Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 22:06, практическая работа
Экология гректің «ойкос» - үй, «логос» - ғылым деген сµзінен шыққан. Тура аудармасында бұл ұғым «табиғи үйді», онда тұрып жатқан организмдермен бұл «үйді» тіршілікке жарамды ететін үрдістерді зерттеп, танып білуді білдіреді. Экологияның ғылым ретінде пайда болуы 1866 жылдың 14 сентябірінде неміс биологы Э.Геккелдің «Организмдердің жалпы морфологиясы» деген еңбегімен байланысты. Ол µз еңбегінде «Экология ретінде біз организмдердің сыртқы ортамен қатынасын қарастыратын жалпы ғылымды түсінеміз» - деп кµрсеткен.
4
ҚОРШАҒАН ОРТА ТЕМПЕРАТУРАСЫНЫҢ
ӨЗГЕРІСІНІҢ КАРДИОРЕСПИРАТОРЛЫҚ
ЖҮЙЕГЕ ӘСЕРІ
Әр түрлі температураның адам организіміне әсері - күнделікті жай. Географиялық орналасуына байланысты біздің аймақта тµменгі температураның әсері жоғары. Адам организімінде суықтың әсерінен шеткі тамырлар түйілуі және қан айналымының орталықтануы µрбиді. Суық климаттық аймақтың тұрғындары кµбінесе артериялық гипертония, жүректің ишемия ауруы, µкпеннің ұзаққа созылатын аурулары, және сол сияқты басқа ауруларға да бейім.
Жұмысқа қажетті құрал–жабдықтар: мұз, эксикатор, электротермометр, секундомер, танометр, фонендоскоп.
Жұмысты жүргізу әдістемесі: Сыналушы бас бармағының деңгейіне дейін (бас бармақ батырылмайды) 4 саусағын мұзды суы бар эксикаторға (мұз түйіндері бар су, температурасы 0 - +1 градус) батырады. Экспозиция – 2 минут. Бұдан кейін саусақтар эксикатордан шығарылып, су тамшыларынан тиянақты ( уқаланбай) кептіріледі.Саусақтарды мұзды суға батырмас бұрын , саусақтарды салқындату кезінде және салқындатудан 5-8 минуттан кейін жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ), артериялық қан қысымы (АҚҚ), алақанның сыртқы жағының температурасы (салқындатқанға дейін және кейін) µлшенеді. Алынған нәтижелер таблицаға тіркеледі. Жұмыстың нәтижесіне байланысты қорытынды жасалады.
Кесте 3 - Температураның тµмендеуі және қайта қалпына келу кезеңіндегі кардиореспираторлық жүйенің функционалдық жағдайының кµрсеткіш динамикасы
Кµрсеткіштер | Суыққа дейін | Суық әсері 2 мин. | Қалпына келу 1 мин. | Қалпына келу 3 мин. | Қалпына келу5 мин. |
ЖЖЖ с/мин | |||||
АҚҚ мм.сн.б. | |||||
Қол басы температурасы |
5
ОРГАНИЗМНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
ЖАҒДАЙЫНА БАҒА БЕРУГЕ
ЖҮРЕК ЫРҒАҒЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ
АНАЛИЗ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
Биологиялық ырғақ – бұл организмнің тіршілігінде, өсіп-дамуында, ағза жүйелерінің қызметінде, зат алмасуында, олардың үнемі белгілі бір уақытта маусымда асқындап және баяулап отыратын табиғи құбылысы. Ол организмді қоршаған ортанын маусымдық өзгерістеріне бейімделуін қамтамасыз етеді. Биоырғақтар кезең, амплитуда, фаза, орташа денгей, профиль сияқты параметрлермен сипатталады.
Табиғатына байланысты биоырғақтар: эндогенді – тірі организмнің өзінде кенеттен туатын және экзогенді – сырттан кезеңдік әсерлер тудыратын деп екі топқа бөлінеді. Эндогенді биоырғақтар кері байланыс арқылы ұсталып тұрады. Қандай биологиялық деңгейде тұйықталуына байланысты биоырғақты жасуша, ағза, организм биоырғағы және т.б. деп айырады. Орындайтын қызметіне байланысты эндогендік биоырғақтарды мынадай топтарға бµледі:
1. физиологиялық ырғақтар – жеке жүй елердегі жұмыс циклі (тыныс алу, жүректің соғуы)
2. экологиялық немесе бейімділік ырғақтар – қоршаған орта кезеңдігіне организмнің бейімделуін жүзеге асырады. Физилогиялық биоырғақтың периоды өте ауқымды шектерде өзгеруі мүмкін. Экологиялық ырғақтың периоды, керісінше салыстармалы тұрақты, генетикалық бекіген. Экологиялық ырғақтар табиғи жағдайда қоршаған ортаның маусымдық кезеңдерімен байланысқан. Олар биологиялық сағат қызметін атқарады.
Биологиялық ырғақтарды организмнің бейімделушілік қабілеті мен шама критериі ретінде қолдануға болады. Жүрек ырғағын математикалық анализдеу әдісін организмнің функционалдық жағдайына болжау жасау және бағалау үшін қолданады. Кардиоинтервалдардың таралу параметрлер қисығы вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің белсенділік мөлшерін сипаттайды.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: электрокардиограф, электродтар, спирт, мақта.
Жұмысты жүргізу әдістемесі:
Электрокардиографты дайындаңыз. Электродтар бекінетін тері аймағын спиртпен сүртіңіз. Резина бинт арқылы электродтары қолдарға және сол аяққа бекітеміз. Құралдың барлық тетіктерінің жұмысқа дайындығын тексеріңіз.
Күшін (1 мВ=10 мм) тағайындап, ІІ стандартда ЭКГ-ны жазыңыз.
Оптималь ұзақтығы 100 кардиоцикл болатын ЭКГ жазуын жүректің ырғағын анализдеуге қолданады. Қағаздың қозғалу жылдамдығы 50 мм/с. Әрбір кардиоціклдің ұзақтығын, ЭКГ-ның бір ұштығынан келесі R ұштығына дейінгі аралықты, сызғыш арқылы өлшеумен анықтайды. Екі R-R тістің аралығын өлшеп, лентаның қозғалу жылдамдығына тәуелді, екі тістің аралығындағы уақытты секунттық шамада есептейді. Мысалы, екі тістің аралығы 40 мм-ге тең. Егер лентаның қозғалу жылдамдығы 50 мм/сек болса, онда 1 мм өтуі 0,02 сек тең болады. Осыған сәйкес, уақыт R-R = 40 мм х 0,02 с = 0,08 с.
Әрбір кардиоинтервал ұзақтығын µлшеу 0,01 сек дәлілдекпен жүргізіледі. Кардиоырғақты математикалық анализдеу әдісінің жеңілдетілген тәсілі бойынша, ұзақтығы 20 кардиоинтервал ЭКГ жазуы қолданылады. Бұл жағдайда кернеудің деңгейін бағалауға – кардиоцикл ұзақтығының жоғарғы және төменгі мәнінің, айырмашылығы – вариациалық құлаш (Δх) көрсеткіші қолданылады.
Бұл көрсеткіш парасимпатикалық жүйенің тонусына, жүректің автоматты реттелу жағдайына тәуелді. 20 кардиоциклден біршама мәнді қолдану кезінде вариациондық ауқым негізінен тыны алуға байланысты – кардиоцикл ұзақтығының айқын ауытқуына тәуелді. Соңдықтан, 20 кардиоциклдің мәнін есептеумен шектелуге болады. Максимальды және минимальды кардиоцикл мәнін айқындап, сол бойынша вариациалық көрсеткішін мына формула бойынша есептеп шығарады: Δх(с)= RR max – Rrmin.
Ретін сақтап, 20 кардиоинтервал ұзақтығын санап, формула бойынша вариациаық ауқымды есептеп, нәитжелерін дәптерге жазыңыз. Алынған мәліметтерді таблицада берілген мәліметтер салыстырып, олардың қаншылықты нормаға сәйкестігі туралы қорытынды жасаңыздар.
Кесте 4 - Денсаулықтары қалыпты 7-18 жастағы ер және әйел жынысты тексерілушілердің вариациалық ауқымының (ΔХ) орташа мәнінің (М+m) көрсеткіштері
Жасы | ΔХ (с) | |
Ұлдар | Қызд ар | |
7 | 0,33 +- 0,04 | 0,24 +- 0,03 |
8 | 0,30 +- 0,04 | 0,25 +- 0,03 |
9 | 0,26 +- 0,02 | 0,26 +- 0,03 |
10 | 0,22 +- 0,02 | 0,26 +- 0,26 |
11 | 0,34 +- 0,04 | 0,21 + - 0,02 |
12 | 0,33 +- 0,04 | 0,22 + - 0,03 |
13 | 0,27 +- 0,04 | 0,21 + - 0,02 |
14 | 0,35 +- 0,04 | 0,32 +- 0,03 |
15 | 0,31 +- 0,03 | 0,24 +- 0,02 |
16 | 0,28 +- 0,04 | 0,30 +- 0,03 |
Кесте 4 жалғасы
17 | 0,25 +- 0,04 | 0,24 +- 0,02 |
18 | 0,31 +- 0,03 | 0,21 +- 0,02 |
6
ШУДЫҢ ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ
ДЕҢГЕЙІНЕ ӘСЕРІ
Артериялық қанның қысымның деңгейі сыртқы орта факторларына, соның ішінде өндірістік шуға сезімтал келетін көрсеткіш. Артериялық қысымның деңгейлі жағымды үндерде төмендеп, қатты шудың әсерінен көтеріледі.
Жұмыстың мақсаты: Жүрек-тамыр жүйесінің қызметтік жағдайына шудың әсерін зерттеу.
Жұмыстың барысы: сыналушының тәжірбиеге дейін артериялық қанының қысымын және жүректін жиырылу жиілігін (1 минуттағы) анықталады.
Уақытты белгілеп, шу көзін қосады. Шу деңгейін әртүрлі дцб алады. Экспозиция 2 минут. Одан кейін қайталап артериялық қанның қысымы, жүректің жиырылу жиілігі анықталады. Сынақтың ұзақтығы 9 минут. Алынған нәтижелер кестеге жазылып, сәйкесінше қорытынды жасалады.
Кесте 5 - Жүрек-тамыр жүйесінің қызметтік жағдайына шудың әсері
Көрсеткіштер | Тәжірбиеге дейін | Тәжірбие | Қалпына келу кезеңі | ||
3 мин | 6 мин | 9 мин | |||
САҚ | |||||
ДАҚ | |||||
ЖЖЖ |
7
ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІНЕ
ОРТОСТАТИКАЛЫҚ СЫНАҚТЫҢ
ӘСЕРІ
Дененің кеңістіктегі қалпының өзгеруіне байланысты пайда болатын жүрек-тамыр жүйесінің постуральдық реакциялары өте жиі кездеседі. Ортостатикалық әсерлерге жүрек-тамыр жүйесінің жауабы — авиацияға, космосқа, теңіздік флотқа жүмысқа алуда жасалатын іріктеудің негізгі көрсеткіші болып табылады.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: секундомер, артериалық қан қысымын анықтауға арналған құрал.
Жұмыстың жүргізілу әдістемесі. Тыныштық жағдайда, отырған тексерілушінің жүрегінің жиырылу жиілігі мен артериалық қысымы өлшенгеннен кейін, одан тұла бойды қозғалтпай тіп-тік тұруын сұрайды. Уақытты белгілеп, әр 1 мин. 30 сек. сайын жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) мен артериалық қысымы (АҚ) өлшенеді. Сынақ уақытының ұзақтығы 6 минут. Сынақ барысында тексерілушінің жалпы жағдайы да қадағалануы керек. Егер артериалық қысым 5 мм.сн.б. дейін төмендесе сынақты тоқтату керек.
Алынған көрсеткіштер кестеге тіркеледі.
Егер ЖЖЖ минутына тек 5 жиырылуға артса, ал тыныштықтағы қанның пульстік артериалық қысымның кемуі 10 мм.сн.б. кем болмаса, онда ортосынақты жақсы көтереді деп есептеледі. Сынақты нашар көтереді — ЖЖЖ минутына 15 не одан жиырылуға артса, ал пульстік АҚ 5 мм.сын.б.- на немесе оданда аз көрсеткішке кемісе.
Кесте 6 - Ортостатикалық сынақ барысында жүрек-тамыр жүйесінің қызметтік жағдайының көрсеткіштерінің өзгерісі
Көрсеткіштер | Тыныштық | 1 мин | 2 мин | 3 мин | 4 мин | 5 мин | 6 мин |
ЖЖЖ с/мин | |
|
|
|
|
|
|
АҚ систолалық /мм.с.б/ | |
|
|
|
|
|
|
АҚ диастолалық /мм.с.б/ | |
|
|
|
|
|
|
Кесте 6 жалғасы
АҚ пульстік /мм.с.б/ | |
|
|
|
|
|
|
8
ҚАН АЙНАЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ
БЕЙІМДЕЛУ ПОТЕНЦИАЛЫН
АНЫҚТАУ
Жұмыстың мақсаты: Р.М.Баевскидің формуласы бойынша денсаулық коэффицентін анықтау.