Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 12:36, научная работа
Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер:
- Арал теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі құрғаған орнында пайда болған жаңа құрлықты кешенді зерттеп, табиғи қорларының шаруашылық потенциалын анықтау;
- Жаңа құрлықта егіншілікке жарайтын жер көлемін анықтап, теңіз жағалауында суармалы егіншілікті дамытудың ғылыми негізін жасау;
- Арал өңірінде экологиялық жобалар жүзеге асырылуына байланысты Сырдарияның төменгі ағысында дәстүрлі шаруашылық салаларын жаңа экологиялық жағдайға бейімдеп дамытуды ғылыми негіздеу;
- Өңірде табиғи-шаруашылық нысандарды ластайтын заттардың жиналуы мен таралуын зерттеп, зиянды зардаптарын азайтудың жолдарын реттеу.
1964 жылғы жоба бойынша Қызылорда облысы суармалы егіс көлемін 315,0 мың гектарға жеткізуді межелеген болатын. Бірақ 90-шы жылдары мұндағы егіс көлемі 286,0 мың гектарға әрең жетіп тоқтады. Басты себебі, өзен суының тапшылығы болды. Суармалы егістің құрылымын көптүрлі дақылдар құрайды, бірақ олардың ішіндегі басты дақыл күріш. Сонан күріштің егіс көлемі бақылаусыз көбейтілді. Мыңдаған гектар бұталы тоғайлар, шабындық пен жайылым жерлер айдалып күріш егілді. Басқа дақылдар күріштің көлеңкесінде қалып, жоспары бар, өнімі жоқ күй кешті. Көп ұзамай құнарлы жерлер таусылған соң күріш егісін инженерлік жүйеге көшіру қолға алынып, ірі жармалар мен гидротехникалық құрылыстар салынды, сөйтіп, инженерлік жердің көлемі 205 мың гектарға жетті. Әйтсе де егіншілік саласындағы серпіліс 70-шы жылдардың ортасында тоқтап қалды. Кейінгі жылдары нарықтық экономикаға көшу, меншік түрінің өзгеруі, қажетті құрал-жабдықтар мен қаржының жетіспеуі, экологиялық тоқырау сияқты объективті себептерден бұл сала едәуір меңдеп қалды.
1993 жылдан кейін жалпы егіс көлемі кем-кемнен азайып, орташа өнімі де кеми берді. 1997 жылы Қызылорда облысы бойынша жалпы егіс көлемі 137,5 мың гектар болып, ол 90-шы жылғыдан 116,6 мың гектар азайды. Суармалы егіншіліктің мұндай күйге түсуі ең алдымен негізгі өндіріс құралы жердің иесіз қалғандығынан болды. Рас, жер, ондағы ауыспалы егістер, арық-атыздарына дейін тұтынушыларға бөлініп берілді. Бірақ олар суармалы жерді дарақтап пайдалануға психологиялық және материалдық мүмкіндік тұрғысынан дайын болмай шықты. Тек кейінгі 2-3 жылдың шамасында үкіметтің қолдауымен суармалы егіншілік саласында ептеген серпіліс бар. Бірақ саланың потенциалы әлі толық жұмыс істеп тұрған жоқ. Біздің пікірімізше, Арал өңірінде егіншілік саласының тиімділігін көтеру үшін ең алдымен экологиялық фактор ескеріліп, егістің құрылымы соған бейімделуі тиіс. Ол үшін облыс бойынша күріш егісінің көлемін 50,0 мың гектарға дейін ықшамдап, оның көпшілігін Сырдарияның орталық ескі атырауында орналастыру және бидайдың егіс көлемін 45,0 мың гектарға жеткізу қажет. Босаған жер-су мен қаржы-қаражатты басқа дақылдардың егіс көлемін көбейту мен өнімділігін көтеруге жұмсау қажет.
6.2 Мал шаруашылығын өркендету. Арал өңірінің табиғи-климат жағдайында ежелден мал шаруашылығы басты саланың бірі болып келеді. 60-шы жылдары Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы өндірісінен түскен 63,1 млн.сом жалпы табыстың 51,8 пайызын мал өнімінен алған болатын. Алайда, осы өңірде күріш егісінің көлемі көбеюіне байланысты мал шаруа-шылығының жағдайы қиындап, өндірістік жоспары бар, бірақ оған қам-қорлық пен күтімі жетіспей артта қалған салаға айналды. Сонан Қызылорда облысының халқы еш уақытта ет пен сүт молшылығын көрген жоқ.
Экологиялық тоқыраудың тұсында малдың саны өсу емес, азаю бағытымен дамыды. 1991 жылы облыс бойынша мүйізді ірі қараның саны 223,1 мың бас еді, сонан 1998 жылы ол сан 143,8 мыңға түсті, яғни осы кезеңде 79,3 мыңы құрыды. Әдетте, өсімтал түлік қой мен ешкінің өзі аталмыш кезеңде 1625,4 мың бастан 490,4 мың басқа дейін азайды, яғни облыс 1 миллион 135,0 мың басын жоғалттты. Басқа түліктер де осындай күй кешті (7-кесте).
7-кесте - Қызылорда облысында әр жылғы малдың саны (мың бас)
Түлік түрі | Ж ы л | |||||||
1991 | 1992 | 1993 | 1994 | 1995 | 1996 | 1997 | 1998 | |
Мүйізді ірі қара | 223,1 | 209,3 | 225,7 | 232,1 | 183,3 | 162,7 | 160,7 | 143,8 |
Қой мен ешкі | 1625,4 | 1530,3 | 1600,3 | 1541,7 | 1181,0 | 813,6 | 655,5 | 490,4 |
Жылқы | 71,4 | 70,9 | 76,5 | 76,8 | 43,4 | 57,7 | 54,6 | 46,4 |
Түйе | 25,9 | 29,9 | 27,7 | 27,8 | 25,7 | 23,5 | 22,5 | 18,6 |
Малдың басы азайған соң өнімі де кеміді. 1991 жылы облыста өндірілген еттің (тірі салмақпен) мөлшері 23,8 мың тонна болса, 1997 жылы ол 3,9 мың тоннадан аспады. Осы кезеңде сүт өндіру 29,7 мың тоннадан 0,9 мың тоннаға дейін азайды. Малдың өсімі мен өнімінің күрт азаюы өңірде қуаңшылық күшейіп, мал азықтық шөптердің өнімі мен сапасы төмендеуінен болды. Есеп бойынша, 50-шы жылдары Сырдарияның атырауындағы ығалды жерлерде (гидроморф) жыл сайын 3,6 млн.тонна шөп өсетін. Қазір сол жерлер кеуіп, жыл сайын өсетін шөп 0,7 млн.тонна шамасында болып жүр. Соңғы отыз жылда Қызылорда облысында мал азығын өндіру үш еседей азайды. 1965 жылы облыс бойынша 524,2 мың тонна шөп дайындалса, 1995 жылы ол небары 191,1 мың тонна болды. Сонымен бірге мал азығының сапасы да талапқа сай емес. Саланы өрбітуге қажетті материалдық қордың тапшылығы тағы бар. Мал өнімдерінің экологиялық жағдайы да ауыр. Сапасыз жем-шөп жеген малдың еті арық, құрамында энергияның қоры аз. Арық малдың етін тұтыну экономикалық жағынан тиімсіз, әрі ол адам организміне қажетті белокпен қамтамасыз ете алмайды. Мал шаруашылығы өнімді, экономикалық пайдалы, әрі экологиялық таза өнім беруі үшін мал дәрігерлік жұмыстар үлкен рөл атқарады. Осының бәрін ұқыпты ұйымдастырып, тиімді пайдалану саланы экологияландырудың негізі болып табылады. Өңірде оған қолайлы жағдайлар жеткілікті.
6.3 Өңірде балық өндірісін қалпына келтіру. Қазақстан жерінде балық беретін ашық су көздерінің ең үлкені Арал теңізі. Арал теңізінің деңгейі жоғары, су массасы көп болып тұрған кезеңде жыл сайын 46-50 мың тонна балық және 233,0 мың дана ондатр ауланып тұрды. Сонымен бірге Сырдарияның төменгі ағысында қалыптасқан табиғи, гидрология-гидрохимиялық режимге байланысты бұл өңірдегі көлдердің жалпы айдыны 115,0 мың гектардай болғанды. Олардан жыл сайын ауланатын балық 8,0 мың тоннаға жетіп, Арал бассейнінің Қазақстандық бөлігінде ауланатын балықтың 20 пайызын беріп тұрды. 70-шы жылдардың ортасында Сырдарияның аяғына түскен ағыстың азаюына байланысты Арал теңізінің ауқымды бөлігі мен көптеген көлдер кеуіп қалған соң өңірде балықшылық кәсібі тиылып қалды. Тек 90-шы жылдардың ортасында Сырдарияның аяғына келген су біршама молайып, көлдерден балық аулау кәсібі жандана бастады. Арал теңізіндегі Көкарал бөгетінің құрылысы аяқталған соң 2006 жылы Солтүстік Арал теңізінен ауланған балық 2,3 мың тонна болды. Бұл алдыңғы жылғыдан он есе көп. 2007 жылға межеленіп отырған Сырдариядағы «Ақлақ» электрстансасының құрылысы біткенде теңіз жағалауындағы көлдер суға толады. Сонда Арал өңірінде балық өндірісін толық жолға қойып, оны кластерлік әдіспен жүргізуге қол жетеді.
7 Арал өңірінде табиғи-шаруашылық нысандарды ластайтын заттардың таралуы және экологиялық күйіне әсері
7.1 Атмосфералық ауаның экологиялық күйі. Көптеген аймақтарда ауаны ластаушы заттар мен олардың шығатын көзі біріне бірі ұқсас. Әйтсе де солардың ішінде ауа бассейнін көп ластайтын мұнай-газ өнеркәсіп салалары. Соңғы кезде ондай өнеркәсіп Арал өңірінде де дамып келеді. Қызылорда облысының ауа кеңістігін ластап тұрған жылу орталықтары, кен орындары, автокөлік және табиғи көздерден тарайтын тұздар. Өңірде атмосфералық ауаның тұзбен ластануы Арал өңірінде қалыптасып отыр. Мұнда атмосфералық ауаның ластануы егіннің өнімін кемітетін қолайсыз фактор болып отыр. Өйткені, ауада қалқып жүрген тұз кристалдарының азғантай мөлшері ғана өсімдіктің гүліне түссе оның жеміс органын қуратып, тұқымсыз (жеміссіз) қалдыратыны белгілі. Осындай себептерден 1991 жылы Қызылорда облысы бойынша жиналған астық 486,2 мың тонна болса, 1995 жылы бұл көрсеткіш 243,2 мың тоннадан аспады. Сондай-ақ табиғи мал азықтық шөптердің өнімділігі азайды.
7.2 Егіншілік саласын химияландырудың экологиялық жағдайы. Кейінгі кезде бүкіл әлемде егіннің зиянды фитоценоздарына қарсы химиялық әдіс жиі қолданылып жүр. Кеңестік кезеңде пестицидтерді негізінен Оңтүстік аймақтарда қолданған болатын. Егіс далаларына улы заттар шашудан Қызылорда облысы алдыңғы қатарда болғанды. Мұнда пестицидтерді көбінесе күріш егісінде ұшақтың көмегімен жаппай шашып жүрді. Сонан удың едәуір бөлігі егістен тыс жатқан шабындық, мал жайылымдық және жақын маңда орналасқан басқа дақылдардың (көкөніс, бақша, жеміс-жидек) егісіне түсіп, орасан көп материалдық шығын келтірді.
1987 жылдан кейін облыстың егіс далаларында пестицид қолдану біртіндеп азайып, усыз технологиямен-ақ тәуір өнім алуға болатынын дәлелдейтін өндірістік тәжрибелер жиналды. Пестицид қолданудың күрт азаюы өтпелі кезеңде қаржы-қаражаттың тапшылығынан болған еді. Бұл әдіс кейінгі кезде қайтадан жандана бастады, бірақ көлемі онша көп емес және улылығы пәстеу түрлері. Егер өңірде пестицидтер қолданудың осы деңгейі сақталатын болса, онда суармалы жердің экологиялық күйін бақылаудан шығармауға болады деуге негіз бар.
7.3 Ауыр металдардың экологиялық зиянын азайту жолдары. Ауыр металдардың ішінде қауіптілері кадмий (Сd), қорғасын (Pb) және белгілі концентрацияда улық қасиет көрсететін мырыш (Zn) пен мыс (Cu). Ауыр металдар ортаға әртүрлі көздерден түсіп, сонан трофиктік тізбек арқылы адам организміне жетеді және улылық әсерін тигізеді.
8-кесте - Сырдың атыраулық топырақтарындағы ауыр металдардың мөлшері
р/с | Үлгі алған аймақ | Үлгінің саны | Ауыр металдар, мг/кг (орта көрсеткіш) | |||
қорғасын | мыс | мырыш | Кадмий | |||
1 | Атырау басы | 19 | 15,0 | 20,4 | 10,5 | 0,51 |
2 | Ескі атырау | 34 | 13,6 | 21,6 | 9,3 | 0,60 |
3 | Жаңа атырау | 12 | 12,2 | 20,0 | 11,2 | 0,59 |
Сырдарияның атыраулық аймағындағы аллювийлік топырағындағы ауыр металдардың орташа мөлшері мынадай (мг/кг): қорғасын – 13,7 мыс – 20,7, мырыш – 10,3 және кадмий – 0,57 (8-кесте).
Біздің зерттеулерімізде топырақ пен өсімдіктегі ауыр металдардық мөлшерінің арасында корреляция барлық уақытта байқала бермейтінін көрсетті. Дәнді дақылдардың бір келі өніміндегі қорғасын (құрғақ массаға есептегенде): бидайда – 1,2; жүгеріде – 1,7, күріште – 2,5 мг болды. Тұщы суда қорғасын көбіне ион күйінде болады, яғни жылжығыштығы жоғары. Сонан болса керек, күріште оның мөлшері көптеу, ал бидай дәнінде аздау. Мәдени дақылдардың ішінде жоңышқаның құрамында мыс көбірек – 10,4. Жабайы өсімдіктерден қамыста қорғасын басқа шөптерге қарағанда аздау. Жабайы өсімдіктердің ксерофит түрлері қорғасынды көбірек жинайды. Ауыр металдар жылжитын тізбектің ең маңызды буыны азық-түлік. Зерттелген түрлері ет, сүт, балық, ұн, көкөніс және бақша. Бұлардың қай қайсында да қорғасынның мөлшері орта деңгейде, ал көкөніс пен бақша мен жеміс-жидекті қорғасынан ең таза азық-түлік деуге болады.
7.4 Өңірдің радиациялық жағдайын сауықтырудың жолдары. Табиғатты ластайтын радионуклидтердің аса қауіптілері – стронций-90 мен цезий-137. Шаруашылық айналымдағы жерлер мен өсімдіктерін зерттегенде Сыр атырауының әр бөлігінде топырақтың 0-25 см қабатындағы С-90-ың орта мөлшері 5,9 Бк/кг болды (9-кесте). Күріштің дәнінде С-90-ың мөлшері 1,1-1,4 Бк/кг (құрғақ затқа есептегенде), ал сабанында бұл көрсеткіш – 2,5-3,0. Соған қарағанда, бұл радионуклид өсімдіктің вегетативтік органдарында көбірек жиналады. Жүгерінің дәні мен сабағындағы С-90-ның мөлшері осы қаралас.
9-кесте - Радиологиялық зерттеулердің нәтижелері.
р/с | Талдаудың түрі | Атырау басы (Жаңақорған) | Ескі атырау (солжаға) | Жаңа атырау (Қазалы) |
1. | Стронций-90, Бк/кг | 5,8 | 6,2 | 5,8 |
2. | Цезий-137, Бк/кг | 8,6 | 7,6 | 8,0 |
3. | Жалпы белсенділігі (топырақ беті), МКр/сағат | 15,2 | 15,2 | 15,4 |
4. | Сыбағалы белсенділігі, ПКи/кг | 0,2 | 0,2 | 0,2 |
Түсініктеме - мг-экв. (миллиграмм-эквивалент бір келі топырақта), гр/кг (грамм бір келі топырақта), мкр/сағат (микрорентген/сағат), ПКи/кг (П.Кюри бір келі топырақта) |