Эмоция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 14:53, курсовая работа

Описание

Бұл курстық жұмыста кіші мектеп жасындағы оқушылардың эмоционалдық дамуы, мектепеке, сабаққа деген эмоционалдық көзқарастары қарастырылған.
Эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар шындықтын жүйкеде сәулеленуін айрықша бір түрі .

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3


1.1 Жеке адам дамуындағы эмоцияның алатын орны …….. ……7

1.2 Эмоция теориялары...........................................………...........13

1.3.Кіші мектеп оқушыларының эмоциясының даму ерекшеліктері...................................................................................17

1.4 Кіші мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалауының оқу табыстылығына әсері……........…………………………………27
Оқытушының бағалауы мен кіші мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалауындағы өзара байланыс...........................39

Қорытынды....................................................................................................…69

Қолданылған әдебиеттер тізімі .......................................................………71

Работа состоит из  1 файл

эмоц.doc

— 807.00 Кб (Скачать документ)
 

                                                         Жоспар:

Кіріспе..................................................................................................................3
 

                1.1 Жеке адам дамуындағы эмоцияның  алатын орны …….. ……7

                 1.2  Эмоция теориялары...........................................………...........13

        1.3.Кіші мектеп оқушыларының эмоциясының даму ерекшеліктері...................................................................................17

      1.4 Кіші мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалауының оқу табыстылығына әсері……........…………………………………27

      1. Оқытушының бағалауы мен кіші мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалауындағы өзара байланыс...........................39

Қорытынды....................................................................................................…69

Қолданылған әдебиеттер тізімі .......................................................………71 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

       Бұл курстық жұмыста  кіші мектеп жасындағы оқушылардың эмоционалдық дамуы, мектепеке, сабаққа деген эмоционалдық көзқарастары қарастырылған.

Эмоция деп  айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуін  айтамыз. Эмоциялар шындықтын жүйкеде  сәулеленуін айрықша бір түрі .  
Сыртқы дүниенің әсері адамның миында тек қана сәулеленіп қоймай, оған толғанып тебіреніп, өзінің қатысын білдіреді.  
Бұдан адамға жағымды не жағымсыз сезімдер туып отырады. Эмоция адамның сыртқы келбеті, бет әжімі қимылдары, дауысы арқылы айқын көрінеді. Эмоция үшін адам организімің ішкі мүшелері әрекетінің әсері зор . Мысалы қанның жүруі тамырлардың жүрекке ерекше соғуы, бездер әрекетіне Физиологиялық әрекеттерге эмоция үлкен әсер етеді. Эмоция хайуанаттарда да бар олардың эмоциясы, инстикт деп аталады. Олар мұқтаждықтарын биологиялық қанағаттандырумен байланысты, мысалы мысық пен иттің еркеленуі, олардың үйреленіп бір нәрседен қорқуы, олардың сыртқы келбетінен жақсы көрініп тұрады. Адам эмоциялары хайуанат эмоцияларына қарағанда өте бай болып келеді, әрине адамдардың эмоциялары біркелкі болмайды, өйткені олардың айналадағы нәрселерге қатынасы бірдей емес. Әрбір адамның темпераментіне, мінезіне олардың басынан кешкен тәрбиесіне қарай сыртқы дүние әсеріне жауап қайтару түрліше болады. Адам эмоцияларынын бір бірінен айырмашылығы сезімдердің күш жағынан, әрекет ету мерзімінің уақыт мөлшері жағынан, олардың сыртқы қимылдары, бет әжімі арқылы білініп көрініп тұрады. Эмоция адамның тұрмысында үлкен орын алады, олар адамға адамдық сипат беріп, оның әрекетін жылытып көрік беріп отырады.
 

