Стресс жайлы теориялық қағидалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 06:59, курсовая работа

Описание

Біздің өмірдің шапшаңдығы күн өткен сайын жеделдетіп келе жатыр, осы жағдайда адамдар қоршаған ортасына бейімделе отырып, эмоционалды тепе-теңдікті сақтауы қиынға түсуде. Адам ағзасы өз күшін қалпына келтіріп үлгермеуде, сол себеппен адамның барлық он екі мүшесі күнделікті күйзелісті сезінуде. әрине күнделікті бұндай өмір барлық адамдардың бір күні күші бітіп, соның әсерінен жүйке жүйесі тозады.

Работа состоит из  1 файл

стресс.doc

— 303.50 Кб (Скачать документ)

 

· Күдіктену, қоқыныш, үрей көп жағдайда стресске деген жауап әр-түрлі эмоционалды қорқыныш дәрежесінде туады. Бұл эмоция қатарына күдік пен қорқыныш арасына үрей кіреді. Бұл категорияның эмоциясы стресстің кез-келген түрінің әсерінен тууы мүмкін.

 

· Мұң, қайғы, реніш, кейде стресс адам көңіл-күйін нашарлатып реніш тудырады. Біз бәріміз кейде мұңаямыз әсіресе фрустрация әсерінен. Бұл эмоцияларды біз сеземіз, бірақ стресс жағдайды өзгерте алмаған кезде бұл пайда болады. Эмоционалды әсерлер-кәдімгі және орташа өміріміздің бір бөлігі. Жағымсыз эмоцияның өзі маңызды мақсат болып табылады. Физикалық аурулар, жағымсыз эмоциялар біздің бір нәрсе істеу крек екеніне болжау болып табылады. Бірақ ескере кететін жағдай қатты эмоционалды қозу стресспен күресуге кедергі келтіреді. Мысалы: қатты қобалжуды көрсеткен студент, емтиханнан төмен баға алады. Емтиханды жақсы тапсыруына қобалжу әр түрлі жолдармен әсер етеді, бірақ солардың ең негізгісі емтихандағы тапсырманы орындау барысында зейіннің бөлінуі қобалжып отырған студентке кедергі келтіреді. өзінің тапсырмасын орындау барысында, сонымен қатар дәл осындай проблема басқаларда бар ма деп көп уақытын жоғалтады. Қысқарта айтқанда олардың ойы басқа жақта болады. Тапсырманың қиындығы эмоционалды қозуға әсер етеді. Тапсырма қиындаған сайын эмоционалды қозу күшейеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

           жоғары

 

Қозу дәрежесі

 

Физиологиялық әсер

Стресске деген эмоционалды  әсерлер адам ағзасында күрделі  физиологиялық өзгеріс тудырады. Орташа стресстің өзінде сіз жүрегіңіздің соғуы жиілеп, дем алуыңыз қиындап және күндегіге қарағанда қатты терлеп жатқаныңызды сезесіз. Не болып жатыр?

 

Күрес немесе қаш

Бұл физиологиялық әсер дұшпанмен күресу немесе қашу үшін ағза мобилизациясы болып табылады. Бұл әсерді бірінші рет вегативті жүйке жүйесі орындалуы мен Уолтер Канонн суреттеген вегативті жүйке жүйесі (В.Ж.Ж.) екі бөлімге симпатикалық және паросимпатикалық болып бөлінеді. Парасимпатикалық бөлім ағзаның сақталған және жинақталған ресурстарына жауап береді, ал симпатикалық-керек болған жағдайда ағза мобилизациясына «күрес немесе қаш» әсері симпатикалық нерв системасымен жіберіледі. Канон бұл әсерді мысық пен иттің кикілжіңінде зерттеген. Ол дем алудың жиілеуін, жүрек соғуының тездетілгенін және ас қорытудың бұзылуын байқаған реакцияның бұл элементтерін адамдарда да байқауға болады. Мысалы: айталық сіздің көлігіңіз кішкене болғанда жолдан шығып кетер еді, сіздің жүтегеңіз қатты соғып, қан қысымыңыз көтеріліп кетеді. Бұл рефлекторлы өзгерістер «күрес немесе қаш» реакциясының бөлігі болып табылады. Еш күмәнсіз бұл рефлекторлы реакция бізге бұрынғы ата-бабамыздан қалған. Стресс әдетте ұзақ мерзімде физикалық қозу да сақталады. Физикалық қозудың ұзақ жалғасуына ең бірінші көңіл аударған Ганс Селье.

 

Жалпы бейімделу  белгісі

Селье стресстік реакциясының маңызды теориясын ойлап тауып  оны жалпы бейімделу белгісі  деп атады. Жалпы бейімделу белгісі-бұл  стресстік ағзаның үш фазадан  тұратын универсалды реакциясы.

 

 

            А                           Б                    В         Б- қарсыласу фазасы  В-жүдеу

 

Ағза қорқынышты қабылдағаннан  кейін бірінші стадияда үрей әсері  пайда болады. Бұл стадияда ағза өз ресурстарын проблемалармен күресу үшін мобилизациялайды және физиологиялық қозу өседі. Қорқыныш әсері Селье бойынша, Канонның «күрес немесе қаш» реакциясына сәйкес келеді. Бірақ Селье өзінің зерттеулеріне Каноннға қарағанда бір-екі қадам алыста. Ол зертханалық жануарларды адам басынан өтетін және ұзақ сақталатын стресске итерген. Егер стресс жалғасса,  онда ағза келесі стадияға өтеді. Қарсыласу стадиясы деп аталған жалпы бейімделу белгілерін айтамыз. Бұл стадияда физиологиялық өзгерістер қалпына түсіп, ағза әдеттегіден жоғары қозуда жұмыс істейді.

Физиологиялық қозу кәдімгіге  қарағанда жоғары болып қалады, бірақ  ол ағзаның қорқынышқа үйренуіне  байланысты азаюы мүмкін. Егер стрессті жеңе алмаса бұл ресурстар өңделіп  және физиологиялық қозу төмендейді. Жүдеуден ағза мерт болуы мүмкін.

 

Ми мен дененің әрекеті

Біз стрессті сезінген кезде  ми бізге екі негізгі жол мен  эндокриндік жүйеге белгі жібереді. Эндокриндік жүйе химиялық қосылыстарды өңдеп және қанға жіберілетін  гармон деп аталатын тамырдан тұрады.

Эндокриндік жүйеге келесі негізгі темірлер кіреді гипофиз және бүйрек алды. Бұл екі жол гипоталамус деп аталатын ми құрылымынан басталады. Бірінші жол вегететивті жүйке жүйеден өтеді. Гипоталамус оның сүйкімді бөлімдерін жүзеге асырады. Нәтижесінде көп патехламинді тастап, бүйрек алды активациясы жүреді. Бұл гармондар көптеген физиологиялық өзгерістерді шығара отырып, бүкіл денеге таралады. Жоғары дәрежелі катохламиндердің негізгі нәтижесі, ағзаның күрделі зорлыққа дайындалу кезеңінде аяқталады. Қан тамырлары қатты соғып, ми мен бұлшық етке көп қан келеді. Демалу мен оттегіні жұту өсіп, осылайша белсенділік күйі күшейеді. Энергияны сақтау үшін, ас қорыту жүйесі тежеледі. Көз сезгіштігін үлкейте отырып, көз қарашықтары үлкейеді.

Екінші жол мидағы құрылымдар мен эндокринді жүйенің  қатынасын жатқызады. Гипоталамус эндокриндік жүйенің негізгі темірі деп аталатын гипофизге белгі жібереді. Стресс ағзада физиологиялық өзгерістер тудырады, олардың көбісібіз енді біліп келе жатырмыз. Көптеген күрделі өзгерістер иммундық жүйеде болады. Иммундық жүйе ағзаның инфлияцияға қарсы тууына көмектеседі. Алынған мәлімет бойынша стресс ағзаның иммунитетін төмендетіп ағза әртүрлі ауруларға шалдыға береді.

 

Мінез-құлық  әсері

Біз стресске бір уақытта  әр түрлі дәрежеде әсер етеміз, бірақ  негізгі әсеріміз мінез-құлық болып  табылады. Көбінесе стресске деген жағымсыз эмоционалды физиологиялық әсер автоматты түрде болады. Егер сіз мінез-құлық тұрғысынан стрессті нәтижелі басқара алсақ, онда потенциалды, жағымсыз, эмоционалды, физиологиялық көріністер болып кетуі мүмкін.

Көбінесе мінез-құлықтың стресске деген әсері өзіне жеңу әрекетін қосады. Жеңу-бұл қоршаған ортадағы стресс тудыратын әрекеттерге қарсы тұру әрекеті. Ескере кететін нәрсе бұл стресстік жағдайда бейімделу және бейімделмеу стресстік әрекетті жеңген кезде болады. әдетте біз біреулерді: «Өзінің проблемаларын шеше білді» десек, онда айтайын дегеніміз ол нәтижелі түрде олармен күресе біледі. Шындығына келгенде жеңе білу әрекеті субьект үшін пайдалы ғана емес сонымен қатар зиян болып келеді. Мысалы алатын болсақ сіздің оқу жылыңыздың ортасында оқу үлгеріміңіз жағынан проблема туындайды сонда біз келесі ережелерді ұстанамыз. 1. Оқуға көп уақытпен күш жұмсайсыз. 2. Адам іздейсіз оқу жағынан көмектесетін. 3. Үлгірмегеніңіз үшін мұғалімді кінәлайсыз. 4. Оқуды тастайсыз. әрине бірінші екі ереже, қалған екеуіне қарағанда дұрыс.

 

Стресстің потенциалды  нәтижесі

Күн сайын біз көптеген стресспен кездесеміз. Олардың көбісі келеді-кетеді, бірақ із қалдырмайды. Бірақ стресс қатты болғанда немесе қажеттіліктер жиналған сайын стресс ұзаққа созылуы мүмкін. Бұл нәтижені «бейімделу әсері» деп атайды. Олар көбінесе ұзақ болады, бірақ күнделікті емес. Стресс жағдайы әсер қалдыруы мүмкін, зерттеушілерді оның негативті әсерінің мүмкіндігі қызықтырды, сондықтан біз осы бағытта шолу жасаймыз.

Көбінесе стресс бізге бір нәрсені нәтижелі орындау кезінде, біздің мүмкіндігімізге әсер етеді. Мысалы: Рай Баумейстрдің жұмысында орындау қысымы қандай әдіс пен осы орындаудың бұзылуына әсер ететінін көрсеткен. Оның жұмысында орындау қысымы көп жағдайда өзіндік сана дәрежесінің жоғарлауына әкеп соқтыратыны көрсетілген, ал бұл өз кезегінде зейінді бұзады. Бірденеңі орындау барысындағы зейін екі түрлі жолмен бұзылады. 1. Өзіндік сананың жоғарғы дәрежесі зейінді бөлуі мүмкін, 2. Егер орындалып жатқан жұмыс таныс болып, автоматты түрде орындалса, ол оған зейіннің артық концентрациясын әкеледі және оның орындалуын нашарлатады.

 

Когнитивті  функциялардың бұзылуы 

Стрессті және шешім  қабылдау процесін Кейнан зерттей отырып, стресс зейінінң бұзылуына әсер ететінін тапты.

 

1. Әртүрлі мүмкіндіктерге  қарамастан асығыс шешім қабылдау  тенденциясын күшейтеді. 2. Нашар  ұйымдасқан әртүрлі мүмкіндіктер  жиынтығына көмектеседі. Стресс  тек қана зейінді емес сонымен  қатар когнетивті процессті де  бұзады. Стресс кейбір адамдардың  есте сақтауы мен ойлау процесстерін бұзады. Соымен қатар стресс адамдарды естен тануға дейін апарады. Бұндай күйде адамдар өздерін әлсіз сезініп, олар айналасында болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарайды. Олардың мінез-құлықтары автоматты, стереотипті, ригидті болады. Қуанышқа орай мұндай жағдайлар өте қатты стресс жағдайында ғана болады.

 

Жүдеу

Айала Пайнс және оның әріптестері жүдеуді жүйелі және кең көлемде суреттеген. Бұл осы  белгілерді зерттеу жолын жеңілдеткен. Жүдеу жұмыспен байланысты стресс әсерінен туындайды. Ол физикалық, психалық және эмоционалды болады. Физикалық жүдеу әлсіздікпен шаршау және күштің азаюы мен сипатталады. Психикалық жүдеу өзін жұмыспен бағалаудағы кері әсерден пайда болады. Эмоционалды жүдеу өзін-өзі үмітсіз, көмексіз сезінуге әкеледі. Пайнс айтуы бойынша жүдеу әдетте бір немесе екі қатты әсер қалдыратын оқиғалар нәтижесінде болуы. Байқаусыз стресс жайлап адамның ішкі жан дүниесін жей бастайды. Ол жүдеуді жұмыстың әсерінен пайда болатын стресстің бұзылуы деп қарастырады. Ең бастында ғалымдар жүдеу жұмысы басқалардың көмегімен тығыз байланысты (адвокат, клиникалық психолог қоғамдық жұмыстар) клинттпен қатты эмоционалды байланыс әсерінен болады деп ойлаған. Кейін келе жүдеу барлық мамандықтарға тән екені анықталды.

 

Психологиялық проблемалар және бұзылулар

Клиникалық зерттеулер нәтижесінде ұзақ сақталатын стресс көптеген психологиялық проблемалардың және психологиялық бұзылулардың бірінші  себебі екені анықталды. Сонымен  қатар стресс: ұйқыға, жыныстық қатынастарға, академиялық үлгерімге, көңіл-күйдің болмауына әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей күнделікті осы проблемалардан басқа, стресс психикалық ауруларға (дипрессия, шизофрения, жүйке-жүйесінің бұзылуына) өз үлесін қосады. әрине стресс-психикалық ауруларға әсер ететін көп факторлардың біреуі ғана, алайда стресс біздің психикалық денсаулығымызға қатты соққы беретінін мойындауымыз керек.

 

Соматикалық аурулар

Тағы бір айта кететін  нәрсе, стресс тері денсаулығына әсер етеді. Селье зерттеулері стресспен  соматикалық аурулардың арасында байланыс бар екенін тапқан. Ол бүкіл табиғат бойынша бейімделу әрекеті болып табылатын физиологиялық қозу-ауруға әкеп соқтыратынын дәлелдеген. Психосоматикалық аурулар-бұл психологиялық факторлармен әсіресе эмоционалды стресстен туындайтын соматикалық бұзылулар. әдетте психосоматикалық ауруларға жататындар-гипертония, асқазан ауруы, тері аурулары және бас ауруы жатады. Бұл жағдайға кінәлі стресс болып табылады.

Ғалымдар стресспен  кез-келген аурудың байланысы бар  екенін тапқан. Мысалға стресс: туберкулез, лейкемия, рак, жүрек ауруларына жай тұмаудың өзінде басталуына әсер етеді.

 

Позитивті нәтижелер 

Стресстің позетивті  нәтижелерін, негативті нәтижеге қарағанда  бақылау қиын. Себебі ол онша білінбейді. Жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, стресске позитивті әсер етудің үш жолы бар. Біріншіден стресстік оқиғалар біздің күшімізге, қысымымызға стимуляция қажеттілігін басуға көмек береді, сонымен қатар, зерттеулер адамдардың көпшілігі өз өмірінде орта дәрежелі стимуляция мен күш қысымын сезінуді қалайтынын көрсеткен. Біздің көпшілігімізге стрессіз өмір қызық болмас еді. Екіншіден, стресс біздің жеке ерекшелігіміз бен өсуімізге әсер етеді. Мысалы: стресстік оқиғалар бізге бірдеңе үйренуімізге, түсінуімізге өз үлесін қосады. Басқа сөзбен айтқанда стресс әсерінен туындаған бейімделу процесі адамды жақсы жағына өзгертуі мүмкін. Проблемалармен соқтығысу, оларды жеңе білу адамның өзіне деген бағалауын, стрессті жеңе білуіне әсерін тигізеді. Сонымен қатар біз осы жағдайдан жеңімпаз болып шықпасақ та, өз қателіктерімізден бірнәрсе үйренуге болады. Үшіншіден, бізге укол салғандай стресс бізді болашақ стресстерден қорғайды. Зерттеулер көрсеткендей стрессті сезінген адам келесі  стресске деген тұрақтылығын қамтамасыз етеді, әрине стресс өте қатты болғанша.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Кәсіби стресс проблемасының психология ғылымында зерттеліну жайы

Стресстік проблемалар 20 ғасырда көріне бастады. Бұл қазіргі  заманда, жаңа өндірісте көптеген қиындықтар туындайды, бұл қиындықтарды жиналған энергияны адам баласы жеңе алмай, дәл  сол жерде энергия адамның өзін бұзады. Шеттен шыққан стресс жеке адамның сәттілігін бұзады, сонымен қатар, ұжымдарға бұл қымбатқа түседі. Жұмыскерлердің өзіне де, төлем ақыларына да, денсаулығына да әсер ететін проблема психологиялық стресстен негіз алады. «Стресс-жұмыскердің денсаулығына және фирманың ақшасына әсер ететін, ең қымбат тұратын ұстау фирмасы» деп айтқан Сюзен Линд.

Стресстік проблемаларды  ескере отырып Н.В. Самоукина «Кәсіби  стресс-бұл кәсіби жұмысты орындаудағы  кездесетін эмоционалды және экстрималды факторларды орындаудағы жұмыскердің шаршаған күйі» деп жазған. С.Касл «Стресс еңбекте» деген ұғымның негізі екі ұғымын көрсеткен.

 

Кәсіби стресстің  түрлері

Н.В. Самоукина кәсіби стресстің негізгі түрлерін атап көрсеткен. Енді әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ.

Мәліметтік стресс-бұл  уақыттың қатал шенінде туындайды  және жоғарғы жауапты ережелерде де қолданылады. Сонымен қатар мәліметтік стресс жағдайдың белгісіздігімен  қатар жүреді.

Эмоционалды стресс-дәл  немесе болжамдап айтылған қорқыныштан  туындайды.

Мысалы: орындалмаған жұмыс үшін кінә сезімі, әріптестерімен қарым-қатынаста т.б. Келесі түрі комуникативті стресс-қатаң қарым-қатынас проблемаларымен байланысты. Ол өзін-өзі ұстай алмайтын жоғарғы кикілжіңмен байланысты, сонымен қатар бір нәрседен бас тарта алмау, манипулятивті әрекеттерден  қорғана алмау.

Кәсіби стресс жетістік-бұл  жердегі басты проблема адамның  жеке мүмкіндіктері мен күту дәрежесінің  сәйкес келмеуі.

Қателік жасаудан қорқудан туындайтын стресс-қателік қорқынышы  екі жағдаймен байланысты 1 жетістікке жету деген ішкі қатты талпыныс, 2 қателік кеткен жағдайдағы кедергілер. Қорқыныш қателігі көбінесе адамның шығармашылық мүмкіндіктерін бекітеді. Сонымен қатар адам көп нәрседен бас тартады бастайды. Нәтижесінде адам өмір сүруден қорқа бастайды.

Кәсіби стресстің көп тараған түрі бәсекелесе көп тараған түрі бәсекелес стрессі. Адам қоршаған ортада өзінің бәсекелесін көреді. «Өзін бәсекелестік жарысқа беретін адам, ол өз өмірімен өмір сүрмейді, жұмыстыда қалауымен таңдамайды, оның ақшасына қарап, таңдайды сонымен қатар оның айналасында өзіне керек адамдар, достарына келгенде уақыт жоқ. Қасында сүйікті жары емес, әдемі қыздар»-деп жазған Н.В. Самоукина. Бұл адамның негізгі проблемасы-олардың көздегені тек қана-кәсіп, жетістік, бәсекелес. «Бәсекелес айласы» адамдар сол бәсекелеске не мақсатпен баратынына көп мән бере бермейді.

Информация о работе Стресс жайлы теориялық қағидалар