Стресс жайлы теориялық қағидалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 06:59, курсовая работа

Описание

Біздің өмірдің шапшаңдығы күн өткен сайын жеделдетіп келе жатыр, осы жағдайда адамдар қоршаған ортасына бейімделе отырып, эмоционалды тепе-теңдікті сақтауы қиынға түсуде. Адам ағзасы өз күшін қалпына келтіріп үлгермеуде, сол себеппен адамның барлық он екі мүшесі күнделікті күйзелісті сезінуде. әрине күнделікті бұндай өмір барлық адамдардың бір күні күші бітіп, соның әсерінен жүйке жүйесі тозады.

Работа состоит из  1 файл

стресс.doc

— 303.50 Кб (Скачать документ)

1.Егер сіздің  агрессия көрсеткіші бойынша 5 ұпайдан жоғары болса, сізге шыдамды болу жағын ойластыру қажет. Басқа адамдарға ілтипатпен қарауды үйренсеңіз, көптеген жетістіктерді байқайсыз, көптеген достар тауып , бос уақытыңыз жағымды өтеді.

2. Егер сіздің  “негативизм” ,”ашуланшақтық” ,” күдіктенушілік” шкалалары бойынша 5 ұпайдан жоғары болатын болса, мүмкін сіз шаршаған боларсыз, өз денсаулығыңызға назар аударыңыз. Мүмкін соңғы уақытта нашар ұйықтап жүрген боларсыз. Ұйқыңызды қалпына келтіріп , дене жаттығуларымен айналысып, су процедураларына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын, негативизм мен ашуланшақтық-стреспен тікелей байланысты болатын жағдай, мұны өзгертуге болады.

Егер сіздің «өкпе » және «кінәлі сезімі»  көрсеткіштерінен ұпайыңыз

жоғары болатын 5-тен асса, сізге өзіңізді кінәлі сезінудің қажеті жоқ. Өзіндік бағаңызды жоғарылатсаңыз болды.

Сізді алаңдатып  тұрған жұмысқа жауапкершілікпен қарап, адамдармен қатынаста жаңа құлшыныста , өмір сүйгіш болғаныңыз жөн. Қуана  білу – дамытып отыратын қабілет.

Сізбен бірге  өзгелер де қуансын!

 

3 әдістеме. Тест . Сіз ашуланшақ адамсыз ба?

 

Адам мінезінің  көп қырлары негізінен қоршаған ортамен анықталады. Адам жүйкесі  тез қажиды. Ондай кезде адам еш нәрсені жақтырмай, тым ашуланшақ  болып кетеді. Ол тек басқа адамдар  үшін ғана емес, өзіміз үшін де жағымсыз құбылыс болып табылады.

Мұндай жағдайда біз өзімізді жеңе аламыз ба?  Жауапты  сәтте біз өз іс-әрекетімізді қалай  басқарамыз? Оны келесі тест сұрақтарына  жауап беру  арқылы  анықтауға  болады.

 

Тестің кілті

Ұпай санын  санау жүйесі

“өте” жауабы –3 ұпай

“ онша емес”  жауабы – 1 ұпай

“ ешқашан” жауабы – 0 ұпай

 

Сұрақтар

  1. Сіз   кез – келген адамның ақыл айтуын жақтырмайсыз;
  2. Сіз әңгімелесіп отырған адамның иіс –суының иісін …
  3. Кез-келген адам басқа адамдардың алдында ұялмай, көпшілік алдында тырнағын тістелесе…
  4. Біреудің сіз жақа қарап жөтелуін…
  5. Сіз отырған ортадағы кез-келген адамның  себепсіз күлуін…
  6. Достарыңыздың кездесуге кешігіп келуін…
  7. Сізге ешқандай пайдасыз және қызықсыз сыйлық сыйланса…
  8. Сіз оқығыңыз келген газет бетінің мыжылуы…
  9. Қоғамдық көліктегі адамдардың дауыстап сөйлеуін…
  10. Сіз әңгімелесіп отырған адам ғылыми  немесе шетел сөздерін жиі , әрі өте көп пайдаланса…
  11. Әңгіме барысында әңгімелесуші адамның мимикалық қимылдарды пайдалануын…
  12. Сіз көргіңіз келген фильмнің сюжеті немесе оқығыңыз келген кітаптың сюжеті алдын ала айтылып қойылса…
  13. Кинотеатрдағы көршілеріңіздің бірі фильмнің сюжетін дауыстап талқыласа немесе конфет қағазын шықырлатса…
  14. Әңгімелесуші адамыңыздың сізге жақындауы…
  15. Көшедегі  әйел адамның темекі шегіп тұрғанын…
  16. Жасы егде әйелдің асыра боянуын…

 

 

 

Жауаптар

Ұпай саныңызды  санап, қорытынды жауаппен танысыңыз.

49 ұпайдан жоғары

Сізді шыдамды  және сабырлы адамдар қатарына қосуға  болмайды. Сіз бәрін жақтырмайсыз. Егер ашуыңызға тиетін құбылыстар жақын  арада жоқ болса, сіз оны қоршаған ортадан іздей бастайсыз. Мұндай жағдайда асқазан қорытуыңыз нашарлап ,тіпті бас ауруына шалдығуыңыз  да ғажап емес. Сіз тым ашуланасыз. Сіздің жүйке жүйесін тепе – теңдік қалпынан ауытқыған, сіз өзіңіз үшін де, қоршаған орта үшін де зиян келтіруіңіз мүмкін.  Осы туралы ойланыңыз.

13-49 ұпайға дейін

Сіз көбірек  тараған адамдар тобына кіресіз. Сіз тек жақтыруға болмайтын  құбылыстарды жақтырмайсыз.  Жеке және тұрмыстық келіспеушіліктен жау  шаптырмайсыз. Бұл мінезіңіз мақтауға тұрарлық. Жағымсыз іс-әрекеттерді  ұмыттыратын  “тұрақты төзімділігіңіз” бар екен.

12 ұпайға дейін

Сіздің бойыңыздағы  шыдамдылық пен сабырлық шексіз. Тіпті  бұл сабырлығыңызбен кез-келген адамдарды өзінен  тез шығара аласыз.

 

 

4 әдістеме. Сіз даулы адамсыз ба?

Сіз даулы адамсыз  ба? Мұны білу үшін ұсынылған тестті пайдаланып, әр сұраққа бір жауап таңдаңыз.

Сұрақтар:

  1. Қоғамдық көлікте дауысты қатты шығарып әңгіме айтыла бастады. Сіздің реакцияңыз?

А) қатыспаймын

Б) өзім дұрыс  деп тапқан жақтасым туралы қорғаймын.

В) белсене араласамын.

2) Достарыңызды  жиналыстарда сынға аласыз ба?

А)  жоқ.

Б) егер орынды негіз болса ғана.

В) кінәлілерді  ғана емес, олардың қорғаушыларын  да сынға аламын.

3)Достарыңызбен  жиі бәстесесіз бе?

А) өкпелемейтін адамдар болса ғана

Б) принципиальды  мәселелер болса ғана

В) талас – менің стихиям.

4) Егер сізден  бұрын біреу кезексіз өтсе  қалай қарайсыз?

А) ішімнен ашуланамын, бірақ үндемеймін.

Б) ескерту жасаймын.

В) алдына қарай  өтіп, тәртіп сақтауды қадағалап тұрамын.

5) Үйде түскі  асқа сізге тұздалмаған тамақ  берілді. Сіздің реакцияңыз?

А) болмайтын  нәрсеге ұрыс шығармаймын.

Б) жәй ғана ескерту  жасаймын.

В) қатты ескерту  жасаймын, мүмкін тамақтан бас тартамын.

6) Егер көшеде, көлікте сіздің аяғыңызды басып  кетті. Сіздің реакцияңыз?

А) оған ашуланып бір қараймын.

Б) жәй ғана ескерту жасаймын.

В) дөрекі сөзбен айтып тастаймын.

7) Жақындарыңыздың  бірі сізге ұнамайтын зат сатып  алды…

А) үндемеймін.

Б) әдептен озбай  жәй ғана өз ойымды айтумен шектелемін.

В) ұрыс шығарамын.

8) Ойында жеңіліп  қалдыңыз. Мұны қалай қабылдайсыз?

А)  сыртымнан бір қалыпты білдірмегенмен , ішімнен енді мұндай ойынға қатыспауға өзіме сөз беремін.

Б) болған нәрсеге  әзілмен қараймын.

В) жеңіліс менің  көпке дейін көңілімді бұзады.

 

Нәтижені өңдеу.

Енді жинаған  ұпай санын есептеңіз: әрбір «а»-4 ұпай, әрбір «б» -2 ұпай , әрбір «в» -0 ұпай қойып шығыңыз.

22-32 ұпай.  Сіз  әдепті адамсыз, талас пен қақтығыстан,  сынды жағдайлардан қашқақтайсыз.  Платон:  «менің досым, бірақ  маған ақиқат қымбат» сөзі  сізге ешқашан ұран болған  емес. Сізді сондықтан болар жағдайға  тез бейімделетін, икемді адам деп санайды. Егер жағдай приципшілікті талап ететін болса , батыл болғаныңыз жөн.

10-нан-20 ұпайға  дейін. Көптеген адамдар сізді  даулы адам деп санайды. Шын  мәнінде сіз өзге жол болмаған  кезде ғана дауласасыз.

Сіздің жағдайыңызға достарыңызбен қарым-қатынаста қаншалықты зиянын тигізсе де өз пікіріңізден  бас тартпайсыз. Бірақ еш шектен шығып кетпейсіз. Мұның бәрі сізге деген сыйластыққа әкеледі.

10 ұпайдан төмен.  Талас пен дау-дамай сіз үшін  ауамен тең, сіз мұнсыз өмір  сүре алмайсыз. Өзіңізге айтылған сынды естісеңіз оларды сынап, жеп қоюға дейін барасыз. Сіздің әжуаңыз пайдалы іс үшін  емес, сын үшін болған нәрсе.

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Стресстен  шығу жолдары. Стресстен шығудың  ғылыми-әдістемелік нұсқаулар

 

1. Әлеуметтік-психологиялық  тренинг (ӘПТ). ӘПТ жеке адам тресстен шығудан қолданылуы мүмкін. Мұндай мәліметтерді отандық әлеуметтік психологтар Е. Баранов, А. Гончаров, В. Девятко, Ю. Емельяновтар жүргізген зерттеулерден көруге болады.

ӘПТ-нің негізгі базалық  әдістері - бұл топтық пікірталас пен ойындық әдістер.

Топтық пікірталас. Проблеманы ұжымдық талқылауда әрі шешуде ортақ пікірге келу мақсатын көздейді.

Ойындық әдістер. Бұл өте кең тараған іскерлік ойын мен рөлдік ойын әдісі. Іскерлік ойында кикілжің жағдайдағы ойын мүшелерінің өзара іс-әрекетін ойынап көруге көп мән беріледі. Рөлдік ойында тұлғааралық қарым-қатынас заңдылықтары зерттеледі. Бұл топтық пікірталас, бірақ ондағы қатысушы әрбір адам кикілжің мүшесінің мінез-құлқын елестетіп, сол рөлге енуі тиіс. Қалған тренинг мүшелері көрермен-эксперт рөлінде болулары тиіс. ӘПТ көмегімен ашық бәсекелестік стратегиясын төмендетуге болады және компромисске бағдарлануға болады, әрі бірлесуді таңдауға мүмкіндік туады.

2. Жеке-дара психологиялық  кеңес беру - қарым-қатынасты түзету  мақсатында   қолданылады.       Жеке   адамның   мінез-құлқы   мен дүниетанымын өзгертуге бағытталған психологиялық көмек беру тәсілі ретінде қарастырылады. Психологиялық кеңес көмегімен адамдардың кикілжіңді мінез-құлқы позитивті өзгеріске ұшырайды.

3. Аутогенді жаттығу  (АЖ). Берілген әдіс адамның бұлшық етті босаңсыту, өзін-өзі иландыру зейінін шоғырландыруын дамытуды, өз мінез-құлқын   бақылай білуді үйретеді.   Аутогенді жаттығу көмегімен психикалық көңіл-күйді басқаруға болады және ситуативті мазасыздану мен агрессияны азайтуға болады.

 

4. Психологтың арадағы  іс-әрекеті. Бұл, психолог пен жеке-дара әңгіме, үштіктегі жұмыс ("Мен, ол, психолог") кикілжіңді конструктивті шешуге көмектеседі. Үштікте жұмыс істеу адамға өз мінез-құлқын бағалауға үйретеді.

Психологиядағы аталған әдістерден басқа, кикілжің жағдайларға жібермеуге және жоюға бағытталған жекелеген әдістер мен тәсілдердің көптеген қатары және бар. Олардың барлығы қарым-қатынас процесін жақсартуды көздейді.

Дж. Скотт ұсынған кикілжіңді ескерту стратегиясы оны психологиялық тұрғыда сауатты жүзеге асырғанда ғана тиімді болуы мүмкін. Бұл стратегия, яғни белсенді (немесе рефлексивті) тыңдай білу және өзіндік сезімді білдіре білу технологиясы.

Тәжірибе көрсеткендей-ақ осы технологияларды қолдану  түрлі кикілжің жағдайларды ескертеді, себебі қарым-қатынастағы субъектілердің теңдей  құқылы екендігін білдіретін негізгі шара.

Д.П. Зеркин пкірінше, "кикілжіңді ескерту оны болжауды білдіреді. Мүмкін болатын кикілжің жағдайды негіздеп болжамай, оның болуын ескерту, мүмкін емес.   Болжау бұл - болатын кикілжіңді белгілі бір

ықтималдықпен орнымен  пайда болу уақытын елестету. Болжаудың  ғылыми және практикалық құндылығы  оның шынайылығымен негізделгендігімен анықталады". /8,326/

Стрессті болдырмау - бұл оны жоюдың тек қана алғышарты ғана. Және кейде ескертуге болмайтын да кезеңдер болатынын ескеру керек.

Кикілжіңдерді жоюда  жартылай және толық, ерте жою, кеш жою  түрлері де бар.

Стресстен шығу әдістер мен шаралардың кешенді жүйесі арқылы жүзеге асады және оның бөлшектеріне әсер етуден тұрады, ол бөлшектер: кикілжің мүшелері, мінез-құлық мотивтері, объектілер, қарсылық пайда болмас бұрынғы қолданылатын күштер мен шаралар. Сондықтан, кикілжің сипатына орай, кикілжіңнің ескертуші іс-әрекеті түрліше болуы мүмкін.

Оның кейбір аспектілерін қарастырайық:

1. Кикілжің себептерін  жою. Бұл кикілжіңді ескертудегі өте тиімді форма.  Бұл  іс-әрекет түрлі деңгейде байқалуы  мүмкін.  Мысалы, психологиялық жеке-дара деңгейдегі жою адамдардың мотивациясына әсер етумен байланысты, әрі кикілжің туу мотивтерін анықтайды. Кикілжің жағдайлары мен мінез-құлық мотивтерін терең әрі компетентті талдау. Кикілжіңді   болдырмауға   себепші   болады.   Кикілжіңдерді    жою мүмкіндіктері   мәнді  түрде  бұқара  халықтың  мәдени  деңгейімен, әлеуметтік өсумен тағы басқалары маңызды жағдайлармен байланысты.

 

2. Бірлесуді ұзақ уақыт ұстау. Қарама-қарсы күреске түспес бұрын, қарсыластар бір-бірімен нейтрал қарым-қатынаста болады, әрі олар бірге қызметтес болуы да мүмкін. Кикілжің   пісіп-жетілу жағдайында ол адамдар (арасындағы көршілер, отбасы мүшелері, қызметтестер тағы басқалар) қарым- қатынасты бұзбай,  қайта оны бекіту,  жөндеуге тырысу керек. Бірлесуді, бірігуді туғызатын әдістер: келісім, практикалық эмпатия, партнердің репутациясын сақтау, әлеуметтік жіктелуге жол бермеу, психологиялық көңіл-күй, психологиялық сипау.   Бұл аталған әдістер өзара сенім мен сыйластықты берік ете түседі.

Жалпы, кикілжіңді жоюға  көмектесетін кез-келген әрекеттер (ол тіпті бірге уақыт өткізу, не қарапайым күлімсіреу болсын) менімше, барлық кезеңде, үнемі қолданылуы тиіс.

 

3. Қарым-қатынастардың  институализациясы. Кикілжіңді жою  үшін, оның мүшелерінің позитивті  қарым-қатынастардың нығайту керек  бір-біріне сөзбен  тиіспей тағы  басқалары.   Конфликтологиялық  қызметті құрса  артық болмас еді,  ол  орталық  шүғыл  және  кеңес беру функцияларын атқарар еді.   "Кикілжіңге түсуші адамдардың этикалық кодексін құру идеясына назар аудару керек. Кикілжіңді шешу, оны талдау ережелерін қарастыру, әрі зерттеуші мінез-құлқы тағы басқалары жөніндегі жеке құжаттың болуы үлкен сауықтыру рөлін атқарар еді". /15, 152/

 

4. Нормативті механизмдер.  Мінез-құлық нормаларын кикілжіңдерді  жоюдағы негізгі шара деп есептеуге  болады. Тіпті отбасы деңгейінің өзінде кішілердің үлкедерді қарапайым сыйлауының өзі, отбасының психологиялық климаты үшін жауаптылық сезімі, этикалық нормалар шеңберінде баланы тәрбиелеу осының өзі жайдайды жақсартуы мүмкін. Кикілжің жағдайы кұқықтың діни нормалары арқылы заң да бекітіліп, немесе актілер де орындалуы мүмкін.

Заң ережелері кикілжіңді қарым-қатынастардың рұқсат етілген формаларына ғана рұқсат етіледі, ал шектен шыққан түрлері заңмен тыйым салынады.

 

5. Кикілжіңдегі юмор, әзіл. "Әзіл-юмордың кикілжіңді ескерту және жоюдағы тәсіл ретіндегі рөлі жалпыға тән".    Зигмунд Фрейд юморды қорғаныс шарасы ретінде қарастырған бірден-бір зерттеушілердіің бірі болды. Ол былай деп жазады: "Қорғаныш процесстері қашу рефлексінің психологиялық коррелятивтері болады және мақсат көздейді: яғни қанағаттанбаудың пайда болуын ескерту юмор қорғаныш процесстерінің ішіндегі ең жоғарғы деп түсінілу керек.

3.Фрейд невроздан кейінгі әзіл ашуды тарқатуы мүмкін деді. Бірақ юмор кикілжің себебі болуы әбден мүмкін. Егер де ситуация онсыз да шегіне дейін жетіп тұрса, онда кейде жақсы әзіл немесе юмор да, ашу тудыруы мүмкін, әрі өте күрделі және қиын кикілжің себебі болуы мүмкін. Мысалы, саяси қайраткерлер немесе сүйікті әдеби тұлғалар жайлы анекдоттар ұлтаралық кикілжің тудыруы да ғажап емес.

Информация о работе Стресс жайлы теориялық қағидалар