Студенттердін психологиялық денсаулық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 12:10, курсовая работа

Описание

Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады.

Работа состоит из  1 файл

Orazov.doc

— 441.50 Кб (Скачать документ)

   Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерін оқушылардың  дене тәрбие жұмысына дайындау тиімділігі төмендегідей педагогикалық  шарттарды орындаған кезде қамтамасыз етілмекші:

   Студенттердің дене тәрбиесі құралдарын оқушылармен  тәрбие жұмысына пайдаланудағы білімдерін, шеберліктері мен икемділіктерін меңгеру  қажеттілігін түсінуі.

   Дене  тәрбиесі процесінің кәсіби бағытталуы.

   Оқыту мен тәрбиелеудің белсенді түрлерін, құралдары мен әдістерін қолданып, студенттердің жеке-психологиялық  ерекшеліктерін ескере отырып, іскер  көзқарас таныту.

   Студенттердің жүйелі дене жаттығуларына қызығушылығы мен қажеттілігін қалыптастыру, бұларды өзін-өзі физикалық жағынан тәрбиелеуге қосу.

   Оқушылармен тәрбие жұмысында дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жөніндегі операциялық  білімдерінің, икемділіктері мен  дағдыларының қажетті деңгейінің болуы  мен қалыптасуы.

   Берілген  бағдарламаның жүзеге асырылуы, біздің ойымызша, оқушылардың дене тәрбиесі мұғалімінің кәсібіне бағдар ұстануын жақсартуға, жоғары оқу орындарына дарынды жастардың келіп түсуін қамтамасыз етуге, «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша үздіксіз педагогикалық білім идеясын жүзеге асыру үшін алғышарттар құруға мүмкіндік береді.

   Физикалық өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды буыны  есебінде, тұлғаның ішкі сенімі мен  саналы еркі басым түсіп жататын  бағыттылығын ескерген дұрыс. Міне, сондықтан  да болашақ мамандардың жүйелі дене шынықтыру жаттығуларын қажетсінуі физикалық өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі іргетасы болып табылады, оны түрліше: ішкі сол сияқты, сыртқы да факторлармен айқындайды. Бұлардың ішінде – дәлелдер, мүдделер, құндылық бағыттары, студенттердің дене тәрбиесінің деңгейі мен даярлығы, сондай-ақ ұжымның қоғамдық пікірі, оқушы тұлғасы, оқыту мазмұны, сабақ беру әдістемесі және тағы басқалары бар.

   Өзін-өзі  жетілдіру процесі дұрыс басшылықты қажет етеді, себебі анатомия, физиология, психология және әдістемелік тұрғысынан жеткілікті білімі жоқ адамның өз бетімен жаттығуы, денсаулығы мен мінез-құлқына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да жеткілікті түрде белсенді ұйымдық-әдістемелік тәсілдердің іздестірілуі мен пайдаланылуы қажет, бұлар студенттердің өз бетімен жетілуін, дербес жаттығуларға тұрақты дағдысын тәрбиелеуін қамтамасыз етеді.

   Сонымен қатар сабақтарды жеке және шағын  топтық әдістермен өткізуге көбірек  мән берілді, өйткені сыныптың дене даярлығы түрліше 5-10 адамнан толған кезінде, жекелеген оқушылар немесе 2-3 адамдық топтар үшін, қатар орындалатын, үйлесімділік күрделігі мен салмақ көлемі жөнінен ерекшеленетін бірнеше бағдарламаны іріктеу қажеттілігі туындайды.

   Сондай-ақ, оқушыларды олардың тек орындай  алатын ғана емес, сонымен қоса, ұқсас варианттарын орындай отырып, ойдан құрастыратын және өз күшін тиімді жұмсай алатындай бұлардың жаттығулар багажын (гимнастикалық, жеңіл атлетикалық ойын) қалыптастыру жолымен берілген өз беттерімен орындау бейімділіктеріне үйретудің дидактикалық шеберлігі де қажет. Мысалы, секірген кезде  секіргішті қолданып секіру икемділігі қалыптасады.

   Мектеп  тәрбие жүйесінің маңызды міндеті  баланың тұлғалық қасиеттерінің  қалыптасуы болып табылады.  Сондықтан  шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны  тәрбиелеудің негізгі мәселелерінің бірі қозғалыс белсенділігінің қалыптасуы болып табылады, өйткені оның жоқтығы тек ақыл-ой дамуын ғана кідіртіп қоймайды, балалардың қозғалыс белсенділігін де төмендетеді. Ал бұл өз кезегінде баланың өзінің дағдылары мен икемділіктерін практикалық қызметінде пайдалану қажеттілігін болдырмайды, қозғалыс кестесінің бұзылуына апарып соқтырады.

   Алайда, практика көрсеткендей, педагогикалық  практикада  студенттердің басым  бөлігі (96%), дене тәрбиесі-сауықтыру  шараларын күн тәртібінде әдістемелік  жағынан сауатты ұйымдастыра алмайды. Бұл студент-практиканттың белсенділігін ынталандыруға бағытталған педагогикалық міндеттер мен жағдайларды, қалыптан тыс, тың жолмен шешуінде  қиналады. Қимыл белсенділігінің, сондай-ақ қозғалыс міндеттерін шешуге шығармашылықпен келудің қалыптасуында, тұтастай педагогикалық процестің негізгі құрамдастарының бірі әрі баланың қоғаммен және өмірмен байланыстырушы буыны болып табылатын дене тәрбиесі ерекше орын алады.

   Осыдан  келіп, студенттердің шығармашылық белсенділігін тәрбиелеуге даярлығын қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Сондықтан студенттердің балалардың белсенділігін қалыптастыруға әзірлігі психологиялық тәрізді, практикалық та даярлығы ретінде қарастырылуы керек.

   Психологиялық даярлығы, студенттердің дене тәрбиесі құралдарын балалардың белсенділігін тәрбиелеуде пайдалану бағытындағы білімдері мен икемділіктерін меңгеру қажеттілігін түсінуін білдіреді.

   Практикалық даярлығы, дене тәрбиесі құралдарын пайдаланудағы  операциялық білімдерінің қажетті  деңгейінің болуы мен қалыптасуын айқындайды.

   Болашақ мұғалімнің оқушылардың белсенділігін  дене тәрбиесі құралдарымен қалыптастыру тиімділігі, төмендегі педагогикалық  шарттарын сақтаған кезде қамтамасыз етіледі:

   1.  Дене тәрбиесі процесінің кәсіби  бағыттылығы.

   2. Дене тәрбиесінің теориясымен әдістемесінің оқушылардың қозғалыс белсенділігін тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мәселелерімен толықтырылуы.

   3. Дене тәрбиесі құралдарымен балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда, қажетті білім мен шеберліктің белгілі бір деңгейіне қол жеткізу.

   4. Оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің құралдарын, белсенді түрлерін пайдалана отырып, балалардың жеке- психологиялық ерекшеліктерін, қозғалыс белсенділігінің деңгейін ескеріп, іскер көзқарас таныту.

   Зерттеу барысының 3 бөлімінде оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдары ерекшеліктерін ескере отырып, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға арналған әдістер жүйесі қолданылды.

   Зерттеу барысында жүргізілген теориялық-әдіснамалық  талдаулар барысында және анықтаушы  эксперимент нәтижелері болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудағы тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын мынадай кезеңдер бойынша жүргізуге мүмкіндік берді.

   1) айқындаушы кезең – анықтаушы эксперимент жұмыстарының нәтижелері сараланып, болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындауда кәсіби маңызды қасиеттері мен біліктілік сипаттамасы анықталды.

   2) ақпараттық-нақтылық кезең – тәжірибелік-педагогикалық жұмыстарды жүргізу жағдайларын қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің мүмкіндіктеріне сай, зерттеліп отырған мәселелерге байланысты болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастырудың оңтайлы жолдары мен бағдарламасы жасалды.

   3) рефлексиялық-бағалау  кезеңі – арнайы жұмыстар ұйымдастыру: «Дене тәрбиесі – салауаттылық негізі» арнайы курс, «Педагогикалық шеберлік клубы» жұмысының жоспарларына сәйкес (Ж қосымшасы), педагогикалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау педагогикалық тәжірибе барысындағы тапсырмалары арқылы дамытылды.

   Қалыптастырушы  эксперименттің бірінші кезеңіне сәйкес, анықтаушы эксперимент барысында  қол жеткізген тұжырымдарымыз бен  теориялық талдауларымыз нәтижесінде  болашақ педагог тұлғасының құзіреттілігі сипаттамасы, біліктілікті қалыптастыру мен принциптерін тұжырымдауға мүмкіндік туындады.

   Тәжірибелік - педагогикалық жұмыстың соңғы кезеңі әртүрлі формадағы жұмыстарды қамтыды.

   Семинар сабақтары тақырыпты жан-жақты  талқылау, әңгіме-кеңес, дөңгелек үстел, диспут, КВН, интеллектуалдық жарыстар, іскерлік ойындары, дидактикалық ойындар, рефератты талқылау және тест, т.б. түрінде өткізілді. Ал тәжірибелік сабақтар негізінен дене дамуы мен дене қабілетін, дене сапаларын анықтауға байланысты өлшеу жұмыстары, тесттік бақылау мен тәжірибелік сараптау, физиологиялық анықтау карточкаларын толтыру, жеке студенттің физиологиялық, психологиялық, кәсіби даярлығы бойынша сипаттамалар дайындау, оқытушының сабағына талдау, даму күнделігін толтыру, өзара сабақ өткізу мен треннинг өткізумен сипатталады.

   Сонымен бірге, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда жеке тұлғаны қалыптастырудың  маңызын, оның мәні мен мұғалім рөлінің  құндылық сипаты жете түсіндірілді. Студенттер берілген тапсырма бойынша өздерінің  және оқытушылардың педагогикалық процесті жүзеге асырудағы кәсіби іс-әрекетіне талдау жүргізді. Мұның бәрі сайып келгенде студенттердің арнайы кәсіби-педагогикалық білімін, іскерлік дағдыларын шыңдай түсті. Арнайы курс нәтижесінде мынадай компоненттерді қамтитын педагогикалық жұмыс жүйесі анықталды:

   - дәріс сабақтарында теориялық білімді меңгеру;

   - семинарда игерген теориялық  білімді бекіту;

   - тәжірибелік сабақтарда біліктері  мен дағдыларын қалыптастыру;

   - педагогикалық тәжірибемен сабақтастыру.

   «Дене тәрбиесі - салауаттылық негізі» атты арнайы курс  үшінші және төртінші курс студенттеріне оқылды. Арнайы курстан кейінгі зерттеулеріміз нәтижесі мынадай болды (кесте 1).

   Кесте 1 – Арнайы курстан кейінгі зерттеу  нәтижесі

   
Деңгейлері 3 курс 4 курс
Арнайы  курсқа дейінгі Арнайы курстан соң Арнайы курсқа   дейінгі Арнайы курстан      соң
1. Жоғары 12,8% 25,3% 13,5% 26,4%
2. Орташа 47,1% 47,7% 48,0% 48,6%
3. Төмен 40,1% 27,0% 38,5% 25,0%

   Студенттердің арнайы курстан кейін зерттеліп  отырған мәселедегі даярлық деңгейлерінің  өскенін (12,9 %-ке) және төменгі деңгейдегі (13,5%) студент санының азайғандығын байқаймыз.

   Зерттеу жұмыстары әрі қарай жалғастырылып, педагогикалық тәжірибемен ұштастырылды.

   Педагогикалық тәжірибе барысында студенттер ұсынылған  әдістемелер және тәжірибелік сабақтардағы өлшеу-байқау жұмыстарын оқушыларға пайдалана отырып, өз беттерімен зерттеу жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Зерттеуде қолданылған әдістемелік тәсілдер диссертацияның 4.1. тармағында және қосымшаларда көрсетілді.

   Тәжірибелік – эксперимент жұмыстарының нәтижелері кесте 2-де көрсетілді. 

Кесте 2 – Педагогикалық тәжірибеден  кейінгі зерттеу қорытындысы

Деңгейлері    Бақылау тобы    Эксперимент топ
   3 курс    4 курс    3 курс    4 курс
   Жоғары    12,7%    13,7%    32,3%    30,5%
   Орташа    46,2%    48,3%    33,7%    37,5%
   Төмен    41,1%    38,0%    34,0%    32,0%

   Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары нәтижесінде жоғары деңгей 16,8%  өсіп, төменгі деңгей  6,0% - ға кемігендігі байқалды. Сондай-ақ оқу-зерттеу жұмыстарының көрсеткіштері олардың болашақ кәсіби әрекетіне қатынасы жөніндегі жауапкершілігін арттыра түсті.

   Бұдан шығатын қорытынды, болашақ мұғалімдер оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін  жүзеге асыруға дайындауды ұйымдастыру  және студенттің өз тарапынан болашақ  кәсібіне оның қажеттілігін сезінуін тәрбиелеу, мақсатты педагогикалық  процестен оңтайлы әдіс-тәсілдерді пайдалану, шығармашылық қатынас орнату, үнемі кәсіби біліктілігін жетілдірудің өзектілігі жоғары. Сонымен, педагогикалық тәжірибеден кейінгі зерттеудің жалпы нәтижелерін саралай отырып, нәтижелерін былайша түйіндейміз (Cурет 6).

Информация о работе Студенттердін психологиялық денсаулық