Адам экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 22:06, практическая работа

Описание

Экология гректің «ойкос» - үй, «логос» - ғылым деген сµзінен шыққан. Тура аудармасында бұл ұғым «табиғи үйді», онда тұрып жатқан организмдермен бұл «үйді» тіршілікке жарамды ететін үрдістерді зерттеп, танып білуді білдіреді. Экологияның ғылым ретінде пайда болуы 1866 жылдың 14 сентябірінде неміс биологы Э.Геккелдің «Организмдердің жалпы морфологиясы» деген еңбегімен байланысты. Ол µз еңбегінде «Экология ретінде біз организмдердің сыртқы ортамен қатынасын қарастыратын жалпы ғылымды түсінеміз» - деп кµрсеткен.

Работа состоит из  1 файл

270.doc

— 586.00 Кб (Скачать документ)

       Қазiргi көзқарастар бойынша конституцияның қалыптасуына сыртқы орта және тұқым қуалаушылық бiрдей деңгейде қатысады. Белгілі бір әсерге жауап беру түрі – бұл салыстырмалы жаңа конституциялық белгі. Адамның сыртқы ортаның экстремальдық жағдайына реакциясы тек әсер ететiн тiтiркендiргiш күшiне ғана емес, сонымен қатар бейiмделу стратегиясы типiне де байланысты. В.П. Казначеев (1873; 1980) индивидтi жауап берудiң үш түрiн ажыратты:

       1. «Спринтер» - қысқа мерзiмдi күштi әсерлерге организмнің шыдамдылығы жоғары, ал ұзақ әсер ететiн әлсiз тiтiркендiргiштерге организмнің шыдамдылығы әлсіз;

       2. «Стайер» - организмдегі үрдістердің тұрақтылығын ұзақ бірақ, біршама әлсіз әсер ететiн тiтiркендiргiштердің әсері жағдайында ұстап тура алады, күштi қысқа мерзiмдi тiтiркендiргiштерге организмнің шыдамдылығы әлсіз;

    3. «Микст» - аралық тип.

       Адамның конституциясының типтерi әртүрлi климато-географиялық, әлеуметтiк орта жағдайындағы адам эволюциясының көрiнiсi. Әртүрлi тарихи кезеңдерде және әртүрлi географиялық аймақтарда тұру адамның әртүрлi конституциясының типтерiн туындатты. Мысалы, тропикалық аймақтағы халықа дененiң ұзын болып келуi, тердiң бөлiну аумағының ұлғаюы, тер бездерінің санының жоғарылауы, артериялық қан қысымының жоғарылауы, метоболизм деңгейiнiң төмендеуi тән.

       Сiбiрдiң  жергiлiктi тұрғындарының жылу өндiруінің жоғарылығына байланысты май қабатының қалыңдауы тән. Олардың арасында брахиоморфты пропорциалы пикникалық дене бiтiм жиi кездеседi.

       Жаңа  тiршiлiк жағдайы мен климаттық  географиялық жағдай әсерiн мына мысалдан көруге болады: Америкада туып өскен  еврейдiң бойы, салмағы, бас аумағы мен бастың бет бµлімінің мөлшерiнің көрсеткіштері израйлдық еврейлерге қарағанда ұлғайған, яғни жоғары болып келеді.

       Адамзат баласы табиғи климаттық жағдайы әр түрлі болып келетін Жер шарының әр бµлігінде тіршілік ете бастады. Міне, осының нәтижесінде нәсілдер пайда болды. Дамудың әрқилы сатысынан, қоршаған ортаның әсерінен, климаттық факторларға байланысты әр нәсілде µзіне тән сипатты белгілер қалыптасты. Әрбiр нәсiл шығу тегiнiң бiр екендiгiмен және белгiлi бiр аймаққа таралуымен байланысқан, тұқым қуалаумен негiзделген белгiлердің жиынтығымен сипатталады. Нәсілдер арасындағы айырмашылық морфологиялық ерекшеліктерге: терінің, шаштың, кµздің түсі, мұрынның, еріннің пішіні және т.б. негізделген. Әр түрлі нәсілдер µкілдері арасында ешқандай ақыл-ой қабілеті, ойлау, сµйлеген сµзде айтарлықтай µзгеріс болмайды, биологиялық тұрғыдан алғанда нәсілдердің барлығы бірдей.

