Эмоция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 14:53, курсовая работа

Описание

Бұл курстық жұмыста кіші мектеп жасындағы оқушылардың эмоционалдық дамуы, мектепеке, сабаққа деген эмоционалдық көзқарастары қарастырылған.
Эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар шындықтын жүйкеде сәулеленуін айрықша бір түрі .

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3


1.1 Жеке адам дамуындағы эмоцияның алатын орны …….. ……7

1.2 Эмоция теориялары...........................................………...........13

1.3.Кіші мектеп оқушыларының эмоциясының даму ерекшеліктері...................................................................................17

1.4 Кіші мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалауының оқу табыстылығына әсері……........…………………………………27
Оқытушының бағалауы мен кіші мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалауындағы өзара байланыс...........................39

Қорытынды....................................................................................................…69

Қолданылған әдебиеттер тізімі .......................................................………71

Работа состоит из  1 файл

эмоц.doc

— 807.00 Кб (Скачать документ)

     В.Н. Ослон , А.Б. Холмогоров өздерi жүргiзген зерттеулерiнде жетiмдер үйiнен шыққан балалардың дискотекадағы мiнез-құлық, жүрiс-тұрысына бақылау жасаған. Нәтижесiнде 18-21 жас аралықтағы ер жеткендер мен бойжеткендер тек қана өз тобында билеп, өзiнiң құрамына ешкiмдi кiргiзбеуге, ал егер ондайлар табылатын болса, оларға физикалық және вербалды агрессияны көрсетедi. Жетiмдер үйiнiң түлектерiнде өзiндiк құндылықтар мен бағдар принциптерi қалыптаспайды, бiрақ та өмiрде соншалықты тұрақталынған конформдылық пен басқаларға тәуелдiлiк қасиеттерi криминалды структураның құрамына баланың жеңiл батып кетуiне үлес қосады [35, б.65].

       Мемлекеттiк статистика бойынша  жетiмдер үйлерi мен интернат  түлектерiнiң 80%-i криминалды ортаға  түседi. Өкiнiшке орай мемлекеттiң  жетiм балаларды тәрбиелеуге арналған  материалды қаржысы  «контингенттiң»  криминалды структурасы мен түзету  мекемелерiне даярлау үшiн бөлiнетiнiн сеземiз [19, б.22]. 
 
 

    1.2 Жетімдер үйінде тәрбиеленушілердің эмоционалды сферасының даму ерекшеліктері 

       Жетiмдер үйiндегi балалардың жартысынан  көбi өз жанұясынан мектепке  дейiнгi балалық шақта айырылады.  Бұл жиi ата-анасының iшiмдiкке салынғандығына, өз баласына қамқорлық жасай алмайтынына байланысты. Баланы тиiстi мекемелерге бағыттағанда оның өмiрiндегi қандай өзгерiстердiң болып жатқанын ешкiм жеткiзбейдi, оны қойып мұндай өзгерiстердi енгiзуге келiсiмiн де сұрамайды. Баланы жабық түрдегi мекемелерге орналастырғаннан кейiн ата-аналарымен қарым-қатынасы көпке, немесе мүлдем үзiлуi мүмкiн. Осы түрдегi құбылыс бала өмiрiн күрт өзгертедi. Бiр жағынан ол материалды қамқорлыққа алынады, екiншi жағынан дамудағы сапалы өзгерiстер мен эмоционалды және әлеуметтiк байланыстар үзiледi де психикалық депривацияның қасиеттерiне ие болады [41, б.48].

       Зерттеулердi талдай отырып, жанұясынан  алай, нелiктен айырылып қалғаны  жөнiнде балалардың өздерi шығарған  аңыздар мен фантазияларды және архив деректерiн мысалға алуға болады. Соның бiреуiн қарастырайық:

       Олег, 10 жас.

       Ертегi: Баяғыда бiр бала өмiр  сүрiптi. Оның папасы, мамасы және  бауырлары болыпты. Ол өзiнiң  жанұясын, әсiресе папасын өте  жақсы көрген. Бiр күнi папасы  жұмыста болғанда, мамасы оған ыза болып, баланы жетiмдер үйiне апарып тастады. Әкесi үйге келгенде, ұлы жоқ едi. Әкесi қатты қапаланып, өз ұлын iздеп, таба алмайды. Арада уақыт өттi. Ұлы үлкейдi. Әкесi оны тауып алды, бiрақ үйiне алып кетпейдi, жетiмдер үйiне келiп тұрады, мамасының баланы қайта жетiмдер үйiне өткiзетiнiн қорқады. Бала әкесiн тауып алғанына қуанышты, бiрақ жетiмдер үйiнде бала қалғысы келмейдi [41, б.25].

       Өзi жайлы әңгiме. Менi ата-анам  менi мұнда ешқашанда әкелiп  бермеушi едi. Мен кiшкентай болғанда, менi емханадан тәрбиелеушiлер ұрлап алған. Ата-анам менi тауып алды, үйге алып кеттi, бiрақ одан ештеме шықпады. Тәрбиелеушiлер менi тауып алып, басқа қалаға алып кеттi. Менiң қайда екенiмдi ешкiм бiлмейдi. Бiрақ мен өз әкемдi тауып алған сияқтымын. Ол «Чайка» дүкенiнде теледидар жөндейдi (Соңғы 2 айда  Олег сабақтан қашып, дүкендегi әкесiне қарап тұрады. «Әкесiне» оны тауып алғанын әлi айтқан жоқ.).

       Архив деректерi. Сот шешiмi бойынша  3 жастағы бала жанұясынан алынып, ата-анасы ата-ана құқығынан айырылды. Белгiлi бiр уақыт аралықта инфекциялы ауруға байланысты емханада жатты, одан кейiн санаторийге, бұдан кейiн – мектепке дейiнгi жетiмдер үйiне ауыстырылды, мұнда 4 жыл өмiр сүрдi. Контактiлердi таңдап отырып орнатады, тұйық, байқампаз, баяу.

      8 жаста мектептiк жетiмдер үйiне ауыстырылды. Жанұямен қарым-қатынасы, мектеп-интернаттағы 2 бауырымен контактiсi жоқ [41, б.26].

       Осы мысалды қарастыра отырып, 3 мәлiметтi бiр-бiрiмен салыстыруға  болады. Архив деректерi бойынша  бала 3 жасынан бастап ата-анасымен  контактiсiнiң үзiлгенi байқалады. Балаға мұндай жағдайдың не себептi пайда болғанын ешкiм түсiндiрiп, ұқтыруға тырысатынын байқаймыз. Осы себептi баланың бойында түсiнбеушiлiк себебi қалыптасқан. «Нелiктен менi ата-анам осы үйден алып кетпейдi? Неге басқа балалардағыдай менiң жанұям жоқ?» сияқты сұрақтар баланы толғандырады. Осының негiзiнде бала әр-түрлi себептердi «менi емханадан тәрбиешiлер ұрлап алды», «тәрбиешiлер менi қайтадан тауып алып, басқа қалаға алып кеттi» деген осы сияқты фантазиялық ойларды шығара бастайды. Балаға ата-анасының махаббаты мен қамқорлық сезiмi қажет болғандықтан, бала санасыз түрде кез келген жағымды адамның тұрғысынан өзiнiң жақын адамы, жалғызы ретiнде көргiсi келедi. Соңғы уақыт аралықта сабақтан қалып, дүкендегi теледидар жөндегiш ағайдың келбетiнен өзiнiң сүйiктi «әкесiн» таниды. Мұнда Олег әкесiн әбден сағынып кеткенiн көрсетедi. Бiр жағынан бұл «оазистiң» болмауы баланың iшкi уайымын күрт ауырлататынына көзiмiз жетедi. Адамдардың барлығы өмiрдiң белгiлi бiр стимулына тырысады. Олег үшiн бұл стимул әкесiнiң, яғни не үшiн, кiм үшiн сүру керек? Мен әкеме керекпiн, мен жетiм емеспiн.... сияқты «дәлелдердi» стимулға алып отыруға тырысады.

