Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 22:06, практическая работа
Экология гректің «ойкос» - үй, «логос» - ғылым деген сµзінен шыққан. Тура аудармасында бұл ұғым «табиғи үйді», онда тұрып жатқан организмдермен бұл «үйді» тіршілікке жарамды ететін үрдістерді зерттеп, танып білуді білдіреді. Экологияның ғылым ретінде пайда болуы 1866 жылдың 14 сентябірінде неміс биологы Э.Геккелдің «Организмдердің жалпы морфологиясы» деген еңбегімен байланысты. Ол µз еңбегінде «Экология ретінде біз организмдердің сыртқы ортамен қатынасын қарастыратын жалпы ғылымды түсінеміз» - деп кµрсеткен.
Өлшеу. Тәжірбие аяғында уақыт шкаласы дәлдікпен көрсетілген график тұрғызу үшін бақылаушылар сағаттың уақыт көрсетүін салыстырып, көрсеткіштерді алу мерзімін тағайындаулары қажет.
Жүректің жиырылу жиілігі. Әр екі минут сайын білезіктегі тамырдың соғуын санайды.
Тері температурасы. Сыналуышының маңдайына, қолының сырт жағына, сұқ саусағының ұшына сиямен дөңгелек белгі салады. Әр үш минут сайын электрлі термометрмен осы белгіленген нүктелерден температураны өлшейді.
Терінің температурасын өлшейтін аспап температура өзгерісін тез сезетін, мөлшері шағын боуы керек. Кәдімгі сынапты термометр бұл мақсатқа жарамайды. Өлшеудің екі түрлі электрлік әдісі бар: термистор және термопор арқылы. Бұл аспаптар өте шағын температура өзгерісін тез сезеді.
Дене температурасы. Медициналық термометр арқылы ауыз құысынан дене температурасын әр бес минут сайын өлшеп, термометр көрсетуін жазады.
Тердің бөлінуі. Сыналушының жүзін бақылап, тер бөлінуінің басталуын белгілейді және бет, қолтерісінің түсінің өзгеруін жазады.
Тәжірбие барысы
Бақылау кезеңі. Сыналушының тоңатындай жағдайда ұстайды (мысалы, желдектіш жанына бір көйлекпен ғана отырғызады). Бақылауды барлық көрсеткіштер тұрақталағанға дейін он бес минут немесе одан да көп жүргізеді.
Жылыну кезеңі. Сыналушыны орындықа ыңғайлап отырғызады. Ол аяғын тізеге дейін ыстық сұға (440С) салады. Судын температурасын 440С-қа жеткізіп суыған сайын ыстық су қосып отырады. Сыналушыны жылы көрпеге орайды. Бақылауды тер бөлінгенге дайін, яғни айқын реакция байқалғанда дейін жалғастырады. Жылыну кезені жарты сағат немесе одан да ұзақа созылады. Сыналушыдан жиі-жиі өзін қалай сезінетінін сұрап жауабын жазып отыру керек.
Салқындау кезеңі. Шелектегі су мен көрпені алып тастап сыналушыға салқын ауа желін бағыттайды. Көрсеткіштерді тіркеу - көрсеткіш өлшемдерінің бастапқы денгейіне келгенге дейін жүргізіледі.
Нәтижелерді
ұсыну. Түрлі-түсті қарындаштарды қолдана
отырып графикте (ординат осінде) алынған
көрсеткіштерді белгілейді. Сол графиктің
абсисс осінде уақытты көрсетеді.
2 БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАСТЫ АНЫҚТАУ
(Киевтің
Геронтология ғылыми-зерттеу институты
талдаған)
Организмде жас өзгерістерінен заңды түрде туындайтын жаңылмас физиологиялық үрдісі бұл – қартаю. Организмнің қартаю деңгейіне генетикалық фактордан басқа сол организм µмір сүріп жатқан қоршаған орта мен тіршілік жағдайлары да әсер етеді. Қартаю үрдісінің жылдамдығы әдетте, календарлық пен биологиялық жасты салыстыру арқылы анықталады. Зат алмасу, құралым, қызмет-әрекет ерекшеліктерінің сыртқа ортаға бейімделуі мүмкіншілігі жиынтығымен анықталатын адамның биологиялық қалып күйін "биологиялық жас" деп тусіндіреді. Биологиялық жас /БЖ/ қаншалықты календарлық жасқа /КЖ/ сәйкес келсе, соғурлым қартаю үрдісі қалыпты µтіп жатқаны көрінеді.
БЖ анықтау - бул организмдегі қартаю үрдісін жүйелі түрде тежеудің амалы. Ерлер мен әйелдердің БЖ анықтау үшін түрлі фомулалар қолданылады:
Ерлер
үшін: БЖ=26,985+(0,215*АСҚ)-(0,149*
Әйелдер үшін: БЖ=- 1,463+(0,415*АПҚ)-(0,140* СТ)+(0,248*ДС)+(0,694*ДСК)
Мұнда: АСҚ - артериалық-систолалық қысым; АПҚ - артериалық-пульстік қысым. Бұл көрсеткіштер тонометр аппаратының көмегімен отырған қалыпта, 5 минуттық аралықпен 3 рет анықталып, ең кіші мәні тіркеледі.
СТ - статикалық тепе-теңдік - тұрақты тепе-теңдікте аяқ киімсіз, сыналушы оң аяғын тізесінен бүгіп, сол аяғымен тұру қалпында анықталады. СТ - ті 5 минуттық аралықпен 3 рет анықтайды. СТ кезінде (алдын-ала жаттықпастан) көз жұмулы, қолдар дене бойында түскен қалыпта болуы керек. Сол қалыпта қанша уақыт тұруының ең жақсы нәтижесі тіркеледі.
ТТҰ - тыныс тоқтату ұзақтығы. ТТҰ терең тыныс алғаннан кейін 5 минуттық аралықпен 3 рет өлшеніп, ең жоғарғы нәтиже есепке алынады.
ДС - дене салмағы /кг/.
ДСБ - денсаулықтың субьективті бағасы 29 сұрақтан құралған сауалнама көмегімен анықталынады:
1. Басыңыз ауыра ма?
2. Қандай дыбыстан болмасын тез оянамын деп,- ойлайсыз ба, өзіңізді?
3. Жүрегіңіздің тұсы ауырып, мазаңызды ала ма?
4. Соңғы кезде көзіңіз нашар кµреді деп есептейсіз бе?
5. Соңғы жылдары, есту қабілетіңіз нашарлады деп ойлайсыз ба?
6. Әрқашан қайнаған су ішүге ынталысыз ба?
7. Жасы кішілер сізге автобуста, трамвайда, троллейбуста орнын бере ме?
8. Буындарыңыз ауыра ма?
9. Жағажайға барасыз ба?
10. Сіздің хал-жағдайыңызға ауа райы өзгерістерінің әсері тие ме?
11. Толқыған сәттерде ұйықтай алмау ,сізде, болып тұра ма?
12. Үлкен дәретке отыра алмау бола ма ?
13. Бұрынғыдай өзіңізді жұмысқа қабілеттімін деп есептейсіз бе?
14. Бауырыңыз тұсы ауыра ма?
15. Басыңыз айналатын кездер бола ма?
16. Өткен жылдарға қарағанда қалай ойлайсыз, жинақылаусыз ба?
17. Есте сақтаудың нашарлауы, ұмытшақтық мазалай ма?
18. Денеңіздің әр жерінде күйдіргі, шаншу, муздай діріл сезетін болдыңыз ба?
19. Өзіңізді қуанышты, аса көңілді, бақытты сезінетін кездеріңіз бола ма?
20. Құлағыңызда шуылдар пайда болып, мазаланасыз ба?
21.Үйіңіздегі мынадай дәрі-дәрмектерді: валидол, жүрекке қажетті тамшыларды өзіңіз үшін ұстайсыз ба?
22. Аяғыңыз ісе ме?
23. Кейбір тамақтардан бас тартатын болдыңыз ба?
29. Тез жүрген кезде ентігесіз бе?
25. Беліңіз ауыра ма?
26. Емдеу мақсатымен минералды су ішуге ынталысыз ба?
27. Мазасызданасыз ба?
26. Сізді жоқ нәрседен жылайды деп айтуға бола ма?
29. Өз денсаулығыңызды қалай бағалар едіңіз?
Алғашқы 28 сұраққа "иә" немесе "жоқ" деп жауап беру керек. "ИӘ" деген мына сұрақтарға 1-8, 10-12, 14-18, 20-28 және "ЖОҚ" деген мына сұрақтарға № 9,13,19 жауап қолайсыз болып есептелінеді. 29-шы сұраққа "жақсы", "қанағаттанарлық", "нашар", "µте нашар" деп жауап беріледі. Соңғы екі жауаптың бірі қолайсыз болып есептелінеді.
Сауалнама толтырылғаннан кейін қолайсыз жауаптардың саны есепке алынады, бұл өлшем БЖ-ы анықтау үшін формулаға енгізіледі.
БЖ - тың жекелей мәнін бағалау.
Жоғарыда кептірілген формулалар көмегімен әр тексерушінің БЖ есептелінеді. Тексерілер адамның қартайған шамасын күнтізбелік жасына /КЖ/ сәйкестігін білу үшін БЖ-ң жекелей өлшемін, оның мүмкін болар /МЖ/ өлшемімем салыстыру керек. Осы көрсеткіш қартаю шамасының қалпын сипаттайды. /БЖ : МЖ/ индексін есептеп шығарып, тексерілген адам БЖ өлшемінің қаншалықты өз қатарлас тарының орташа БЖ қарағанда үлкен немесе шамалы екенін біле алады.
Ерлер үшін: МЖ=(0,629*КЖ)+18,56; әйелдер үшін: МЖ=(0,581*КЖ)+17,24
Шыққан БЖ -ты МЖ-қа бµлеміз. Шыққан бөлінді I индексіне тең болса онда қартаю үрдісі қалыпты, өз жасына сәйкес. Егер I индексінен артық болса қартаю үрдісі тездеп, ал кем болса баяу жүріп жатқанды керсетеді. Жұмыстың соңында тексерілушінің БЖ - ның КЖ -қа сәйкестігі тұралы және қартаю үрдісінің µтуі тұралы қортынды жасау ұсынылады.
3
ТҰЙЫҚТАЛҒАН, ЖЕЛДЕТІЛМЕЙТІН
КЕҢІСТІКТЕГІ ОРГАНИЗМНІҢ
ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН
ЗЕРТТЕУ
Адамның еңбектегі іс - әрекеті қоршаған ортаның газдар қоспаларының өзгерістеріне де тәуелді болады. Егер қоршаған орта ауасындағы оттегінің коцентрациясы кемісе, көмір қышқыл газының концентрациясы артады. Мұндай жағдай нашар желдетілетін үй-жайларда болады. Бұл жағдайда адамның өзі ауадағы газдар концентрациясын бір жаққа қарай өэгертуші болып табылады. Тыныс алу нәтижесінде қоршаған ортада О2 парциальдық қысымы төмендеп, ал СО2 концентрациясы артады.
Қоршаған ортадағы газдар концентрациясының белгілі бір өзгеріс сатысында организмнің қорғаныш-бейімделүшілік механизмдері іске қосылады. Организмде гипоксия мен гиперкапнияның дамуы тыныс алу жиілігі мен тереңдігінің біртіндеп артуына, жүрек соғуының жиілеуіне, систоликалық кµлемнің артуына, қанның химиялық құрамының өзгеруіне т.б. әкеп соғады. Егерде ары қарай да, О2 парциальдық қысымы төмендеп, СО2 концентрациясы артатын болса, орталық нерв жүйесінің қызметі бұзылады, кейбір денені қалыпты жағдайда ұстауды қамтамасыз ететін рефлекстер жоғалады. Тырысу-дірілдеу пайда болады, біртіндеп жүрек қызметі мен тыныс алу тоқталады.
Тұйықталып, шектелген кеңістікте тіршілік ұзақтығы, біріншіден, тұйықталған кеңістік ауданының организм салмағына, түріне, жасына т.б. сипатына қатынасына тәуелді. Организмнің тұйықталған кеңістіктегі іс-әрекетінің де айтарлықтай мәні бар. Жоғары қимылдық белсенділік тұйықталған жабық кеңістікте тіршілік уақытын қысқартады. Себебі, бүл жағдайда оттегінің жұмсалуы тездеп тыныс шығару ауасыда СО2 концентрациясы артады.
Жұмысқа қажетті құралдар: көлемі 150, 500, 1000 мл болатын резиналы тығынды шыны ыдыстар, электротермометр, секундомер.
Зерттеу объектісі — егеуқұйрық, тышқан.
Жүмысты жүргізу әдістемесі.
Эксперимент алдында дененің температурасын өлшеп, тыныс алу жиілігін санайды.
1. Гермокөлем жағдайындағы жылы қанды жануарлардың тіршілік уақытына салыстырмалы анализ жасау. Жануарларды шыны ыдыс ішіне жіберіп, 1-2 минут бойы оның іс-әрекетін бақылайды. Бағдарлу-зерттеу реакциясы µшкенннен кейін шыны ыдыстың аузын резина тығынмен жабады. Осы кезден бастап гермокөлемдегі тіршілік уақыты есептеледі. Тыныс алу жиілігі қайта-қайта өлшеніп саналып отыруы керек. Жануардың іс-әрекеті бақыланып, хаттамаға тіркеледі. Ыдысты 30, 45, 90 градусқа еңкейтіп, жануардың дене қалпын ұстайтын рефлекстерін анализдеп, рефлекстердің қалыптыдан өзгеруінің уақытын белгілеп, дірілдеудің пайда болу уақытын тіркеп, оны сипаттайды. Дірілдік тыныс алу пайда болған кезде оны гермокөлемнен алып шығып, дене температурасын өлшеп, дене қалпын ұстайтын рефлекстерінің қалыпқа келген уақытын анықтайды. Қалыпқа келу кезеңінде қайталап тыныс алу жиілігін қайта-қайта санап, тыныс алудың толық қалыпқа келу уақытын анықтайда. (Бүл сияқты экспериментті суық қанды жануарда жасап, гермоколем жағдайындағы суық қанды және жылы қанды жануарлардың тіршілік ету уақытына салыстырмалы анализ жасауға болады.)
2. Сиымдылығы әр түрлі гермокөлем жағдайындағы тіршілік ету уақытына баға беру. Сиымдылығы 150, 500, 1000 мл болатын шыны ыдыстарға салмақтары біркелкі тышқандарды қамайды. Тәжірбиеге дейін температураны тіркеп тыныс алу жиілігін санайды. Ары қарай экспериментті алдыңғы эксперимент секілді жүргізеді.
3. Гермокөлем жағдайында организмнің жекелік орнылықтылығын бағалау. Сиымдылығы 150 мл үш шыны ыдысқа салмақтары бірдей үш тышқанды жібереді. Шыны ыдыстар бір уақытта беті тығынмен жабылып, алдыңғы тәжірбиелердегі талап бойынша бақылаулар мен тіркеулер жүргізіледі. Дірілді тыныс алу байқалғанда жануарды ыдыстан алып шығып, температурасын өлшеп, дене қалпын үстайтын рефлекстердің қалыпқа келу уақытын анализдейді.
Нәтижелерді ұсыну.
Эксперименттердің
сәйкесінше схемасын салыңыз. Тыныс алу
жиілігі мен температурасының тәжірбиеге
дейінгі динамикасына анализ жүргізіңіз.
Әр түрлі эксперимент жағдайында жануардың
тыныс алу жиілігі мен температурасының
қалыпқа келу уақытына аса көңіл бөліңіз.
Алынған нәтижелерді анализдеуден кейін
сәйкесінше график түрғызып, қорытынды
жасаңыз.