Арал өңірінің экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 12:36, научная работа

Описание

Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер:
- Арал теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі құрғаған орнында пайда болған жаңа құрлықты кешенді зерттеп, табиғи қорларының шаруашылық потенциалын анықтау;
- Жаңа құрлықта егіншілікке жарайтын жер көлемін анықтап, теңіз жағалауында суармалы егіншілікті дамытудың ғылыми негізін жасау;
- Арал өңірінде экологиялық жобалар жүзеге асырылуына байланысты Сырдарияның төменгі ағысында дәстүрлі шаруашылық салаларын жаңа экологиялық жағдайға бейімдеп дамытуды ғылыми негіздеу;
- Өңірде табиғи-шаруашылық нысандарды ластайтын заттардың жиналуы мен таралуын зерттеп, зиянды зардаптарын азайтудың жолдарын реттеу.

Работа состоит из  1 файл

avt_nurgizarinov.doc

— 840.50 Кб (Скачать документ)

5.2 Сырдария өзені суының сапасы және суды пайдалану. Сырдария өзенінің суында хлоридтар, гидрокарбонаттар мен жер сілтілі металдардың тұздары бар. Көктемгі және жаздың алғашқы айларында өзен суының тасу кезінде оның химиялық құрамы сульфат-гидрокарбонатты, ал жаз ортасында – хлорид-гидрокарбонат-сульфатты болады. 50-шы жылдары оның суының бір литріндегі минералдығы (құрғақ қалдықпен) 0,6 грам болса, қазір бұл көрсеткіш 1,4-2,5, кей жылдары өзен-аяғында (Қазалы) 3,0 г/л-ге дейін көбейді, яғни, ПДК-дан (1,0 г/л) әлде қайда жоғары. 1997 жылғы мәлімет бойынша, Қазақстанның аумағында экологиялық жағдайы қиындап тұрған өзендердің қатарында Сырдария бар. Республикадағы жалпы су көздерінің ластануы 10,2 пайыз, ал Қызылорда облысында 18,6 пайыз. 1995 жылы Сырдария суының ластану индексі (СЛИ) 1,6 болса,  1996 жылы ол 2,1-ге дейін көтерілді. Сырдарияның суында әсіресе хлор көп. 70-шы жылдарда өзен суында хлордың мөлшері 100,0 мг/л болса, 80-шы жылдардың ортасында Жаңақорған тұсында 167,0 мг/л, ал Қазалыда 215,0 мг/л жетті. Дария қайту жылдары судың тұтқырлығы 22,0 мг/экв-ке дейін көтерілді. Сырдария өзені суының сапасын төмендетіп отырған жағдай оған түсіп тұрған 5,0-5,5 млрд.м3 коллектор-кәріз сулары. 1986 жылы Сырдарияның аяғына келген 8,8 км3 судың құрамындағы лас су 5,36 км3 болды, яғни, дария суының ластығы 60,9 пайыз. Есептеулер бойынша, 1965 жылы Сырдария өзені суының минералдығы 0,30 г/л болғанда, оның атыраулық аумағына 22,7 мың тонна тұз түсті, ал 1995 жылы өзен суының минералдығы 1,42 г/л-ге көтерілгенде, топыраққа түскен тұз 587,6 мың тонна болды. Сырдария суының мұндай деңгейде минералдануы суармалы жердің мелиоративтік күйін аздырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды қиындатып отыр. Сол себепті, өзен суының ластану деңгейін төмендетуге бағытталған мемлекетаралық бағдарлама керек.

5.3 Суармалы жердің экологиялық-мелиоративтік күйі. Сырдарияның атыраулық топырақтарында тұздың қоры аз емес және олар қайта сорлану процесіне берілуге бейім. Бұл осы өңірдің топырақтарына тән қасиет. Тұздың жоғары концентрациясы топырақтың мелиоративтік күйін және тиімді құнарлық деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіш. Тұздың құрамындағы иондардан тұқымның көктеуі мен жас өскіндеріне улық әсері күшті болатыны жалпы сілтілік (НСО¯3) және кейде ортада соданың (СО3) пайда болуы. Суармалы топырақта сілтінің пайда болу себептеріне арналған зерттеулерде бұл мәселе жан-жақты талданғанын көреміз. Су басқан тұзды топырақта сілті ионының көбеюіне көптеген авторлардың көзқарасы әр түрлі болғанымен негізгі тұжырым сілтіліктің табиғаты ортадағы тұздың қоры мен оның сапалық құрамына байланысты дегенге саяды.

Зерттеулер көрсеткендей су астындағы топырақта бірімен бірі байланысып жатқан өте күрделі процестер жоғары динамикалық сипатта болады. Онда басты рөл атқаратын микроорганизмдердің тіршілігіне байланысты тотығу-тотықсыздану (Т-Т) процестері. Осы процестердің әсерінен ортаның физикалық және химиялық қасиеттері өзгереді. Ортада тотықсыздану процесі күшейгенде тиімді құнарлық үшін пайдасы жоқ. Біздің зерттеуімізде күріш атызын суға бастыру алдында топырақтың 0-10 см қабатындағы Т-Т потенциалын өлшегенде оның мәні 336 МВ (милливольт), ал 75 күннен кейін (тамыздың 10 күні) өлшегенде Т-Т потенциал 152 МВ-қа дейін түсті. Зерттеулерде белгілі болғандай жасаң органикалық затқа бай топырақта Т-Т потенциал тіпті теріс мән көрсеткен. Осы себептен күріш еккен топырақ қысқа мерзімде-ақ өзінің тиімді құнарын жоғалтады. Сонан топырақтың табиғи құнары азайып, қолдан тыңайтқыш беретін жасанды құнарлықтың үлесі көбейеді, топырақта жаңа қасиет қалыптасады, яғни, биологиялық белсенді қабатта органикалық зат күрт азайады. Суармалы жердің мелиоративтік күйінің төмендеуіне жер суаратын судың минералдығы мен қабаттағы судың деңгейі күшті әсерін тигізеді. Зерттеулер көрсеткендей, қабаттағы судың минералдығы ерте көктемде 6,0-7,5 г/л, ал вегетация кезінде сәл аздау, өйткені, топыраққа сіңетін су қабаттағы судың құрамындағы тұзды сұйылтады. Бірақ бұл көрсеткіштердің арасында айырмашылық аз. Қабаттағы судың деңгейі ерте көктемде 2,5 м болса, вегетация кезінде 1,5 метрге дейін көтеріледі. Қабаттағы судың көтерілуі топырақтың мелиоративтік күйін аздыратын жағымсыз процес (4-кесте).

4-кесте - Сырдың төменгі ағысындағы суармалы алқаптарда қабаттағы судың минералдығы мен деңгейінің динамикасы

Облыс бойынша

Зерттелген

жер көлемі, га

Наурыз айы

Маусым айы

Қыркүйек айы

1987 ж.

1988 ж.

1989 ж.

1987 ж.

1988 ж.

1989 ж.

1987 ж.

1988 ж.

1989 ж.

Қабаттағы судың минерал-дығы, г/л

146169

7,46

5,59

6,50

6,38

5,56

5,80

5,42

5,47

5,40

Қабаттағы судың деңгейі, м

146169

2,51

2,58

2,36

1,49

1,56

1,54

1,97

1,94

1,98

Өңірде егістік жердің қайта сорлануына өзеннің ағысы аз болған жылдары жаз ортасында күріш атыздарына минералдығы 6,5-7,5 г/л қашыртқы суларды жіберу үлкен зиянын тигізді. Бұл өңірде күріш егісіне беретін судың гектарлық нормасы жердің мелиоративтік күйіне едәуір ықпалын тигізді. Мұнда күріштің ғылыми негізделген суару нормасы 20-28 мың м3 шамасында. Бірақ кейбір дихандар 40-50 мың м3 су жұмсап жүрді. Бұл жағдай судың шығынын көбейтеді. Сыр өңірінде күріштің гектарлық суару нормасы 18-23 мың м3-ден аспауы тиіс.

5.4 Суармалы жерді экологиялық-мелиоративтік сауықтыру және топырақ құнарын көтеру

Арал өңірі табиғатының азғындауы өз кезегінде суармалы жердің мелиоративтік күйін нашарлатып, оның потенциалдық өнімділігін төмендетті. Бұл жағдай айналымдағы суармалы жерді қорғауды, оның потенциалдық өнімділігін қалпына келтіріп қана қоймай онан ары молайтуға бағытталған шараларды кешенді жүзеге асыруды қажет етуде. Су астында тұрған жер, яғни күріш еккен топырақ өзінің құнарын жоғалтатыны белгілі. Жерді қорғау дегеніміз топырақтың тәуір қасиеттерін қалпына келтіру арқылы оны тиімді пайдалануға саяды. Бірақ бұл әзірге толық мәнді шешімі табылмай жүрген мәселе. Біздің зерттеулеріміз бойынша, ғылым мен тәжірибенің негізінде жиналған кешенді шараларды ұқыпты жүзеге асырғанда суармалы жердің мелиоративтік күйін сауықтырып, топырақтың тиімді құнарын көтеруге болады. Бұл іс-әрекет агротехникалық, химиялық және биологиялық шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Агротехникалық шаралар негізі жаңадан игерілетін немесе уақытша айналымнан шығып қалған жерді сапалы дайындау, егістік алқаптағы нысандарды жөндеу, күріштен басқа дақылдарды арнайы ауыспалы егістерде орналастыру және суару режимін реттеу, егіске зиянды фитоценоздарға қарсы тек агротехникалық және басқа тірі табиғатқа қауіпсіз әдістерді қолданып, егіс далаларында қолайлы фитосанитарлық жағдай жасау және химиялық улы препараттарды (пестицидтер) қолданбау болып табылады. Бұл жыл сайын орындалатын агротехникалық ұйымдастыру шаралары болғандықтан топырақ құнарын толық мәнді қалпына келтіре алмайды, әсіресе күріш еккен жерлерде. Өңірде суармалы дақылдардың қай қайсы да қоректік затқа тілек. Сол себепті топырақта тиімді құнарлық жасау қажет, Ал оның құрамдық бөлігі минерал тыңайтқыштар қолдану. Бұл өңірде суармалы егістің көбейген кезеңде минерал тыңайтқыштар молынан қолданылды. 80-шы жылдардың ортасында бұрынғы Кеңес Одағы тұсында жалпы егістікке берген қоректік зат гектарына 113,2 келіден болғанда Қызылорда облысында айналымдағы барлық суармалы егістік жерге есептегенде бұл көрсеткіш 176,0 келіден айналған еді. Сол тыңайтқыштардың қалдығының есебінен топырақта қоректік заттардың қоры жиналды. Зерттеулер көрсеткендей, 1971 жылы құрамында жылжымалы фосфордың қоры орта және жоғары болатын жер көлемі облыстағы жалпы суармалы жердің 42,7 пайызы болған еді, ал кейінгі жылдары бұл көрсеткіш едәуір көбейді (5-кесте). Сонымен бірге топырақтағы калийдың балансы молайды. Бұл өңірдің топырақтарында азоттың қоры ежелден тапшы болатынды, ол қазір де сондай күйде қалып отыр. Сондықтан дақылдардың барлығы бірдей азот тыңайтқышына тілек. Бірақ минерал тыңайтқыштар агрохимиялық картограммағы сәйкес берілуі керек. Өңірдің егістік жерлеріндегі органикалық заттың тапшылығы топырақтың тиімді құнарын шектеуші фактор болып отыр. Сол себепті, суармалы топырақтың тиімді құнарын жасау минерал тыңайтқыштардың есебінен емес, топырақты органикалық затпен байыту арқылы болуы тиіс. Бұл ғылым мен практикада дәлелденген жай. Топырақта органикалық затты молайтудың ең тиімді, әрі арзан жолы көпжылдық шөптер (жоңышқа, донник) егу.

5-кесте - Сырдарияның атырауындағы егістік жерлердің агрохимиялық сипаттамасы (мг/кг есебімен)

Жыл

Тексерілген жер көлемі, мың га

Жеңіл гидромез-денетін азот

Жылжымалы фосфор

Ауыспалы калий

Төмен

орта-ша

жоға-ры

төмен

орта-ша

жоға-ры

төмен

орта-ша

жоға-ры

1986

122,9

95,4

26,2

1,3

27,9

86,8

8,2

11,0

90,3

21,6

1992

121,2

106,3

13,6

1,4

15,0

76,2

29,9

15,3

73,6

32,3

1995

122,6

105,3

15,0

1,3

24,6

65,2

32,8

16,1

70,2

36,3

        Түсініктеме - төмен, орташа және жоғары деген ұғым сол элементтің топырақтағы мөлшерін (мг/кг есебімен) көрсетеді, ал екінші графадағы сан тексерілген жалпы жер көлемі (мың га есебімен)

Бізідің зерттеулерімізде 2-жылдық жоңышқадан кейін – 124,3 цен., ал 2-жылдық донниктің – 118,7 цен. тамыр массасы қалды. Ондай жерге егін еккенде оның өнімі молайады. Жоңышқа мен донниктің орнындағы шымына және оның аудармасына еккен күріштің өнімі жоғары болды, ал үшінші жылы өнім төмендеді. Оның себебі, алғашқы жылдары топырақтағы органикалық заттың әсерінен тиімді құнары жоғары өнімді қамтамасыз етті. Үшінші жылы топырақта органикалық зат азайған соң егіннің өнімі тек минерал тыңайтқыштың есебінен алынды, бірақ деңгейі алдыңғыдан төмен.

6. Арал өңірінің жаңа экологиялық жағдайында дәстүрлі шаруашылық салаларын өрбітудің жолдарын айқындау

6.1 Сырдарияның төменгі ағысында суармалы егіншілікті дамыту. Сырдарияның төменгі ағысы ежелден суармалы егіншілік дамыған өлке болғаны археологиялық мәліметтерден белгілі болып отыр. Археологиялық деректерге қарағанда, VІІ-V ғасырларда мұнда 2,2-2,5 млн.гектар егістік, оның бір миллиондайы тұрақты суармалы егістік болған. Жаңа дәуірде Сырдария облысының Ресейге қосылуы, сөйтіп, ХІХ-шы ғасырдың 60-шы жылдарында Қазалы және Перовск ояздарының құрылуы өңірде егіншіліктің дамуына қозғаушы ықпалын тигізді. Әйтсе де егіншіліктің дамуы онша мардымды болмады. Тек Қазан төңкерісінен кейін 1929 жылы Сырдарияның төменгі ағысында ірі ұжымшарлық өндіріс құрылды (6-кесте).

6-кесте - Сырдың төменгі ағысындағы суармалы егіс көлемінің динамикасы (мың гектар)

Суармалы егіс

Ж    ы    л

1927

1929

1936

1951

1955

1959

1964

1970

1977

Егіс көлемі

16,7

44,0

64,0

72,4

85,6

81,2

140,8

180,3

178,7

Информация о работе Арал өңірінің экологиясы