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1.1 Жеке адам дамуындағы эмоцияның  алатын орны 

      Жанұя мәнi, баланың дамуы, жалпы адамгершiлiк  тәжiрибесiн алу үшiн жасалынатын  факторлардың нәтижесiнде анықтауға  болады. Сәбилiк кезеңнен бастап, бала ересек адамдардан үйрене бастайды. Бала тек сөйлесуге, жүруге, заттармен дұрыс пайдалануды, ойнауды, бiлiм алуды, еңбек етудi ғана үйренбейдi, сонымен ойлануға, басқа бiреу үшiн әуре болуға, өз-өзiмен және басқалармен қарым-қатынас жасауды үйренедi. Дәл жанұя iшiнде бала кәдiмгi және қарапайым түрде өмiрге бейiмделу жолдарын табады, өйткенi күн сайын таңертеңнен күн батқанға, кейде түн ортасына шейiн жанұя ата-ана, үлкен аға мен апайының, ата мен әженiң кейiпкерлерiнде бала алдында мiнез-құлық жүрiс-тұрыстың әртүрлi формаларын үлгi етiп, ашып көрсетедi [1, б.3].

       Бұл үлгiлердің, сөздердiң, жесттердiң, қылықтардың еңбекке, адамдарға, бiздiң Отанымыздың және басқа мемлекеттердiң саяси құбылыстарына, яғни  «ассортиментке» көзқарасын бiлдiредi [2, б.3].

       Ал енді «эмоция» терминінің  теориялық негізіне тоқталайық.

       «Эмоция дегеніміз – адам денесін  белгілі бір қимыл-әрекетке ынталандыратын, оны қолдап, немесе оған шек  қоятын көңіл-күй жағдайы», - деп  Б. Спиноза айтатын [3, б.4]. 

       Мектепке дейiнгi бала қарым-қатынас  мотивтерiн ары қарай дамытуға, яғни бала қоршаған адамдармен контактiсiн кеңейтуге тырысады. Мектепке дейiнгi баланы қарапайым бiлiм сүйгiш мәселелерi ғана емес, сонымен қоса, ересек адамдардың қолдауы, қарым-қатынастың жаңа мотивтерi – iскерлiк және жеке тұлғалық мотивтер. Iскерлiк мотивтер астары болып, баланың белгiлi бiр мәселелердi шешу мақсатында қарым-қатынасты қажет ететiн жағдайлар, ал жеке тұлғалық мотивтерге баланың iшкi жан дүниесiн қобалжытатын мәселелер жақсы немесе жаман қылық жасады ма, басқалар оған қандай көзқарас бiлдiредi, және де оның iс-әрекеттерiн кiм, қалай бағалайды.

       Мектеп жасына дейiнгi кезеңде  бала ересек адамдармен қойылатын бағаға көп мән бередi. Бала бұл бағалауды тосып отырмай, соған өз бетiмен жетуге тырысады, яғни өзiн мақтауды, үлгi етудi қажет етедi. Бұның бәрi баланың болашақта белгiлi бiр iс-әрекет сәттiлiгiне жетуге, мақсатқа жету мотивацисының бекiтiлiп қалыптасуына, дамуына әкелiп соқтырады [18, б.23].

       Төрт жасқа шейiн бала өзiнiң  iс-әрекетiнiң нәтижесiн сәттi немесе  сәтсiз орындалғанын әлi де айқындай  алмайды. Бiрақ та жасөспiрiм белгiлi бiр әрекетiн сәттiлi немесе сәтсiз аяқтағанына байланысты нәтижеге тән эмоционалды реакциясын бiлдiредi. Бұл кезеңдегi балалардың көпшiлiгi нәтиженi қарапайым түрде ғана фактiлейдi, кейбiреулерге iс-әрекетiнiң сәттiлi, сәтсiздiгi жағымды, жағымсыз эмоциялармен әсер етедi. Осы жас кезеңiнде, тек қана iс-әрекеттiң сәттiлi аяқталу жағдайынан кейiн балада өз-өзiн бағалаудың алғашқы көрiнiстерi байқалады. Сонда жасөспiрiм өзiнiң жетiстiктерiн әдейi айқындай отыра, сәттiлiкке қуанышын бiлдiрiп, намыс сезiмi туа бастайды. Бiрақ та өз-өзiн бақылаудағы мұндай элементарлы реакциялары бұл кезеңде сирек кездеседi [28, б.24].

       Баланың эмоционалды дамуы бiртiндеп  қоршаған адамдармен қарым-қатынас  жасағанда және iс-әрекеттiң әр-түрлi типтерiнде – ойын, оқу, еңбекте қалыптасады. Баланың эмоционалды тәжiрибесiнiң тереңдiгi мен шыдамдылығының кеңеюi, дамып келе жатқан жеке тұлғаның бағыттылығын анықтайды [28,б.25].

       Бастауыш сынып оқушысының эмоционалды  өмiрiн мұғалiммен қарым-қатынасы, сынып ұжымындағы сыныптастарымен қарым-қатынасы және ұжымдағы алатын орны қалыптастырады. Төменгi сынып оқушыларын басқалармен салыстырып өткенде, өте әсерленгiш, сезiмтал, қызықты және көрiктi, басқаларға ұқсамайтын  iс-әрекеттерге араласып кетуге дайын тұратындықтарымен көзге түседi. Ал мектептегi қырық  минуттық сабақтар, таным-қызығушылықтарының деңгейiн түсiредi.Бұның нәтижесiнде баланың оқуға жағымсыз әсерi туа бастайды [28, б.26].

       Психологтардың зерттеулерi төмендегi көрсеткiштердi анықтайды: егер  де бала мұғалiмге бiлдiретiн көзқарасты аса уайымдаушылықпен көрсететiн болса, онда жағымсыз, яғни бала мұғалiмге сыйласымдық, қарым -қатынастағы ашықтық сезiмiн бiлдiредi; және конфликтiлiк, бұл бала мен мұғалiм арасындағы түсiнбеушiлiктер, сонымен қоса, баланың мұғалiм жеке тұлғасына бiлдiретiн қызығушылық. Баланың мұғалiмге деген сенiмдiлiкпен жағымды көзқараста болатын болса, бұл оның сабаққа қызығушылығын арттырады, ол жағымсыз көзқарас эмоционалды сферасының орнына керi әсер етедi. Төменгi сынып оқушыларына мұғалiмге бiлдiретiн жағымсыз көзқарасы сирек, ал конфликтiлiк жиi кездеседi. Конфликтiлi жағдайдағы баланың таным мотивациясының қалыптасуы тежеледi, себебi баланың мұғалiмдi кiсi тұрғысынан санағанда сенiмi болмағандықтан оның атқаратын қызметiне, яғни пәнiне де сенiмi болмайды, тек кейбiр жағдайда ұстаз алдында қорқыныш сезiмi болмаса. Мұндай балалар көбiнде тұйық, өкпелегiш немесе керiсiнше немқұрайлы мұғалiм тапсырмаларын қабылдамайтын инициативасы мүлдем жоққа тән екенi байқалады. Мұғалiмдермен қарым-қатынас жасағанда ерiксiз тiл алып, бағынуға, тiптi мұғалiм тарапына бейiмделуге тырысады [20, б.33].

       Балалар көбiнде өзiнiң мұңды  көңiл–күйiн әуре сәттерiнiң туу  себептерi неге байланысты екенiн  саналы түрде сезбейдi, өкiнiшке орай мұны ересек адамдар да түсiнбеуi мүмкiн. Бiрiншi сыныптағылардың өмiрлiк тәжәрибесi жеткiлiксiздiгiнен, мұғалiмнiң күнделiктi сабаққа деген талабын қаттырақ сұрағанын қаталдық деп санап, оған аса уайымдаушылық көзқарасын бiлдiредi. Кейбiр мұғалiмдер оқытудың алғашқы кезеңiнде қалыптасқан жағдайға дұрыс баға берiп, уақытында шеше алмайды [24, б.55].

       «Эмоция» терминi iшкi уайымдар көрiнiсiнiң  арнайы өзгергiштiгiн түйсiну. Олар  ең құрғанда 3 тұрғыдан: ағза iс-әрекетiндегi бiрқатар арнайы өзгерiстердi сезiну, белгiлi көңiл-күйдi тудырған құбылыстарды бағалау және болып жатқанды бағалаудан тудырады. Мысалы: адам ауру-сырқатпен байланысты жүрек соғысының жиiленуiн сезiну немесе пайда болған жағдайды итпен ассоциациялауға болады. Кейбiреулер бұл эмоционалды көңiл-күйдi қорқыныш деп атайды [26, б.45].

       Нәрестеде, ересектерде байқалатын  әйгiлi үш эмоциялық компоненттердi  айқындауға мүмкiншiлiк жоқ. Нәрестенiң  сөйлеу қабiлетi болмағандықтан, ағзадағы болып жатқан өзгерiстердi  түйсiне жоқ па. Мысалы, жүрек соғысының  өзгеруi немесе ауыртпалықты, ауырғанды сезiне ме? Сол туралы ойлай ма? Сондықан да балалар психологы сәбидiң ағзасындағы және миындағы пайда болатын өзгерiстерге көңiл аударады. Мысалы ауру-сырқатты сезiнуге байланысты (егу процедураларын жасағанда) немесе қуанышқа байланысты (әлеуметтiк қарым-қатынас). Зерттеушiлер сонымен қоса белгiлi бiр жағдайлардағы сәбидiң бет-әлпетiнiң, ым-ишарасының ерекшелiктерiн анықтайды [23,б.15].

       Эмоционалды мәндi құбылыстарға  жауап ретiнде бет-әлпет, ым-ишарасының  өзгеруi универсалды болады және  де ми мен автономды жүйке жүйесiндегi iс-әрекетiнiң өзгергiштiгiмен қатарласады. Сондықтан кейбiр ғалымдар, қорытындылағанда, әсiресе сәбиде белгiлi бiр эмоционалды көңiл-күйдiң бар жоқтығын физиологиялық көрсеткiштерге сүйенiп анықтайды. Мысалы: 3 айлық нәрестемен сөйлесiп отырған ата-ана баланың күлiмсiреген жайдары күйiн тамашалайды; қолындағы прәндiгiн тартып алған ересекке 8 айлық нәресте ашуланғандай көзқарасын бiлдiредi.

       Нәрестелердiң алғашқы өмiр апталарында  ересектерде байқалатын сыртқы  ұқсастығы бар бет-әлпетiнiң әр-түрлiлiгi байқалады [23, б.16]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1.2  Эмоция теориялары 

       Әйгiлi психолог Изард (1982) нәресте  бет-әлпетiнiң қысқа мерзiмдi өзгерiстердi  өлшеу мақсатындағы шарттанған  сызбанұсқаны жарыққа шығарған. Мұны қолдана отырып, таңқалу  мен қорқыныш көрiнiсi 5-7 айынан бастап; ал ұяңдық пен ұялшақтық белгiлерi 6-8 айында басталады. Кiнәлiлiк пен жағымсыздықты бiлдiру екi жасында көрiнедi [23, б.17].

       Эмоционалды сфера – бұл адам  өмiрiндегi күрделi психикалық феномен.  Ғылымда эмоционалды сфера терминiнiң анықтамасы әлi толық анықталмаған.

       Эмоционалды сферасының онтогенезiне  жанама өтетiн эксперименталды  мәлiметтерiне сүйенейiк. Бұл аумақтың  пионерi болып биховиоризмнің негiзiн  салушы Дж. Уотсон болды. Ол  эмоцияны ағзаның ең алғаш  онтогенез кезеңiнде табылатын, тұқым қуалаушылықтың стреотиптi реакциясы ретiнде: қорқыныш, ашу-ыза, махаббат сезiмдерiн жағдайдағы терминi арқылы қолдануды сынды. Мысалы, қорқыныш төменгi реакцияларда байқалады:

  1. аяқ астынан дем алуды тоқтату;
  2. орынсыз қолмен басып салу;
  3. қабақтың аяқ астынан жұмылуы;
  4. ерiндi алдыға жылжыту, кейiн жылау, кейбiреуiнде - қашу, безу және тығылу. 

Қорқыныш  келесi стимулдармен шақырылады:

       а) қорғаныстан аяқ астынан айырылу;

       б) қатты дауыстау;

       в) ұйықтап жатып селк ете түсу;

       с) ұйықтап жатып көрпенi тартып алу.

