Әкімшілік реформа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 08:55, доклад

Описание

Қазіргі кезде біз осы кезеңге және экономикалық дамудың талаптарына сай келетін басқару жүйесін құруға талаптанудамыз. Әкімшілік реформа ол бір жолғы акция емес, ол тұрақты мемлекеттің ұстанатын жұрмыс бағыты десек болады. Бұл ретте осы үдіріс жаңа тәуелсіз мемлекеттерге ғана қатысты емес. Өткен ғасырдың 80-90 жылдарында әлемнің дамыған елдерінде де мемлекеттік басқарудың жаңа тұжырымдамасы негізінде ауқымды

Работа состоит из  1 файл

Әкімшілік реформа.docx

— 85.83 Кб (Скачать документ)

Перемены произойдут и  в фонде “Самрук-Казына”.  Его  громоздкая структура уже не способствует инвестиционной привлекательности, также  страдают управленческие функции. 

         2002-2004 жылдары әкімшілік-бюджеттік шеңберінде жүргізілген реформа жергілікті мемлекеттік басқаруды нығайтты. Оған дейін жергілікті атқарушы органдар типтік құрылымы болмаған. Бір облыстарда 20-18-28 басқармалар мен департаменттер болған. Бұл салаға анализ жасалып реттелді. Қазір біздің облыстағы басқармалар. Әкімдік ол жергілікті Үкімет, министрліктер ол аймақтық басқармалар болып саналады. Сондықтан әр орган өзінің функцияларын атқарып жауап берулері тиіс

         Сонымен бірге Елбасы Үкіметке барлық деңгейдегі биліктің құрылымын, яғни жергілікті және орталық органдардың құрылымын қайта қарау туралы тапсырмасына сәйкес соңғы 3,5 жыл ішінде әкімшілік және бюджеттік реформалар ауқымды жүргізілгенін білесіз.

          Әкімшілік реформа бойынша орталық  органдарда бірқатар құрылымдар  өзгерді. Мұның бір көрінісі  – министрліктер мен ведмостволарда  жауапты хатшы лауазымдары ашылып, тағайындалды. Ол министрліктер мен ведмостволардың жұмыс тиімділігін арттыру, кадр саясатын реттеп отыру, министрлердің аусуы кезінде қалыпты жұмыс жүруіне басшылық жасау сияқты функциялар берілген.    

Дей тұрғанмен заңнамалық зерделеулер бізге әліде болса  көңіл аударатын мәселелер бар  екенін көрсетеді.

Қазір инновация  дәуірінде елдер, технологиялар, білім беру жүйелері мен әлеуметтік институттар үшін елеулі емтихан болып отыр. Егер ХХ ғасыр жоғарғы технологиялар мен өнеркәсіп ғасыры деп аталған болса, ХХІ ғасыр жекелеген адамдар мен ұжымдардың мүмкіндіктерін, яғни адам капиталын дамытуға бағытталған жоғары гуманитарлық технологиялар ғасыры болады деген пікір айтылуда. Бұл ретте дамыған мемлекеттердің ұлттық байлығының 5 %-ын табиғи ресурстар, 18 %-ын жеке (өндірілген) капитал құрайтынын атап өту керек. Ал негізгі орын – 77 %-ы білім және оларды қолдана білу мен тиімді түрде басқарудың еншісіне тимек. Қазір Үкімет индустриальды-инновациалық стратегиясын ұстанып, осы бағытты күшейтіп отыр. Басқасын айтпағанда бүгінгі күнге дейін 440-тан астам жаңа индустриялы кәсіпорындар өмірге келеген. Әрине оның  арасында дағдарып қалған немесе жұмысын дұрыс ұйымдастыра алмаған кәсіпорындар бар. Бірақ олардың 800 млрд теңгенің өнімін шығаруы – оң қызметтер жасап жатқандығын аңғартады. Ендігі кезекте әлеуметтік жаңғырту жөніндегі бастамалар қолға алынғаны анық. Мемлекет басшысының Жалпыға Ортақ  еңбек Қоғамына қарай 20 қадам өзінідік үлесін қосатынына сеніміміз мол. «Социальная модернизация – обновление общества»

        Соңғы Елбасының бастамасымен «Жасыл экономика» стратегиясын іске асыру қолға алынуда. Ол экологиялық таза өнеркәсіп кәсіпорындарын салу қажеттігін алға қойды. Жасыл көпір, жасыл технологиялрды трансперттеу шаралары іске асырылады. Бұл бірден бір экологиялық кризисті болдырмау шаралары болып табылады.

Әкімшілік реформа  жүргізу кезінде төрт мақсат көзделеді. Олар: Бірінші: Мемлекеттік шығындарды азайту.

Екіншісі -  Үкіметтің жүргізіліп жатқан саясатты кең көлемде іске асыруына жағдай жасау. Қазір жоғарыдан жақсы жақсы заң актілері мен бағдарламалар қабылданып жатса, ол жергілікті жерлерде бірқатары сұрақтар туғызып жатады. Яғни жоғарыдан қабылданған сапалы саясат, жергілікті жерлерде іске асыруда өзгешіліктер келтірген жағдайлар кездесіп келеді. Мысалға, әлеуметтік реформа – басты бағыт десек, жергілікті даму бюджеті оған сәйкес келмейді.

Үшінші мақсат – жұмыс берушілердің мемлекеттік функцияларын жақсарту, яғни мемлекеттік қызметке білімді менеджерлерді тарту.

Төртінші мақсат - әкімшілік реформа жүргізудің бастысы ол әр атқаратын қызметтерді дұрыс бөлу. Біреулері саясат жасаса, екіншісі оны іске асырумен айналысу керек. Бұл екі бөлек процесс. Айталық саясат анық, ал оны іске асыру бірқатар сұрақтар туғызып жатады. Шет елдерде – яғни Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Сингапур және Чили елдерінің тәжірибесін зерттегенде оларда саясатты жасақтау негізге алынып, стратегиялық шешімдер қабылданып іске асыру жолдарын қарайды. Өкінішке орай бізде әліде болса араласып жатқан функциялар бар екенін жасырын емес. Бір министрлік – ол стратегиялық іспенде, бақылау және оны іске асыру саясатымен айналысады. 
        Өткізілетін әкімшілік реформаларға байланысты мемлекеттік органдардың қызметі мемлекеттік қызмет көрсетуге қайта бағытталуы керек. Бюджеттік заңға «мемлекеттік қызмет көрсету», «мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты» және «мемлекеттік қызмет көрсетудің тізілімі» деген түсініктер енгізілген. Бюджеттік бағдарламалар мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты – республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып екі санатқа бөлінеді Жергілікті бағдарламалар өз кезегінде бюджеттік бағдарламалардың үш топтарына бөлінеді: 1) облыстық және Астана мен Алматы қалаларының; 2) аудандық және қалалық; 3) қаладағы аудан, аудан көлеміндегі қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер. Бюджеттік бағдарламалардың соңғы категориясы екі шағын топтарға бөлінеді: дамудың бюджеттік бағдарламалары және ағымдағы бюджеттік бағдарламалар. Сонымен бірге мемлекеттік қаржы бақылау органдарының жүйесі өзгеріссіз қалады:

- Есеп комитеті;

- мәслихаттардың тексеріс комиссиясы;

- Ішкі бақылау жөніндегі Үкіметпен өкілетті орган;

- орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері.

Бюджеттік кодекс қолданысқа 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді.

     Реформаның ерекшеліктері. Ол мемлекеттік басқарудың тиімді жолын таңдау, саяси жүйені жаңғырту арқылы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену. Қазақстанда қазіргі кезде 16 жалпыұлттық реформа жүргізілуде. Олардың жүргізілуі мен ырғақтығы әртүрлі. Бұның түпкі нәтижесі мемлекеттік басқару реформасы.  

  Қазір Қазақстанға жаңа мемлекеттік басқару моделін енгізу жұмыстары жүргізіліп келеді.

  2003 жылдан бері Казахстанның мемлекеттік қызметі конкурстың-карьерлік модельге көшті. Мемлекеттік қызметті жаңғырту мақсатында 2005 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға өзерістер енгізілді. Мемлекеттік қызметшілердің Қызмет этикасы Ережелері ҚР Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы Жарлығымен ҚР мемл қызметшілерінің Ар-намыс Кодексі түрінде жаңадан жарық көрді. Осы Кодекс мәтіні мемл органдардадың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерге орналастырылған. Кодексте көрсетілген талаптарды бұзған мемл қызметшілер Заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ар-намыс кодесінің сақталуын облыстардағы Тәртіптік кеңестер жүзеге асырады.

Осының негізінде әр мемлекеттік  органда журналдар ашылып, арнайы жәшіктер орнатылып, сенім телефондары жарияланып отырады. 2005 жылы Елбасы «Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар қызметінде тәртіпті нығайту, коррупцияға қарсы кұресті нығайту туралы» Жарлығымен республиканың барлық облыстарында Агенттіктің тәртіптік Кеңестері құрылды. Жемқордың атын айтқан сыйақы алады. – жаңа тәртіп енгізілді. Сыбайлас жемқорлық екі түрі бар: Саяси және әкімшілік. Саяси сыбайлас жемқорлық саяси күрес түрі, оппозиция күштерінің, партиялардың, олигарх топтарының ақша мен тауар ағынын иелену, қаражат жеңілдіктерін пайдалану, сайлаушылардың даусын пара беріп сатып алу. Бұл экономикасы дамыған жоғары деңгейдегі демократияланған елдерге тән. Екінші түрі – ұсақ парақорлық.

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында 1998 жылы «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылданды, ол ТМД-дағы алғашқы Заң болды. 2001 жылы Президенттің Жарлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бекітілді, 2005 жылы 2006-2010 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылданды. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі құрылды.

 Әкімшілік реформалауда жергілікті және орталық үімет органдары қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі пайда болды. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «ҚР-дағы мемлекеттік қызмет туралы» заңымен мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметші ұғымдары айқындалды.

Мемл қызметшілер екі  түрге бөлінеді: мемлекеттік әкімшілік  қызметші және мемлекеттік саяси қызм. Мемл әкімшілік қызметші мемл қызметке конкурстық негізде, қойылатын талаптарға сай іріктеліп алынады. Ол саяси қызметке (әкім, тексеру комиссиясы) конкурссыз орналауға құқы бар.

Мемл саяси  қызметші – тағайындалуы (сайлану) саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемл қызметші. Мемл қызметшілер үшін біліктілік санаттары белгіленбейді. Оған жоғарғы органдағы қызметкерлері жатады. Әрине бәрі емес. Мемл саяси қызметшілер лауазымдарының  тізіліміне  ішкі істер министрі, қорғаныс министрі, олардың орынбасарлары, сонымен қатар ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚРП күзет қызметі, Ұлттық гвардия басшылары және олардың орынбасарлары кірмейді. Сонымен қатар заң шығарушы және сот билігі тармақтарының өкілдері кірмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер  үшін арнайы санаттар (А,В,С,Д,Е) белгіленеді, ал мемл саяси қызметкерлер үшін біліктілік санаттары белгіленбейді. А тобына – ҚР Президентінің Әкімшілігі, В санаттарының тобы – ҚР Парламенті Палаталарының апараттары, ҚРПМ Кеңсесі, ҚР жоғарғы Сотының аппараты, ҚР Конституциялық Кеңесінің аппараты, ҚР Іс басқармасы және ОСК аппараты. С санаттарының тобы – ҚРП тікелей бағынышты органдар, орталық атқарушы органдар. С-О орталық атқарушы органдар, облыстық ведмостлар, С-R аудандық аймақтық органдар, Д- облыс әкімінің аппараты т.б.

      

         Еңбек ақы мемлекеттік қызметшілерді  жұмыс жасауға алаңдатпау керек.  Банк. Кредит. Қарыз.

         Бұл жерде Сингапур елінің тәжірибесін айтуға болады. Бұл елдің Премьер-министрі жылына 1 миллион доллар шамасында еңбек ақы алады екен, егер ол қызметтен кетсе жеке сектрда ол төрт есе аз еңбек ақы алатын болады. Сондықтан еңбек ақы арқылы коррупция проблемасы азайады және әр қызметкер өз орны үшін еңбек етеді.  
Әрине мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру, кадрларды тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік пакет бөлу туралы.  
Ол мәселе төңіреңінде қоғамда көптеген сұрақтар туындаған. Еңбек ақыны өсіру мемлекеттік қызметкерлердің атқарып отырған қызметтерінде нақты нәтиже беретін қосымша мотивация деп білуге болады. Қазір осы бағыттағы жұмыстардың бірі ол мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау арқылы еңбек ақы төлеу, саяси қызметшілердің жұмысын рейтингі қорытындысымен жұмыс нәтижесін шығару арқылы жаңа еңбек ақы төлеу жүйесі енгізілмек, Бонус. Қазақстан елі әлі әкімшілік реформа жүргізу үстінде, ғасырлар бойы мемлекеттік қызметті жүргізіп тәжірибе жинақтаған Сингапур сияқты елдерден бір ең тиімді жақтарын қарап, енгізудеміз.

Әкімшілік реформаларды жүргізуде саяси реформаға сүйенетіні белгілі. Бұл арада атқарушы және өкілетті органдардың реформалануы жайында, бірі өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. «Парламент және депутаттардың статусы туралы», «Сайлау туралы» ҚР Заң қабылданып, Парламент сенат, мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау.(30,20,170-12-13). Көппартиялық парламент. 2012 жылдан ҚР Президентін сайлау 5 жыл болып өзгертілді.

Армениядағы сайлау.

        Жергілікті  жерлерде мәслихаттардың ролі  артқанын жақсы білесіз. Ондағы  тексеру комиссиялары бюджетті  бақылау органы болғандықтан  ол ең маңызды болып саналады. Сонымен бірге есеп комитетінің  ролі және фукциялары Бюджеттік  кодекске сәйкестендіріліп, күшейіп  келеді.  
          Мәслихаттарда әкімдерді депутаттармен келісу арқылы кою практикаға енді. Әкімдерді сайлау эксперименті аудандар мен ауылдық округтерде жүргізілді. Әкімдерді сайлау.  

– Еліміздің тәуелсіздігі арқасында Қазақстан халқы дінге қайтадан бет бұрды. 1992 жылдың 15 қаңтарында, яғни тәуелсіздік жарияланғаннан кейінгі бір айдың ішінде елімізде «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» ҚР  Заңы қабылданған. Өз кезегінде бұл заңда атеистік мазмұндағы мемлекет емес, әр азаматтың діни наным бостандығы құқығын танып құрметтейтін зайырлы мемлекеттің негізін қалау, жетпіс жыл бойы қыспаққа алынған діни сенім бостандығына жол ашу көзделді. Ал 1995 жылы қабылданған ҚР Конституциясының 22-бабы діни сенімге және діни қатынастарды реттеуге арналды. Бұл баптың бірінші тармағында да «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар», деп көрсетілген. Елімізде дінге деген көзқарасты түбегейлі өзгертіп, халықтың дінмен қайта қауышуына мүмкіндік берген. Қазақстан жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға да өзіндік үлес қосып келеді. 2003 жылдың қыркүйегінде Елбасының бастамасымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I съезі өтті. Бұл жиынға дүниенің төрт бұрышындағы 17 мемлекеттің жоғары лауазымды діни адамдарының, сондай-ақ беделді халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты. Бұл бастама өз жалғасын тауып, бүгінде елімізде төрт съезд өткізілгені белгілі. Елімізде діни құқық пен бостандықты қорғауға қажетті шаралар қолға алынды. Осыған байланысты «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңды жетілдіру мәселесі көтерілді. 1992 жылы қабылданған заңға жеті рет өзгерістер енгізілгенімен, әлемдегі, қоғамдағы санқилы оқиғалар осы саладағы заңнаманы кешенді түрде жетілдіру қажеттігін көрсетті. Сөйтіп, өткен жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Қазір елімізде 2300-ден астам мешіт салынып, жұмыс жасайды. Қазақстан Президенті дін туралы толғаныстарын тереңдете түсіп, бүкіл жер бетіндегі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын Астанада қостыру идеясын көтеріп, жүзеге асырды. Бүгінде елімізде барлық конфессиялар өкілдеріне діни сенім-нанымдарын атқару үшін қажетті жағдайлар жасалған Елбасының Жарлығымен 2005 жылдан бері Құрбан айттың бірінші күні біздің елде демалыс болып жарияланған.  

Информация о работе Әкімшілік реформа