Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 12:10, курсовая работа
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады.
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстары олардың болашақ қызметіне байланысты және пайдасы зор. Мектеп тәжрибесі кезіндегі ғылыми - зерттеу жұмысында қалыптасқан белгілі бір жүйенің болуы студенттің оқу тәрбие қызметіндегі белсенділігінің арта түсуіне педагогикалық тәжірибенің тиімді өтуіне игі ықпалын тигізеді. Осыны ескеріп, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыруды алдымызға міндет етіп қойып, онда мынадай мақсаттарға жету көзделеді:
1.
Студенттерді оқуға, сабақ
2.
Болашақ мұғалімдерді өз
3. Студент - практиканттардың ғылыми - зерттеу жұмыстарына қабілеттілігі мен икемділігін арттыру.
4. Алған білімдерін тұрмыста шығармашылықпен қолдана білуге үйрету.
5. Студенттерді ғылыми - әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеуге үйрету, курстық және дипломдық жұмыстарын орындауға дайындау.
6. Студент - практиканттардың ғылыми - зерттеу жұмысын мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмысымен байланыстыру.
Бүгінгі таңда жоғары білім беру жүйесі мен құрылымы, білім берудің мазмұны, оқыту әдістері мен тәсілдері, әсіресе дене тәрбиесі мамандарын дайындауда жаңашылдық көзқарас, соны ізденістер мен зерттеулерді талап етуі қарастырылып отырған мәселенің өзектілігін айғақтап берді. Зерттеу жұмысының нәтижесі көрсеткендей, Республикада жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасуында мұғалім кадрларын дайындау кеңестік жүйе кезінде қалыптасқан тәжірибенің аумағында жүргізіліп келді.
Соңғы кезде жоғары білімді реформалауда біршама шаралар қолға алынуда. Педагогикалық қызмет іс-әрекеттің басқа түрлері сияқты пәндік мазмұнмен анықталады, оған мотивация, мақсат, пәні, тәсілдер нәтиже жатады. Педагогикалық іс-әрекет пән ретінде, дамудың шарты мен негізі ретінде, оқытушылардың пәндік, әлеуметтік, мәдени тәжірибені игерулеріне бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі ғылыми және оқу пәні ретінде жетекшілік рөл атқара отырып, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытты анықтайды. Сонымен бірге осы саладағы білім негізінің жүйесін құрайды. Мұғалімнің дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін жете білуі, оның педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты шарты. Әртүрлі деңгейлерде дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғысынан шешуге, болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруға, кейбір теориялық және іс-тәжірибелік жаңалыққа сын көзбен қарап қабылдауға, дене тәрбиесі міндеттерін шешуде қосымша өтетін ғылыми пәндердің атқарар рөлін дұрыс бағалауға, өзінің педагогикалық шығармашылық негізін жасауда дене тәрбиесі мәселесі бойынша жүргізілген зерттеудің маңызы зор.
Зерттеу жұмысында дене тәрбиесі білімінің маңыздылығымен анықталатын, жалпы орта білім берудегі және жоғары мектепте мұғалімдерді дайындауда дене тәрбиесі білімінің рөлі мен үлесін, онымен қоса орта мектепте дене тәрбиесін берудің жаңа мақсаттарын және дене тәрбиесінің мазмұндық меңгерудің объективті қиындықтарын ескере отырып, дене тәрбиесі мұғалімдерін дайындауды жеке мәселе ретінде тек тәжірибелік қана емес, теориялық тұрғыдан да талданып отыр. Түрлі әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар дене тәрбиесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудағы негізгі ұғымдарды анықтап, оларға берілген анықтамаларды нақтылап, жаңа түсініктер мен ұғымдардың пайда болуына негіз болды.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімін дайындау жүйесін және оны психлогиялық-педагогикалық білім алуын үйлестірудің жетекші бағыты ретінде дене тәрбиесі үрдісін жүзеге асырудың және түрлендірудің жолдарын түсіндіретін және көрсететін білім жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Дене тәрбиесін жүзеге асыруды сабақтастыру, біздің көзқарасымыз бойынша, дене тәрбиесі әдістемесін студенттерге үйрету жүзеге асырылуы тиіс. Бұл дене тәрбиесі мазмұны бойынша білім беруді жүзеге асыруда дұрыс меңгеруге ықпал жасайтын дене тәрбиесі әдістері мен технологияларына, оларды логикалық түрде құру, ұйымдастыру тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінуі қажеттігін көрсетеді. Оқытушы нақты оқыту ақпаратын беруші, оны студенттердің меңгеруін ұйымдастырушы және соның нәтжесін бағалаушы позициясын ұстаушы адам ретінде болмауы керек, қайта студентке көмектесетін, өзінің білім беру қызметінің субъектісі болу керек. Ол үшін оқытушы талдауға тиісті бағдарламаны меңгерудегі және бағдарламаны оқуда студенттердің өздері қабылдауына кеңесші, сарапшы болуы тиіс. Оқытушының жаңа ұстанымы үнемі студенттермен бірге кішігірім зерттеулер орындау, студенттік топтармен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудың түрлі формаларын бірге шығармашылық тұрғыда іздестіру жаңашылдық бағытта кәсіби біліктілігін жетілдіріп отыру өзекті сипат береді деген тұжырым жасаймыз.
М.Я. Виленский пікірі бойынша, оқушылардың жеке тұлғалық дене мәдениеті – бұл жеке тұлғаның физикалық дамуы мен білімінің деңгейін, осы деңгейге жету тәсілдерін түсінуін және дене тәрбиесі-спорттық іс-әрекетінің әр түрлі формалары мен жалпы өмірінен көрінуін сипаттайтын сапалық, жүйелілік, динамикалық білім. Оның құрылымы өзара байланысты үш бірліктен тұрады.:
- құндылық бірлік - жеке тұлғаның қажетін, мұратын, мотивін, ұстанымын, қызығушылығын білдіреді;
- нақты қызметтік бірлік - жеке тұлғаның денсаулығын, қозғалу қабілеті мен дағдысын анықтайтын физикалық мінсіздік болып табылады;
- тәжірибелік - іс-әрекеттік бірлік, дене тәрбиесі-спорттық белсенділік өрісінен кең көрінеді (танымдық, үгіт-насихаттық, нұсқаулық, өзін-өзі жетілділдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу).
Оқушылардың
құндылық бағытын қалыптастыру үдерісінің
тетігін сызба түрінде
Құндылық бағыттары жеке іс-тәжірибеден өтіп, жеке тұлғаның шынайы мінез-құлық құндылығына айналған жағдайда, қалыптасу үдерісін аяқталды деп есептеуге болады (Сурет 3).
Дене мүмкіндігі мектеп оқушысының жеке тұлғалық дене мәдениетінің маңызды құндылығы және оған қажет қасиет ретінде жеке тұлғаның дене тәрбиесі-спорттық іс-әрекеттерде жан-жақты толық дамуға ұмтылуын сипаттайтын, жеке дене қабілеттерін ашуға жағдай туғызатын қозғалысты жай-күйін анықтайды, оны жетілдіру үдерісі – көбінесе жеке тұлғаның өзіндік белсенділігімен байланысты, жеңілден қиынға дейін қозғалу тәжірибесімен сипатталады.
Мектеп оқушыларында физикалық жетілдіру мен өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін қалыптастыру оқу-тәрбие үдерісінде дене тәрбие пәні бойынша шешуші мән болып есептеледі. Ең алдымен, мектеп оқушыларының жеке тұлғалық дене мәдениетін қалыптастыру тұжырымдамасын жүзеге асырмас бұрын, жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының дене тәрбиесі пәнінің қазіргі жағдайын талдап алу қажет. Мамандардың дене тәрбиесі жөніндегі байқауларды, зерттеулерді және іс-тәжірибелерді жинақтап, қорыта талдауы мектеп оқушыларының дене дамуы мен даярлығының қазіргі жағдайын шынайы бағалауға мүмкіндік береді.
Соңғы уақытта мектептерде денсаулық көрсеткіші мен дене тәрбиесін ұйымдастыру және балалардаң жалпы қозғалыс белсенділігінің деңгейі арасындағы байланыс айқын көрінеді. 1-сыныпқа балалардың 10%-ы ғана дені сау болып келеді. Оқу жылдары ішінде мектеп оқушыларының түрлі аурулармен ауыру мөлшері 5 есеге өседі.
Егер дене мәдениетіндегі құндылық бағыттары жеке тұлғаның өмірлік жоспарымен байланысты болса, қалыптасу үдерісі тез жүреді.
Оқушылардың денсаулық жағдайы төмендегідей деректерді келтіреді: әр түрлі жастағы мектеп оқушысының 70%-ның тірек қозғалыс мүшелерінің қызметі бұзылған.
Сурет
3 - Дене тәрбиесінде жеке тұлғаны
қалыптастыру үдерісі
30-40%-ас қорыту ағзаларының жұмысы бұзылып, 60%-жүйке, қан тамырлары тармақтарының белсенділігі төмендесе, 50% иммунитеті әлсіреген. Мектеп оқушыларының 23%-бауыр, 15%-бүйрек ауруларымен ауырады. Мектеп оқушылырының жеке тұлғалық дене мәдениетін қалыптастырудың қазіргі жағдайын зерттей отырып, жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастырудың маңызды элементтерінің бірі болып табылатын деңгейді анықтауға тырыстық.
Сонымен қатар, талдау барысы көрсеткендей, дене тәрбиесі пәнінің маңызды бірліктерінің бірқатары ескерілмейді. Мұндай бірліктердің қатарына дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, жеке гигиена, қозғалыс іс-әрекетінің психологиясы мен физиологиясы, дене тәрбиесі сабағына белсенділікті қалыптастыру, оған ынталандыру, оқушылардың жеке тұлғалық көрсеткіштері туралы білімнің қолданылмауы толымсыз жағдайда. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер дене тәрбиесі үдерісін басқарудың негізгі құралдары тобына жататындықтан өте маңызды.
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі туралы білімін, қабілетін, дағдысын қалыптастыруға ықпал ететін, педагог құзырында бар ықпалдар арсеналы болып жатқан жағдаймен сәйкестендіріп алу маңызды міндет болып табылады. Дене тәрбиесін басқару қымтаулы жабық ортада емес, құндылық бағыттары, мінез-құлық стреотиптері, әр түрлі іс-әрекетке белсенділігі қалыптасқан оқушылар ортасында жүреді. Сондықтан педагог осы құндылықтарды білуі тиіс.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау мәселесі бойынша жүргізілген зерттеулеріміз “Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға мұғалімдердің дайындық моделін» жасауға мүмкіндік берді (Сурет 4).
Модельдің мазмұнын мотивтік, мазмұндық, процессуалды-іс-әрекеттік, рефлексиялық бақылау бірліктері құрайды.
Мотивтік компонент – дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру қажеттілігін сезінуі, педагогикалық іс-әрекетке тұрақты бағдарының болуы, оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдары ерекшеліктерін ажырата білуге деген қызығушылығы, дене тәрбиесі жүйесі туралы өз бетінше білімін көтеруге деген ұмтылысы.
Мазмұндық компонент – оқушылармен дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру туралы ілімі, оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимыл
ерекшеліктерін білуі, оқушылармен дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру туралы әдістемелік сауаттылығы, жаңашылдық, кәсіби құзіреттілік.
Процессуальды-іс-әрекеттік компоненттер – дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагогикалық жағдаяттарды шешу, оқушылармен мектепте, сыныптан тыс жұмыстарда, мектептен тыс жұмыстардағы дене тәрбиесін ұйымдастыру ерекшеліктерін меңгеруі. Оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдарын ескере отырып, дене тәрбиесіндегі жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана алуы.
Рефлексиялық – бағалау компоненті – педагогикалық рефлексияны меңгеру, дене тәрбиесі жүйесін педагогикалық талдауы, шығармашылық
ізденімпаздық, дене тәрбиесінде дене мүмкіндіктерін талдау білімділігі, дене тәрбиесі жүйесі туралы білімі мен біліктілігін жетілдіруге ұмтылуы.
Көрсетілген модель негізінде зерттеліп отырған мәселеге байланысты
Сурет
4- Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге
асыруға мұғалімдердің дайындық моделі
болашақ
мұғалімдердің даярлығын
Жоғары деңгей: дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі жөніндегі білім мазмұны бойынша меңгерген білімі айтарлықтай терең; өз жеке басының белсенділігімен ерекшеленеді; білімін жетілдіруге ынталы; дене мүмкіндігі мен рухани жан-дүниесінің біртұтас жүйе екендігін сезіне біледі; дене жаттығуларының, қозғалыс қимылдарының т.б. дамыту, білімдік, сауықтыру міндеттерін шығармашылық тұрғыда қабілетті. Даярлықтың жоғары деңгейінің қалыптасуы, болашақ мұғалімдердің кәсіби қызметінің оқушыларға бағытталуымен сипатталады, олардың сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта оқушыларды дене тәрбиесін жүзеге асыру құралдарын пайдаланып, жұмыс істеудегі шығармашылыққа және өзін - өзі жетілдіруге деген тұрақты ынтасы мен, жүйелі мүддесімен сипатталады. Бұл деңгейдегі студенттердің білімдері толыққандылығымен, жүйелілігімен ерекшеленеді, олар бар білімдерін нақтылы іс жүзіндегі жағдаят пен оңай байланыстыра алады.