Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 22:06, практическая работа
Экология гректің «ойкос» - үй, «логос» - ғылым деген сµзінен шыққан. Тура аудармасында бұл ұғым «табиғи үйді», онда тұрып жатқан организмдермен бұл «үйді» тіршілікке жарамды ететін үрдістерді зерттеп, танып білуді білдіреді. Экологияның ғылым ретінде пайда болуы 1866 жылдың 14 сентябірінде неміс биологы Э.Геккелдің «Организмдердің жалпы морфологиясы» деген еңбегімен байланысты. Ол µз еңбегінде «Экология ретінде біз организмдердің сыртқы ортамен қатынасын қарастыратын жалпы ғылымды түсінеміз» - деп кµрсеткен.
Сурет 1- Экологиялық ықпал мен адам экологиясының құрылымы
2
АНТРОПОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ЭКОЛОГИЯ
2.1
АДАМ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТҮР РЕТІНДЕ
Адам ғылыми-техникалық прогресстің дамуына байланысты µзінің кәсіптік кеңістігін кеңейті. Жер бетінде адам аяғы баспаған жер қалған жоқ. Адамзат баласы тек тіршілікке қолайлы, жақсы игерілген аймақтарды ғана емес, сонымен қатар эктремальды аймақтарды да: Қиыр Сібір, Арктика, Антрактида т.б. жерлерде де µмір сүруде. Адам ғарышқа да ұшты. Қазіргі адамзат панэйкуменді түрді береді, яғни адам Жер планетасының барлық экологиялық тұрғыдан баруға болатын жерлеріне орналасып, таралуда. Экологиялық тұрғыдан адамзатты биологиялық түрдің жалпы әлемдік популяциясы ретінде, жер экожүйесінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады.
Дене құрылысы мен түрі бойынша адамдар омыртқалылар типіне, сүтқоректілер класына, маймылдар отрядына, гоминидтер тұқымдастығына жататыны белгілі. (Гоминид – қазіргі заманның және мұнан 3,5 миллион жыл бұрын болған адамдардың жалпы атауы.) Басқа тірі организмдер сияқты адамдарға да оттек, су, қоректік заттар керек, олар маусымдық және тәуліктік табиғат құбылыстарына көндігіп, үйренеді. Температура мен күн сәулесі жарығының өзгеруіне байланысты, қорғану әрекеттерін жасайды. Аталған нышандар мен қасиеттер адамдардың биологиялық организмдер қатарына жататынын олардың табиғатқа бағынышты екенін көрсетеді. Бірақ, бұдан адамдардың жануарлар мен өсімдіктерден айырмашылығы жоқ деген қорытынды тумайды. Керісінше адамда басқа тірі организмдерде жоқ ақыл мен сана бар, олар үнемі пайдалы іс-әрекетпен айналысуға, өзара келісіп, бірлесіп өмір сүруге, µз іс-әрекетіне жауапкер болуға, организмдерде болмайтын ерекше әлеуметтік орта - қоғам құруға тырысады.
Олар құрған қоғамдық арақатынас басқа жануарлар арақатынасынан анағұрлым жоғары тұрады. Адамдар µз қауымдастық қоғамында онда өмір сүрудің заңдары мен ережелерін бекітеді және қоғам мүшелерінен оның орындалуын талап етеді. Адамдардың өмір сүруі тек биологиялық факторлармен шектелмей, әлеуметтік мәселелеріне, қоғам заңдары мен ережелеріне де байланысты болады.
Адамның биологиялық табиғаты барлық жанды затқа тән тіршілікті сақтап қалудан және оны көбею арқылы уақыт пен кеңістікте жалғастырудан, қауіпсіздік пен қолайлылықты барынша қамтамасыз етуден көрінеді. Барлық адамдар қоректік тізбекте І және ІІ қатардағы консументтер бола отырып, тағам тұтынады. Олар биогенді элементтердің айналымына қатысатын басқа организмдерге (редуценттермен) қажетті физиологиялық алмасу өнімдерін бөліп шығарады.
Адам – жер бетіндегі қазір белгілі болған үш миллион биологиялық түрлердің бірі. Салыстырмалы эмбриология мен анатомияның мәліметтері адам тәнінің дамуы мен құрылысынан жануарларға ұқсас белгілерді айқын көрсетеді.