     1927 жылы М. Шерман киносъемка арқылы 4 стимулға (сәл биiктен құлау,  түйреуiшпен пiсiп алу, бас қозғалыстарына  шек қою, ашыққандық  жағдайы)  жауап қайтару реакцияларын ұсынды, дегенмен бұл реакциялар дифференциалды  болмағандықтан, 3 тәуелсiз ұжым тек қана нақты реакцияларды сипаттай алды [23, б.18].

     Кейiн  К. Бриджес жалпы қозудың алғашқы  күнiнде негiзделген эмоцияның  онтогенездiк дамуын ұсынды. Мұндай көңiл-күйден 3 айлық балада  ренжу  мен рахаттану байқалады, одан кейiн  ренiштен ызалану; 4 айлық балада бас тарту; 5 айда – қорқыныш көрiне бастайды. Рахаттанудан 1-шi жылы қуаныш және бауырмалдылық – яғни, 9-11 айда байқала бастайды [23,б.19].

     Р.Спитц  және К.Вулер, американдық психологтар, жымиюдың онтогенездегi даму сатысын  көрсеттi. Сонымен шешесiнiң магнитафондағы дауысы, балада бұрынғыдай жымию реакциясына әкелмейдi

       Балада алғашқы ұнату сезiмдерi пайда болуынан кейiн синтония, яғни басқа адамның эмоционалды  көңiл-күйiне назар аудару қабiлетi  ретiнде қалыптаса бастайды. Жоғарыда  айтылғандай бiреу үшiн әуре болу, уайымдау қабiлеттерi балада мектеп жасына дейiнгi кезеңде байқалады [23, б.20 ].

       З.Фрейдттен бастап, психикалық денсаулықтың  критерийi ретiнде махаббат пен  бауырмалдылық қабiлетi адамның  нормальдi жетiлiп, дамуының фундаментальдi  мiнездемесi екенiн барлық iрi психологтар мен психиатрлар мойындайды. Әрқашан да баланың тәрбиесiн қолға алып, оны бағып-қағып отыратын негiзгi фигураның жоқтығы, жетiм балалар мекемелерiндегi тұрақсыздық пен қоршаған ортаның әлеуметтiк көптiлiгi, бала бойындағы тұрақтылық пен қорғаныс сезiмiне әкелiп соқтырады, бұл оның эмоционалды дамуына және бауырмалдылықтың қалыптасуына керi әсерiн тигiзедi, оған қоса баланың жақындаушылық пен махаббатқа қарапайым ынтасын шорт сындыруға мүмкiншiлiгi бар. Мұндай балаларда келешекте психикалық дамудың басты сезiмi, әлемге сенiмдiлiк көзқараспен қарау қоры мүлдем болмайды. Бүкiл дүние жүзi олар үшiн оқыс, сенiмсiз болып көрiнедi. Бауырмалдылық сезiмiнен кейiн пайда болатын қайта оралмас сәттерi, жан-жақтарынан қорғай алатын сезiмсiздiк-қорғаныс механизмiнiң қалыптасуына әкеледi [9, б.25]. Ресейлік зерттеу мекемелердегi тәрбиеленушiлердiң жеке тұлғалықтың ерекше түрiнiң қалыптасуы жайлы идея айтылады. Өз-өзiн реттеу механизмiнiң дамымауы әр түрлi қорғаныс реакциялардың қалыптасуымен кәмпескеленедi. Сөйтiп, шығармашылық ойдың орнына шаблонды ой, мiнез-құлық  жүрiс-тұрыстың орнына сыртқы бақылауға деген бағыттылығын, еркiндiлiгi қиын жағдайлардан өз бетiмен шығу қабiлетiнiң орнына – ренiшке шеттен шығаратын аса толқынды эмоционалдылыққа жауап қайтару тенденциясы. Қарым-қатынастың адекватты дефицитi баланың басқа адамдарға агрессивтi-негативтi көзқарас позициясына әкеліп соқтырады. Бұл сибстарда да байқалады. Мұндай балаларда өзiнiң бауыр-қарындастарына да туысқандық сезiмi айқындалмайды, және де қоршаған ортадағы адамдармен эмоционалды адекватты, конструктивтi  қарым-қатынасты  орнатуға  қабiлетi болмайды [31, б.45-46].

Информация о работе Эмоция