудың, бейнелеу өнері материалдарын меңгертудің пәрменділігі мен нәтижелілігі азаяды. Бұл мәселені шешіп алмай тұрып, шығармашылық және танымдық іс-әрекетті дамыту өте қиынға соғады, тіпті көпшілігінде мүмкін емес. Сондықтан натураға қарап сурет салғызудың, ондағы заттардың форма, жарық пен көлеңке, сызықтарды түсіру, бояу түстерін таңдау, оларды реңімен пайдалану реті мен техникасын игеру сияқты іс-әрекеттерді дамытудың маңызы ерекше.
Бастауыш сыныптарда салынатын суреттердің дені табиғатқа, ондағы құбылыстарға бағытталады, себебі өзін қоршаған ортаның бала сезіміне әсер етпеуі мүмкін емес. Бастауыш мектептің 1-2-сынып оқушыларының сурет дәптерлерінде тау, өзен, ағаш, аспан, күн, бұлт, көбелек, гүл т.б. міңдетті түрде кездеседі. Солардың ішінде таулардың салынған суретін алатын болсақ, кейбір жағдайда олардың формалары тік үшбұрышты, өте үшкір әрі контур сызықтары түзу болып салынады. Бұл неліктен? Себебі, таулардың неғұрлым үлкен репродукциялық суреттері өте аз көрсетілген, екіншіден, пән мұғалімі өзі сол таулардың бөлшектерін салуды көрнекі етіп тақтаға салып көрсетпеген, үшіншіден, табиғи тау мен суреттегі балалардың салған тауларының пішіндеріне, түстеріне салыстыру жұмыстары жүргізілмеген. Қайталау мен салыстыру және жаттығу - барлық игерілмегенді игертетін, меңгертетін тәжірибелік жұмыстар. Сондықтан бұларға көбірек мән берілсе, оқушылардың табысты жұмыстар саны арта түседі. Сурет салу заттың, құбылыстың қасиеттерін анықтап, танып білуге бағытталып, балалардың қоршаған ортаның сан-алуандылығын бейнелеуге қажетті ептіліктер мен дағды қалыптастыруларына мүмкіндік береді. Суретті өңдеуде негізгі талап - саналылық әрі шынайылық болуы тиіс. Бала алғаш қарындаш ұстаған сәттен бастап бейнелеудің көлемдік, кеңістіктік, сол сияқты, пішіндік, реңдік таным іс-әрекеттерін жүргізуі қажет. Оқушыға сурет дәптер парағын парақ емес, оны кеңістіктегі терезе ретінде қабылдату өте көп көмегін тигізіп, бейнелеудің күрделі сатысына жол ашып береді. Оқушылардың сурет салуына, олардың танымдық-шығармашылық белсенділігіне әсер етуші негізгі міндеттер мыналар:
1. Ойша талдауды дамыту. Бұл жүйелі жаттығулар арқылы заттардың құрылымды негізін ашып береді. Оқушы танып-білуге және шығармашылыққа қажетті затты, нәрсені немесе құбылысты санасында түсінуге тиіс.
2. Қабылдаудың көлемді болуы. Дүниедегі заттардың бәрінің көлемі бар, соңдықтан іс жүзінде көлемдік ұғымдарды түсіндіріп, оқушыларға заттарды көлемді етіп көруге, бейнелеуге үйрету қажет.
3. Бейнелеудің тұтастыгы болу қажет. Суреттегі салынған бөлшектер бір шешімге бағынуы қажет. Бастауыш сынып оқушыларының бұл бағыттағы іс-әрекетгері толыққанды болмаса да, жалпыдан жекеге қарай сурет салу, реңдік қатынасты дұрыс сақтау сияқты шарттарды меңгеруге тиісті.
4.
Суреттегі көңіл-күйді немесе мінезді
көрсету. Бұл бастауыш мектеп оқушыларында
өзінше көрінеді, яғни кейбір детальдық
беліктерді мұғалім оқушыдан сұрап, оның
түсіндіруін талап етуі мүмкін, өйткені
үлкендер ондай бөліктердің сипаттамасын
анық түсінбей қалуы мүмкін.