Антропология - homo sapiens түрінің биологиялық ерекшеліктері туралы ғылым. Ол адамның шығу тегін, ішкі және сыртқы құрлысын (морфологиясын), дамуын, адамзат нәсілдері мен олардың шығуын, осы нәсілдердің ішіндегі адамның органикалық құрлысының қалыпты вариацияларын, оның ішінде адамдардың мекендеу ортасының ерекшеліктерімен байланыстыра отырып зерттейді. Адам мен жануарлардың дене құрылысында көптеген ортақ белгілер бар:
1. Адамда (жануардағыдай) эмбриондық дамудың ерте кезеңдерінде ішкі қаңқасы желі түрінде, жұтқыншақ қуыстарында желбезек саңылаулары бар. Жүйке түтігі арқа жағында, денесі екі жақты симметриялы болады.
2. Даму деңгейіне қарай желінің омыртқа бағанасына өзгеруі, бас сүйек пен жақ сүйек аппаратының қалыптасуы, қаңқада еркін жұп аяқ қолдың пайда болуы, ішінде жүректің дамуы адамды омыртқалыларға жатқызуға мүмкіндік береді.
3. Сүтқоректілердегі сияқты, адамның омыртқасы бес бөлікке бөлінген, терісі түкті және онда тер және май бездері бар, көк еттің, төрт камералы жүректің, қанның жылы болуы тән.
4. Жатырдың болуы және ұрықтың ұрпақ жолдас арқылы қоректенуі адамда плацентарлыларға жатқызуға мүмкіндік береді.
5. Қолдарының ұстауға икемділігі (бірінші саусақ басқаларына қарама-қарсы орналасқан), тырнақтардың болуы, бір жұп сүт бездері, көздерінің бір деңгейде орналасуы (үлкейтіп көруге мүмкіндік береді), сүт тістердің түсуі және тағы басқа адамды приматтар отрядына жатқызуға мүмкіндік береді;
6. Адамның жануарларға ұқсастығы туралы, оларда арғы тектің белгілері (атавизм) мен қалдықтардың (рудименттің) болуы, арғы тектік белгілер – берілген түрдің жекелеген ағзаларында бұрынғы тегінде болған, бірақ эволюция үрдісінде жойылып кеткен белгілердің пайда болуы, кейде адамда ұшырасатын арғы тектік белгілер (сыртқы құйрық, бетінде қалың түктің болуы, аса жетуілген ит тістер, көп емізіктік т.б.) де кµрсетеді.
Сөйте тұра, адам мен адам тәрізді маймылдардың арасында түбегейлі айырмашылықтар бар:
1. Тіп-тік жүру және омыртқа жотасындағы тµрт иілім тек адамға тән қасиет;
2. Тік күйінің арқасында адамның қаңқасы кең жамбасты, кеуде қуысы жазық, омыртқасы күрт иілімді, аяғының басы тоғыспалы келеді, аяғының үлкен бақайы басқаларына жақын орналасып, тірек қызметін атқарады;
3. Қол білезігінің иілгіштігі – еңбек ету мүшесі – сан алуан, әрі дәлме-дәл қимылдар жасауға қабілетті;
4. Бас сүйектің ми сауыт бөлігі бет бөлігінен басым;
5. Адамның бас миының құрлысы өте күрделі; үлкен ми сыңарының көлемі орташа есеппен 1250 см2 құрайды, бұл адам тәрізді маймылдардікінен едәуір артық;
6. Адамның миының психика мен сөйлеудің маңызды орталықтары орналасқан және жоғары дамығын;
7. Адамның ойлау қабілеті, сана-сезімі бар, ол өнер мен ғылымды жасай алады.
Адам
эволюциясының негізгі
Кесте 1 - Адам эволюциясының негізгі кезеңдері
Адамның арғы тегі | Қайда және қашан µмір сүрді | Сыртқы пішініндегі прогрессивті белгісі | Тіршілігіндегі прогрессивті белгісі | Еңбек құралы |
Австралопи
тектің бастапқы пішіні |
Оңтүстік Шығыс Афпика, Оңтүстік Азия, 5-3 млн. Жыл бұрын | Бойы 120-140 см, ми сауытының кµлемі 500-600 куб.см. | Екі аяғымен жүрген, жартас арасында тұрған, етпен қоректенген | Тас, ағаш. жануарлар сүйегі |
Ертедегі адам-питекантроп маймыл адам | Африка, Жерорта теңізі жағалауы, Ява аралы, 1 млн. жыл бұрын | Бойы 150 см, ми сауытының кµлемі 900-1000 куб.см., маңдайы аласа,жақ сүйегі иексіз | Алғашқы табынды µмір сүрген, отты пайдаланған | Қарапайым тас
құралан жасаған, ағашты пайдалан
ған |
Ертедегі
адам-синантроп
(қытайлық адам) |
Қытай, 400 мың жыл бұрын | Бойы 150-160 см, ми сауытының кµлемі 850-1220 куб.см., маңдайы аласа, жақ сүйегі иексіз | Табынды µмір сүрген, баспана жасаған, отты пайдаланған, теріден киінген | Тастан және сүйектен құрал жасады |
Ертедегі адам- неандерталь | Европа, Африка, Орта Азия, 150 мыңдай жыл бұрын | Бойы 155-165 см, ми сауытының кµлемі 1400 куб.см., маңдайы аласа, иек сүйегі нашар дамыған | ‡ңгірде топтанып 100 адамнана тұрды, теріден киінді, асты отқа даярлады, ымдасып сµйлесті, еңбек бµлінісі пайда болды | Тастан және
ағаштан еңбек құралда
рын жасады |
Кесте 1 жалғасы
Алғашқы қазіргі адамдар - кроманьондар | Барлық жерде 30-40 жыл бұрын | Бойы 180 см-ге дейін, ми сауытының кµлемі 1600 куб.см., маңдайы биік, тµменгі жақ сүйегінде иегі анық ажыратылады | Туыстық қоғамда µмір сүрген, тұрғын жай салды, оны суретпен безендірді, теріден киім тікті, сµз сµлеу қатынасын қолданды,жануарларды үйретті, µсімдіктерді µсірді. Биологиялық эволюциядан әлеуметікке кµшті | Тастан және
ағаштан әртүрлі еңбек құралда
рын жасады |
Қазіргі таңда адамның шығу тегі туралы мәселе әлі де толығымен дәлелденбеген талас тұдырушы сұрақ болып отыр.
Көптеген зерттеушілер Европалық краманьондықтардың неандертальдықтардан шыққанына күмәнданады, себебі зерттеуге болатын табылған қазбаларға қарағанда эволюциялық секіріс тым жылдам жүрген. Қазіргі кезде біздің түршелеріміздің шамамен 100 мың жыл бұрын Африкадағы Homo sapiens-тің көне түрінен шыққандығы туралы болжам ықтимал болып табылады. Африкада пайда болған қазіргі типтік адамы Азияға таралып, 30 мың жыл бұрын Антрактидадан басқа барлық континенттерге аяқ басты деп болжанады. 1996 жылы ағылшын ғалымдары Джеймс Бинскот пен Адреан Хиал ДНҚ нуклеотидтерінің жүйелілігін зерттей отырып, дүние жүзінің барлық халықтары өзара туысқандық байланысы бар Африкандықтардың шағын бір тобынан тараған деген тұжырым жасаған.
Біздің
түршеміздің бүкіл әлемге таралуына қарай
адамдардың түрлі топтары түрлі климаттық
аймақтарға тап болды. Табиғи сұрыптау
барысында адамдар түрлі табиғи жағдайларға
физикалық тұрғыдан бейімделді.
2.2
КОНСТИТУЦИЯ (ДЕНЕ БІТІМ), АДАМ НӘСІЛДЕРІ
ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ОРТА
Адамдар Жер шарының түкпір-түкпірлеріне дейін қоныс теуіп, қоршаған тіршілік ортаның әртүрлі ықпалына ұшырады. Қоршаған орта тұқым қуалау үрдісімен бірге организмнің құрлымдарының барлық деңгейінде әсер етеді, әсіресе организмнің конституциясына.
Қазіргі кезеңде конституцияның жіктелуі (классификациясы) туралы қолданыстағы жалпыға бірдей теория жоқ. Конституция (лат. constitutio – орнату, ұйымдастыру) – тұқымқуалаумен негізделген, сонымен қатар қоршаған ортаның әсеріне жауап реакцияларының қалыптасуымен жүретін жеке тұлғаның салыстырмалы тұрақты морфологиялық, физиологиялық және психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Конституция туралы ілім ерте кезеңде туындады. Әрбір дәуір конституцияның анықтамасы мен топтарына µзінің кµзқарасын қалыптастырды. Бірінші рет конституция ұғымымен біз Гиппократ еңбектерінде кездесеміз. Ол белгілі бір конституция типі адамға туғаннан тән және ол µмір бойында µзгермейді деп есептеген. Сонымен қатар, ол жақсы-жаман, күшті-әлсіз, құрғақ-ылғалды, енжар-серпінді деген конституция түрлерін ажыратқан. Темперамент бойынша адам конституциясының тµрт түрі: сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик, Гиппократтың пікірі бойынша организмде қанның, сілемейдің, µттің және гипотетикалық «қара µттің» қайсысының басымдық кµрсетуіне байланысты кµрініс береді және адамның мінез-құлығын айқындайды.
Анатом-морфологиялық даму кезеңдегі медицинаға адам денесінің пропорциясы мен ішкі ағзаларының мµлшерін µлшеу негізінде қалыптасқан конституция классификациясы тән: жіңішке, орташа, кең типті; долихоморфты (дене тұрқының ұзындық мµлшері басым), брахиморфты (дене тұрқының кµлденең мµлшері басым) т.б.
Кейбір авторлар, (A.Chaillon, Mac-Auliffe, 1910; C.Sigand 1914) әр түрлі конституциялық типтердің болуы - бұл адам организіміне сыртқы орта факторларының әсерлерінің нәтижесі, деп есептейді. Бұл әсерлер тµрт канал арқылы: атмосфера ауасы – тыныс алу ағзаларына, суда еріген тамақ – асқазан-ішек, ауыз қуысына, топырақ құрылымдары – бұлшық ет аппаратына, ал жарық пен дыбыс сезім мүшелері арқылы миға және шеткі нерв жүйесіне әсер етеді.
Э.Кречмер 1924 жылы үш конституция типін ажыратып ұсынды: астеникалық, пикникалық, атлетикалық. Оның пікірі бойынша конституция индивид генотипінің фенотиптік кµрініс беруі.
Богомолец А.А. (1926) дәнекер ұлпасының физиологиялық жүйесін негізге алып, тµрт конституция типтерін ажыратты: 1. астеникалық (нәзік дәнекер ұлпасының басымдылығымен сипатталады); 2. фиброзды (тығыз талшықты дәнекер ұлпасының басымдылығымен сипатталады); 3. пастозды (борпылдақ дәнекер ұлпасының басымдылығымен сипатталады); 4. липоматозды (май ұлпасының жақсы дамуымен сипатталады). Конституция туралы білімнің қалыптасуына И.П.Павлов та үлкен үлес қосты. Ол µз шәкірттерімен бірге нерв жүйесінің типтерін ажыратты.
Біздің елімізде кеңінен М.В.Черноруцкидің (1927) конституция типтері кеңінен қолданылады. Ол үш түрлі конституция типтерін ажыратады: астеникалық, нормостеникалық, гиперстеникалық. Олардың бiреуiне жатқызу Пинье индексiн (ИП) анықтау арқылы жүргiзiледi.
ИП = бой ұзындығы - (дене салмағы + тыныштық кезiндегі көкiрек жасушасының аумағы);
ИП>30 астеникалық конституция (кµлденеңінен дене ұзындығы басым, май ұлпасы нашар, бұлшық еттері әлсіз жетілген, сүйектері жіңішке келеді, аяқ-қолдары ұзын);
ИП<10 гиперстеникалық конституция (жақсы жиналған май ұлпасы, жетілген бұлшық ет, мығым денелі, аяқ-қолдары қысқа, кµкірек жасушасы кең);
ИП=10 мен 30 аралық нормастеникалық конституция (дененің кµлденеңі мен ұзындығының арақатынасы қалыпты, майдың жиналуы орташа, бұлшық ет жақсы жетілген, кµкірек жасушасы цилиндр немесе конус пішінді).
Конституция мәселесiне биоритмологиялық тұрғыдан қарастыру адамның белсендiлiгiнiң циркатты (тәулiк) циклде әртүрлi көрiнiс беруiне байланысты «жапалақ», «бозторғай», «кептер» түрлерiн ажыратуға мүмкіндік береді. «Жапалақ»- таң сәрiде жұмысқа қабілеттілігі төмен, түс ауа жұмысқа қабiлеттiлiгi жоғарлайды. «Бозторғай»- ерте тұрып, күндіз жақсы жұмыс iстейдi. «Кептер» - екi белгiнi де бойына жинақтаған.