Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 12:10, курсовая работа
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады.
Дене тәрбиесі мамандарының педагогикалық іс-әрекетіне талдау, оған арқау болатын оқу-нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ізденістер орындалып, олар ғылыми мақалалар мен әдістемелік ұсыныстар, құралдар түрінде жарық көрді.
Үшінші кезеңде (2006-2008 ж.ж.) ұсынылған ғылыми - әдістемелерге байланысты тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Зерттеу нәтижелері нақты жүйеге келтіріліп, математикалық жағынан өңделіп, диссертациялық жұмыс талап бойынша дайындалды.
Зерттеу базасы: Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақтың спорт және туризм академиясы мен Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
1. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың теориялық-әдіснамалық алғышарттары айқындалды.
2.
Қоғамның жаңару жағдайында
3. Болашақ мұғалімдерді мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындауда болашақ мұғалімдердің кәсіби-шығармашыл тұлғасын қалыптастыру моделі жасалып, өлшемдері мен деңгейлері және механизмдері анықталды.
4. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін олардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдарын ескере отырып жүзеге асыруға кәсіби дайындау мазмұны айқындалды.
5. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудың ғылыми - әдістемелік жүйесі жасалды.
6.
Оқушылардың дене тәрбиесі
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:
- жоғары оқу орындары оқытушылары мен болашақ мұғалімдерге мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру және оны оңтайлы ұйымдастыру жөнінде теориялық және әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік материалдар ұсынылды;
- оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдістемелік жүйесі ұсынылды;
- зерттеліп отырған мәселеге байланысты әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар жоғары оқу орындары мен мектептер, колледж және мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институттарының тәжірибесінде қолдануға ұсыныс жасалды;
- зерттеудің практикалық мәнділігі ұсынылған қағидалардың жүзеге асуына, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіру, мектеп оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінің жаңа бағыттарын айқындау және оны практикаға енгізу, оқытушының шеберлігі мен шығармашылық дербестігін жетілдіру т.б мәселелер болашақ кәсіби мамандарды дайындау аясындағы маңызды көкейкесті мәселені шешуге мүмкіндік беретіндігімен байланысты.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың ғылыми - теориялық негіздері болашақ маманның кәсіби кемелденген жеке тұлғасын қалыптастыру үдерісінің өзегі болып табылуы.
- мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға мұғалімді дайындау өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері теориялық модельдің негізгі сипаттамасымен айқындалуы.
- мектептегі дене тәрбиесі жүйесінің тиімділігі педагогикалық үдерісте дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби дайындығы мен оны жүзеге асыру мүмкіндіктеріне тікелей байланыстылығы.
- мектептегі дене тәрбиесіне болашақ мұғалімдердің даярлығы нақты айқындалған психологиялық, педагогикалық, физиологиялық, әлеуметтік-шығармашылық шарттар арқылы қамтамасыз етілуі.
- дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық ұсыныстарды жоғары мектеп тәжірибесінде пайдаланудың мазмұндық сипаттамасы болашақ маман дайындауда мәнділігімен көрінуі.
- болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін олардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдарын ескере отырып жүзеге асыру арқылы кәсіби дайындау мазмұнының оң нәтиже беруі.
- оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімді дайындау үдерісі алдын-ала белгіленген ғылыми-әдістемелік жүйе арқылы жүзеге асады.
Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі мен сенімділігі талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының теориялық тұжырымдарға сәйкестігімен, зерттеу жұмыстарының және оның нәтижелерінің жүйелі талдануымен, зерттеу пәніне сәйкес кешенді әдіс-тәсілдерді қолданумен, мәселенің шешімін табуда арнайы тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын өткізумен және оң нәтижелерге қол жеткізумен қамтамасыз етілді.
Зерттеуді сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеудің негізігі қағидалары ғылыми баяндама түрінде халықаралық және республикалық конференцияларда (Нүкіс 2001; Ташкент, 2003; Шымкент, 2006; Түркістан, 2006; Атырау, 2007; Ақтөбе, 2007; Самарқанд, 2007; Алматы, 2007; Орал, 2007; Көкшетау, 2008; Павлодар, 2008; Тараз, 2008; Бишкек, 2008; Ресей, 2008, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің кафедра мәжілістерінде; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, Қазақтың спорт және туризм академиясында және Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында дәрістер мен семинарларда, мектептердің әдістемелік кеңестерінде талқыланды және эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты. Сонымен қатар, мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген ғылыми мақалаларда, әдістемелік құралдар мен нұсқауларда көрініс тапты. Зерттеу нәтижелері Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, Қазақтың спорт және туризм академиясында, Ақтөбе Мемлекеттік педагогикалық институтындағы мамандарды дайындау үдерісіне ендірілді.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, пәні, мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері, әдіснамалық және теориялық негіздері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы, зерттеу көздері мен әдістері, тәжірибелік мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу кезеңдері баяндалады.
«Болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдірудің ғылыми-теориялық алғышарттары» атты бірінші бөлімде дене тәрбиесін дамыту бойынша болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдіснамалық негізі зерттеу мәселесіне байланысты негізгі ұғымдар мен түсініктерге анықтамалар беріліп, философиялық, психологиялық және педагогикалық тұжырымдар зерделенеді, сонымен қатар болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда педагогикалық пәндер мен педагогикалық тәжірибені пайдаланудың мүмкіндіктері қарастырылады.
«Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың теориялық негіздері» атты екінші бөлімде жоғары білім беру жүйесіндегі болашақ мұғалімді кәсіби дайындаудың ерекшеліктері сараланып, дене тәрбиесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың желісі мен болашағы талданады. Ғылыми-теориялық талдаулар нәтижелері негізінде оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімді дайындаудың моделі құрылып, өлшемдері мен көрсеткіштері, соған сәйкес деңгейлері мен механизмдері сипатталып тұжырымдамалық көзқарастар берілген.
«Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби іс-әрекетке дайындаудың әдістемелік жүйесі» атты үшінші бөлімде дене тәрбиесі туралы білім мазмұнына, жоспарларға, бағдарламаларға талдау жасалады. Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби іс-әрекетке дайындаудағы психологиялық ерекшеліктер, сонымен қатар, мектептегі оқушыларының дене мүмкіндігі мен қозғалыс ерекшеліктеріне талдау жасалып, жас және дара, психо-физиологиялық ерекшеліктеріне сай жұмыс жүктемелері көрсетіледі. Осы тұрғыда болашақ мұғалімдерді дайындау әдістері қарастырылады.
«Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар» атты төртінші бөлімде оқушылардың дене тәрбиесі жүйсін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдістемесі талданып, тәжірибелік-эксперимент нәтижелері сараланады. Зерттеу жұмыстарына жасалған қорытындылар мен тұжырымдар негізінде оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімді дайындаудың ғылыми негізделген ұсыныстары баяндалады.
Қорытындыда ғылыми болжамды дәлелдейтін зерттеудің нәтижелері мазмұндалады, зерттеліп отырған мәселенің келешектегі зерделенетін бағыттары айқындалады.
Қосымшада
зерттеу мәселесіне байланысты оқушылар
мен студенттерге арналған тест, сауалнамалар,
оқушылардың дене мүмкіндіктерін анықтауға
арналған кестелер мен нұсқаулар болашақ
мұғалімдердің даярлық деңгейлерін анықтау
үлгілері ұсынылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»,- деген болатын.
Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты көптеген құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж 18 мамырдағы «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауаттану-денсаулықты сақтау» бағдарламалары. Бұл құжаттардағы негізгі мәселенің бірі –дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесі. Сондықтан да болашақ мұғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан тыс қалмауы қажет. Дене тәрбиесі сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар, педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани жеке тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.
Болашақ мұғалімнің жеке басының маман ретінде қалыптасуы үшін кәсіби сапасының негізгі талаптарының бірі ретінде оның жалпы ғылыми-әдістемелік даярлығын ерекше атап өтуге болады. Бүгінгі таңда күн тәртібінде студенттердің өзін-өзі басқаруды дамыту міндеттері қойылып, болашақ мұғалімнің дербестігі мен белсенділік дағдысын тәрбиелеу және дамыту қажеттілігі күннен-күнге артып отыр. Жоғары оқу орындарына болашақ мұғалімдерге өз кәсіби міндеттерін жете білетін, қажетті педагогикалық дағдыларды меңгерген, өз Отанын сүйетін шәкірттерді тәрбиелеу мен оған мұғалімдерді кәсіби дайындау міндеті жүктелген. Осы мақсатта жоғары оқу орындарында болашақ маман дайындаудың сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Сондай-ақ тәрбиенің ықпал жасау өрісі де орасан кеңейе түсті.