Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 13:56, курс лекций

Описание

Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? Жан дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.

Работа состоит из  1 файл

Алия Жалпы психология.doc

— 1.22 Мб (Скачать документ)

Тесттерді әзірлеуде  Г.И.Россолимоның қосқан еңбегі зор. Оның есімі тек невролог-дәрігер ғана емес психолог ретінде де танымал  еді. Жеке психикалық қасиеттерді анықтау үшін тұлға туралы толық көрініс беретін  сандық бағалау әдісін әзірледі.  Бұл әдіспен бес: зейін, қабылдаушылық, ерік, есте сақтау, ассоциациялық процесстер (ойда суреттеу және ойлау) топқа бөлінетін 11 психикалық процесті бағалауға болады. Осының әрбір процессін орындауға қарай арнайы  шкаламен  ңкүшің бағаланды. Оң жауаптар сызбада нүктемен белгіленді. Осы нүктелерді қосып, адамның ңпсихологиялық бағытың анықталды. Сыналушылардың категориялары (балалар үшін,  интеллигентті ересектер үшін, интеллигенттер емес үшін) бойынша тапсырмалар берілді. Бұдан басқа Г.И.Россолимо  сызбадағы көрсеткіштерді арифметикаға айналдыру формуласын ұсынды.

Бүгінде тесттер психологиялық  зерттеуде кеңінен пайдаланылатын әдіс.  Бірақ тесттер объективті және субъективті әдістердің арасында. Сыналатындардың өз есептеріне негізделген сауалнама-тесттер де бар. Осы тесттерді орындауда тестіден өткізудің нәтижесіне әсіресе оның жауабы  қалай түсінілетінін білетін  болса саналы немесе санасыз  әсер ете алады. Алайда объективті  тесттер де бар.  Оларға жобалы тесттерді жатқызуға болады.  Тесттің бұл категориясына сыналатындардың есебі қажет емес. Сыналушының орындайтын тапсырмасын зерттеуші еркін түрде түсіндіреді. Мысалы, сыналатын адамның түрлі-түсті карточкалардың түсін таңдауынан оның эмоционалды күйін білуге болады.  Кейде  сыналушыға  белгісіз жағдай салынған сурет беріледі де, психолог оны сипаттауды сұрайды,  соның нәтижесінде сыналушының психикалық ерекшеліктерін сипаттайды. Бірақ жобалы тесттер психологтың кәсіби дайындығының жоғары және тәжірибесінің мол болуын және сыналушының интеллектуалды дамуының жоғары болуын талап етеді.

Объективті мәліметтерді зерттелетін қасиет бөлініп, дұрыс  бағаланатын жасанды жағдай жасалуға негізделген  эксперимент - әдістің көмегі арқылы алуға болады. Зерттелетін феноменнің басқа феномендермен себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі.  Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи.  Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайлармен ажыратылады.

Зертханалық экспериментте  зерттелетін қасиет дұрыс бағаланатын  жасанды жағдай жасалады. Табиғи эксперимент  әдеттегі тұрмыстық жағдайда жасалады. Мұнда зерттеуші кіріспей, жағдайларды сол күйінде жазып отырады.  Табиғи экспериментті алғаш рет А.Ф.Лазурский қолдана бастады. Әрине, табиғи жағдайдағысы адамдардың өмірлік мінезіне сай келеді. Бірақ табиғи жағдайда зерттеуші толық бақылау жүргізе алмайтындықтан оның нәтижесі дәл болмауы да мүмкін.  Осы тұрғыдан зертханалық дәл, ал табиғи өмірлік жағдайға сай келеді.

Психологиялық әдістердің бірі – моделдеу. Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа әдістерді қолдану қиындағанда ғана жүргізіледі.  Олардың ерекшелікгі белгілі бір психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан  оны қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе  нақты жағдай есепке алынады.  Сондықтан моделдеудің әр түрлі әдістерін объективті  немесе субъективті әдістерге жатқызу қиын.

Моделдер техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық және т.б. болуы мүмкін.  Математикалық моделдеуде  ауыспалылардың өзара байланысы мен олардың қатысы, зерттелетін құбылыстардағы қайталанатын элементтер мен қатынастар көрсетілген математикалық мән немесе формула қолданылады  Техникалық моделдеуде зерттеуді елестететін құрал немесе құрылғы жасалуы қажет.  Кибернетикалық моделдеу информатика және кибернетика саласының психологиялық міндеттерін шешуге пайдаланылады.  Логикалық моделдеу математикалық логикада қолданылатын идеялар мен символға негізделген.

Компьютер мен бағдарламалық  қамтамасыз етудің дамуы  ЭСМ жұмыс  істеу заңдарындағы психикалық құбылыстарды моделдеуге бастады, өйткені адамдардың ойлауда қолданатын операциялары, міндеттерді  шешудегі ойлау логикасы компьютерлік бағадарламалар жұмыс істеуіне жақын екен.  Ол компьютердің жұмыс істеуіне қарай адамның  мінезін көзге елестету және сипаттауға бастады.  Осындай зерттеулерге байланысты Д.Миллер, Ю.Галантер, К.Прибрам атты америка ғалымдарының және ресей психологы Л.М.Веккердің есімдері белгілі.

     Көрсетілген  әдістерден басқа психикалық  құбылысты зерттейтін басқа да  әдістер де бар. Мысалы, әңгімелесу - сауалнаманың бір нұсқасы. Сауалнамаға қарағанда әңгімелесу әдісі процедураны жүргізудің еркіндігімен ерекшеленеді.  Әдетте әңгімелесу жайлы жағдайда өтеді, ал сұрақтар сыналушының  жағдайы мен ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Басқа әдіске құжаттарды зерттеу әдісі немесе адамның қызметін талдау әдісі жатады. Психикалық құбылыстарды зерттеу барысында әр түрлі әдістерді кешенді түрде қолданғаннан зерттеу тиімді болатынын ескерген жөн.

 

§ 4.  Психологияның даму тарихы

      Психология  басќа ғылымдар сияќты белгілі  даму жолдарынан өткен. Әлемдік  психологияның даму тарихы  екі  кезеңге бөлінеді:

     Біріншіден, басқа ғылымдардың аясында психология білімінің қалыптасу кезеңі (IV-V ғ.ғ. біздің  дәуірге дейінгі XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ.).   Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып,  Арестотельден (348-322) басталатын  философиялық ілім  тарихы.

     Осынау, сан  ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғалымдарды атап айтқанда, Герофил, Эрасизтарт, Гипократ, Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Геббос, Спиноза, Лейбнец, ЛЗК, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б. ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан. Мәселен, Арестотель өзінің “Жан туралы трактатында “жан тәнінің өмір сүруінiң формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция, секілді процесстерге бөлінетіндігін  айтса,  келесі бір грек ғылымы Демокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын үнемі қозғалыста болатын қасиет деп түсіндіреді.

      Сонымен  қатар, ежелгі Грецияның философтары  психиканы түсіндіру амалын отпен  немесе бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, Гераклит түсіндіруі бойынша  барлық әлем оттан пайда болады, “жан” ылғалдан буланып шығады, мұнда жанның құрғақ буы оның даналылығын қамтамасыз етеді. Ал, ылғалдылық жанды ауырлатып, оның мерт болуына сұйыққа айналдырады- деп есептеді.

      Ал француз  ғалымы Рене Декарт (1596-1650) жануар  сыртқы  ортаның әсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі ) арқылы десе, Голонд ғұламасы Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы (аффект, құмарлақ т.б.) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан.

      Шығыс  әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Әбу Нәсір әл – Фараби (870-950)  мен Әбу Әлі ибн Сира (980-1037), Ж.Баласағұнй, әл-Ғазали, Ибн Рүшд, Ита Баджа т.б. тоқтаған.

    Екіншіден, психологияның өз алдына дербес  ғылым ретінде (XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ-қазіргі уақытқа дейін) көрінуі өте беріде, яғни 1870 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның дербес эксприменттік (тәжірбиелік) ғылым болуына жол ашты.

    XIX ғ-дың аяғы XX ғ-дың басында атақты  психолог  Г.Эббингауз психология тарихына  қысқаша және нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пәні бойынша психикалық құбылыстардың  тарихи даму процестерін  қарастырды.  Осы көзқарас бойынша  психология тарихын    шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады:  Бірінші кезеңде –психология жан туралы ғылым болып қалыптасады, екіншіден – сана туралы ғылым, үшіншіден –мінез-құлық туралы ғылым, төртіншіден –психика туралы ғылым. Осылардың әрқайсысын нақтырақ қарастырып көрейік.

 

 

Психология  ғылымының дамуының негізгі кезеңдері

 

         4-кезең 


 

 

 

3-кезең                                                                          


 

 

 

2-кезең



 

 

 

1-кезең


 

 

 

 

    

       Мұнда бірінші кезеңде психология  “жан туралы ғылым” болғандықтан ежелгі замандардан бері, біріншіден психика бейнесі “рух” пен материяның өзара байланысынының жалпы проблемасын шешу барысында да қалыптасты. “Рух” материядан тыс бола ала ма, “жан” денеден бөлек өмір сүре ала ма? Осындай және осы тектес философиялық және идеологиялық проблемаларды талдау барысында психикаға адамдардың қиялында бейнеленетін қасиеттерді басқа қасиеттерге байланысты анықтаса, екінші жағынан нақты осы қасиеті арқылы барша табиғатты  мифологиялық тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндіктер ашады.

       Екінші кезеңде    психологияның зерттеу объектісі – сана деп қарастырылып  мұнда ұзақ уақыт интроспекция әдістемесі негізгі ғана емес жалғыз психологиялық әдіс болды. Ол екі негізгі  бағытпен тұжырымдалады; біріншіден,  сана процесі сыртқы бақылау үшін “жабық”, ал екіншіден  сана процесі  субъектінің өзінде ашылады. Бұл  тұжырымдардан  сана  процесі басқаға түсініксіз  нақты адамның өзінде  ғана  оқылады. Осы интроспекция әдісінің  негізін қалаған Дж. Локк.  Психология ғылымының дамуы үшін интроспектифті психология  айтарлықтай мәнді әсер қалдыра отырып, мынандай теориялар қатарын ұсынды;

  • В.Вундт және Э.Титченер негізін қалаған сана элементтерінің теориясы;
  • Ф.Брентано  атымен байланысты дамыған сана актілерінің психологиясы;
  • У.Джемсом  құрған  сана қарқыны теорясы;
  • В.Дильтеяның түсіндірмелік психологиясы.

Қазіргі психологияда интроспекция  ұғымын өзін-өзі бақылау әдістемесі

ретінде қолданылып жүр.

      Үшінші кезеңде – психолгияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылып, сонымен бірге американ психологы Джон Уотсон (1878-1958) негізін салған бихевиоризім бағыты еді. Олар “психология бихевиористің” көзқарасы тұрғысында деген еңбегінде ескі псиология тіліндегі сана, ерік, эмоция, қабылдау, бейнелеу, т..с.с. терминдерден бас тарту дұрыс деп есептеді. Оның орнына “бихевиоур” –ағылшын сөзі, қазақша ”мінез –құлық” деген мағынаны білдіреді. Бихевиористер  психиканы мінез-құлықтың әр түрлі көріністері, организімнің  сыртқы әсерге (ұ) стимул қайраттан жауап (R) реакцияларының  жиынтығы деп түсіндіреді. Бихевиористер мынадай анайы тұжырымға келді: мінез-құлықта белгілі бір стимулдар жинағына қатаң белгіленген реакциялар сәйкес келеді, түптеп келгенде, стимул мен реакциялардың арасындағы өзара байланысты дәл сипаттауға болады. Сол арқылы адамның мінез-құлқын зерттеу мәселесі шешіледі.

      Төртінші кезеңде – психикалық құбылыстардың  механизмдері мен заңдылықтарын  зерттелінеді. Қазіргі психология ғылымының негізін қалаған атақты ғалымдар  С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия  зерттеулері айрықша айтылса және  XX ғ-дың 30-60-шы  жылдардағы психологтар Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин; А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин т.б. еңбектерімен  байланысты қаралады.

 

§ 5.  Психология ғылымының негізгі салалары

      Ќазіргі кезде психология ғылымы  – көптеген салалар мен тармаќтарға  бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән. Бұл салалар мен тармаќтар дамуы мен ќалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс – єрекеттерін ќамтитын єр ќилы сатыда тұр. Оларды топтастырып, жік – жікке ажырату жіктеу деп аталады. Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік. Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пєннің зерттейтін обьектісін, екінші, адамның іс – әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс – әрекет иесі деп санап, оның әлеуметтік ортаға ќатынасын алып ќарастырамыз.

      Адамның  наќты іс – әрекеттеріне сүйене  отырып, оның психикасының дамуын  төмендегіше жіктейміз.

Тәлім – тәєрбие психологиясы.

     Бұл  пәннің зерттейтіні – адамды оќыту мен тєрбиелеу ісіндегі психологиялыќ заңдылыќтар. Ол оќушылардың аќыл – ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын ќалыптастырудың, олардың тиісті оќу материалдарын меңгеруі мен ұстаз – шәкірт арасындағы өзара ќарым – ќатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін ќарастырады. Сөйтіп, оќушылар ұжымындағы өзара ќатынастармен, олардың психологиялыќ даралыќ ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оќу – тәрбие жұмыстарын жєне балалардың психологиялыќ ерекшеліктерін ескерiп, бірќалыпты даму заңдылыќтарынан ауытќыған балалармен тәлім – тәрбие жұмысын жүргізу әдіс – тәсілдерінің психологиясын зерттейді.

     Тәлім –  тәрбие психологиясының мынандай  тармаќтары бар: а) Оќыту психологиясы  – дидактиканың психологиялыќ негіздерін, оќыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оќыту мен балалардың аќыл – ойын ќалыптастыру сияќты өзге де мәселелермен шұғылданады.  Є) Тәрбие психологиясы – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оќушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялыќ негіздеріне ќатысты мәселелерді іздестіреді. Бұлардан басќа мұғалімдер психологиясы және кемтар балаларды оќытудың тәрбиелеуi мәселелерін ќамтиды.

     Жас  ерекшелiк  психологиясы – әр ќилы психикалыќ процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтыќ ќасиеттерін, психологиялыќ сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармаќтардан ќұралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, ќарт адамдар психологиясы. Бұл сала оќыту мен аќыл - ойдың дамуын жєне олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оќыту ісіндегі адамның аќыл – ойын, сана – сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арќылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.

       Арнаулы психология - бұл адам дамуының бірќалыпты даму жолынан ауытќуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалыќ күйзелістері мен осы саладағы әр ќилы аурулардың себептерін ќарастырады.

       Арнаулы  психологияның мына тармаќтары, атап айтќанда: олигофренопсихология – ми заќымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – нашар көретіндер мен соќырлардың психологиялыќ дамуын зерттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармаќ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде “патос” – зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді. Патопсихология медицина ғылымымен оќу – тәрбие істерін зерттейтін пән – педагогика мен жан дүниесінің сырын ќарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.

Информация о работе Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері