Эмоция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 14:53, курсовая работа

Описание

Бұл курстық жұмыста кіші мектеп жасындағы оқушылардың эмоционалдық дамуы, мектепеке, сабаққа деген эмоционалдық көзқарастары қарастырылған.
Эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар шындықтын жүйкеде сәулеленуін айрықша бір түрі .

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3


1.1 Жеке адам дамуындағы эмоцияның алатын орны …….. ……7

1.2 Эмоция теориялары...........................................………...........13

1.3.Кіші мектеп оқушыларының эмоциясының даму ерекшеліктері...................................................................................17

1.4 Кіші мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалауының оқу табыстылығына әсері……........…………………………………27
Оқытушының бағалауы мен кіші мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалауындағы өзара байланыс...........................39

Қорытынды....................................................................................................…69

Қолданылған әдебиеттер тізімі .......................................................………71

Работа состоит из  1 файл

эмоц.doc

— 807.00 Кб (Скачать документ)

     Республикамызда бүгінгі таңда 600-ге жуық жетім балалар  мекемелері ашылып, қызмет етуде.

     1990 жылы Қазақстан бойынша балалар  үйіне келген 0-3 жастағы сәбилер  саны – 121,4 болса, 2000 жылы ол 2,5 есеге көбейді, яғни – 292,7 болды. (Ресейде 2000 жылы – 386,7; Қырғызстанда – 63,4).

     Қазіргі кезде 73000-астам жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар тіркеуде тұр [8, б.5].

     Мамандардың пікірінше жетім балалар психикалық дамуы жағынан артта қалған. Мұндай балаларды қамқорлыққа алу шаралары да қолға алынды.

     Сондай  қайырымдылық шараларының бірі Сара Алпысқызы Назарбаеваның демеушілігімен, басшылығымен осы күнге дейін  қызмет етіп келе жатқан «Бөбек» қоры. Биыл балалар фонды «Бөбек» қорына – 12 жыл толады. Осы 12 жылдан бері қор өте көптеген игі жұмыстар атқарып келе жатыр. 2001 жылы 24 сәуірде Шығыс Қазақстан Облысында, Өскемен қаласы, Ахмер ауылында ұйымдық-құқықтық формадағы мекеме ретінде «Балалар ауылы» ашылды [2, б.23].

     SOS «балалар ауылы» бұрыннан қызмет етіп келе жатқан елдерде (Австрия, Германия, Польша, т.б.) «ана» болып қызмет атқару үшін алдымен «ана» көмекшісі қызметін атқаруы тиіс. Мұнда болашақ «ана» балаларымен жұмыс істеуге үйреніп «ана» болуға өзін-өзі даярлайды, өз қабілетін байқап көреді, психологиялық тексеруден өтеді, тәжірибе жинақтайды [29, б.6]. Мұндай пікірге келу – сол елдерде тәжірибенің молдығын көрсетеді. 

     Балалар ауылында тәрбиеленушілерге зерттеу  жұмыстарын жүргізуде біршама қиыншылықтар, бөгеттер кездесті:

     - Мұндағы балалардың көбі орыстілінде  тәрбиеленіп жатқандықтан, эмоционалдық  сфераның ерекшеліктерін анықтауға  арналған әдістемелерді орыс  тілінде жүргізуге тура келді.

     - Зерттелінушілердің жас кезеңдері  әртүрлі болғандықтан, әдістемені  сол себепке байланысты таңдап, іздестіруді қажет етті.

     -Тәрбиеленушілердің  біраз бөлігі бірінші ауысымда, ал екінші бөлігі екінші ауысым  кезеңде оқитындықтан, әрі оқуларынан  бос уақытта балалардың көбі  қосымшаларға, түрлі үйірмелерге  қатысатындықтан, әр баламен индивидуалды түрде немесе шағын топ түрінде (2-3 бала) жұмыс жүргізілді.

     -Кейбір  зерттелінушілер зерттеуге қатысуға  қарсылық білдіріп, тест сұрақтарына  жауап беруден бас тартты.

     -«Балалар  ауылы» жастайынан жетім қалған  балалар және ата-анасынан айрылған  балалар тәрбиеленетін жабық түрдегі мекеме болғандықтан, жүргізілетін әдістемелерді таңдауда ең алдымен балалардың негізгі ерекшеліктері ескеріліп, қажет болған жағдайда әдістеменің кейбір керек тарауларына біраз өзгерістер енгізіліп, мекеме психологымен кеңесе отырып жұмыс жүргізілді.

   Қызмет  мерзімі шектеусіз.

     Балалар ауылының құқықтық жағдайы: 

    6 Мемлекеттік  тіркеуден кейін Балалар ауылы  құқықтық тұлға құқығына ие  болды.

    7  Балалар ауылының банктерде есеп  және басқа да шоттары, белгіленген  үлгідегі дөңгелек мөрі, елтаңбасы (мемлекеттік акредитациядан өткен соң), банктері, мөртаңбаның және басқа да реквизиттері екі тілде (орыс және мемлекеттік) болады.

    8 Балалар  ауылы басқа құқықты тұлғаға  құрылтайшы болуға тәуелсіз.

    9 Балалар  ауылы жасаған азаматтық-құқықтық  келісім Қ.Р. Үкіметі белгіленген тәртіпке тіркеледі. Балалар ауылы келісім шарт міндетемеіне орай білім беру, тәрбиелеу, білім беру бағдарламаларын игерту;

    - тәрбиеленушілердің  денсаулықтарын сақтауды қамтамасыз  ету;

    - тәрбиешілердің  құқықтары мен мүдделерін қорғау.

       «Үміт» балалар үйі 1996 жылы С.А. Назарбаеваның инициативасы бойынша «Үміт» баланы дамыту үйі негізінде 1999 жылы сәуір айында құрылған еді. 1989 жылдан 1996 жылға дейін  қорғасын-мырыш комбинатының «Меруерт» атты бала бақша болып ресми түрде танылған.

     Қазіргі кезде балалар үйінде 270 тәрбиеленуші, олардың ішіндегі 10 бала мектепке дейінгі  болса, қалғандары 1-11 сынып оқушылары. Балалар №42 орташа қалалық мектепте оқытылады. Сонымен қоса заңгер колледжінде  оқитын 2 студент, 3-уі – ПТШ, 1-уі –  элитарлық физико-математикалық лицейде білім алуда.

     Балалар үйі 10 топқа бөлінген (1-уі изолятор).

     Балалар үйінің директоры жоғары дәрежелі педагог  – Бейсеканова Майра Баймукановна. Балалар үйінде әлеуметтік педагог, психологтар, логопедтер, дефектолог, музыка мұғалімі, хореограф, дене тәрбиешісі, еңбек нұсқаушысы, қазақ тілі мұғалімі, сурет салу мұғалімі, 24 тәрбиеші, педиатр-дәрігері және 6 медициналық жұмысшы қызметін атқаруда. Сонымен қоса балалар үйінде төменгі үйірме түрлері де бар: «Қазақ тілі», «ИЗО», «Хореография», «Акробатика», «Ағылшын тілі», «Драмалық», «Күрес», «Қыздар хоккейі», «Умелые руки», «Кулинарный», «Вокал», бұл үйірмелер баланың жекеше дамуына зор үлес қосады. Өз-өзін басқару комитеті жұмыс істейді, «Умитовская команда», «Жас заңгер» отряды, және де жастар клубы да ашылған.

     Балалар үйіне келген балалардың бойындағы  төмендегі мәселелерді шешуге мақсат қойылды: білім алу жүйесінің  бұзылуынан тәрбиеленушілердің білімге  деген қызығушылығы жоққа тән, олар үшін (әсіресе жаңадан келген) күн  тәртібі, жауапкершілік, өз-өзін басқару, сәттілікке ұмтылу, инициативтілік, тәртіптілік деген ұғымдар мүлдем болған жоқ. Әдептіліктің төменгі деңгейі, құқықтық нормалар жөніндегі теріс ұғымдары (бірінші жылы) балалардың 50%-і психикалық дамудың тежелінуі коррекциялы-дамыту жұмыстарын қажет етті.

     Өмірге  деген тұтынушылық көзқарасы; рухани құндылықтардың, әлеуметтік және саяси  өмірге қызығушылықтың жоғалуы –  бұл қазіргі заманымыздың «қайыршы»  адамдар қатарына қосылуы, мұндай тәрбиеленушілердің тәрбиешісінен әлеуметтік себептерге байланысты жастайынан ешкім айналысқан жоқ. Сондықтан да білім жөніндегі Заңға сәйкес ең алдымен балалар үйінің түлегі моделін анықтауды жөн көрді.

     Жоғары  дәрежеге жету үшін тәрбие процесін бірнеше  блоктарға бөлді:

       «Я  сам» блогы.

     Мұнда баланың таным мотивтерін дамытуға, интеллектуалдық қабілеттерін жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалынады. Балалар ересек пен құрдастарымен тіл табысуға, бір-бірімен достасуға, мінез-құлық жүріс-тұрыстың моральды нормаларын игеруге; әртүрлі өзін-өзі басқару үйірмелеріне қатысады, тәртіптің элементарлы қарапайым ережелерін сақтауға; адам өмірін, денсаулықты, бостандықты, және де намысын құндылық ретінде қарастыруға, өзінің іс-әрекетіне, өзінің жүріс-тұрысына саналылықпен қарауға, зорлық пен қаталдыққа жағымсыз көзқарас білдіруге, басқа жеке тұлғаның құқығын бұзбауға үйренеді.

     Баланы  қоғамдағы болашақ өміріне даярлық  ретінде ең басты баланың бойындағы  оқуға деген қызығушылығын ояту үшін шаралар қолданылады. Мысалы: «Лидер XXI века», «Мисс Үміт», т.б. ойындары жүргізіледі.

     Тәрбиелілік мәселелер рухани-адамгершілік бағыттар арқылы, өз-өзін тәрбиелеу арқылы, өз-өзін тану арқылы «КВН», «Брейн-Ринг», «Детское царство» ток-шоу, викторина, диспут, аукцион, интерактивті әдістемелердің көмегімен  әрбір баланың жеке даралылық  қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туғызады.

     Саясат  жағынан өзін-өзі тануды, тәрбиелеу  үшін, балаларды азаматтық міндетке дайындау үшін арнайы қалалық маслихат депутаттарымен кездесуді ұйымдастырады, яғни тәрбиеленушілерді мемлекеттік  тұрғыдан ойлауға қазірден бастап үйретеді.

     «Үміт»  балалар үйінде өз-өзін басқару комитетінде 15 адам мүшесі бар. Сөйлеу әрқашанда  демократиялық жағынан сипатталынады.балаларға  өз-өзін басқару, өз үйімен басқару  өте ұнайды.

     «Здоровый образ жизни» блогы.

     Мұнда алкоголь, шылым шегу, наркомания мәселелері жайлы сауатты білім алу, санитарлы-гигиеналық дағдыларға үйрену бағыттары қолданылады. Оған қоса «Здоровье», «Помоги себе сам» клубтары жұмыс атқаруда. Көкке шығу экскурсиялары, жыныстық тәрбие, валеология пәні бойынша сабақтары жүргізіледі. Мұндағы денсаулық жүйесі «Детка» жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Балалар үйі ішінде 270-тің 210 тәрбиеленушісі сумен шайынады, ал қалғандарына дәрігерлердің рұқсаты жоқ.

     Физикалық дамыту мақсаттарына орай гимнастика, волейбол, футбол, шейпинг, самбо секциялары ашылған.

     «Туған  жер» блогы.

     Мұнда этнопедагогиканы, халық мәдениетіне, салт-дәстүрге, тарихқа қызығушылықты  оятуды тәрбиеге қолданады, яғни қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу. Ол үшін әр жұма күні балалар үйінде «қазақ тілі»  күні, яғни бұл күні барлық балалар қазақша сөйлеуге тырысады. Мұндай шараның мақсаты тәрбиеленушілерге құндылығын түсінуге бағалауға көмектеседі.

     «Культура»  блогы.

     Бұл блоктың мақсаты тәрбиеленушілердің сана сезімінде қоршаған орта жайлы, табиғат жайлы, яғни дүниені бүкіл  палитра түстерінің негізінде қарастыруға үйрету.

     «Дело»  блогы.

     Мұнда тәрбиеленушілерді еңбекке баулуға, еңбек іс-әрекетіне өзінше көзқарас құрастыруға көмектеседі.

     Еңбек тәрбиесі – территория бойынша: асхана, киім жуу бөлімдерінде күзет шараларын  атқарады.

     Бұл блоктың ең басты мақсаты – бұл тәрбиеленушілерді кез келген еңбек түрін ерінбей, қызығушылықпен, қуанышпен орындауға, жұмысты аяғына шейін жеткізіп, нәтижесін алуға дағдыландыру.

     «Үміт»  балалар үйіндегі тәрбиеленушілер  жаз бойы өз бақшаларына қарап, соның арқасында дастархандары қысы-жазы жеміс-көкеністерімен ерекшеленеді.

     «Коррекционно-развивающий» блогы.

     Коррекциялық  бағдарлама баланың рефлексті санасын  дамытуға зор қызметін атқарады. Мұнда  тәрбиеленушілер өз эмоционалды  күйлерін ажырата алуға өз «менін» ашуға, өз күштерін сынауға, өз көңіл-күйлерін бақылауға мүмкіндік алады [28, б.3-11].

     1965 жылы К. Гевирц сәбилік кезеңдегі  балалардың бойындағы «жымию»  немесе күлу күйлерінің ерекшеліктерін  анықтау мақсатымен израильдік  балаларға зерттеу жүргізген.  К. Гевирц 3 түрлі мекемеде: біріншісі – бұл мемлекеттік мекемедегі тәрбиеленетін сәбилер. Екіншісі – сәбилердің израильдік ірі қоғамдық тәрбие түрлерінде, яғни ауылдық тәрбие көрінісі (кибуцы), және де үшінші шарт бұл қарапайым толық жанұяда тәрбиеленген сәбилердің көрінісі. Бұл зерттеудің нәтижелерін төмендегі 2.2.1 гистограммасынан  көруге болады.

     Біздің  атқарып отырған зерттеу жұмысымыз  осы зерттеуге ұқсас, нақтырақ тоқталсақ  шарттары бір-біріне ұқсас келеді.

     Эксперименталды топтардың бірі – ол жабық түрдегі мекеме ретінде Ахмер балалар ауылы, екіншісі – «Үміт» балалар үйі. Бақылау тобы ретінде №20 орта мектеп оқушыларын зерттедік.

     Эксперименталды топ 50 баладан тұрады. Бақылау тобы 25 бала. Барлығы экспериментке қатысқан 75 бала.

     Үш  мекемені бір-бірімен салыстырғанда агрессия көрсеткіштерінің вербалды түрі үшеуінде де басым деген мәлімет берді. Балалар ауылы – 32%; «Үміт» балалар үйі - 60%; №20 мектеп - 14%.

     Ал  мазасыздық деңгейі екі эксперименталды  топ құрамында жеке тұлғалық мазасыздығы  басым болды, ал №20 мектеп оқушыларының арасында реактивті және жеке тұлғалақ мазасыздық көрсеткіштері аралас, яғни теңбе-тең деп айтуға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2.1 Израиль  балаларының жымию жиілігі

     Болжамға  байланысты агрессия көрсеткішінің  көріну формалары мазасыздықтың  деңгейіне байланысты. Сондықтан да болжамымыздың нақтылы сәйкестілігін анықтау үшін әрбір топтағы көрсеткіштерінің арасындағы байланысты анықтадық. Ол үшін Балалар ауылындағы вербалды агрессиясы бар  тәрбиеленушілерді олардың мазасыздық деңгейлері арасындағы байланысты анықтадық.

     Нәтижесінде реактивті мазасыздық пен вербалды агрессия арасындағы байланыс 0,173>0,88 болып анықталды. Ал жеке тұлғалық мазасыздығын вербалды агрессиямен салыстырғанда, нәтижесінде 0,985>0,88 деген көрсеткішке  ие болды, яғни мұндағы эмпирикалық мәлімет Б.А. Сосновский кітабының тіркемесінде көрсетілгендей корреляция мәнді болып тұратындығын айқындайды.

     Екінші  эксперименталды топты қарастырғанда  вербалды агрессия мен мазасыздық деңгейі  арасындағы байланыс бірінші жағдайда 0,719>0,01; ал екіншісінде 0,693>0,01 тең болды, яғни корреляция мәнді болып анықталды.

Информация о работе Эмоция