Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 13:56, курс лекций

Описание

Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? Жан дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.

Работа состоит из  1 файл

Алия Жалпы психология.doc

— 1.22 Мб (Скачать документ)

  № 1 дәрісбаян тақырыбы:    Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері

 

Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың  әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде?  Жан дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа  да сұрақтар адамдардың ойында болған,  сонымен бірге  уақыт озған сайын  адам және оның  мінез-құлқына деген қызығушылық  артып отырған.

Жалпы  психология –  психика  дамуының жалпы  заңдылықтарын, зерттеу  әдістерін,  теориялық  принциптерін  және оның ғылыми   негіздерінің  қалыптасу  жүйесін  зерттейді. Психика жоғары  дәрежеде ұйымдасқан материяның  нақты  формасының  қызметін, әрекет  тәсілін  бейнелейді,  адам  психологиясы  жаңғырту арқылы пайда  болады.

 

     Ғылымда  пәндердің негізігі ќұрылымына  байланысты үшке бөлінеді: жаратылыстану, гуманитарлыќ, техникалыќ. Адам- әлеуметтік тірі организм, оның барлыќ психикалыќ ќұбылысы ќоғамдыќ ортада ќалыптасады, сондыќтан психология гуманитарлыќ пєндерге жатады.

   “Психология”  ұғымы ғылыми жєне тұрмыстыќ  мағынаға ие.

    Әрбір адам практикада ќарым-ќатынасќа түсе отырып психологиялыќ заңдылыќтарды үйренеді. Осылайша біз келесі адамның пікірін оның сыртќы келбетінен - мимикасынан, жестінен, дауыс ырғағынан, эмоционалдыќ көңіл күйінен, мінез-құлқынан ажыратамыз. Сондықтан әрбір адам өзінше психолог, себебі қоғамда адамдардың психикасы жайлы білмей өмір сүру мүмкін емес. 

     Алайда, тұрмыстық  психологиялық білімдер айқын  емес және де ғылыми білімнен  ерекшеленеді.

 

       1.5  Бұл ұғымдарды  мынандай  екі бағытта көрсетуге болады: 

 

Тұрмыстыќ технологиялыќ  білім

Ғылыми  психологиялыќ  білім

Наќты білім

 

Интуициялыќ мінез білімі

Білім беруде бөгеттер болуы

Білімнің көзі- баќылау

Берілетін білім- шектеулі

Талдап ќорытылған білім

 

Аќыл- парасаттылыќ білім

Білім жинаќталады жєне беріледі.

Білімнің көзі- эксперимент

Білім єрќашан кеңейіп  отырады.


 

 

Біріншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер нақты жағдайда, адамдармен оларға қатысты міндеттер айналасында болады. Ғылыми психология жалпылауға бағытталған, ол үшін сәйкес  ұғымдар пайдаланылады.

Екіншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер  интуициялық сипатқа ие. Бұл себепті алу тәсіліне - кездейсоқ тәжірибе және санасыз деңгейде субъективті талдауға бағытталған. Бұған қарағанда ғылыми таным экспериментке негізделген, ал алынған білімдер  толық рационалды және түсінікті.

Үшіншіден, білімді беру тәсілдерінде айырмашылықтар бар. Әдетте, тұрмыстық психологиялық білімдер қиындықпен беріледі немесе көбінесе беріле алмайды да. Ю.Б.Гиппенрейтер жазғандай “әке мен балалардың” мәңгі проблемасы  да осында, өйткені балалар әкелерінің  тәжірибесін қабылдай алмайды және қабылдағысы келемейді де”. Ал ғылымда білім жинақталып, оңай беріледі.

      Сонымен  психология негізінен грек сөзінен  аударғанда ”жан туралы ғылым”, ал “психология” термині ќолданысќа алғаш рет XVI-ғ. енді. Алғашќыда ол ерекше ғылым ретінде “жанды” немесе психикалыќ болмысты єрбір адам өзін баќылау нєтижесінде аныќтап отыруға қолданса, кейіннен XVII- XIX ғ.ғ. психология - бұл психика жєне психикалыќ ќұбылыстар туралы ғылым болды.

Психикалық  құбылыстар үшке бөлінеді;

1. Психикалыќ  процестер дегеніміз - сыртќы дүние заттары мен ќұбылыстарының   мидағы түрлі бейнелері.

2. Психикалыќ  ерекшеліктер дегеніміз- бір адамды екінші адамнан ажырытуға нгегіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер.

  3. Психикалыќ күй дегеніміз- адамның түрлі көңіл күйінің тұраќты компоненттері.

 

   1.6 Психикалыќ  ќұбылыстардың ќұрылымы былай  аныќталады.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

Психикалық  процестер  адам мінез-құлқының алғашқы регуляторы болып шығады.  Оның белгілі бастамасы, ағымы және соңы болады, яғни, алдымен психикалық  процестердің ұзақтығы мен тұрақтылығын анықтайтын өлшемдер кіретін  белгілі бір динамикалық сипаттарға ие болады. Осы процестердің арқасында адам өзі және қоршаған орта жайлы ақпарат алады. Бұл психикалық процестердің аясында  аффекттер, эмоциялар, сезімдер, көңіл-күйлер және эмоционалды  стрестер қарастырылады. Сонымен қатар тұлғаның психикалық қасиеті дегенде белгілі бір сандық және сапалық қызмет деңгейі мен адамның мінезін қамтамасыз ететін оның ең басты ерекшеліктерін түсінген жөн. Психикалық қасиеттерге бағытталуы, темперамент, қабілеттік, мінез-құлық жатады. Осы қасиеттердің даму деңгейі,  сонымен бірге  психикалық процестің даму ерекшеліктері және  басыңқы (адамға тән)  психикалық күйлер адамның қайталанбастығын, және оның жекелігін анықтайды.

 

 

 


 

 

 


 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                      


 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 


 

Индивидң  түсінігінің  бірнеше мәні бар.  Алдымен, индивид -  ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens  түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы  айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады.  Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.

 Б.Г.Ананьев индивидтің  бірінші және екінші қасиеттерін  бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке  адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса,  жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде  конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері,  үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.

Индивидтің  бірінші  қасиеттерінің  жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың  динамикасы және органикалық  қажеттіліктердің құрылымы.  Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп,  темперамент пен адам  нышандарының ерекшеліктерін жасайды.

1.2. сурет.  Тұлғаң ретінде адамды  әлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды. Осы ұғымның аясында тұлғаның мынадай психологиялық қасиеттері қарастырылады. Олар: мотивация, темперамент, қабілеттік және мінез.


 

 

 

ТЕМПЕРАМЕНТ

 

НЫШАНДАР  МЕН ҚАБІЛЕТТЕР

 

МОТИВАЦИЯ

(БАҒЫТТАЛҒАНДЫҒЫ)


 

МІНЕЗ

 

ЕРІК

 

СЕЗІМ

 

1.2. сурет Тұлғаң ұғымының  құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша)

 

Адамды тануда Б.Г. Ананьев  бөліп қараған тағы бір ұғым ңіс-әрекет субъектісің. Бұл ұғым өзінің мазмұны бойынша  ңиндивидң және ңтұлғаң ұғымының ортасында.  Іс-әрекет субъектісі  адамның биологиялық бастауы және  әлеуметтілігін біріктіреді.

Адамды субъект  ретінде басқа тіршілік иелерінен  ажырататын басты белгі – сана (1.3 сурет).

Сана – психикалық дамудың ең жоғары  сатысы, ол тек  адамға ғана тән. Ол адамның объективті шындықты тану, бағытталған мінез-құлықты  қалыптастыру, сондай-ақ  айналаны өзгерту  мүмкіндігін анықтайды. Қоршаған ортаны саналы түрде өзгерте алу іс-әрекеті адамның субъект ретіндегі тағы да бір белгісі. Осылайша, субъект – іс-әрекет ете алу қабілеті бар саналы жеке тұлға.

 

ІС-ӘРЕКЕТ СУБЪЕКТІСІ



 

С А Н А


 

БЕЛСЕНДІЛІК


 

ҚЫЗМЕТ


 

1.3. сурет  Іс-әрекет  субъектісің  ұғымының құрылымы

(Б.Г.Ананьев бойынша)

 

Сонымен, біріншіден адам тірі табиғат өкілі – биологиялық  объект, екіншіден, саналы іс-әрекет субъектісі, үшіншіден,  әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла алады. Яғни адам – саналы және қызметке қабілетті  биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасы – оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады.

Жеке тұлғалылық – бұл нақты адамның өзгешелігі және қайталанбастығы көзқарасынан психикалық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерінің жиынтығы болып табылады. Адамның жеке тұлғасының  қалыптасуындағы алғышарттарына қоғамдық сипаты бар тәрбие процесінде өзгеретін анатомия-физиологиялық  бастамалар жатады. Тәрбиелеу жағдайлары мен туа біткен мінездердің әр түрлілігінен жеке тұлғалылықтың көп түрлілігі пайда болады.

Сондықтан, адам – нақыт  өмірдің ең  күрделі  объектісінің бірі деп қортынды  шығаруға болады. Адамның құрылымдық ұйымдасуы көп  деңгейлі сипаты мен  оның табиғи, әлеуметтік мәнінен  көрінеді (1.4 сурет). Сол  үшін де адам және оның іс-әрекетін зерттейтін  көптеген ғылымдардың болуы ғажап емес.


ИНДИВИД


   


СУБЪЕКТ


 

ЖЕКЕ    ТҰЛҒА


1.4. сурет ңЖеке даралықң  ұғымының  құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша)

Дүниені танудағы рационалды көзқарас бізді қоршаған шынайы өмір санамызға байланыссыз өмір сүретіндіктен, оның тәжірибелік жолмен зерттелуі мүмкіндігіне, ал бақыланатын  құбылыстарды ғылыми тұрғыдан толығымен түсіндіруге болатындығына негізделеді. Ғылымның әр түрлі салаларында  ғалымдар бірнеше мәрте адам жайлы  бүтіндей түсінік қалыптастырғысы келді. Әрине, мұндай ұғым  психологияда да бар.

§  2. Адам және адамзат туралы ғылымдар

Қазіргі заман ғылымында  адам біріншіден,  биологиялық түрдің өкілі ретінде, екішіден,  қоғам  мүшесі, үшіншіден,  адамның  пәндік қызметі зерттеледі, төртіншіден нақты адамның даму заңдылықтары зерттеледі.

Адамды биологиялық  түр ретінде бағытты түрде  зерттеу Карл Линнейдің еңбектерінен басталады,  ол адамды приматтар  отрядындағы   Homo sapiens жеке түрі ретінде бөліп көрсетеді. Осылайша алғашқы рет адамның тірі табиғаттағы орны анықталды. Бірақ бұл адамға деген қызығушылық бұған дейін болмады деген сөз емес.  Адамды ғылыми тұрғыдан тану натурфилософиядан, тіршіліктанудан және медицинадан бастау алады. Алайда бұл зерттеулердің аясы тар, жүйелілігі жеткіліксіз, бастысы қарама-қарсы сипатта,  мұнда адам көбенсе тірі  табиғатқа қарсы қойылған. К.Линней адамды тірі табиғаттың элементі ретінде қарастыруды ұсынды.  Бұл адам зерттеудегі оң бетбұрыс болды.

Ерекше биологиялық  түр ретінде адам туралы арнайы ғылым  антропология деп аталады. Қазіргі антропологияның құрылым үш негізгі бөлімнен: адам морфологиясы (физикалық типтің жеке өзгергіштігін, жас ерекшелігін – шала кезден кәрілікке дейін, жыныстық диморфизмді қоса, өмір мен қызметтің өзгеруіне қарай адамның физикалық дамуының өзгеруін зерттейді), антропогенез жайлы зерттеу (ширек кезеңде адамның  жақын  аталары мен адам табиғатының өзгеруі), ол приматтарды тану,  адамның эволюциялық анатомиясы және палеоантропология (адамның қалдық түрлерін зерттейтін) және нәсілтанудан тұрады.

Адамды биологиялық  түр ретінде антропологиядан  басқа, онымен байланысты  ғылымдар да  зерттейді. Мысалы,  адамның  физикалық типін оның жалпы соматикалық  ұйымы ретінде адам анатомиясы  және физиологиясы, биофизика және биохимия, психофизиология, нейропсихология секілді нақты ғылымдар зерттейді. Осы қатарда ерекше орын алатын медицинаға көптеген тараулар енеді.

Адамның пайда болуы  және дамуы жайлы антропогенез ілімі  Жер бетіндегі биологиялық эволюцияны зерттейтін ғылымдармен де байланысты,  өйткені адам табиғатын жануарлар әлемінің жалпы және  тізбекті даму процессінен  тыс  түсіну мүмкін емес. Бұл ғылымдар тобына палеонтология, эмбриология, сондай-ақ салыстырмалы физиология  және салыстырмалы биохимия жатады.

Антропогенез  жайлы  ілімнің дамуына жеке пәндердің әсер етуін атап кеткен жөн. Бұған  алдымен жоғарғы нерв қызметінің физиологиясын жатқызамыз. Жоғарғы нерв қызметінің физиологиясының генетикалық проблемаларына  аса қызыға қараған И.П.Павловтың арқасында салыстырмалы физиологияның антропоидтардың жоғарғы нерв қызметінің физиологиясы жеке бөлім болып қалыптасты.

Информация о работе Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері