Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:31, лекция
1.Жалпы психологиялық негіздері.
2.Түрлі теоретикалық бағдарламалардың қосқан үлесі.
3.Психологиялық ықпал етудің механизмдері.
4.«Әлем бейнесі» мен консультативті-психотерапиялық практикадағы оның мәні.
Гештальттерапияның негізгі ұғымдары келесі: дене мен оны қоршаған ортаның қатынасы, қазіргі кез туралы алаңсыз ойланып оны жете түсіну, қарама-қарсылық, қорғану мен жетілу функциялары.
Гештальттерапия қарама-қарсылықтардың бір-бірімен одақтастығын жете түсінуге, сезімге ерекше көңіл аударуға, түс көруді талдауға, әркімнің өз-өзіне жауапкершілікті мойнына алуға және қарсылықты жеңуге бағытталған.
Гештальттерапиядағы «қарама-қарсылықтар» әр адамның «Мен» құрылымындағы бір-біріне сәйкес келмейтін жерлерінің күресін бейнелейді, қажеттілік пен мүмкіншіліктің текетірестерін көрсетеді. Қажеттілікті қанағаттандыруға ешқандай мүмкіншілік болмаса, гештальт құрылысы аяқталмай қалады. Перлздың айтуынша, осы қанағаттандырылмаған қажеттілік бітірілмеген гештальт түрінде адамның неврозға ұшырауының негізгі себепкері болады.
Жетілгендік – жеке тұлғаның өте қиын жағдайдан өзін алып шығуға қабілеттілігі. Гештальттерапевттің негізгі міндеті – адамға өзінің қажеттілігін толық түсініп, айқындап алуға көмектесу (гештальтты құрып беру) және осы түсініктің қалыптасуына сүйене отырып оның теріс әсерін жойып, залалсыздандыруға көмек беру, адамды тұңғұйықтан алып шығу. Сонымен, адамның өзінің қажеттіліктерін жете түсінгенін мадақтай отырып оның өзінен құпияда қалған мүмкінішіліктерін оятып, кәмелетікке жетілдіру - гештальттерапияның негізгі мақсаты.
Гештальтттерпевт үшін пациенттің өзіне тән қайшылас қасиеттері бар екенін түсініп, ол қарама-қарсылықтар күресі қандай сезімдер туғызатынын түсінуі өте маңызды. Осы сезімді түсіндіру үшін гештльттерапияда «екі орындық» әдістемесі пайдаланылады. Қатысушы ең бірінші бір орындыққа отырып өз сезімін Шабуылшы көзқарасы мен ұстанымына байланысты көріністе баяндайды, ал сонан соң ол қарама-қарсы тұрған орындыққа отырып Қоғанушы орнында болып сөйлейді. Шабуылшы өктемдік көрсетіп, «не істеуі керек, нені істеуге болмайтыны» туралы өсиет айтады, ал Қоғанушы «не істеуіне болатынын» және «өзін қалай ұстағысы келетінін» оппонентіне дәлелдейдеп береді. Бұл диалог пациенттің «Мен» құрылымындағы қарама-қарсылықтар мен келіспеушіліктерді жете түсінуіне мүмкіндік береді. Осы қарама-қарсылықтардың және келіспеушіліктердің мән мағнасына толық түсінгеннен кейін пациент өзінің ішкі сезімдерін үйлесімді құруы жеңілірек жүреді.
Сезімдерге көңіл аударуды күшейту. Өз сезімдеріңнің мәніне түсіну үздіксіз жүруі керек. Ал адамдардың басым көпшілігі жағымсыз оқиғамен байланысты қайғы-қасірет сезімдеріне жеткенде саналы талдауды тоқтатып, ол сезімнен айырылғысы келіп көңіл аударудан бас тартады. Осындай жағдайларда психотерапевт пациентке осы аяқталмаған, шала құрылған гештальтты толықтыруға жәрдем береді. Осы жетіспеген жерін толықтыру арқылы оны жарақаттап жүрген гештальттан қол үзуге мүмкіншілік туады. Мұның мәнділігі, біріншіден, жағымсыз сезімдіге әсерленгеннен соң оны «жасыруға» жұмсалып жүрген күш босатылып, оны өнімді, ізгі ниетті сезімдерге жұмсауға мүмкіншілік туады, ал екіншіден, қарама-қарсылықтың мағнасын айқындау арқылы оны ішкі қайшылықтармен бірлескен одақ құрылады
Келесі кезеңде клиенттің қиялын өзіне талдату жүргізіледі. Бұл жұмыс кемінде екі компоненттен тұрады:
Жауапкершілікті өз мойнына алу. Гештальттерапияны жақтаушылар пікірі бойынша адамдардың неврозға ұшырауының негізгі себебі олардың өз басынан кешкен сезімдеріне, ойларына, қылықтарына жауапкершілікті мойындамауы, басқаша айтқанда өз-өзінің «Мен» көріністеріне жауапкершілігі жоқтығы деп есептейді. Жеке тұлғаның осы өз-өзіне жауапкершіліктен қашып, сезімдеріне, ойларына, қылықтарына жауапкершілікті өзгелерге жүктеу тенденциясын Перлз адамның «кісіліктің жыртығы» деп атады. Оның пікірінше әр адам өзіне жағымсыз сезімдерін өзі саналы түрде толық түсінбегенде ғана оны проекциялау арқылы көрсетеді. Бұл жағдайда жетекші шағымданушыны мақұлдап, қолдау көрсетуге асықпайды, керісінше, оған көмектесуден бас тартып, клиенттің өзінің ішкі, әлі пайдаланбаған күштеріне сүйене отырып, өз өмірінде болған нәрселерге жауапкершілікті мойындауға мәжбүрлейді. Клиентті эмоционалдық зорлану жағдайдан шығару үшін оның түсінгісі келмеген оқиғаларды, олардың адам көңілінде қалдырған ізін түсінуді және жауапкершілікті мойындауды талап ететін түсіндіру арқылы оның өзіне жағдайдан шығаратын ішкі ресурстарын іздетеді.
Сонымен, гештальттерапия қарсыласуға қарсы емес, одан бас тартуды талап етпейді, ол адамның табиғи қарсыласуына сүйенгенде көптеген жағымсыз сезімдердің мағнасына түсінбегендіктен одан санасыз түрде қашқақтап, мағнасын толық түсінбей қалады. Осы сезімді толық түсіну арқылы оның теріс әсерінен құтылуға болады.
Мысалы:
«Сана-сезімді түсіну»
Өзіңіздің сана-сезіміңізді үш зонаға бөліп қарастырыңыз:вашего сознания на три зоны:
Өзіңізге серік таңдап алыңыз. Онымен қарама-қарсы отырыңыз. Босаңсыңыз. Кезектесіп өздеріңіздің сыртқы ортаны сезінуіңіз туралы әңгімелеп беріңіз. Әңгімеңізді «Менің түсінуімше қазір …» деген сөздерден бастаңыз да 5-8 минут ішінде қоршаған ортаның дәл қазіргі сізге тигізген әсері туралы айтып беріңі. Сөзіңізді сізді қоршаған ортаның иісін, түрі мен түсін, температурасын, серігіңіздің әсерін сипаттаумен аяқтаңыз. Енді өзіңіздің серігіңіздің қоршаған ортадан әсерленгені туралы әңгімесін тыңдаңыз. Сонан соң кезекпен өздеріңіздің денеңіздің ішкі ортасын сезінуіңіз туралы 2-3 минут ішінде әңгімелеп беріңіз. Әңгімеңізді «Менің түсінуімше қазір …» деп батаңыз да, өзіңідің денеңізбен байланысты сезімдеріңізбен аяқтаңыз ( ауызым қурап қалғанын, колымның ауыр болып кеткенін, арқамның қышығанын, денемнің ауырғанын және т.с.с. сезінемін). Әңгімеңізді аяқтағаннан соң серігіңізді тыңдаңыз..
Енді сезім, ақыл-ой, армандар дүниесіне көшіңіз. Әңгімеңізді «Менің түсінуімше қазір …» деп батаңыз да әңгімеңізді қазіргі кездесу барысында орын алған ойларыңыз, уайымдарыңыз оларға әсерленуіңіз туралы айтыңыз. Тек ішкі сезімге бөленуден туған спонтандық ой мен сезімнен сескенбестен, оларды баяндап беруге тырысыңыз. Ешқандай өткен-кеткенге алаңдамастан тек қана қазір және осы жерде болғандарды 5-8 минуттай уақыт айтыңыз. Келесі кезекті серігіңізге беріп, оның әңгімесін мұқият тыңдаңыз. Осылайша зонадан зонаға ретімен ауыса отырып пікір алмасуды басынан бастап қайталаңыздар. Нәтижесінде жаттығуды өзіңізбен жұптасып орындаған серігіңіздің мұқтаждығын толық сезініңіз және оған сіздің жағдайыңызды толық сезінуге мүмкіндік беріңіз.
_Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Гештальттерапия дегеніміз не?
2. Гештальттерапияда өзіндік реттелудің бұзылуын неше механизмде қарастырады? Осы механизмдерге сипаттама беріңіз.
3. Гештальттерапия
бағытының механизмдеріне
4. Гештальтпсихологиясының
бес бағытына сипаттама
5. Гештальттерапияның қалыптасу ерекшеліктері қандай?
№ 13 ЛЕКЦИЯ
13-тақырып. Психодрама.
1.Психодрама мазмұны.
2.Психодрама техникалары.
3.Дене терапиясы.
4.Би терапиясы.
5.Өнер терапиясы.
6.Шеберлік тренингі.
7.«Мінез-құлық терапиясы».
Психодраманың негізін құрған Якоб Морено. Ол бірінші болып драматикалық әдістемені жеке тұлға проблемаларын, түс көруін, арман-мұңын, мазасыздануын зерттеуге пайдаланды. Венада «ішкі сезім театрын (спонтандық театр)» ашты. Өйткені оның пікірі бойынша драмалық жағдайлар көмегімен психотерапевтикалық мәселелерді шешуге мүмкіншілік туады және психодраманың сөздік қатынас алдында көптеген өзіне тән ұтымдық жерлері бар екенін дәлелдеді. Драматизация барысында адамның мұңын зерттеу тездетіледі және жаңа мінез-құлық негізінде қатынастар құруды жеделдетеді.
Психодраманың негізгі ұғымдарырольдік ойын, спонтандық, теле, катарсис, инсайт. Основные роли в психодраме – режиссер (ол продюссер, терапевтжәне талдаушы болады), протагонист, «қосалқы Мен» және аудитория.
Психодрама бой қыздырудан басталады (жаттығулар орындау), сонан соң әрекет фазасына өтеді (протогонист драмалық қойылымды ұйымдастырады), келесі фазада нәтижесі талданады.
Режиссер қойылымдағы қатысушылар рөлдерін анықтайды: монолог, ұқсас, рөлдерін ауыстыру мәселелерін ұйымдастырады.
Психодрамадағы қойылымдар топтағылардың көкейтесті мәселелері тақырыбында болады да, оның кейіпкерлерін клиенттер бейнелейді.
Теле (Морено бойынша сезім білдірудегі клиентпен жүргізуші арасындағы екі жақтық процесс. Мореноның анықтамасы бойынша Теле – ол адамдардың бір-бірінің сезіміне енуі арқылы түсінуі). «Теле» деген ерекше эмоционалдық байланыс арқылы барлық «эмоционалдық жағдайды тасымалдау, контратасымалдау және эмпатия» көрінісі. Егер эмпатия біржақты басқа адамның эмоционалдық жағдайын терең сезіну болса, теле – екі жақтың бір-біріне эмпатия білдіруі және алмасуы болып табылады. Теле оң белгідегі сезіммен (позитивтік теле) қатар теріс белгіде (негативтік теле) болуы мүмкін.
Катарсис. Аристотель Берген анықтама бойынша катарсис деген сезімге Жан түршігетін сезімге бөлену арқылы жан дүниені тазарту. Фрейдтің анықтамасы да осы мағынаны береді. Морено бұл ұғымның мағнасын кеңейтіп, оның әсері тек көрермендерге ғана емес, актерларға да ортақ екенін дәлелдеді. Оның айтуынша психодраманың емдік амалы көрермендерге бағытталған әсерінен (екіншілік катарсис), «драманы ойнап жүріп күйзеліс жағдайдан өзін босататын» актердің өзіне деген әсері емдік әсері зор екенін көрсетті. Сонымен қатар антикалық трагедияларда катарсис, талдауға қарағанда, екінші орында тұрса, психодрамада катарсис бірінші ретке шығады да, оның емдік мәні сценарийіне қарағанда маңызды орынға ие болады.
Инсайт. Танымның бұл түрі проблеманы бірден шешуге немесе оны жете түсінуге алып келеді. Инсайт деген бірден көзі жарқырап ашылу, нұрлану. Психодраманың мақсаты катарсис және инсайттың барынша көрініс бергізу арқылы топтық климатты жандандыру.
Психодрама техникалары.
А) Монолог – кейіпкердің өз ойы мен сезімін аудиторияға және өзіне жеткізуге арнаған сөзі. Монолог арқылы сөз сөйлеуші өзінің әсерленген қайғы-қасіретіне басқалардың көзімен қарап, өзінің сахналық кейіпкеріне қатынасушылардың әсерленгенін зерттеуге мүмкіндік береді. Монолог әдістемесі айқын байқалатын және бүркемелі сезімдер арасындағы қайшылықтарды зерттеуде ерекше мүмкіндік туғызады.
Б) Ұқсас, немесе екінші Мен, - талданып жатқан адамның орнын басуға дайын қатысушы. Егер бас кейіпкер өз әрекетін одан әрі жалғастыра алмай қалса, оған ұқсас болған қатысушы жәрдемге келеді. Кей кезде психодрама барысында «Ұқсас» негізгі кейіпкердің «ішкі дауысының» ролін атқарып, оның құпия сезімдері мен ойларын басқаларға жеткізеді. Бұл жағдайда өз ойын дәлірек жеткізу өте маңызды, сонымен қатар «қосалқы Мен» жағдайды өзінше қалай түсінгенін және оған көзқарасын білдіреді.
Г) Бейнелеу рольдерін алмастыру әдістемесімен тығыз байланысты. Режиссер бас кейіпкерді «кейінгі қатарға» уақытша ауысып, оның ролін ұқсас дублері орындағанын байқауды сұранады. Бейнелеу әдістемесі бас кейіпкерге оны басқалар қалай қабылдайтынын түсу арқылы өзінің әлі пайдаланылмаған мүмкіндіктерін толық ашуға көмектеседі.
«Ұқсас пен монолог» жаттығуы.
Қатысушылардың біреуі ортаға шығып сөз сөйлейді. Монологта өзінің ойлары, сезімдері, қайғы-қасіреті туралы айтылады. Ол сөзбен сөйлеуші өзінің ішкі сезімін, толғанысын басқаларға жеткізуге арналған. Сондықтан ол алдын-ала даярланған емес, сол жердегі келген ойды білдіру тәсілі болғаны дұрыс. Сөз алған Адам бөлме ішінде әрі-бері жүріп, ол бөлмеде өзінен басқа ешкім жоқтай болып сезінгені дұрыс болады.
Бірнеше минуттан соң қатынасушылардың біреуі өз еркімен ортаға шығып, сөз сөйлеушінің артына тұрып, оның дене қалпы мен қимылын, мимикасын, қылықтарын толық қайталайды. Сөз сөйлеушіге ешқендай кедергі жасамастан тек вербалдық емес қылықтарды қайталау керек. Бірнеше минуттан кейін «көлеңке» ролін басқа Адам орындайды.
Дене терапиясы.
Дене терапиясына
биоэнегетикаға негіздлген жаттығулар
жатады. Олардың ішінде М.Фельденкрайс
әдісі, Ф.М.Александер әдісі, «құрылым
одақтастығы», «алғашқы терапия» және
басқа физикалық факторлар
Дене терапиясының
негізгі ұғымдары: бұлшық еттер сауыты,
тиянақтың мықты екенін сезіну (почва
под ногами). Денедегі энергияның өз
бетімен жүретін ағымына
Дене терапиясы
топтарында ағзадағы энегия ағымын үйлесімді
жүргізуге ықпалы өте күшті тыныс
алу жаттығулары кеңінен
Дене терапиясы көптеген топпен орындайтын дене жаттығуларынан тұрады да ол өте жиі пайдаланылатын когнитивтік топтық әдістемелерді толықтырады.
Би терапиясы.
Би терапиясының бастамасы шығармашылық бидге негізделген. Дегенмен шығармашылық биде оның құрылымы нақты анықталған болса, би терапиясының айырмашылығы би қимылдарының реті сезімге байланысты өзінен өзі құрылады. Би терапиясының мақсаты – адамның өз денесін сезініп оған оң көзқарасын қалыптастыру, әлеуметтік қатынаста болу тәжірибесін қалыптастыру және топтық сезімге бөлендіру. Би қимылдары адамның өз денесімен ақыл-ойының, спонтандық қимыл мен парасаттың байланыстылығына көрсете отырып, сонымен қатар ол жеке тұлғаның кейбір ерекшеліктерін сипаттайтын мінездемесі болып табылады.
Топ жетекшісі бидегі серік, оқиғалар режиссері, қимыл әрекеттер арқылы дамуды қамтамасыз ететін катализатор ролін орындайды. Би жаттығулары құрылымдық жағынан тыныс алуға, босаңсуға, орнықтыруға, кеңістіктегі қимылды дұрыс басқаруға арналғандарын үйлесімді пайдаланады.
Бастапқы кезде би терапиясы тек қимыл әрекеттері бұзылғандарға пайдаланған болса, қазіргі кезде оны дені сау адамдарды психологиялық жағынан жеңілдетуге, әлеуметтік ортаға тез икемделуін, топтық әрекеттен ләзаттануын қалыптастыруға кеңінен пайдаланады.
Өнер терапиясы.
Фрейд тұжырымдамасы бойынша өнер туындылары (спонтандық сурет, сұңғат салу, мүсін жасау) адамның ішкі Менін білдірудің бір жолы болып табылады. Терапияның бұл түрі Фредтің санасыз әрекет теориясы мен Юнгтың әмбебап шартты белгілер туралы ойынан туындаған. Өнер терапиясы адамның ішкі қайшылықтары мен мазасыздануынан айырылу әдісі, психотерапевтикалық процестер катализаторы, зерттеу нәтижелерін психодиагностикалық мәліметтер алудың қосалқы тәсілі ретінде кеңінен пайдаланылады. Өнер терапиясын пайдалану мақсаты – сурет салу мен мүсін жасау арқылы зерттелінушінің өнерге деген ынтасы мен дарындылығын дамыту емес, оның қиялының көріністерін зерттеу.
Информация о работе Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері