Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:31, лекция
1.Жалпы психологиялық негіздері.
2.Түрлі теоретикалық бағдарламалардың қосқан үлесі.
3.Психологиялық ықпал етудің механизмдері.
4.«Әлем бейнесі» мен консультативті-психотерапиялық практикадағы оның мәні.
Сонымен, когниция, эмоция және мінез-құлықты бір-бірінен шектеу және таза түрінде бөліп көрсету үнемі мүмкін бола бермейді.
3. Суық, жылы және ыстық когнициялар
Эллистің когницияны суық, жылы және ыстық деп бөлуі сезімнің когницияға қалай айналатынын көрсетеді. Ыстық когнициялар неғұрлым қарқынды сезімдерге ықпал етеді және жылы, суық когницияларға қарағанда қарқынды болады. Жылы когниция - бұл сабырлы ой мен рациональді тұғыр болып табылады. Ол өзіне суық когницияның бағасын қамтиды да, сезімге әлсіз түрде де, күшті түрде де ықпал етеді. Ыстық когнициялар ыстық шұғыл және «биік» бағалау ойларынан тұрады және әдетте күшті және өте күшті сезімде болады. Эллис төмендегідей мысал келтіреді.Әйеліне қатты ашуланған ерінде(еркек) таңдаудың үш нұсқасы болады.
Суық когниция: «Менің әйелімнің ашуы мұрының ұшында тұрады».
Жылы когниция: «Маған ашуланшақтығы ұнамайды, мен оның бұлай етуін қаламаймын. Мені оның әрекеті қатты ашуландырады».
Ыстық когниция: «Мен оның қылығына мүлдем төзе алмаймын. Ол мені бұлай қорламауы керек. Егер бұлай ететін болса оның маған не керегі бар! Мен оны өлтіремін!».
4. Орынды және орынсыз эмоциялар
Рациональді
эмотивтік мінез-құлықтық кеңес
беруде эмоцияларды теріске
Жаулық сезімнің теріс мәні басқа адамдарды және бүкіл әлемді кінәлеу тиімді іс-әрекеттердің бәріне тосқауыл болып, бұл адамды одан бетер бақытсыз етеді және ары қарай басқа адамдар тарапынан қастандық тудырады.
Сонымен, қорытындылай айтқанда эмоциялар олардың негізінде рациональді тұғыр жатқан кезде ғана орынды болады. Қуанышты және жағымды эмоцияларда орынсыз және орынды болуы мүмкін. Мысалы, адамдар өзін басқалар қолпаштағанда шектен тыс мақтанып кетеді, өйткені онда басқалардың мақұлдауына деген қажеттілікке қатысты абсурдты тұғыр қалыптасқан.
5. Биологиялық тенденциялар
Барлық адамдарда туылғаннан пайда болған екі шығармашылық тенденциялардың бір-біріне қарсы тұруымен байланысты қысым байқалады.
Бір жағынан адамдар өздерін дені сау мақсатқа жете алатын адамзат ретінде дамыту, өзектендіру тенденцияларына ие. Адамдар өздеріне жағдай жасауға және рациональды болуға деген үлкен мүмкіншілікке ие.
Екінші жағынан адамдар эмоцияға сәйкес келмейтін иррациональді когниция мен дисфункциональді мінез-құлықты жасауға, дамытуға да бейім.
Рациональді-эмотивтік мінез-құлықтық кеңес беру теоретиктерінің көбінесе адамдар «қызғанышты немесе басқа да иррациональді әрекеттерді жасауға биологиялық жағынан бейім болады». Сонымен, адамдар өздерін де, басқа индивидтерді де құртатын, бір қателікті қайталай беретін үлкен потенциалға ие.
Эллистің ойынша, адами (нелогичность) басты түрлерін мәдениет және білім деңгейіне қарамастан барлық адамдардан табуға болады. Қателік жасауға деген бейімділік адамдарда туылғаннан қалыптасады.
Кеңес берушілер адамдарда (нелогичность) туа біткен күшті тенденциялардың бар екенін мойындау керек. Консультант клиент тарапынан прогресті реалистік түрде күту керек. Оны түсініп қою жеткіліксіз. Консультанттар клиентті өзін өзгерту және өзінің абройын сақтау үшін үнемі тынымсыз жұмыс істеу қателігіне сендіру керек.
6. Таңдаудың биологиялық негіздері
Адамдар иррациональді болып туылып және тәрбиеленіп қана қоймай, өздерін рухани тепе-теңдік жағдайынан эмоциялық қаншалықты шыға алатынын шеше алады. Тұқымқуалаушылық, қоршаған орта, таңдау бір-бірімен өзара әрекетте болады. Эллис өзі және оның қарындасы әкесінің жоқ екеніне және анасы тарапынан бөлінген көңілге қалай қарағанын былай деп еске алады. Эллистің қарындасы Эллис дамыта алған мәселені шешу дағдысын дамыта алмады. Өйткені ол жылауық болып туылып, талап еткім, «әділетсіздіктерді жинағыш» болып өзінің балалық шағының тек жаман жақтарын терді. Ол өзін әлемде болып жатқан әрекеттердің құрбаны санады. Адамдар өздеріне тән биологиялық тенденцияны белгілі бір деңгейде өзіне көмек көрсету үшін, өзіне зиян шектірмеу үшін еркін таңдай алады. Олар (нелогичность) қарама-қарсы тұра алуы үшін когнитивті дағдыларын сақтау және тиімді түрде дамыту керек.
_Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Қалыпты және алғашқы мақсаттар дегеніміз не?
2.Эмоция, когниция және мінез-құлық дегеніміз не?
3.Суық, жылы
және ыстық когницияларға
4.Орынды және орынсыз эмоциялар дегеніміз ен?
5.Биологиялық тенденцияны кім зерттеді?
6.Таңдаудың биологиялық негіздеріне сипаттама беріңіз.
№ 11 ЛЕКЦИЯ
11-тақырып.
Нейролингвистикалық
1. НЛБ туралы түсінік.
2.НЛБ-ақпарат беру моделі ретінде.
3.НЛБ барысындағы қарым-қатынасты шартты түрде үш кезеңге бөледі: Колибровка (мұқияттылық). Ұсақтану. Ертіп кету. Репрезентативті жүйелер. 4. Раппорт.
5.Модельдеу.
6.НЛБ-да мета-бағдарламасы.
1.НЛБ туралы түсінік.
Нейролингвистикалық Бағдарламалау (НЛБ) негізін салушы АҚШ ғалымы Джон Гриндер және оның шәкірттерінің бірі Ричард Бендлер.
НЛБ алғаш модельдеу
деп аталды да оның негізгі мақсаты
адамдардың ойлары қалай қимыл әрекетке
айналатынын түсіндіруге
НЛБ-ға қазіргі кезде төрт негізгі бағыты бар, сондықтан анықтамасы негізгі ұстанымына байланысты беріліп жүр.
Оның мақсаты:
А) ішкі және сыртқы
коммуникацияның мәнділігі
Б) келісім шартқа отырарда коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру;
В) жеке коммуникациялық дағдаларды дамыту.
Нейролингвистикалық
Бағдарламалау – математика пәніне
жақын келеді. Математика тілі модель
жасауға ыңғайлы, сондықтан да осындай
тілді меңгерген адамдарға НЛБ-
2. НЛБ – ақпарат беру моделі ретінде.
Адам қоршаған ортаны сезім мүшелері көмегімен қабылдайды (көру, есту, сипап сезі, дәм, иіс). Осы сезім мүшелеріне бір мезгілде екі миллиондай ақпараттар бірлігі әсерін тигізеді, солардың ішінен қайсысы құнды, ал қайсысы қажетсіз екені талданып, қабылдау елегінен тек қана маңыздылары өткізіледі. Олар ішкі Нейро-картада дыбыс, иіс және дәм ретінде белгіленеді. Ішкі карта және физиология адамның «өмір сүру жағдайын» құрастырады, ақыл-ой және көңіл-күй деңгейлері, адамның жалпы жағдайы туралы хабардар етеді. Ол жағдайлар мінез-құлық арқылы сыртқы көрініс береді. Мінез-құлықтың икемділігін көтеру үшін алдымен ақыл-ой және дене жағдайын түсініп, оны басқара білу керек.
Коммуникация барысында саналы және бейсаналы жағдайда сенімге ену.
Сенімге ену барысында адам әрекеті қандай болатынын болжамдауға болады. Оның әрекеті қаншалықты алдын ала жасаған болжамға сәйкес болса, соншалықты оның сенімге енгенінің көрсеткіші болып табылады. Саналы сенімге ену ол адамды алдын-ала танып-білу арқылы жүруі мүмкін. Ал бейсаналық сенім, ол өзгені өз адамым деп іштей қабылдауы, мұндай сенім адамды алдын-ала білуді қажет етпейді. Қарым-қатынаста қатынасқа түсушілердің бір-біріне ұксастығы және ішкі әлемдерінің үйлесімділігі сенімділікке кепіл болады. Американдық психологтардың зерттеі бойынша вербалды қарым-қатынас барысындағы адамдардың бір-біріне тигізетін әсеріндегі сөздік ақпараттың алатын орны 1/6 (оның ішінде сөз әсері 17 пайыз, ал дауыс әсері 38 пайызды құрайды), ал денелік, сөздік емес тіл (интонация, екпін, тыны салу, мимика, пантомимика) 5/6 немесе 55 пайызды құрайды. Қарым-қатынас барысында көптеген адам ескермейтін мәліметтер үлкен орын алатындығы сөзсіз. Кішкентайынан балаларды үлкеннің сөзін бөлмей тыңдауға, үлкеннен кейін сөйлеуге, қонақты алдымен тыңдауға үйретудің мәні сол адамды қабылдауға үйрету болып табылады.
Неврологияда НЛБ-ны ми функциясының асимметриясына байланысты вербалды емес қатынас құралдары көрінісіне үлкен көңіл аударылады. Бұл асимметрия адамның барлық мимикасы, пантомимикасы, жүріс-тұрысы арқылы оның сөзі өз тәжірибесіне негізделген бе, логикалық ойдың туындысы ма, екеуінің ұштасқанынан туған пікір ма екенін анықтауға болады. Психикада орын алған нәрсенің барлығы қимыл арқылы көрініс беретініне сүйене отырып келесі тұжырымдама жасауға болады:
А) егер мимика, ымы, дене қимылы дененің сол жағынан анық байқалса, оның аналогияға сүйенуі басым келеді, барлық ойы өз тәжірибесіне байланысты болады;
Б) егер барлық ымдары мен дене қимылы оң жақталығы анық байқалса ол адамның шартты белгілерді меңгеруге икемділігі және ой-пікірі логикалық құрылымда болатыны анық;
В) барлық айтылған қимылдар симметриялы болса ол адам логикалық тұжырымдамаларды өз тәжірибесіне сүйене отырып жасайды.
3. НЛБ
барысындағы қарым-қатынасты
1.Колибровка (мұқият бақылау, өлшеу) адамның түрлі жағдайдаға бөленуін сыртқы көрінісі бойынша талдау. НЛБ барсында әр адам екінші адамның түрлі жағдайға байланысты ішкі құбылысының сырт көрініс беруін талдау. Адамның көңіл күйін, ішкі сезімдерін нақты қабылдау арқылы, оның бет пішіні, сөйлеу мәнері, қимыл-қозғалысы арқылы адамның қазір және осы жердегі жағдайын аңғару және көре білу. Колибровка қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес түрлеріне бөлінеді. Адамның сөзі саналы, ал қимылы, дауысы арқылы сөзбен жеткізген ойы шынайы немесе жалғандығы туралы хабар аласыз. Қарым-қатынастың сіз осы уақытқа дейін көңіл аудармай жүрген жағын түсінесіз.
2.Ұқсастану. Адамға жақын болу үшін бейсаналық деңгейде басқаларға зейін қоя біліңіз, өйткені бейсаналық – сенімге енудің көрсеткіші. Ұқсастану үшін көп жағдайда серігіңіздің әрекеттерінің көшірмесін жасауға тура келеді. Ол біртіндеп қарым-қатынас мазмұнына да әсерін тигізеді.
3.Ертіп кету. Алдымен сіз серігіңізге бейімделдіңіз. Енді сіз оны ертіп алыңыз (ол сіздің қимыл әрекеттеріңізді қайталайтын болсын) да, оның ақы-ойын да керек жағына қарай бейімдеңіз.
_Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. НЛБ дегеніміз не?
2.НЛБ-ақпарат беру моделі ретінде қалай пайдаланамыз?
3.НЛБ барысындағы қарым-қатынасты шартты түрде үш кезеңге бөледі: Колибровка (мұқияттылық). Ұсақтану. Ертіп кету. Репрезентативті жүйелерге анықтама беріңіз.
4. Раппорт дегеніміз не?
5.Модельдеу дегеніміз не?
6.НЛБ-да мета-бағдарламасын кімдер зерттеді?
№ 12 ЛЕКЦИЯ
12-тақырып. Гештальттерапия.
1. Гештальттерапиясына жалпы түсінік.
2. Байланыстық шекара.
3. Гештальттерапия бағытының механизмдері.
4. Гештальтпсихологиясының бес бағыты.
5. Гештальттерапияның қалыптасу ерекшеліктері.
6. Гештальттерапия
бағытына коррекциялық
Гештальттерапияның негізін құрған Фриц Перлз. Ол психоанализ, экзистенциалдық пәлсапа, гештальтпсихология және В.Райхтың психологиялық өзгерістерге қарсы тұрудың физиологическиялық түбірі барлығын дәлелдейтін теориялар негіздерінде гештальттоптар құру идеясына келді.
Гештальттерапияның мақсаты – топ мүшелерін мадақтау арқылы олардың организмикалық процесстерін ояту және толысу қажеттігін жете түсінуге ұмтылту. Гештальттарды құру мен аяқтау адамның табиғи өмірсүру қалыпы екені және оның адамға тигізетін әсері органикалық жағынан өз-өзін реттеу процесіне негізделгендігі эксперименталдық жолмен дәлелденген. Топ жұмысын ұйымдастырғанда жаттықтырушы топтан өзі тілек білдірген, «эмоционалдық қызу» жағдайындағы бір адамның әрекеттерін ұйымдастырып, барлық қажеттіліктері мен оны қанағаттандыру жолдарын талдайды. Басқа қатысушылар өзін сол адаммен салыстыра отырып жаттықтырушыға қолдау көрсетіп отырады.
Информация о работе Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері