Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:31, лекция
1.Жалпы психологиялық негіздері.
2.Түрлі теоретикалық бағдарламалардың қосқан үлесі.
3.Психологиялық ықпал етудің механизмдері.
4.«Әлем бейнесі» мен консультативті-психотерапиялық практикадағы оның мәні.
Клиенттердің проблемаларын осылайша сыныптастыру – кеңес беру процесіндегі маңызды қадам. Бұл жерде кеңесші тарапынан ескерілетін мәселелердің бірі - психологқа келген адамның оның неліктен келген себебін психолог өзінше түсініп, сол түсінігін клиенттің мойындауына мәжбүрлегендей сезім орын алмауы керек. Клиенттердің проблемаларын талқылауға көшкен психолог: «Ересек баларыңыз жайында сонша алаңдаудың қажеті жоқ, олар бәрібір мұны онша түсіне алмай қалуы мүмкін. Ал сіз оны бағаламады деп түсінесіз, одан да өзіңіздің өміріңізді оңтайландыру туралы ойлныңыз», немесе: «Оларды асырадыңыз, мамандық алуға көмек көрсеттіңіз, үйлендірдіңіз. Сіз ата-аналық парызыңызды толық орындадыңыз. Ендігі жерде өзіңізді ойлаңыз. Ден саулығыңызды сақтап, әлі де қажетті жерінде қол ұшын бере алсаңыз – балаларыңыз үшін ол үлкен қамқорлығыңыз болады» - деген секілді қандайда бір рационализациялық ұсыныстар айтылуы мүмкін. Клиент өз өмірін бос өтіп жатқандай сезінетіндігін немесе мәнсіз деп түсінуін суреттеуіне мәжбүрлеуге болмайды. Оған ең басты көмек көрсететін адам өзі екенін түсіндіріп және психологиялық көмекке немесе кеңеске сүйенгеннің ешқандай ұяты жоқ екеніне көзін жеткізудің өзі кейде жеткілікті болады. Содан соң ғана клиент алдында тұрған проблемаларды толық талдауға көшуге өзі ризашылық білдірсе оны жан-жақты талдауға болады.
Клиенттердің келу себептеріне байланысты кеңес беру жұмысының стратегиялары әр түрлі болады.
1. Клиент өз өмірін мағнасыз, бостан-босқа өтіп жатыр деп сезінетіні жағдайда кеңес беру жұмысының міндеті – оның өмірін мағналы істермен толықтыруға, оған қызықты және қолайлы жұмыс табуға көмектесу. Осы мақсатта клиенттен оның қандай салада жұмыс істегені, нені ұнататындығы, қандай қызығушылықтарының болғандығы, немен айналысқысы келетіні туралы әңгіме көтеріп, көптеген сұрақтар қоюға болады. Мұндай әңгімелесу барысында орын алған жан-жақты сұрақтар көмегімен клиентті қызықтыратын және оған айналысуға болатын көптеген қызықты істер туралы идеялар туындайды. Психолог бұл кезде клиентке әлеуметтік тілектестік көмегін көрсетеді, себебі жалпыға танымал ұғымдар тұрғысынан отбасы мен балалары қамынан басқа ешнәрсеге қызықпайтын адам – бос адам. Ал кеңес берушінің көзіне ешкім мұндай болып көрінгісі келмейді. Бірақ психологқа клиенттің қызығушылары туралы айтқан әңгімесін есту жеткіліксіз; ол клиентті өзінің жеке өміріне қатысын белсенді ұстанымға ауыстырып, оның өз уақытын өзіне маңызды және пайдалы істермен толтырып, өз-өзін ұйымдастырып, өз ісімен айналысатындай етуі керек. Клиенттің мұндай белсенділігінің кепілі – бірге өмір сүруге қызықты ғана емес, оны қажет ететін әріптесінің болуы. Мұндай әріптестің пайда болуының 3 нұсқасын көрсетуге болады. Олар отбасы мүшелерінің бірі, ескі достары мен таныстары, жаңадан танысқан адамдары болуы мүмкін.
Мұндай жағдайда клиенттер өз отбасысы мүшелерін, туыстарын, балаларымен немерелерін онша бағаламағанын, өз қажеттілігін көрсетуге тырысып, олардың істеріне қол сұға бергенінен отбасындағылар оның өзі қажетті және қызықты адам екені туралы ұмытып та кеткінін түсінуі керек. Мәдени іс-шаралар мен ойын-сауықтар бойынша әріптес ретінде олар көбіне өздерін түсінбейтін, кішкентай болғандықтан ешнәрсеге қызықпайтын адамдар ретінде бағаланып жүрген клиенттің немерелері бола алады. Олар клиент үшін кеңес берушінің көмегінен басқа да рольде - өмір туралы жаңалық білгісі болып келеді, басқа адамдарды түсінуге көмек қажет ететін адамдардың рольінде көріне алады. Клиенттің отбасыда бұл адамға қатысы бар, бірақ оның өмірінде өз рольін қажетті және маңызды деп қабылдамайтын, не болмаса қандай да бір себептер бойынша назар аудармайтын, бірақ көмекті қажет ететін адамдар да болуы мүмкін. Бұл туралы әңгімелесу барысында ол отбасындағы қатынастар жүйесіндегі өз ұстанымына терең үңілуіне көмектеседі.
Қажетсіздігі
мен жалғыздық сезімінен жапа
шегушілер проблемасының
Жалғыздық сезімге бөленген адамға әңгімелесу кезінде оның сөзін мұқият тыңдау, кейбір ойларын мақұлдап қолдау көрсету мен назар аударудың өзі оң ықпал ете бастайды. Оған өмірлік арманы туралы ойлануға көмектесу, өзін белсенді және қажетті сезінудің бастамасы болады. Өкінішке орай, клиентте жеке идеялар аз немесе олар аморфты болатын кездері, ал туыстары мен достары арасынан әріптес табу қиынға соғатын жағдайлар да бар. Сондықтан психологтың жүргізген жұмысы жемісті болу үшін кеңес алушы қашан, қайда және қалай баруы, немен айналысуы керектігі туралы идеяларын клиенттің мақсат-мүддесін есепке ала отырып соларға сай ұсына білуі керек. Кеңес берушінің түрлі клубтар, бірлестіктер, кештер туралы мәліметтілігі толық болса ол талқылауға қажет материалдар ретінде көптеген ақпарат ұсына алады. Бұл жерде клиентке ұсынылған нұсқаның қаншалықты оның жасына, өмір тәжірибесіне, қызығушылығына т.б. жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетіні емес, оны жаңа идеялар іздеуге, жаңа достар мен таныстар табуға мәжбүрлеу маңызды. Мұндай іздеу мүмкіндігін сезінген адам енді кеңес берушінің көмегісіз жеке қалауы бойынша бірнәрсе табуға тырысады. Сонда да қарым-қатынас шеңберін қалай кеңейту, жаңа таныстықты қалай арттыруға болатыны жөнінде арнайы талқылау жүргізу өте пайдалы.
2. Өз өмірінде
сәтсіздікке жиі ұшыраған ата-
Кәрі адамның өмірге көзқарасын өзгерту оңай міндет емес, оның үстіне мұндай адамдардың өмірі көбіне қиын жағдайларда, көптеген сәтсіздіктермен ұштасып өткені белгілі. Оның үстіне мыңдаған адамдар жылдар бойы қызмет етіп, сеніп-нанып келген нәрсе өтірік, жалған жол болғанын кенеттен түсінгені, әлеуметтік жағдайлардың бірден күрт өзгеруі мен байланысты бұл проблема тағы бір сыртқы себебі пайда болып одан әрі тереңдеді. Мұндай клиенттерді бәрінен бұрын сабасына түсіріп, жеке кісілік құны бар тұлға екеніне сендіріп, олардың өздері өзгелерге қажетті адам екенін дәлелдеп көрсету керек. Мұндай проблемалары бар адамдармен жұмыс істеу психологтан үлкен шеберлікті қажет етеді. Оларға көмектесу үшін нақты не істеуге болады? Біріншіден, клиенттің өз өмірінде қолынан келгенінің барлығын жасағанын, көптеген, шынында да маңызды қиындықтардан өткенін, осы жолда соншалықты күш жұмсалғаны заяға кетпегенін дәлелдеу. Екіншіден, клиенттің өз өмірінде көптеген маңызды жетістіктерге ие болғанын жақсылап көрсету. Бұл жерде адам өміріндегі шынайы жетістіктер ретінде көп нәрсені атауға болады: ғылыми дәрежелері, рухани құндылықтары, адамдарға көмектескені, балаларын ер жеткізіп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырғаны, немерелеріне қамқорлығы т.с.с. Үшіншіден өмірде адамның неге қол жеткізгені емес, қалай жеткені маңызды екенін, клиентпен талқылау. Бұл мағынада клиенттің шыншылдығы, әділеттілігі, ақ көңілділігі, мейрімділігі, сезімталдығы өмірде кездескен көптеген қиындықтарға қарамастан сақталған адамгершілік қасиеттері маңызды құндылық екенін көрсету керек. Психологқа мұндай проблемаларды талдауға арнайы әдебиеттер үлкен көмек көрсетеді.
3. Ата-ананың
бала алдындағы кінәсін
Мұндай өзін-өзі кінәләудің мысалы ретінде жалғызбасты анаға ақша керек болып жұмысқа шығуға тура келгені, сол кезде отбасында кішкентай қызына қарайтын ешкім болмағандықтан оны өте ерте балалар бақшасына берген клиенттің басынан өткен оқиғаны келтіреміз. Бақшада қызы құлаған, соның әсерінен қызы баспа ауруымен ауырады, нәтижесінде оның бір құлағы мүлдем естімей қалады. Бұл қыз әлде қашан ер жеткен, ал клиент әлі күнге дейін сол оқиға үшін өзін-өзі кінәлайды, қызының күйеуімен тіл табыса алмай жүргендігі оның құлағының ауырлығымен байланысты деп есептейді. Сондықтан қамқоршылық көрсеткісі келген ана ерлі-зайыптылардың ара қатынасына көңлі толмастан, күйеу баласынан қызын қорғау үшін көптеген әрекеттер жасайды. Енесінің сөздерін көтере алмаған күйеу бала өзінің әйеліне зәбірлік көрсетеді. Ата-ананың бала алдындағы кінәсіна күйзелісі жоғарыда айтылған өзін қажетсіз сезіну қорқынышымен ұштасып, одан әрі үдеп кетеді. Оның үстіне, кінәлі сезімнің ұшығуына клиенттің жеке өмірінің өз талабына сай келмегендігі, ерте жесір қалып, жалғыздық проблемаларының барлық қиын жағын көргендігі оданда күшейтіп, қазір қызы өмірінде болып жатқан нақты оқиғалармен байланыстырылады. Клиент зейнетақыға шыққаннан соң бос уақыты молайып, ол өз кінәсін жою үшін қызына бар уақытын бөле алатынына үміттенеді, бірақ қызын мұндай бастама тек қана ашуландырып, үрейлендіреді.
Кеңес беру жұмысының мақсаты – қысқа мерзімдік оқиғаны сараптау болғандықтан біз себептердің төртінші тобы – жеке проблемалардың үрейлер мен байбаламдар деп аталатын түрлерін талдамаймыз. Мұндай жағдайлармен байланысты жүргізілетін іс-шаралар психотерапияда қалыптасқан басқа әдіс-тәсілдер көмегімен жүргізіледі және клиентпен арақатынас мол уақытты қажет етеді. Сондықтан кеңес беруші мұндай жағдайда клиенттің басқа мамандарға көрінуі туралы кеңес беруі керек.
_Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1.Балаға қатысты
ата-ананың гиперқамқорлық
2.Ата-ананың балаға қатынасын түзету тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
3.Бала өміріндегі
мәселелер мен қиындықтар
4.Ата-аналарға
өздерінің жеке мәселелері
№ 8 ЛЕКЦИЯ
8-тақырып. Психоанатикалық дәстүр.
1.З. Фрейд
психоанализдің негізін
2.Психоанализ, психоталдау.
3.К.Г.Юнгтың аналитикалық психологиясы.
1. З.Фрейд психоанализдің негізін қалаушы.
Психоанализде адам ерекше бір қырынан көрінеді. Психоанализді құрған австриялық дәрігер, әрі психолог З.Фрейд болды. Бұл бағытты әрі оның есімі-фрейдизм деп де атайды. З.Фрейд адамның психологиясын тануға жаратылыстанудан бастап медицинаға дейін келді: ол психикасы функционалды бұзылған аурулармен, әсіресе, невротиктерді емдеуде үлкен, аса тәжірибелі оған невроз ауруының психологиялық тұжырымдамасын жасауға мүмкіндік береді. Міне осы тұжырымдама психоаналитикалық теория мен әдістің негізі болды.
З.Фрейдтің пікірінше, невротикалық ауру санадан ығыстырылған бастан кешулердің әрекет етуі салдарынан дамиды деп түсіндірілді. Олар санадан ығыстырылып, санадан тысқары аумақта қатты қозған ошақ-аффективті кешенді құрайды деді. Психотерапияның міндеті осы травма алған бастан кешулерді дер кезінде анықтап, олардан жеке адамды арылтып босату.
Психоанализде санадан тыс аффективті кешенді анықтаудың бірқатар әдістер қатар анықталды. Олар: түс көруді талдау, еркін ассоциациялар әдісі, ұмыту, тағы басқаларды талдау.
Бүкіл бұл әдістер психологтың белсенді қызметін қажет етеді, себебі алынатын материал тек қана талдау негізі болады. Міне, осыдан да әдіс әрі тұжырымдаманың тұтас аты-психоанализ осыдан шығады. Бастапқыда истериялық жүйке ауруларын емдеу әдісі бола отырып, психоанализ кейінірек З.Фрейд арқылы адамдардың бірқалыпты дұрыс өмірін түсіндіруге де таралып қолданылды.
Психоанализдің ядросы ретінде санадан тыс туралы ілім болды. Адам психологиясы шартты түрдегі санадан тыс иррационалды күш – елігулермен, яғни инстинктермен түсіндірілді. Оның ішіндегі ең негізгілері-жыныстық егілу (құмарту) және өлімге құмарту болды. Фрейдизм адам өміріндегі санаға онша көңіл бөлмеді.
Елігіп, құмартулардың, ығыстырылған бастан кешулердің шоғырлану аумағы бола отырып, санадан тысқары адамның мінез-құлқын басқармады. Сондықтан да адам өте жиі жағдайда өз әдет-қылықтарына адекватты баға бере алмайды немесе өз мінез-құлқының қозғаушы күшінің нақты не нәрсе екенін білмей ғана түсіндіреді.
Фрейдизм өте кеңге тарады, бүкіл әлемге десе де болады. Себебі: психоанализде ең бірінші жоспарға адамдардың шындық өмірдегі қажеттілік сұраныстары мен мәселелері қозғалды. Ең бастысы, солардың барлығына жауап берілді. Психоанализде адамның психикалық өмірі күрделі, ұйымдас-қан, динамикалық болып ұсынылды. Сондықтан да психоанализ өзге ағым-мектептерден өзгешелігі, адам өмірінің жыныстық мәселесі қарастырылды.
Бірақ дегенмен өздерінің ғылыми бағдарламасын хабарлаған сәттен бастап, әлі күнге дейін фрейдизм қатты сынға алынуда. Психоанализдің негізгі постулаттары (яғни жыныстық құмартудың рөлі сыналуда, адам мінез-құлқындағы санадан тыстың бастау алуы сыналуда).
Психоанализдің психиканың кемістіктерін емдеуде қолданылған бай тәжірибесі көпшілік қауым арқылы көп мақұлданды.
Аффект-өте қысқа мерзімде күшті, бұрқ-сарқ етіп өтетін эмоционалдық күй.
Невроз – психикалық табиғаты бар, адамның эмоционалды аумағына әсер ете отырып көрінетін жүйке психикалық бұзылу. Адамның эмоционалды аумағы, бұл: сәтсіздіктер, қайғырулар, қажеттіліктердің қанағаттандырыл-мауы, мазасыздану, қорқыныш тағы басқалар.
Информация о работе Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері