Адам экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 22:06, практическая работа

Описание

Экология гректің «ойкос» - үй, «логос» - ғылым деген сµзінен шыққан. Тура аудармасында бұл ұғым «табиғи үйді», онда тұрып жатқан организмдермен бұл «үйді» тіршілікке жарамды ететін үрдістерді зерттеп, танып білуді білдіреді. Экологияның ғылым ретінде пайда болуы 1866 жылдың 14 сентябірінде неміс биологы Э.Геккелдің «Организмдердің жалпы морфологиясы» деген еңбегімен байланысты. Ол µз еңбегінде «Экология ретінде біз организмдердің сыртқы ортамен қатынасын қарастыратын жалпы ғылымды түсінеміз» - деп кµрсеткен.

Работа состоит из  1 файл

270.doc

— 586.00 Кб (Скачать документ)
="justify">       Біздің  миымыздың қыртысы  өзінің белсенділігіне байланысты белгілі бір ырғақтарды береді. Тыныштық жағдайда қыртыс энцефаллограммасынан α ырғақты (8-13 Гц) анықтауға, ал қозған жағдайда былайша айтқанда α ырғақтың депрессиясын: β толқындарын (13-30 Гц) айқындаймыз. Қалыпты ұйқы күйінде ми қыртысынан баяу толқынды тебелістерді дельта толқындарын (1,5-3Гц) жазамыз.

       Яғни, орталық нерв жүйесінің барлық құрылымдары, қозғалыс апараттының құрылымдары өз ара белгілі бір уақыттылық сипатымен ерекшелінеді (гетерохронизм).

       Биоырғақтардың  қазіргі таңда көптеген жіктеулері бар. Бірақ, кеңінен белгілісі Халбергтің (1969 ж) классификациясы. Ол келесідей топтардан тұрады:

       1. Жоғарғы жиіліктегі ырғақтар. Оған барлық тербелістер жатады. Циклдің минималды ұзақтығы 0,5 сағат.

       2. Орташа  жиіліктегі ырғықтар. Оның 3 түрі бар.

       а) ультрадты (0,5 сағаттан-20 сағат)

       б) циркадты (20 сағаттан -28 сағат)

       в) инфрадты (28 сағаттан - 6 күнге дейін)

       3. Төменгі жиіліктегі ырғақтар 

       а)  Циркавижинтанды (20 күндік ұзақтықпен)

       б) Циркатригинтанты (1 айға сәйкес келеді)

       в) Цирканты ( жылдық)  
 

       8  ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ 

       Жер шарында халықтардың саны тез  өсіп жекелеген халық кµп қоныстанған аймақтардың экологиялық жүйелеріне түсетін ауыртпалықты жоғарылатып отыр. Сондықтан, адамдар экологиясы қазіргі демографиялық жағдай және қалалардың тез өсуі қоршаған ортаға қандай ықпал жасайтынын жан-жақты зерттеп, қажетті ұсыныстар жасауы тиіс.

       Демография  деп халықтың құрам санының өсуін зерттейтін ғылым саласын айтады. Демографиялық зерттеулер халықтың санын қалай өсуде, орналасқан жерлері, құрамы (қоғамдық топтар, ұлты, тілі, жасы, жынысы, білімі, мәдениеті, мамандығы, т.б.), оның өзгеру себептері мен қорытындыларын, әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерін қамтиды. Осындай зерттеулерге сүйеніп қоғамның өркендеуін, негізгі бағыттарын және уақытын анықтауға болады.

       Қазіргі қалыптасқан демографиялық жағдай бүкіл әлем жұртшылығын алаңдатуда. Өйткені біздің ғасырдың ортасында дүние жүзінде «демографиялық жарылу» деп аталатын құбылыс болды. Бұрын адамдар саны мың жылда екі пайызға көтерілсе, ХХ ғасырдың 60-80 жылдарының µзінде жыл сайын осы мөлшерде өсті.

       Халық санының µсуі қазіргі таңда ғылыми-техниканың црогресс дәуірінде медицинаның жетістіктері табиғи сұрыпталуды шектеп, денсаулығында ақауы бар болып келген сәбилердің де µмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Бірақ, бұл кµбінесе дамыған елдерге тән.

         Біріккен Ұлттар Ұйымының тапсырысымен  жүргізген Р.Дюба, С.И.Брук және Вилькокс зерттеулерінен Дүние жүзі халқының санының µсу кµрсеткішін кµруге болады.

Кесте 2 - Дүние жүзі халқының санының µсу кµрсеткіші

       Жылдары        Дүние жүзі халқының саны

       (миллион)

       Халықтың  екі есе өсуіне кеткен жылдар саны
 Біздің  дәуірге дейінгі 4500 ж.        20        2500
 Біздің  дәуірге дейінгі 2500 ж.        40        2000
 Біздің  дәуірге дейінгі 1000 ж.        80        1500
 Біздің  дәуірдің басында        160        1000
 900 ші жыл        320        900
 1700 ші жыл        600        800
 1850-ші  жыл        1200        150
 1950 ші жыл        2000        100
 1985 жыл        5000        35
 

       Халықтың  жыл сайын өсу мөлшері мұнан 1000 жыл бұрын пайыздың оннан бір бөлігіне де жетпейтін болса, ХХ ғасырдың екінші жартысында 1,7-2,0 пайызға жетті.

       Әрине халықтың өсуі әлемнің әр түпкірінде бірдей болған жоқ. Батыс және Оңтүстік Европа елдерінде Австралия, Жаңа Зеландия мен Жапониядағы соңғы 40 жылда халық саны аз өссе Дания, Швеция, Ұлыбритания, Австрия, Белгия, Люксембург, Швейцария, Эстонияда халық саны өскен жоқ, ал кейбіреуінде кеміп кетті.

       Дамыған елдердің халқы аз өскенмен планета тұрғындарының саны дамушы елдердің әсіресе Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін тәуелсіздік алған мемлекеттердің халқы есебінен тез өсіп көбеюде. Жыл сайын халық саны 78-80 миллионға көбейіп, 2000 жылы 1 миллиардтан астам өссе оның 56 % Азияға, 25% Африкаға, 11% Оңтүстік Американың үлесіне келеді.

       Екінші  көңіл аударарлық мәселе – бұл  халықтың құрамында қартайған кісілердің көбеюі. Палеолит және неолит дәуіріндегі қазбалардан орташа жас ұзақтығы 20-50 жас екені белгілі болған. Алғашқы қауымдық құрылыс қартсыз қауым болған. Ал қазіргі таңда жанұядағы балалар саны тым азайып барады. Және экономика мен ғылымның өркендеуіне, денсаулық орындарының жұмысы жақсаруына байланысты ересек адамдардың өлімі азая бастады. Қарт адамдардың үлесі өскен сайын жалпы халықтың да жасы ұлғая түседі.

       XIV ғасырда Англияда адамдардың орташа жасы 17 жас болған – бұл «қара µлім» (чума) дәуірі еді.  XVII-XIX ғасырда статистикалық мәліметтер бойынша бельгицтердің орташа жасы 32 жас, голландықтардікі – 34, ағылшындардікі – 33, неміс, шведтер – 33-35 жасты құрды.

       1800 жылы АҚШ халқының орташа жасы 32, Ресейде (1897) – 31,4 жас болды.

       1950 жылы жасы 65-тен асқан қарттардың  үлесі 7,6 %, 14 жасқа дейінгі балалардың  үлесі 28 % болса, 1980 жылы қарттардың үлесі 11,4% -ке дейін көбейіп балалардың үлесі 3%-ке дейін кеміді. Ұлыбритания мен Швецияда қазіргі кездің өзінде қарттардың үлесі 16,2%, балалардың үлесі 20% ғана.

       Орта  есеппен адамның ғұмыры дүние жүзінде 59 жыл болса, дамыған елдерде 70 жылға жетті. Қазақстанда қазіргі таңда ерлердің орташа жасы  59,8, әйелдердікі 71,3 жасты құрайды. Біздің  мемлекетіміздің әр төртінші тұрғыны – бұл  16 – 29  жас аралығындағы – жас адам  (бұл жастағылар 3490,6 мың, яғни халқымыздың  23,3% құрайды).

       Әр  мемлекет өз ерекшеліктерін ескеріп  демографиялық саясат жүргізеді. Франция мен Шығыс Европа елдері сәбилердің көбірек болуын көздеп мемлекет тарапынан жаңа туған бала үшін ата-анасына жәрдем беріп, анасы 3 жыл бойы жұмыс істемей баласын бағуға ақылы демалыс алады. Біздің елімізде де қазір мемлекетіміздің тарапынан мұндай шаралар қолға алынуда. Қазақстан Республикасы жанұялар көп балалы болуға, адамдардың ғұмырын ұзартуға бағытталған саясатты қолдайды. Бізде әрбір 1000 адамға жыл сайын орта есеппен 16-17 адам қосылады, бұл дүние жүзіндегі жоғары көрсеткіштердің бірі. Баланы үйде тәрбиелеуге 1,5 жыл бойы ақылы демалыспен мемлекеттік жәрдем көзделген.

       Қытай, Үндістан сияқты мемлекеттер баланың  санын өсірмеуге тырысады. Бір  жанұяда 1-2 артық бала болуына тыйым  салынған.

       Дамыған елдерде 1000 адамға есептегенде жыл  сайын 6-7 кісі өлсе, дамушы елдерде 10-12 кісі өледі. Өкінішке орай, 80 жылдан бастап Қазақстанда да кісі өлімі көбейіп келеді. Қазір 1000 адамға есептегенде жыл сайын 10,8 адамға жетті. Әрине, кісі өлімінің көбеюі қарттардың үлес салмағының өсуіне байланысты екені шындық. Дегенмен, соңғы кезде орта жастағы адамдар көп өлетін болды. 1960 жылмен салыстырғанда 40 жасқа дейінгі кісілердің өлімі 19%-ға, 50 жасқа дейінгілердің өлімі 29%-ға көбейді. Мұның басты себебі жастар арасында маскүнемдікпен нашақорлықтың кең өріс жайуы. Егер соңғы деректерге сүйенсек, республика бойынша ерлердің 57% , әйелдердің 34%, жас өспірімдердің 40% шылым тартса, ересек адамдардың 55% үнемі арақ ішеді. Мектеп оқушыларының 29,5% нашақорлыққа ауызданған. Ал экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20% себеп болып отыр. Осы әлеуметтік дерт салдарынан қоғамымызда 10 мыңнан астам жетім, 4 мыңнан аса дене бітімі мен ақыл-есі кем балалар барын, әр үшінші сәби өлі немесе кемтар болып өмірге келетінін, балалар үйіндегі балалардың 85% тірі жетімдер екенін көреміз.

         Б.Урланистің есебі бойынша ер  адамдардың тең жартысы маскүнемдіктен  қайтыс болады екен.

       БҰҰ-ның  мәліметтеріне қарағанда (құжат  Е/CONF -76/19) дүние жүзінің халқының саны 100-120 жылдан кейін 10,5-11 миллиардқа жетіп, онан әрі өспей тұрақтайтын  көрінеді. Адамдардың орташа ғұмыры 78-79 жасқа жетеді. Бір жанұяда екі  баладан болып, басқаша айтқанда бар халықтың орны толып отырады.

       БҰҰ 1984 жылы тамыз айында Мехико қаласында  өткен конференцияда барлық елдерді  дүниежүзінің халқының санын тұрақтандыруға, адамдардың абыройы мен бостандығын  сыйлауға қолда бар мүмкіншіліктер мен техникалық прогресс жетістіктерін пайдаланып, қоршаған ортаны сақтауға әлеуметтік өзгерістерді қолдауға бағытталған саясатты жүргізуге шақырды.

       Демографияда  халықтың ұдайы өсуі деген ұғым бар. Ұдайы өсім 3 түрлі болады. Егер ата-аналардың  жасына дейін өскен балалардың саны олардың санымен бірдей болса – онда жай ұдайы өсім болып саналады. Егер балалардың саны олардан артық болса кеңейтілген ұдайы өсім, кем болса – тарылған ұдайы өсім болады. Жай ұдайы өсім – бұл соңғы шек, онан әрі халықтың саны қысқарып, ол халық (ұлт) біртіндеп жойыла бастайды.

       Демографияның тағы бір мәселесі жанұя үшін баланың экономикалық маңызының азаюында. Аналық қасиет екінші қатарға көшіп әйелдер қоғамдық жұмысқа араласып, өнеркәсіп орындары мен мекемелерде қызмет істеп, баласы аз жанұялар саны көбейді. Бұрынғыдай балалар отбасына көмекші, қартайған ата аналарын асырайтын тұлға болмай олардың экономикалық қажеттілігін жоғалта бастады. Көптеген отбасына тән осы жағдай қоғам үшін қолайсыз болып, оның мүддесіне зиянын тигізе бастады. Қазіргі бала ертең қоғамның еңбек ресурсы. Жұмыс қолмен қамтамасыз етудің бірден бір жолы. 1938-1939 жылдары 50 жасқа дейінгі әйелдерде орта есеппен 4,4 бала болса 1979-1981 жылдары тек 2,2 баласы болды. Олардың ішінде қаладағы әйелдердің 2,5 баласы болды. Бала тапқан әйелдердің жасы да жасарып кетті. 1940 жылы барлық балалардың жартысының аналары 30 жасқа дейін болса қазір 3/2 бөлігінің аналары осы жаста.

       Дүние жүзінде қалыптасқан демографиялық жағдайдың ішінде көңіл аударатын  шешілмеген мәселелер әлі де кµп. Біз бұған да назар аударуымыз керек: күн сайын 3,3 миллиард адам тойып ас ішпейді, оның 510 миллионнан астамы аш қалады; бір миллиард адам қайыршылық күн көрісте; 0,5 миллиардқа жуығы толықтай немесе жартылай жұмыссыз; 0,8 миллиард ересек адамдар сауатсыз; 0,2 миллиард балалар мектепте оқымайды; 2 миллиардтан астам адам таза тұщы сумен қамтамасыз етілмеген; 1,5 миллиардтан астам адам ағашты отынға пайдаланып, ас пісіріп үй жылытып отыр.

       Жер бетінде тыныштық орнап, адамдар  бақытты, азат, тоқ болуы үшін аталған қиындықтардан шығу жолдарын іздеу ақылды, парасатты адамзат қауымының борышы. Оларды ескермей жүре берсек ертең кеш болып, шешімі табылмауы мүмкін. Мысалға, азық түлік мәселелерін алайық. Халықты азық түлікпен қамтамасыз ету үшін мал шаруашылығы өнімдерін қазіргі мөлшерден 4 есе, астық өнімдерін 3 есе арттыру қажет. Қоңыржай климатта орналасқан елдердің азық түлікті мол өндіруге, өз халқын қамтамасыз етуге жағдайлары бар. Климаты қатаң, топырағы құнарсыз елдерде ондай мүмкіншілік жоқ. Сондықтан азық-түлікті басқа елдерден, олардан сұраған бағасын беріп сатып алуға мәжбүр болады.

       Барлық  мемлекеттер мен халықаралық  ұйымдардың азық-түлік мәселесін шешу жолдарын бірлесіп, өзара келісіп іздеуге шын ынтасы мен ықыласы болса бұл шешілетін мәселе.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       ПРАКТИКУМ 

        ДЕНЕНІ ЖЫЛЫТУ  РЕАКЦИЯСЫ 

       Дененің ішкі температурасы орталық нерв жүйесі арқылы реттеледі. Қоныржай климаттық жағдайда дене температурасының реттелуі, тері арқылы жылудың берілу жылдамдығы арқылы айқындалады. Жылуды өткізу және жылуды тарату арқылы жүретін тері арқылы жылуды беру – тері қан тамарларындағы қанның ағысы мен нерв талшықтары арқылы тер бездеріне түсетін нерв импульстерінің қарқындылығына тәуелді. Кейбір жағдайларда (мысалы: жылу тию, күн өту т.б.) организм қан ағысын арттырып, организмнен жылуды көп бөлуі керек. Бұл жағдайда қан ағысын арттыру тек жүректен аортаға өтетін қанның мөлшерінің артуымен ғана мүмкін болмақ. Сондықтан, қимыл – қозғалыс белсенділігінің болмауына қарамастан адамның жүрегінің жиырылу жиілгі мен систолалық көлемі артады.

       Берілген экспериментте жылылықты реттеу орталығының белсенділігін сыналушы жағдайын кенет өзгерту арқылы айқындайды. Ішкі температурасының тұрақтылығын сақтау үшін дене жылуды бөлуін арттыру керек. Бұған қажетті қан айналу жүйесінің бейімделу реакцияларын – жүректің жиырылу жиілігін, қолдын қан тамырларындағы қан ағысын мен тері температурасын өлшеу арқылы бағалайды. Тәжірибие барасында ішкі температураны өлшеп, тері реңін және тердің бөліну деңгейін бақылайды. Жақсы қойылған тәжірбиеде барлық көрсеткіштер, бақылаулар тіркеліп, сыналушының жылыну кезіндегі көрсеткіштерімен салыстырылады. Негізгі мәнін белгілеу үшін белгілі бір уақыт бойы бақылауды жүргізген жөн. Мұндай тәжірбие сабағында тек бір немесе екі параметерлерді тіркеумен шектелген дұрыс.

Информация о работе Адам экологиясы