       Қазiргi адамдарды үш немесе бес нәсiлге бөледi:

       1. Негроидты үлкен нәсiл: негр, бушмендер, готтентоттар;

       2. Европоидты (евразиялық) үлкен нәсiл: атланто-балтикалық, индо-жерортатеңiздiк, орта европоидты;

       3. Монголоидты үлкен нәсiл: солтүстiк азиатты, арктикалық, оңтүстiк азиатты;

       4. Американдық үлкен нәсiл;

       5. Австралоидты үлкен нәсiл: веддоидтар, австралийцтер, айналар.

       Нәсілдер кеш палеолит дәуірінде, шамамен 30-40 мың жыл бұрын қалыптаса бастаған деп болжанады. Кµптеген нәсілдік белгілер бейімделуде маңызды болып, белгілі бір географиялық ортада табиғи сұрыпталу арқасында бекітіліп отырылған болса керек. Мысалға, экваторлық нәсілдердің күңгірт тері жабынының түсі ультракүлгін сәулелерден қорғаныш ретінде біртіндеп пайда болған. Кµптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша европоидты нәсіл негроидты нәсілден кейін пайда болған. Негроидты нәсілдің сібірге қарай қоныс тебуінен біртіндеп табиғи сұрыпталудың әсерінен күңгірт тері жабынының түсі ашық түске алмасқан. Яғни, нәсілдік белгілер қоршаған тіршілік ортаның нақты бір экологиялық жағдайында ұзақ эволюциялық жолмен қалыптасқан. 
 

       3 АДАМНЫҢ БИОСФЕРАДАН АЖЫРАМАСТЫҒЫ 

       Биосфера (грекше «биос» - µмір, «сфера» - шар) деп тірі организм мекендеген Жер қабатының бµлігін айтады. Биосфера адам мен басқа да тірі ағзалардың бірден бір мекен ету ортасы болып табылады. Оның байлықтары (жер, су, ауа, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) ежелден бері қарай адамзат баласының барлық мұқтаждықтарын өтеп келеді.

       Биосфера  адамзат және ондағы қоғаммен тығыз  байланыста (биосфера – адам - қоғам). Биосфераны адамзат жасаған жоқ, ол адамзат баласының пайда боуынан әлде қайда бұрын жаралған.

       Биосфера туралы ілімді Жер химиясын тіршілік химиясымен байланыстырып, жер бетін µзгертудегі тірі заттардың ролін белгілейтін жаңа ғылымның – биогеохимияның негізін қалаушы академик В.И.Вернадский (1863-1945) жасады. Ілімнің негізі оның «Биосфера» кітабында (1926) баяндалған. В.И.Вернадский тірі заттың планетаның бет-әлпетін µзгертуге және оның дамуына қолайлы экожүйелерді қалыптастыруға қабілетті аса қуатты геологиялық фактор екенін дәлелдеді. В.И.Вернадский бойынша тірі заттар күн энергиясын қабылдай алады және ыдырауы кезінде химиялық және физикалық жұмысқа жұмсалатын энергия бµліп шығаратын химиялық қосылыстарды жасайды. Биосфераның белгілі шекарасы бар. Жоғарғы шекарасы жер бетінен 15-20 км биіктікте орналасқан. Ол стратосфера қабатымен µтеді. Тірі организмдердің негізгі салмағы оның тµменгі қабаты  - тропосферада орналасқан.

       Тіршіліктің тµменгі шекарасы литосферада 2-3 км тереңдікте µтеді. Тіршілік негізінен литосфераның жоғарғы қабатында шоғырланған. Планетаның су қабаты – гидросфера Жер бетінің 71% құрайды.

       Ноосфера  – Жердің «игерілген қабаты». В.И.Вернадский адамзат баласы Жер қыртысын µзгертіп жаңа қабат қалыптастыруда деп пайымдаған.

       Адам  биосфераның биотикалық құрауыштарына кіреді. Мұнда ол продуценттермен қоректік тізбек арқылы байланысады. Өзі бірінші және екінші реттің консумент, гетеротроф болып табылады. Яғни, дайын органикалық заттармен биогенді элементтерді пайдаланады. Адам тірі заттардың физикалық химиялық біржұптастық заңына бағынады және биосфераның зат айналымына қатысады. Тірі организмдердің барлық сан алуандығына қарамастан оларда химиялық, физикалық ұқсастығы сонша біреулері үшін зиянды нәрсе басқалары үшін де әсерсіз бола алмайды.

       Адам  үшін орта жағдайларының организмнің  генетикалық алдын ала сәйкес келу заңы орындалады: организм түрлері  оны қоршаған табиғи ортада осы түрдің бейімделуінің генетикалық мүмкіндіктеріне ортаның ауытқулары сәйкес келгенде ғана тіршілік ете алады. Тіршілік ортасын күрт өзгерту түрдің генетикалық мүмкіндіктердің тіршіліктің жаңа жағдайларына бейімделуі үшін жеткіліксіз болып шығуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұның µзі түрдің жойылып кетуіне әкеледі. Осыған байланысты адамның табиғатты өзгертуі қазір тіршілік етіп отырған түрлер үшін оның ішінде ерекше биологиялық түр болып табылатын адамның өзі үшін де аса қауіпті.

       Адамның биосферадан ажырамастығы ноосфераны құрудың басты мақсатын көрсетеді. Ол биосфераның адам биотикалық түр ретінде пайда болып, өз денсаулығы мен өмірін сақтай отырып тіршілік ететін типін сақтап қалуда жатыр. Тек адамдардың саналы әрекеттілігі ғана ғаламдық дамудың басты айқындаушы факторына айналады.

       Биосфера  – бұл мыңдаған кез келген ауытқуларда  тіршілік ортасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін жалғыз жүйе. Қоршаған ортаның  тұрақтылығын табиғи бірлестіктер сияқты қамтамасыз ете алатын жасанды бірлестіктер құруға үміттенуге ешбір негіз жоқ. Сондықтан, биосфераның өзгеруіне әкелетін үрдістертерді шектеу және техносфераны биосферадан толықтай дерлік оқшаулау арқылы оны барынша сақтау қажет. 
 

       4  ҚОРШАҒАН ТАБИҒИ ОРТА ЖӘНЕ АДАМ 

       4.1  СЫРТҚЫ ОРТАНЫҢ КЕРІ ӘСЕРЛЕРІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІ ФАКТОРЛАР ӘСЕРІНЕН ТУЫНДАҒАН ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР 

         Адамзат қоғамының пайда болуының алғашқы кезеңінде адамдар табиғаттың дайын µнімдерін пайдаланып, аңшылықпен айналысты. Адамдар табиғатқа тәуелді болды, бұл тәуелділікті жоғары деңгейде сезінді. Адамдарды табиғат биледі.       

         Қазіргі таңда  экологиялық  дағдарыс  басталды. Бұл дағдарыс адамдардың қатысуымен туындады.  Әрине   мұндай  жағдай  бір  жылда,  болмаса   он  жылда  пайда  болған  жоқ.   Адамдар әрқашанда қоршаған   ортаға  өздерінің әсерін  тигізетін.    Бірақ, қазіргі  кезеңде  адамдар мен  табиғат  арақатынастары  µте  шиеленісіп  барады.  Жер  жүзіндегі  халықтар  санының  тез  өсуі мен  мемлекеттердің  жаппай  өнеркәсіпті  дамыту  жолына  түсуі   бұған  себеп  болып  отыр. Соның  салдарынан  табиғат  қорларын  пайдалану  бірнеше  есе  өсіп,  адамдардың  қоршаған  ортаға  тигізетін  зияны  жоғарлауда. Өнеркәсібі  дамыған бірқатар  елдерде қоршаған  ортаның нашарлағаны сонша, адамдардың  денсаулығына  кесірін тигізе  бастады.

       Міне,   сондықтан  да  табиғат  қорларына  ұтымды пайдалану, бұзылған табиғи ортаны қалпына  келтіріп  отыру, ауаға,  суға,  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесіне  қамқорлықты  күшейту  барлық  азаматтардың  борышы  және  абройлы  міндеті  болып  саналады.

       Ғылыми-техникалық  дамудың   нәтижесінде  адамдар   табиғатпен  ара  қатынас  жасау  үшін  жаңа  білім,  жаңа  әдіс,  жаңа  құралмен  қаруланып  қойған  жоқ,  қоршаған  ортаны  сақтаудың,  қалпына  келтірудің,  байлықтарын  ұтымды  пайдаланудың  жаңа  әдістерін,  жаңа  жолдарын да  үйренді.

       Қазіргі таңда ғылыми-техникалық  жетістіктер  қоршаған  ортаны  сақтауға, оның  бүлінбеуін,  ластанбауын  қамтамасыз  етуге   толық  мүмкіншілік  береді.

       Үнемі  табиғаттың  жағдайын   нашарлатып,  байлықтарын  шашып-төгіп  пайдалануға  болмайды.  Табиғатты  қорғау,  қалпына  келтіру  мәселелерін  ақылмен,  білгірлікпен   және  ұтымды   жолмен  жүргізудің    өзіміз  үшін де,  келесі  ұрпақтар  үшін  де   маңызы  зор. Биосфераның тепе-теңдігін бұзған әрбір антропогенді құбылыс, басқа келеңсіз құбылыстардың пайда боуына мүмкіндік туғызады.  Қоршаған ортаның ластану мөлшері биосфераның төзімділік шегінен  асып кетіп отыр. Сондықтан, табиғат өз заңдарына бағынбаған адамзатты өз қыспағына алуда.

       Қазіргі таңда адамдардың организміне келешекте  кері әсерін тигізетін негізгі мәселелердің бірі атмосфера ауасында жоғары концентрациялы улы қоспалардың түзілуі (СМОГ, қышқылдық жауындар) және жылулану эффектісі мен озон қабатының бұзылуы.

       СМОГ- үлкен өнеркәсіп орталықтары бар қалаларда ауаның жоғары деңгейде ластануы.

       СМОГ – тың екі түрін ажыратады:

       1. Атмосферада µнеркәсіптердің газдық қалдықтары мен түтінінен тұратын қою тұманның түзілуі.

       2. Фотохимиялық СМОГ. Өнеркәсіптердің газдық қалдықтары күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен фотохимиялық реакцияларға түсіп, тұмансыз газ қоспаларының өнеркәсіп орталықтары бар қалаларда тұтылып тұруы. Фотохимиялық СМОГ өте улы болып келеді. Оның құрамында ПАН (пероксиацилнитрат), Н2О2 альдегидтер және басқа химиялық элементтер 25-40% құрайды да, О3 60-75% құрайды. Фотохимиялық СМОГ ең алғаш рет Лос-Анджелесте 1940 жылы байқалған, қазіргі таңда өнеркәсіпті қалаларда әлсін-әлсін байқалып тұрады.

       Қышқылдық жауындар 100 жылдан астам бұрын белгілі болған. «Қышқылдық жауын» деген сөзді ең алғаш рет 1872 жылы британ оқымыстысы Роберт Ангус Смидт қолданған. Қышқылдық жауындар атмосферадағы күкірт (Н24) пен азоттың (НNО3) химиялық және физикалық өзгерістерінен туындайды. Яғни атмосферадағы бұл заттардың өзгерісі, химиялық реакциялары күкірт қышқылы мен азот қышқылын береді. Бу күйіндегі бұл заттар  бұлттарға сіңеді, ауа құрамында болады. Содан кейін жауынмен немесе құрғақ түрінде жерге түседі. Жалпы қышқылдық жауындар  табиғатта жанартаулардың атылуына байланысты өздігінен түзіле алады. Жер атмосферасына әр жыл сайын күкірттің қосындылары 92-112 млн. тн, азот  қосындылары 51- 61 млн. тонна түседі.  Күкірт қосындыларының 59-69 % , азот қосындыларының 37% антропогенді факторлардың нәтижесі болып табылады. Қышқылдық жауындар биосфераға тікелей немесе жанама әсер етеді. Тікелей қышқылдық жауындардың әсерінен  өсімдіктер мен ағаштар құрайды. Эпицентрден 100 км радиустағы аймақтардың топырағы ластанады.  Қышқылдық заттар әсіресе, тыныс алу жолдарына өте зиян келтіреді. Егер атмосфераның тыныс алу аймағында SО2 концентрация деңгейі 1мг/м куб. жететін болса, тыныс алу жүйесінің аурулары күрт жоғарылап, тыныс алу жүйесі ауратын егде тартқан адамдардың арасында өлім көбейеді. Жанама әсері - топырақ пен судың РН көрсеткішінің өзгерісі. Қышқылдық элементтер су мен топыраққа түсіп, олардың РН көрсеткішінің төмендеуіне әкеледі. Ал бұл аллюминий және  марганец, кадмий, мыс сияқты ауыр металлдардың  ерігіштігін жоғарылатады. Олар өсімдік және жануарлар организмінде жинақталып, тамақ арқылы адам организміне түсіп көптеген аурулар тудырады. Тұщы сулардың қышқылдығы артқан жағдайларда ең бірінші РН өзгерісіне сезімтал тірі организмдер өле бастайды. Олар РН 6,5 болған кезде өле бастаса, РН 4,5 тең болған кезде кейбір насекомдар мен өсімдіктер ғана тірі қалады.

Информация о работе Адам экологиясы