       А.М. Прихожан және Н.Н. Толстых  бойынша жеткiншектiк кезеңiндегi балаларда жетiмдер үйлерiндегi «бiз» атты ұғымы ерекше психологиялық мәннiң қалыптасуы сипатталынады. Ата-анасыз қалған балалар бұл дүниенi «өзiмiз» бен «өзгелерге», «бiз» бен «оларға» бередi. Өзгелерге қарама-қайшылық көзқараста, агрессивтi, мақсаттарын жүзеге асыру үшiн пайдалануға дайын тұрады. Ал өз арасында құрбылар мен одан да кiшi жастағы балаларға қатiгездiктi көрсетедi. Адамдардан психологиялық бас тартушылық, болашақта заңды бұзуға iшкi жағдай туғызады [39, б. 37-39].

       В.И. Слуцкий өзiнiң зерттеулерiнде  М.В. Осоринаның «Освоение пространства дела: материализация своего Я» атты монографиясына негiзделедi. М.В. Осорина баланың меншiгi мен қоршаған балалардың, ересектердiң меншiк заттарына бiлдiретiн сыйласымдылық (әсiресе баламен бiрге тұратындар) көрсеткiштер арасындағы байланысты бiр жағынан, және де баланың жеке тұлғалық  дамуын екiншi жағынан орнатуға тырысты.

М.В. Осоринаның пiкiрi бойынша: баланың мүлiк-заттары  соншалықты қажеттiлiк құндылығы  ретiнде емес, баланың орынбасары ретiнде, яғни өзiндiк ерекшелiгiн  тұрақтауға, «мен» өзiмдiлiгiн жүзеге асыруға пайдасын тигiзедi. Басқаша айтатын болсақ, баланың жеке тұлғалықтың нормальдi дамуына, оның уникалдылық, өзiндiлiк құндылықтардың жеке даралық қасиеттерi жайлы әуреленушiлiк бала үшiн аса қажет. Балада өзiнiң бөлмесi (немесе үстелi, төсек орны, тұратын бұрышы) өзiнiң асханадғы орны (орындығы), өз ыдыс-аяғы, заттары мен киiмдерi және тағы басқа болатын болса, мұнда «өзiнiң» деген терминдi қарапайым материалды тұрғыдан емес, адамгершiлiк көзқарасқа назар аударыңыз. «Егерде бұл менiң төсек орным екенiн бәрi бiлсе, осы бөлмеде тұратындар оны мойындап, менiң меншiк құқығымды сыйлайтын болса, менің рұқсатымсыз онымен пайдаланбайды», - деп пiкiр бiлдiредi. М.В. Осорина былай деп жазады: «Өзiнiң жанұя құрамындағы адамдардың балаға деген оның – зат символдары арқылы сыйласымдылықты көрсету өте маңызды көрсеткiш. Бұл –  сенің орның; бұл –  сенiң үстелiң, сен оның иесiсiң, сенiң рұқсатыңсыз оған ешкiм тиiспейдi». Нелiктен осы сөздер бала үшiн аса маңызды? Өйткенi өз-өзiн сезiнушiлiктiң дамымағандығынан «мен бармын» атты көрсеткiштер жеткiлiксiз, бала әрқашанда өзiнiң бар екенiн сыртқы факторлар арқылы ыңғи да сезу керек [44, б.45] .

       Эмоционалды сферадағы тағы бiр  басты мәселе –  ол тәрбиешiлер  мен тәрбиеленушiлердiң арасындағы  қарым-қатынасы. Бұл қарым-қатынас тәрбиешiнiң балаға қандай тәрбие қолданатынына байланысты болады. Бiз тәрбие түрлерiнiң төртеуiн ұсынып отырмыз:

       1. Қабылдамаушылық. Егер де тәрбиешi  өзiнiң қызмет атқаруына немқұрайлылықпен  немесе негiзгi жұмысын дұрыс және  толық орындамайтын болса, оған бiрқатар себептер болуы мүмкiн:

       а) Тәрбиешiнiң бұл мекемеде тек жалақы ақысы үшiн жұмыс атқаруы мүмкiн.

       б) Өзiнiң мiндеттерiне салақтықпен қарау.

       с) Жұмыс барысында басқа нәрселермен  шұғылдану. Мысалы: газет оқу, өлең тыңдау (орынсыз жерде).

       2. Гиперәлеуметтiк тәрбие. Тәрбиешiлердiң  мұндай принциптi қолдану себебi, олардың бағыттылығының дұрыс  еместiгiнде. Осындай тәрбиешiлер  «өте дұрыс» адамдар. Олар тәрбиенiң  «идеалды» үлгiсiн қолдануға тырысады. Ақырында осы принципке негiзделiнiп, тәрбиеленген бала компьютер сияқты алдын-ала бағдарланған болады. Мұндай баланың мiнез-құлқысы үлгiлi болады, және де бала әрқашанда өзiнiң эмоцияларын басындыруға мәжбүр болады. Бұл тәрбиенiң 2 түрлi даму жолдары:

       1) асқынды қарама-қайшылық, асқынды  агрессия, кейде өзiндiк агрессия пайда болуы мүмкiн.

       2) тұйықтылық, шектетушiлiк, эмоционалды  салқындылық.

       3. Мазасыздық тәрбиесi. Бұл балаға  деген, оның өмiрiне қауiп төнгенде, немесе баланың ауруына байланысты  өте сезiмтал тәрбиешiлердiң тәрбие  стилi. Нәтижесiнде бала өмiрдің қиындықтарын мазасызданып қабылдайды, басқаларға сенiмсiздiкпен қарайды, бала өз бетiмен жүре алмайды, өз бетiмен шешiм қабылдай алмайды, ренжiгiш, өзiне-өзi мүлдем сенбейдi.

       4. Эгоцентриялық тәрбие. Тәрбиешiлер  топ арасындағы балалардың арасында ең ұнамды, әдемi, сүйкiмдi, «тәттi» баланы тауып, бүкiл уақытын; жақсы жағдайының барлығын сол балаға жасап, барлық мүмкiншiлiгiн сол бала үшiн iстеп бередi. Нәтижесiнде бұндай бала басқалардың ой-пiкiрiн тыңдағысы келмейдi, кез келген бөгеттерге агрессиялы жауап қайтарады. Балаға еркелеушiлiк, тұрақсыздық, тоқтамсыздық қасиеттерi тән [39, б.57].

       Жабық түрдегi мекемелердегi тәрбиеленушiлердiң  бiрiншi жас өмiрiнде апатиялық  пассивтiлiк, көтерiңкi көңiл күй  белгiлерi жоққа тән. Бұл балаларда  таным белсендiлiгi төменгi деңгейде дамыған. Бұдан бала бойындағы эмоционалды сферасы өте жалпақтанған екенiн көремiз. Жабық түрдегi мекемелердегi тәрбиеленушiлерде басқаларға бауырмалдылық, үйреншiктiк сезiмi байқалмайды. Себебi, шетел психологтарының зерттеулерiне сүйенсек, тәрбиешiлер мен баланы қоректендiретiн арнайы әйелдер балаларға аса салқындылық, немқұрайлылықпен қарайды, себебi он балаға жалғыз тәрбиешi қарайды [30, б.60].

      2-3 жастағы балалардың бойында  қызығушылықтың төменгi деңгейi, сөз  арқылы қарым-қатынас дамуының артта қалуы, iс-қимылдардың дамымауы, өз бетiмен тұра алмауы байқалады. Балада қызығушылықтың жоқтығы эмоцияның минимум сыртқа шығуын; сөзбе-сөз қарым-қатынастың жоқтығы баланың тұйық, қорқақ екенiн, әрқашанда өз-өзiне сенiмсiздiкпен көзқараста болуын, мазасыз екенiн, назар аудармайтын құбылыстарға аса үлкен мән берiп, қанағаттанбаушылық сезiмдерi үнемi толғандырады. Мұндай балалар кез келген шағын немесе одан да аз адамдар санынан құралған топтарда өздерiн ыңғайсыз сезiнiп, не iстеп жүргендерiн анықтай алмайды [9, б.47].

      3-7 жас аралықтағы тәрбиеленушiлерде  ойын iс-әрекетiндегi пассивтiлiк сөз  қорының аздығы, зейiннiң әлсiздiгi, басқалармен қарым-қатынаста конфликтiлiк  сияқты ерекшелiктер байқалады.  Бұндай конфликтiлiк жағдай балада  негативтi, жағымсыз эмоциялардың басым болуына әкелiп соқтырады [9, б. 48].

       Интернат үлгiсiндегi балалар мекемелерiндегi тәрбиеленушiлердiң интеллектiсiнде  спецификалық ауытқушылықтар табылды,  әсiресе бұл ойдың образдылығы  арқылы айқын көрiнедi. Мектеп  жастағы тәрбиеленушiлердiң 50%-i арнайы оқу орындарына тағайындалады. Балалар мiнез-құлық жүрiс-тұрыста сыртқы сезiнуi өз-өзiн бағыттай алмайды, iс-әрекетке жоспар құра алмайды. Жабық түрдегi мекемелердегi тәрбиеленушiлер өз эмоцияларын басқара алмайды, қоршаған орта «атмосферасына» назар аудармайды [9, б. 49].

      10-11 ге толған жеткiншектерде қарым-қатынас  функциялары тұрақтана бастайды. Бұларда бауырмалдылық сезiмдерiне  берiлмеу қабiлеттерi қалыптасады,  сезiмдердiң ары қарай тереңдеп, жағымды тұлғалармен жақындасуға жол бермеушiлiк, моральдi иждивенттiк принципi бойынша өмiр сүруге тырысады. Яғни, бала өмiрлiк оқу-сабақ тәжiрибесiнiң арқасында пайда болатын «қорғаныс» механизмiнiң көмегiне сүйенедi. Және де ең соңғы мәселеге тоқталайық. Жабық түрдегi мекемелердегi тәрбиеленушiлер ересек адамдармен аз қарым-қатынаста болады. Бұл баланың бiреуге керек екенiн, бiреу үшiн ең басты құндылық екенiн сезуге, өз-өзiне сенiмдi көзқараспен қарауға жеке  тұлға болып толығымен дамып қалыптасуына  бөгет жасайды [9, б. 50 ].

     Эмоционалды сферасы қиын балалардың ең негiзгi 3 типiн анықтадық:

       1) Агрессивтi балалар. Бұл балаларға  агрессивтi балалар қимыл-қылықтары  тән, аффектiлi күйде жиi кездеседi.

       2)  Эмоционалды тоқтамсыз балалар.  Бұл балалар бәрiне аса тасқынды  көзқарасты бiлдiредi. Егерде олар тамсанғандарын бiлдiрсе, аяғында олармен қоса бүкiл сынып шуға айналады, егер азап шексе олардың жылағаны құлаққа жағымсыз естiледi.

       3)  Өте ұялшақ, ризасыз балалар. Бұл  балалар өзiнiң эмоциясын iштей  уайымдайды, олар өздерiне зейiн  аудартқысы келмейдi. Бұл топқа меланхоликтер, флегматик темпераменттерi жатады [ 21, б.112].

     Э. Шан  шетел психологтың мысалын қарастырайық: «Өзiнiң кiшкентай қызын отырғызып, ер адам менiң қасыма отырады. Оның бiрiншi ұл баласы әкесiнiң жанында жылап тұрды, өзi дiрiлдеп тұрса да, суға шомылуды, доп сатып берудi сұрады». Осы жағдайды қарастыратын болсақ, балаға әкесiнің зейiнi, көңiл-күйi жетiспейтiнi байқалады. Баланың әке-шешесi бар болғанда, қасында жүргенде бала осындай истеройдты көңiлге ие болады. Ал күнделiктi ата-анасының зейiнсiз, қамқорынсыз өмiр сүрген балалардың көңiл-күйi, бұдан да қиын жағдайларға ұшырайтыны белгiлi [37, б.66] .

Информация о работе Эмоция