Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:31, лекция

Описание

1.Жалпы психологиялық негіздері.
2.Түрлі теоретикалық бағдарламалардың қосқан үлесі.
3.Психологиялық ықпал етудің механизмдері.
4.«Әлем бейнесі» мен консультативті-психотерапиялық практикадағы оның мәні.

Работа состоит из  1 файл

Лекции по ПК.doc

— 717.50 Кб (Скачать документ)

4. Психологиялық  кеңес берудің моделі. Отбасына  психологиялық кеңес берудің моделі В.Кемплердің жасаған сынақ тәжірибелеріне негізделген. Мұндағы отбасына кеңес берудің мақсаты – мейлінше нәтижелі кездесулердің сынағынан өтуге көмектесу. Психологтың ұйымдастырған кездесулері отбасын қолдайтындай хал-ахуал туғызады, өзінің жекелігі мен тілегін білдіру мүмкіндігін ғана беріп қоймай, сонымен бірге басқа да ойлағаны мен тілегін білу, қажеттілігінің ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Отбасының қиындықтары «осы жерде және қазір» деген жағдайда талқыланады.  

5. Құрылымдық  моделі. С.Минухиннің отбасына кеңес  берудің құрылымдық моделі бойынша  отбасылық жүйе құру мен қайта  құру жөніндегі үздіксіз эксперимент  ретінде түсіндірілді. Отбасы құрылымын отбасындағы өзара әрекеттестік әдістерін қалыптастыратын талаптар мен функциялар торабы құрады. Отбасы келесідей жүйеліліктерден тұрады: ерлі-зайыптылар жұбы, олардың ата-аналары, балалары.

6. Кеңес беру  моделінің стратегиясы. Кеңес берудің бұл моделі Дж.Галлей, адамдар өздерінің жеке көзқарасы жүйесінің құрылымдары шеңберінде өзін-өзі қисынды ұстау туралы ережелерінен туындайды. Көзқарасы жүйесінің құрылымы – бұл дүние, басқа адамдар, өзі туралы қорытындылардың жиынтығы.

 

2.  Отбасылық кеңес беру.

Отбасылық кеңес беру – бұл отбасылық терапияның бір түрі, оның өзіндік терапевтикалық қатысудың ерекшелейтін белгілері мен шектері бар. Отбасылық кеңес беру, отбасылық терапиямен бірге параллельді дамып, бір-бірін өзара байытты. Отбасылық кеңес берудің алдында тұрған мақсаты – отбасындағы әрекеттестікті өзгерту мен жеке тұлғалық өсу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу болып табылады.

Отбасы кеңес  беру мен отбасы терапиясы немен  өзгешеленеді? Біріншіден, отбасы кеңес  беру аурудың тұжырымдамасын қабылдайды. Екіншіден, отбасындағы рольдік әрекеттестік жағдай мен аспектісін талдауға екпін қояды. Үшіншіден, ол кеңес беру субъектілерінің жекелік ресурстарын іздеу мен жағдайды шешудің тәсілдерін талқылауға көмек беруге шақырылған.

Отбасы кеңес берудің басты теоретикалық тұжырымдар санының ішіне когнитивті- қылықтық терапия, рационалды-эмоционалды терапия және басқа келтіріледі. Мұнымен оның арсеналында бар әдістер мен тәсілдердің түрлілігі қамтамасыз етілген.

Отбасы кеңес  берудің негізгі принциптері мен ережелері келесі бөлімдерге келеді;

3. Отбасылық кеңес беру құрылымы, қызметі және дамуы

Отбасылық кеңес  беру процесін шартты түрде 5 фазаға бөлуге болады:

1. Байланыс орнату;

2. Проблемаларды  анықтау; 

3. Іс-әрекет  фазасы;

4. Шешім қабылдау фазасы;

5. Кері байланыс  фазасы.

Бірінші фаза –  өтініш иесімен байланыс орнату. Кеңес  алушылармен өзара әрекеттесу шегін  анықтауды талап етеді. Ол бастапқы әңгімелесу–кеңес беру барысында жүзеге асырылады. Бұл фазада клиентпен  психологтың араласуы мен олардың қарым-қатынасын құрудағы арақашығы қандай болу керек екені анықталады. Кеңесші әңгіме өткізгенге дейін отбасын, ата-аналар мен баланың байланыстарын қадағалап, бақылау нәтижелерін талдап алады. Бұл бақылау барысында баламен ата-ананың байланыс жасауындағы мінез-құлық ерекшеліктерін анықтайды, балалар мен олардың ата-аналарының әсерлену  ерекшеліктерін, тілдесу арқылы және ыммен түсінісуінің сипатын, ата-ана жағынан баланың  мінез-құлқын бағалау мен реттеу әдістерін бағалайды. Сонымен қатар, бастапқы әңгімелесу барысында өтініш иесінің, ата-аналардың психологқа деген көзқарасының сипаты мен отбасымен өзара әрекеттестіктің шегі анықталып, белгіленеді. Тәжірибелі психолог бір кездескеннің өзінде-ақ баланың даму тарихы, отбасының тәрбиелік нысаны, ата-аналардың педагогикалық ұстанымдары туралы мәліметтер ала алады.

Екінші фаза - өтініш иесінің, отбасының проблемаларын  анықтау. Бұл фазада кеңес алушы  мен кеңесшінің проблемаларды түсінудегі келісімдері нақтыланады. Психолог өз зерттеулеріне сүйене отырып проблеманы анықтап, оның мәнісін клиентке жеткізіп, кеңес беру жұмысының бағыт-бағдарын түсіндіреді. Кеңес алушы мен кеңесші баламалы амалдарды талқылай келе, бір жақты шешімге келіп, клиент проблеманы қабылдауы керек. Бұл кезеңдегі маңызды мәселе – екі жақ бір-бірін жете түсіне отырып, келісімге келуі болып табылады. Олай болмаған жағдайда барлық кеңес беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ету өте қиын болады. Сондықтан, клиентпен әңгімелесу барысында осы проблеманы шешуге теориялық негіз ретінде қабылданған көзқарастар туралы, оның жеке тұлға психологиялық проблемаларын шешуге әсерлілігін дәлелдеу, ол тәсілдердің ерекшеліктерімен таныстыру арқылы кеңес беру-алу процесінің мақсат – кеңес алушының проблемаларын тиянақты шешу екені анықталады.

Үшінші фаза – іс-әрекет. Бұл фазада кеңес алушымен бірге оның алдында тұрған проблемаларын талдау, оны шешудің бірнеше варианттарын салыстырып көру, орын алған жағдайдың оң-терісін анықтау арқылы оны жаңаша түсінуге жетелеу жүргізіледі. Бұл фаза үшін мынандай динамика тән:  кеңесші мен кеңес алушы арасындағы байланыс бірнеше құрылымдық көріністерге бөлінеді, клиенттің өз проблемасына терең малшынуынан оның жүйкесі тарылды, төзімділігі төмендейді, жағымсыз жағдайларға қарсы тұра білуі төмендейді, сонан соң біртіндеп мәселені талдау барысында, оның мән-мағнасына түсіну арқылы өз жағдайына, қоршаған адамдардың оны бағалауына көзқарасы өзгере бастайды. Мұндай өз-өзін түсінушілікке жеткізу үшін психолог көп күш жұмсап, клиентті түсінушілікке жетелеп, эсоционалдық тарыққан жағдайлардан шығарып алуы керек. Қорытындысында кеңес алушы төзімсіздіктен шығып, өз басына иелік жасау жолын табады.

Төртінші фаза – шешім қабылдау. Клиенттің өмірінде қалыптасқан табиғи жағдайда басқалармен  сыйысымды мінез-құлық көрсетуі. Бұл фазада белгілі бір кеңес беру теориясына сүйене отырып, маман кеңес алушының қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын іздестіріп, оны табуға жетелейтін өзінің әрекетінің жоспары мен стратегиясын құрады. Клиент өзі үшін ең қолайлы шешім тапқаннан кейін, оны өзінің пікіріндей қабылдап, дербестігі туралы сенімге ие болғаннан соң, қақтығыс орын алған ортада өзің жаңа бейнесін көрсету үшін іске кіріседі. Сонымен қатар клиент кеңесшімен бірге әрекеттерін одан әрі жалғастырып, басқаларға сенімді және әсерлі болідың түрлі әдістерін сұрыптаудан өткізіп, ең соңында өзіне қолайлы деген амалдарын таңдап алады. Бұдан кейін осы амалдардың тиімділігін табиғи жағдайда, өзінің өмірлік тәжірибесінде тексереді. Нәтижелі болатынына көзі жеткен соң өзінің күш қуатын тұтастай осы жүйеге жұмылдырады.

Бесінші фаза – кері байланыс. Кеңес алушыны кеңес беру процесімен және оның нәтижесімен қанағаттанғанын білдіреді. Психолог кері байланыс қағидасын бағдарға ала отырып, таңдап алған кеңес беру ақпараттарының мынандай талаптарын жүзеге асыруға тиіс. Ақпараттар мазмұнының нақтылығы мен дұрыс құрылуы, белгілі бір адамға бағытталуы, белгілеушілік, уақыттылық тұтынушылық сипаттары.

Көптеген психологтар  кеңес беруді өткізу кезінде магнитофон мен диктофонды, кеңес беру нәтижесін  тіркеуге арналған үлгідегі бланкілерді пайдаланады. Ассистент көмекшілері алынған ақпараттарды толығырақ ұғыну үшін әңгіме барысын хаттамаға түсіреді, кеңес беру процесінің динамикасы мен нәтижелілігін қадағалайды.

Психологиялық кеңес беру барысында клиентке көрсеткен  қызметінің тиімділігіне, психологтың кәсіби шеберлігіне байланысты ол мынадай мінездемелерге ие болуы мүмкін:

-  беделді,  ұқыпты сұрастырушы, сенімді нығайтушы,  диагноз қоятын, түсінуге ұмтылатын;

-  ұқыпты  кеңесші, сырт қарағанда селқостау  болып көрінгенімен, салиқалы кеңес береді;

- беделді психолог, осал көрінетін клиентке күш  қайрат беріп, ізгілікке ұмтылуға  баулиды, өзінің күш жігерімен  клиенттің сенімін нығайтады;

- сұрастырушы психолог, ерекше белсенділік білдіреді, сұрақтарды көп қояды, пайдалы көзқараста болады;

- диагноз қоюшы психолог, көптеген жағдайда тәуекелге жиі барып, ықпал етудің болжамдық әдістерін жиі қолданады.

Кеңес беруді жүргізу  барысында психолог өзінің кәсіби біліктілігі  мен дағдысын сыннан өткізіп, оңай және қиын сұрақтар қою арқылы кеңес алушының сезіміндегі басты ойларды назарға алады. Осы жинақталған клиенттің ойын, айтқандарын ой елегінен өткізіп оны қорытындылай білу, керек кезінде үндемей отыру, гипотеза ұсынып және оның тиімділігін дәлелдеу, клиентпен ақылдаса отырып бірлесе шешім қабылду – кеңесшінің шеберлігінің көрсеткіштері болып табылады.

Психолог кеңес  беру кезінде ресми әңгімеге бармай ақ, клиенттен қымсынып тым жабылып  қалмай, немесе жеңілтектікпен шектесетіндей  тым ашыла бермей өзінің ойын еркін  жеткізуі керек. Гипотезаны берік ұстануға бара бермеу керек, өйткені ол жалған болып шығуы да мүмкін. Себепсіз клиенттің жанына дақ түсіретіндей немесе беделін төмендететіндей тура сұрақ қоюға да болмайды.

Р.В.Овчарова ұсынған отбасылық кеңес берудің тиімсіз және тиімді шарттарына назар аудару керек.

Тиімді  отбасылық кеңес беру шарттары.

1. Психолог клиентпен  белгіленген уақытта кездесіп, оның  проблемалары бойынша, және кеңес  берудің жүруі бойынша пікір  алмасады.

2. Психолог кеңес  алушының құқығын құрметтейді,  кәсіби қарым-қатынас жасау шараларын шамасы келетіндерімен шектейді. Психолог клиенттің өзінің мәселелері бойынша шешім қабылдауға қабілетті екеніне сенеді.

3 Психолог клиентке  үлкен сенім артатынын сөзбен  немесе басқа да бір әдіспен  жеткізеді,  оны эмоционалды түрде  қолдайды және өзінің тілектестік сезімін білдіруі арқылы оған өзінің қиындықтарын айтқызады.

4. Психолог кеңес  алушының жағдайын қызығушылықпен  тыңдап, оның проблемаларын объективті  анықтау үшін кеңес алушының  «ізімен жүріп», терең және жан-жақты  түсініп алады.

5. Психолог клиент алдында тұрған проблемалар туралы қорытынды мен ұсыныс беруге асықпайды, ол кеңес алушыға ыңғайлы жағдай туғызуға ғана асығады.

6. Психолог клиенттің  әр қадымына ырзашылығын білдіріп, оны өзімен бірге қосылып проблеманы  шешу жолында қызмет жасауға  шақырады.

7. Психолог клиентке  барлық мәселені жан-жақты талдап, оның себептерін толық түсінуге  және проблемаларды бірлесіп  шешуге ұмтылады.

Тиімсіз отбасылық кеңес беру көрсеткіштері.

  1. Психолог пен клиент кездесуілері уақытында өтпейді
  2. Психолог клиентпен айтарлықтай байланыс орнатпайды.
  3. Психолог кеңес алушыны «көрмейді», «естімейді» және «сезбейді». Ол өзінің айтқандарына ғана көңіл аударады. Кейде клиенттің «аузын ашқызбай» тек өзі сөйлейді. Кеңес алушыға шағымдары бойынша қатал ескертулер жасап, оның қылықтарын жамандыққа жориды. Кеңес алушыны әшкерлеуге тырысады немесе моралдық талаптарға жүгіндіреді.
  4. Кеңес алушыға өзінің шешімін зорлап міндеттеп береді, асығыс кеңестер мен ұсыныстар береді.
  5. Кеңес алушымен дауласумен аяқталған кездесу болашақта клиентті шындықты жасыруға немесе психологиялық көмектен бас тартуға мәжбүр етеді.
  6. Бастапқы гипотезаны қатаң ұстанады. Диагнозды нақты қояды және емдеудің нақты жолдарын ұсынады.

Сонымен, отбасына психологиялық кеңес беру жұмысы оны жүргізуді негіздейтін түрлі  теориялық көзқарастарға сүйенеді. Отбаслық кеңес берудің мазмұны мен оның түрлері отбасы мүшелерінің жас шамаларына және психологиялық даярлығына қарай бағдарланады.

 

4. Отбасылық психотерапия

Отбасылық психотерапия деп тұлғаралық қарым-қатынастарды түзетуге бағытталған жанұядағы, әсіресе науқас отбасы мүшесіндегі эмоционалды бұзылыстарды жою мақсаты бар психотерапияның ерекше түрін айтамыз.

Отбасы терапиясы  барысында 3 кезеңнен тұрады. Оның ұзақтығы бірнеше аптадан бірнеше жылдарға дейін созылуы мүмкін, оның ұзақтығы “белгіні таратушыда” психикалық бұзылыстың ауырлығымен отбасындағы тұлғааралық қақтығыстардың айқындылығымен, терапевтік өзгерістерге жетуге отбасы мүшелерінің мотивациясы мен қамтамасыз етіледі. Алғашында отбасы терапиясы 1-2 сеанс, ал кейін екі аптада бір рет, ал одан әрі үш аптада бір рет жиілікте өткізіледі.

Отбасы терапиясы 4 кезеңдерді жиі бөледі (Эйдемиллер, Юстицкис):

  • отбасылық диагноз, анықтау кезеңі;
  • отбасылық қақтығысты жою;
  • қайта құру;
  • қолдаушы.

Отбасылық анықтау  дегеніміз – отбасы мүшелерінің индивидуальді жекелік қасиеттерін ескеру мен бұзылған отбасылық қарым-қатынастардың типтелуі. Отбасылық қатынастарды анықтау проблемалы болжамдарды алға қоятын және тексеретін психотерапевтің отбасылық топқа қосылу процесімен жүзеге асады. Отбасылық анықтаупроцедурасының ерекшелігі, ол отбасылық теропияны барлық кезеңдерге алып жүреді және психотерапевтік техникалардың таңдауын болжайды. Оның басқа ерекшелігі болып жатқан жайында отбасы мүшелерінің бірінен алынған ақпаратты отбасының басқа мүшелерімен, сұрастыру мен психотерапия процесінде қатысушылардың қылығын бақылаудың негізінде құрылған психотерапевтің өзінің әсерімен сәйкестендіру қажеттілігінен тұрады. Екінші кезеңде психотерапевті клиентпен және оның отбасы мүшелерімен бір жақты кездесулерде отбасылық қақтығыстың негізін анықтау мен табу және оны қақтығысқа қатысты отбасының әрбір мүшесінің эмоционалды әсерленуі арқылы жою жүреді. Психотерапевт қақтығысқа қатысушыларға барлығына түсінікті тілде сөйлесуге үйренуге көмектеседі. Сонымен қатар ол отбасы мүшесінің бірінен алынған қақтығыс жайындағы келісілген көлемдегі ақпаратты тасушы делдалдың ролін орындайды. Бұл ақпараттың вербальды емес сыңары.

Отбасылық қарым-қатынастарды реконструкция кезеңінде көкейкесті отбасылық мәселелерді топпен не ұқсас мәселелермен параллель топтардағы клиентермен талқылау. Бұл топтардағы рольдік қылықтың тренинг пен конструктивті дауласудың ережелерімен оқыту жүргізіеді.

Информация о работе Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері