Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 13:56, курс лекций
Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? Жан дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.
Іс-әрекет теориясы. Тірі организмдердің белсенділігінің алғашқы формасы ретіндегі қажеттілік. Қажеттілік қалыптасуының және дамуының негізгі кезеңдері. Іс-әрекеттің мотиві. Жетекші мотив және ынталандыру-мотиві. Бейсаналық мотивтер: эмоциялар және тұлғалық мағына. Мотивтердің пайда болуының механизмдері. Ішкі іс-әрекет туралы түсінік.
Әрекет физиологиясы және белсенділік физиологиясы. Психомоторика туралы жалпы түсінік. И.М.Сеченов әрекет физиологисы туралы.Әрекеттің рефлекторлы концепциясы. Сенсомоторлық процестердің түрлері. Идеомоторлық процестер және сенсоречевті реакциялар. Әрекет ұйымдастыруының механизмдері. Н.А. Бернштейн және оның физиологиялық әрекет теориясы. Сенсорлық коррекцияның принципі. Әрекеттің орындалу барысына әсер ететін факторлар. Кері байланыс дабылдары. Рефлекторлы сақина. Бернштейн бойынша әрекет құрылымының деңгейлері. Қозғалу дағдысының қалыптасу процесі және белсенділік принципі. Ерікті әрекеттер.
§ 1. Іс-әрекеттің
жалпы психологиялық
Iс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсендi қатынасының бiр формасы немесе қоршаған орта мен субъектiнiң өзара қатынасының динамикалық жүйесi.
Тiрi материяның өлi материядан, жоғары формалардың төмен формалардан айырмашылығы – белсендiлiкте. Адамның белсендiлiгi өте көп қырлы. Жануарға тән түрлi формаларға қоса, адамда белсендiлiктiң ерекше формасы – iс-әрекеттi айтуымызға болады. Iс-әрекеттi адам белсендiлiгiнiң ерекше түрi ретiнде анықтауға болады: ол мәдениеттiң материалды және рухани дүниесiн құрайды, өзiнiң қабiлеттерiн дамытады және адам қол мен сана арқасында құрал жасап, оны iс-әрекетте қолдануы – жануар белсендiгiнен айырмашылығы болып табылады. Яғни, адам iс-әрекетi продуктивтi, өнiмдi сипатқа ие. Жануар белсендiгiнен тағы бiр ерекшелiгi: егер жануар белсендiгi тек биологиялық қажеттiлiктерден туса, адам iс-әрекетiне өнер,танымдық қажеттiлiктер түрткi болады. Сонымен қатар, адам iс-әрекетiнiң формалары жануарға тән емес, күрделi қимылдық үйренулермен, дағдылармен байланысты. Мәселен, баланы кiшкентайынан бастап тұрмыстық заттарды дұрыс қолдануды (қасық, пышақ, орындық, сабын) үйретедi. Соның нәтижесiнде жануар белсендiгiнен өзгеше заттық iс-әрекет пайда болады.
Сонымен, адам iс-әрекетiнiң жануар белсендiгiнен негiзгi айырмашылықтарын тоқталатын болсақ:
5. Заттық iс-әрекет адамға туыла берiлмейдi, ол заттарды қолдануда мәдени түрде белгiленiп қойған. Бұндай iс-әрекеттi оқу және тәрбие барысында қалыптастырып, дамыту керек. Ал жануар белсендiгi алдын-ала, яғни генотиптiк тұрғыда берiген.
Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез-келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Кез-келген қарапайым іс-әрекеттің актісі субъекттің белсенділік формасы болып табылады, сондықтан кез-келген іс-әрекеттің қоздырушы себептері бар іс-әрекеттің қоздырушы себептері және де ол белгілі жетістіктерге бағытталады.
Іс-әрекеттің қоздырушы себептеріне мотив жатады. Мотив – субъекттің белсенділігі мен іс-әрекеттің бағыттылығын анықтайтын сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы. Мотив, іс-әрекетке шақыра отырып, оның бағыттылығын, яғни оның мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Мақсат – адам іс-әрекеті бағытталған нәтиженің саналы бейнесі. Зат, құбылыс немесе белгілі әрекет мақсат бола алады. Міндет – белгілі жағдайда берілген (мысалы, күрделі мәселеде) іс-әрекет мақсаты. Кез-келген міндет әрдайым мыналарды қамтиды: талап, көзделген мақсат, жағдай, яғни міндеттің белгілі компоненті. Міндет нақты көзделген мақсат болуы мүмкін. Бірақ іс-әрекеттің күрделі түрлерінде көбінесе міндеттер жеке мақсат ретінде айқындалады. Жеке мақсатсыз басты басты мақсатқа жетуге болмайды. Мысалы, белгілі маман иесі болу үшін әуелі адам сол мамндықтың теоретикалық аспектілерін оқуы керек, яғни белгілі оқу мәселелерін шешіп, содан кейін осы білімдерін практика жүзінде іске асыру керек.
Қазіргі заманғы адам әр түрлі іс-әрекеттермен шұғылданады. Іс-әрекеттің барлық түрін классификациялау мүмкін емес, өйткені адам іс-әрекетінің барлық түрін сипаттау үшін адам қажеттіліктерінің барлығын атап өту керек, ал адам қажеттіліктерінің саны өте үлкен. Мұның себебі адамның индивидуалдық ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Бірақ іс-әрекеттің негізгі түрлерін жалпылап айыруға болады. Олар барлық адамға тән жалпы қажеттіліктерге сәйкес келеді. Ол адамның индивидуалды ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Іс-әрнкетің түрлеріне: ойын, оқу және еңбек жатады.
Ойын – адам іс-әрекетінің ерекше түрі. Ойынның нәтижесінде материалдық немесе идеалдық өнім шығару көзделмейді. Көбінесе ойын сауық, бәсеңдік,демалу мақсатын көздейді. Ойынның бірнеше түрлері бар: индивидуалды, топтық, заттық, сюжеттік, рөлдік және ережесі бар ойындар. Индивидуалды ойын тек бір адамның қатысуымен жүретін адам іс-әрекетінің түрі. Топтық ойын бірнеше индивидтың қатысуымен жүреді. Заттық ойын заттардың қатысуымен байланысты болады. Сюжеттік ойын белгілі сценарий бойынша жүреді. Рөлдік ойындар белгілі рөлмен шектелген әрекеттеоге негізделеді. Ал ережесі бар ойындар ойынға қатысушылардың белгілі ережелер жүйесімен реттеледі. Сонымен қатар ойынның аралқан түрлері де болады: заттық-рөлдік, сюжеттік-рөлдік, ережесі бар сюжеттік ойындар, т.б. Ойын барысында пайда болатын қарым-қатынас әдетте жасанды сипатта болады. Жасанды дегеніміз – айналадағылар оны шынайы қабылдамайды және адам туралы қорытынды жасауға негіз бола алмайды. Ойындық жүріс-тұрыс пен ойындық қарым-қатынас адамдардың шынайы қарым-қатынасына әсерән тигізбейді. Дегенмен, ойынның адам өмірінде маңызы зор. Балалар үшін ойын даму сипатымен ерешеленеді. Үлкен адамдарда ойын жетекші іс-әрекет болып табылмайды, тек қарым-қатынас пен бәсеңдік қызметін атқарады.
Іс-әрекеттің тағы бір түрі – оқу. Оқу адамның білім,икем мен дағды алу мақсатын көздейтін іс-әрекеттің түрі болып саналады. Оқу ұйымдастырылған түрде және арнайы мекемелерде іске асуы мүмкін.Ол ұйымдастырылмаған да болуы мүмкін. Үлкен адамдарда оқу өзін-өзі жетілдіру сипатында болуы ықтимал. Оқу әрекетінің ерекшелігі – оқу тікелей индивидтің психологиялық дамуының қызметін атқарады.
Адам іс-әрекетінің жүйесінде ерекше орын алатыны – бұл еңбек. Еңбектің арқасында адам қазіргі заманғы қоғамды, материалдық және рухани мәдениетті құрды, өмір жағдайын жақсартты. Осымен өзіне шексіз дамуға мол мүмкіндіктерді ашты. Еңбек құралдарын жасау және оларды жетілдіру ең әуелі еңбекпен байланысты. Олар өз алдына еңбек өнімділігінің, ғылымның дамуының, өндірістік өнімнің, техникалық және көркем шығармашылықтың артуының факторы болды.
Адам іс-әрекеті – ол өте күрделі және көпқырлы құбылыс.
§ 2. Іс-әрекет
психологиялық теориясының
Кеңес психологиясының дамуында үлкен маңызға ие болған теорияны қарастырайық. Бұл теория Кеңес кезінде шығып, оратлық психологиялық теория болды және де 50 жылдан астам уақыт бойы дамып отырды. Аталмыш теорияның зерттелуі мен дамуы Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, А.В.Запорожец, П.Я.Гальперин тәріздес әйгілі Кеңес психологтардың аттарымен байланысты. Неге осы теория Кеңес психологиясында аса маңызды орын алады? Біріншіден, осыдан бұрын біз сананың пайда болуы мен адам психикасының дамуында еңбек пен іс-әрекеттің шешуші рөлі туралы айтқан болатынбыз. Бұл көзқарас осы уақытқа дейін Кеңес психологтардың зерттеу методологиясында басты орын болып отыр. Екіншіден, іс-әрекеттің психологиялық теориясы осы көзқарасқа сүйене отырып, адамның санамен қоса психикалық феномендерінің көрінуінде іс-әрекеттің рөлін аша түседі. Адамға баға беріп, оның тұлғалық ерекшеліктері пікір айту үшін біз негізінен оның іс-әрекетінің нәтижесіне сүйенуіміз керек.
Іс-әрекеттің психологиялық теориясы ХХ ғасырдың 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басында дами бастады.Бұл теорияның басты ерекшелігі – ол диалектикалық материализмнің негізгі принциптеріне сүйенеді және осы философиялық бағыттың басты тезисін қолданады. Іс-әрекеттің теориясы А.Н.Леонтьевтің еңбектерінде толығырақ қарастырылған.
Осы теорияның негізгі түсініктеріне іс-әрекет, сана және тұлға жатады. Бұл түсініктерде қандай мағына жатқанын анықтап, олардың құрылымын қарастырайық.
Адам іс-әрекеті күрделі иерархиялық құрылымға ие. Ол бірнеше деңгейлерден тұрады. Жоғарғы деңгей – іс-әрекеттің ерекеше түрлерінің деңгейі, содан кейін әрекет деңгейі, содан соң – операциялар деңгейі. Ал ең төменгі деңгей – психофизиологиялық функциялар деңгейі.
Іс-әрекетті талдаудың
негізгі бірлігі болып отырған
Іс-әрекет құрылымының суреті
Үшіншіден, іс-әрекеттің психологиялық теориясы әрекет түсінігі арқылы реакативтік принципті қарсы қойып, белсенділік принципін енгізеді. “Белсенділік” пен “реактивтік” ұғымдарының айырмашылығы неде? “Реактивтік” ұғымы жауап әрекеті мен белгілі ынталандыруға(стимулға) әсер етуді білдіреді.
Төртіншіден, “әрекет” ұғымы адамның іс-әрекетін заттық және әлеуметтік әлемге шығарады. Іс-әрекеттің мақсаты тамақ табу сияқты тек қана биологиялық мағынаға ғана ие болып қоймай, биологиялық мәнмен байланысы жоқ әлеуметтік қарым-қатынас орнатуға да бағытталуы мүмкін.
Талдаудың негізгі элементі ретіндегі “әрекет” ұғымының сипаттамаларына сүйене отырып, іс-әрекеттің психологиялық теориясының негізгі принциптері қалыптасады:
Әрекет – бұл өте ұсақ құрамалардан тұратын күрделі элемент. Осындай жағдай әрбір әрекет мақсатқа негізделетінімен түсіндіріледі. Адамның мақсаты әрқырлы ғана емес, сонымен қатар көп масштабты болып келеді. Ірі мақсаттар бар, олар –өз алдына ұсақ мақсаттарға бөлінеді.
Енді
әрбір әрекет әртүрлі жолдармен
орындалатынына көңіл аудару керек,
яғни әртүрлі тәсілдермен
Міндетке байланысты операция әр түрлі әрекеттерден тұруы мүмкін. Бұл әрекеттер өз алдына ұсақ әрекеттерге бөліне алады.Осылайша, операциялар – іс-әрекеттің ірірек бірліктері.
Операцияның басты қасиеті
олар аз сезіледі немесе тіпті сезілмейді.
Әрекеттен операцияның
Жоғары айтылғаннан
мынадай қорытынды жасауға
Енді іс-әрекет құрылымындағы үшінші, ең төменгі деңгейге өтелік – ол психофизиологиялық функциялар деңгейі. Іс-әрекет теориясында психофизиологиялық функциялар деп – психикалық процестерді қамтамасыз ететін физиологиялық механизмдерді айтамыз. Адам биоәлеуметтік организм болғандықтан, біз психикалық процестердің өтуін психикалық процестердің іске асу мүмкіндігімен қамтамасыз ететін физиологиялық процесс деңгейлерінен бөліп қарастыра алмаймыз. Психикалық функциялардың көпшілігі организмнің бірнеше мүмкіндіктерінсіз жүзеге аспайды. Осындай мүмкіндіктерге түйсікке қабілеттілікті, қозғалғыштық қабілеттілігін, өткен әсерлер мен іздерді бекіту мүмкіндігін жатқыза аламыз. Осы категорияға жүйке жүйесінің морфологиясында бекітілген және өмірдің алғашқы айларында туа пайда болған механизмдерді айта кету керек. Осы қабілеттер мен механизмдердің барлығы адамға туылған сәттен бастап беріледі, яғни олардың генетикалық шарттылығы бар.
Информация о работе Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері