Эмоция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 14:53, курсовая работа

Описание

Бұл курстық жұмыста кіші мектеп жасындағы оқушылардың эмоционалдық дамуы, мектепеке, сабаққа деген эмоционалдық көзқарастары қарастырылған.
Эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар шындықтын жүйкеде сәулеленуін айрықша бір түрі .

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3


1.1 Жеке адам дамуындағы эмоцияның алатын орны …….. ……7

1.2 Эмоция теориялары...........................................………...........13

1.3.Кіші мектеп оқушыларының эмоциясының даму ерекшеліктері...................................................................................17

1.4 Кіші мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалауының оқу табыстылығына әсері……........…………………………………27
Оқытушының бағалауы мен кіші мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалауындағы өзара байланыс...........................39

Қорытынды....................................................................................................…69

Қолданылған әдебиеттер тізімі .......................................................………71

Работа состоит из  1 файл

эмоц.doc

— 807.00 Кб (Скачать документ)

     Іс-әрекет субъектісі ретіндегі индивидтің даму деңгейі негізгі іс-әрекеттегі сәттілік көрсеткіштері, немесе іс-әрекет сапалылығын анықтайтын тестер арқылы алынады. Мұнда екі интеллектуалды тест қолданылған. Вербалды және вербалды емес. Вербалды тест ретінде (ТЗС) М. Хойоновскийдің «тест знания слов» тесті, ал  вербалды емес тесті ретінде  Равеннің (ТМС) матрицалардың стандартты версиясы қолданылған.

     Горбатков зерттеуді 100 адамға жүргізген. Балалар үйінің 50 баласы (ДД) және қарапайым жанұяда тәрбиеленетін балалар саны 50. балалардың жас ерекшеліктері 12-14 жас аралықта. Сондағы зерттеу нәтижесінде балалар үйінде тәрбиеленетіндердің интеллект көрсеткіштері қарапайым жанұяда тәрбиеленетін балалардан төменгі деңгейде. Айырмашылығы (р<0,0001). Яғни, бірінші зерттеу де мазасыздық пен қуаныш арасындағы корреляция (r=-0.57; р<0,0001). Нәтижесінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің көрсеткіштері жағымды жағымсыз эмоциялардың тәуелсіздігі айқындалынады. Ал қарапайым жанұяда тәрбиеленетін оқушылар реципроктілік байланыстың бар екеніне көзіміз жетті [14 ,б. 62-69].

     Төменгі мектеп оқушылардың эмоционалды  күйлерінің ерекшеліктерін зерттеуге  байланысты Е.Е. Чернухина зерттеу  жұмыстарын Орел атты Ресей қаласындағы 3 мектепте 1999-2001 жылдар аралығында эксперименттерін жүргізген. «НОВА» сұрақнамасын (напряженность, обида, вина, агрессия) және әртүрлі түстерді сезіну немесе түйсіну методикасын «Эмоциональные состояния» тағы да шығармалары [29, б.59].

     Бастауыш мектеп оқушылардың 110 оқушысы зерттелінгенде, 1 сыныптағы 80% оқушысы үйде жағымды эмоцияларды (қуаныш, көңілді болу, мазасызданбау) деген көңіл күйде болатынын көрсетті.

     Сонымен, бастауыш мектеп оқушылардың актуальді  эмоционалды күйлерін анықтағанда, жағымды эмоционалды күйлерді балалардың – 60%, нейтралды – 35%,  және жағымсыз – 25% көрсетті.

     II және III сынып оқушыларды анкеталағанда агрессия күйі орташа деңгейде балалардың 18% II-ші сынып оқушылары, 28% -  III-ші сынып оқушылары. Өкпелеу және кінәшілік күйлері балалардың 20% кездесетіндігі, ал жоғары эмоционалды қысым балалардың 22% диагносталынады.

     Алынған әдістемелердің нәтижелерін анализдегенде  жағымсыз эмоциялардың себептерін төмендегі  критерийлерге жатқызуға болады:

    1. «бала - мұғалім» (37% балада);
    2. «бала - құрдас»  (18% балада);
    3. «бала – ата-ана»  (45% балада).

     Е.Е.Чернухина  байқауы бойынша жағымсыз күйлерді сауатты коррекциялау үшін эмоцияларды  бірте-бірте мәдени түрде қалыптастыруы  шарт [13, б. 26-30].

     Кэррол  Эллис Изард (1972) мазасыздықты, бірнеше аффективті фактілерден тұратын эмоционалды паттерн ретінде қарастырған. (ДЭШ+Т) құрылымды әдістеме колледждің 339 студентіне ұсынылған. Бұл сұрақнамаларды толтырған сәтте зерттелінушілер өздерін ыңғайсыз, мазасыздық жағдайында болған жағдайды елестетуді талап еткен [52, б.63-64].

     ДЭШ афроамерикандық тұқымдас студенттерге ұсынылған. Кезінде қаланы жергілікті полиция қызметкерлері қарулы күштерін қолданғанда бірнеше студент  жараланып, екеуі қаза тапқан. Осы  мәселені еске ала отыра студенттер ДЭШ толтырған еді. Эксперимент көрсеткендей, қорқыныш, мұңаю, ызалану, ұялу және қызығушылық көрсеткіштері бұл студенттерде жоғарғы көрсеткішке ие болды, яғни бұл мәліметтер эмоцияның құрамындағы мазасыздықтың феноменологиялық паттерні ретінде қарастырылғаны жөнінде дәлелдейді [52, б.66].

     Келесі  зерттеуде Бартлетт колледждің 160 студентіне өткізген. STAI сұрақтаманың нәтижесінде  жоғарғы мазасыздықта және төменгі  мазасыздықта болатын екі топқа  бөлген. Екі топ ДЭШ екі рет  толтырған. Бірінші рет жатақханада, белгілі бір мазасыздық жағдайды елестете отыруда, ал екіншісі емтихан тапсыру алдында, яғни реалды мазасыздық пайда болғандағы жағдай.

     Балалардағы мазасыздық феноменологиясын зерттеуді  Биамбер мен Изард (STAIC) мазасыздық пен мазасыздану шкаласы арнайы балалар үшін жасалынған әдістемені қолданды. Анализ нәтижесі суретте көрсетілген.

     Изардтың  бұл зерттеу жұмыстарына қарайтын болсақ, мазасыздық көрсеткішін тек  қана жалғыз көңіл күй қырынан  емес, барлық эмоциялардың жиынтығынан  құралған паттерн ретінде қарастыру  қажет екенін аңғарамыз.

     Кейбір  зерттеушілер бойынша бағалау тәсілі.

     Bербалды  ақпараттың тағы бір түрі –  бұл басқалардың пікірі бойынша  зерттелініп отырған объектінің  бойындағы агрессияның бар-жоқтығы.  Бұл зерттеуді көбінесе балаларға арнап қолданады. Бағалау әдейі зерттелініп отырған адамды танитын немесе оның қоршаған ортасында жиі кездесетін адамның пікірі бойынша немесе ата-ана, құрбы-құрдастардың, класстас-группалас адамдар арқылы алынуы да мүмкін. Мұндай зерттеудің артықшылығы – зерттелініп отырған объектінің өзі жайлы Берген мәліметіне қарағанда басқа біреудің берген ақпараты объективтірек болатындығында. Мысалы: жауапта «қызығушылығы» жоқ, себебі мәлімет нәтижесі өзі туралы емес, дегенмен, осы әдістеменің кемшілігі бұл бағалап отырған адамның зерттелініп отырған субъектіге адекватты баға бере алуы-алмауы және де субъектіні қалай қабылдайтынына байланысты [52, б.69].

     Паттерсен айтуы бойынша зерттелініп отырған  субъектімен қарым-қатынаста болған бағалаушы адам арасындағы байланысты зерттеуге өз әсерін тигізеді. Бұл ата-ана мен балалар арасындағы екі мәселеге тіреледі:

  1. Жиіде ата-ана зерттеушіні қызықтырып отыратын мәселені басты орынға қоймайды.
  2. Жиіде ата-ана позитивті тенденцияларды аса асырумен, ал негативтілікті аса кемсітумен бағалайды, яғни зерттеушіге бәрібір, қандай сұрақтарды қою туралы біреу ойлануы қажет [22, б.20].
 

    2.2 жетімдер үйінде тєрбиеленушiлердiң эмоционалды сферасының          ерекшелiктерiн зерттеу нєтижелері 

     Біздің  зерттеуіміздің мақсаты: ж.т.м.т-дің  эмоционалды сферасының ерекшеліктерін анықтау, ал психологиялық әдебиеттерде берілген әдістемелердің кез келгенін немесе дәл берілген нұсқасында жабық түрдегі мекеме тәрбиеленушілеріне қолдануға келмейді. Бұл жабық түрдегі мекемелерде жұмыс жасаудың ең бірінші ерекшелігі. Талдалынып алынған әдістеменің өзі бейімдеуді қажет етеді. Сондықтан біз дипломдық жұмыстарымыздың эксперименталды бөлімін бастамас бұрын, балалардың эмоционалды сферасына жүргізілген, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жүргізілген зерттеу жұмыстарын қарастырып өткенді жөн көрдік. Осы аталған зерттеулер негізінде өз жұмысымызды құрдық.

     Аталған бағыттағы зерттеу жұмысымызда  Спилбергердің мазасыздықты зерттеу  сұрақтамасы, Басса-Дарки шкаласы  және нәтижелерге қосымша дәлел  ретінде РНЖ (рисунок несуществующего  животного) проективті әдісін қолдандық. Дипломдық жұмысымызда жаңа құрылымдағы балалар ауылы, балалар үйі және жалпы жанұя тәрбиеленушілердің эмоционалды ерекшеліктерін анықтаймыз, сондықтан зерттеу әдістерімізге аталған 3 тәрбие беру мекемелері үшін де жарамды болуы шарт еді.

     Эмоционалды факторлардың бірі ретінде мазасыздықты алып отырмыз. Оған қатысты Ч.Д. Спилбергтің реактивтілік деңгейін бағалау және жеке мазасыздықты анықтау шкаласын қолдандық. Бұл әдістемені орыс ғалымы  Ю.Л. Ханин адаптациялаған.

     Жеке  мазасыздық бұл қоршаған ортада пайда болған жағдайларды өзіне деген белгілі бір сенімсіздікпен қарайды. Ал реактивті мазасыздыққа қысым, бір орында отыра алмаушылық, тітіркенушілік (нервозность) тән. Реактивті мазасыздықтың жоғары болуы зейіннің бұзылуына, координацияның бұзылуына әкеліп соқтырады. Жеке мазасыздықтың аса басым болуы невротикалық қақтығыспен, және де эмоционалды невротикалық ауытқумен психосоматикалық ауруларымен тікелей байланысты [16, б.58].

     Бірақ та мазасыздықты негативті жағынан  ғана қарастыруға болмайды. Мазасыздықтың белгілі бір деңгейі белсенді тұлғаның көрсеткіші. Сонымен қоса, «пайдалы мазасыздықтың» оптималды деңгейі де кездеседі. Бағалау шкаласы екі бөлімнен тұрады: реактивті (РМ, №1-20 сұрақтар) және жекеше (ЖМ, №21-40 сұрақтар). Әдістеме 15-20 минутқа созылады. Басқа әдістемелерге қарағанда, Ч.Д. Спилбергтің мазасыздықты анықтау шкаласы неғұрлым қолдануға жеңіл [8, б.66].

     Эмоцияның екінші факторы ретінде агрессия деңгейін алып отырмыз. Агрессияны анықтау  үшін Басса-Дарки сұрақнамасын қолдандық. Лоренд Адри айтуы бойынша агрессияны әртүрлі авторлар әртүрлі сипаттайды. Біреулер агрессияны тумадан пайда болатын қасиеттердің бірі ретінде мәлімдесе, екіншілері агрессия – бұл өзінің туған мекен-жайын қорғау үшін қажетті құрал ретінде сипаттаған. Кез келген қасиеттердегідей агрессияның көрініс деңгейі төмен және жоғары болып анықталады.

     Әрбір жеке тұлға агрессивтіліктің белгілі  бір деңгейіне ие болуы қажет. Агрессияның жоқтығы аса басым  пассивтілікке, ал тым жоғары деңгейі  бүкіл тұлғаны қақтығыстық жағдайларға  итермелейді. Дара агрессивтіліктің өзі субъектіні саналы түрде оқыс деп жасамайды, біріншіден – агрессия мен агрессивтілік арасында тікелей байланыс жоқ, ал екіншіден – агрессия актінің өзі саналы түрде оқыс және рұқсат етілмейтін түр-пішінге ие болуы мүмкін емес [17, б.77].

     Тұрмыстық санада агрессивтілік сөзі «қасақана  бағытталған белсенділік» деген  сипаттамаға синоним ретінде  бейнеленеді. Дегенмен, деструктивті мінез-құлық-жүрістің өзі «қасақана бағытқа» ие болмайды, мұндай бағытты, мақсатқа жету үшін пайдаланылған іс-әрекет мотиві тудырады.

     Агрессивтілік көріністерін екі түрге бөлуге болады. Біріншісі – мотивациялық агрессия, яғни өз-өзін бағалау ретінде, екіншісі – құрал-жабдықты (мұндағы агрессия саналы және санасыз түрде өтуі мүмкін және де эмоционалды күйлермен байланысты. Мысалы: ашу-ыза, қарсыластық).

     Жеке  тұлғаның бойында болатын деструктивті бағыттардың деңгейін анықтағанда  мотивациялық агрессия көптеген практик  психологтарды қызықтырады. Ал Басса-Дарки  сұрақнамасы мотивациялық агрессияны зерттейтін диагностикалық процедуралардың бірі [7, б.56].

     А. Басс  қарсыластық  пен агрессия  ұғымдарын  бөліп,   қарсыластықты  « құбылыстар мен адамды жағымсыз сезімге итермелейтін және жағымсыз жағынан бағалайтын реакция» -деп, сипаттаған. А. Басс және А. Дарки агрессия мен қарсыластық көріністерін сорттайтын сұрақнамада реакцияның келесі түрлерін айқындайды:

  1. Физикалық агрессия – басқа біреуге қарсы физикалық күшті пайдалану.
  2. Жанама – біреуге жанама түрде немесе ешкімге бағытталмаған агрессия.
  3. Қозу – сәл ғана қозу пайда болса да, жағымсыз сезімдерді көрсетуге дайын тұру.
  4. Жағымсыздық -  тұрақталынған заңдар мен дәстүрлерге қарсы бағытталған мінез-құлық жүріс-тұрыстағы пассивті қарсыластықтан белсенді күреске дейін көрінетін оппозиционды қылық.
  5. Реңіш – қоршаған адамдарға шынайы және ойдан шығарылған іс-әрекет үшін іштарлық және жеккөру көзқарастары.
  6. Күдіктілік – адамдармен қарым-қатынас жасағанда сенімсіздік пен байқампаздық диапазонында сезіну.
  7. Вербалды агрессия – жағымсыз сезімдердің сөз арқылы (қорғау, қорқыту) және жағымсыз сезім арқылы (айқай, шу) көріністері.
  8. Кінәлілік сезімі – субъектінің өз-өзін  кінәлі  сезінуі және де өз-өзіне жаман адам болып көрінуі, соған  бағытталған  агрессия  көрінісі  [6, б.56-58].

     Сұрақнама 75 тұжырымнан құралған. Зерттелінуші сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әдістеме 20-35 минут уақытын алады.

     Қосымша әдістеме ретінде біз «Рисунок несуществующего  животного» әдістемесін пайдалануды  жөн көрдік. Бұл әдістеме жеке адамды зерттеуге бағытталған проективті методикалардың бірі. Ең алғаш әдістемені М.З. Друкаревич ұсынған. Зерттелінушіге дүниеде жоқ жануарды ойдан шығарып оны қағаз бетіне салуды ұсынады. Оған қоса жануардың белгілі бір атын таңдап алуды талап етеді. Көптеген мәліметтерді қарастыратын болсақ, зерттеу жұмыстары стандарты түрде орындалады деп көрсетуге болмайды. Себебі, салынған суреттер әртүрлі қағаз беттерінде, кейде түрлі түсті қарындаштың көмегімен, ал кейде мүлдем бір ғана қарындаш арқылы салынады, т.с.с.). Суреттерді бағалау үшін арнайы жасалынған жалпы анықтау жүйесі толығымен және нақты көрсетілмейді. Басқа проективті әдістемелер сияқты «дүниеде жоқ жануар» тесті жеке адам ерекшеліктерін, кейде шығармашылық потенцияны диагностикалауға бағытталған. «ДЖЖ» әдістемесі СНГ психологтар арасында кең қолданылады, ересек және балаларға; әсіресе бағдарлаушы әдістеме ретінде ауру және сау адамдарға пайдаланылады.  «ДЖЖ» әдістеме ванидтілігі қанағаттанарлық нәтижелерге ие [6, б.59-60].

     Біздің  елімізде де қазіргі күнде жетім  және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар мәселесі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып отырғандығы анық жай.

Информация о работе Эмоция