Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:03, доклад
Жоғары медициналық білім мазмұнын жаңарту үдерісіндегі негізгі мақсаттардың бірі — студенттердің бойында негізгі құзыреттілікті қалыптастыру. Информатика негізгі құзыреттілікті қалыптастыруда үлкен әлеуеттікке ие. Алайда осы пәннің құзыреттілікті қалыптастыру қабілеті туралы айтқан кезде, оның өзіне тән ерекшеліктерін ескеру керек (1 кестені қараңыз).
Жоғары медициналық білім мазмұнын жаңарту үдерісіндегі негізгі мақсаттардың бірі — студенттердің бойында негізгі құзыреттілікті қалыптастыру. Информатика негізгі құзыреттілікті қалыптастыруда үлкен әлеуеттікке ие. Алайда осы пәннің құзыреттілікті қалыптастыру қабілеті туралы айтқан кезде, оның өзіне тән ерекшеліктерін ескеру керек (1 кестені қараңыз).
1кесте
Оқу пәндерінің ерекшеліктері
Салыстыруға арналған сұрақтар |
Академиялық оқу пәндері |
Құзыреттілікті оқу пәндері |
Бұл қандай пәндер? |
Тарих, биология, химия, физика, математика. |
Қоғамдық білім, құқық, азаматтық құқықтану, экономика, экология, технология, информатика, шет тілдері, өққ (өміртіршілік қауіпсіздігін қорғау), орыс тілі (тіл дамыту) |
Олардың мазмұнының негізін не құрайды? |
Ғылым, теориялық білімдер (білімдік мазмұнды иеленеді) |
Адамның практикалық қызметінің түрлері (қызметтік мазмұнды иеленеді) |
Құзыреттілік амалдарын жүзеге асыру мүмкіндіктері қандай? |
Орташа |
Жоғары |
Қандай амалдар арқылы негізгі біліктілікті қалыптастыруға болады? |
|
|
Оқыту нәтижелері қалай бағаланады? |
Емтихан немесе тест (білімдерін, біліктілігін және дағдыларын бағалау) |
Портфолио (жетістіктері мен қызмет өнімділігін бағалау) |
Білім беру үдерісінде пән топтарының жалпы рөлі қандай? |
Қарапайым білім негізін қалыптастырады |
Барынша күрделі құзыреттілік «құрылымын» құрастырады |
Сөйтіп, Информатиканың негізінде қызметтік мазмұн бар болғандықтан, ол құзыреттілікті қалыптастыратын пән болып табылатындығын кестеден көріп отырмыз. Құзыреттіліктер туралы айтқан кезде құзырет пен құзыреттілік деген түсініктерді нақтылап алу керек.
Құзырет - нақты өмірлік жағдайларда тиімді қызмет ету үшін адамның өз білімін, біліктілігін мен дағдыларын және сыртқы ресурстарды жұмылдыруға дайындығы; айқын емес жағдайларда әрекет етуге дайындығы.
Құзыреттілік - адамның тиісті құзыреттілікті иеленуі, қожа болуы, бұған біліктілік пен қызмет пәніне оның жеке қарым-қатынасы жатады.
Құзыреттіліктің маңызды ерекшеліктері бар: әрдайым пайдалануға дайын күйде «сақталатын» білім, біліктілік пен дағдылардан айырмашылығы, құзыреттілік оны іске асыру кезінде ғана, демек, жағдайға байланысты жауап беру кезінде ғана «жиналады».
Қалған уақытта
құзыреттіліктің элементтері «
Негізгі құзыреттіліктер тізімі әлеуметтік тәжірибе мен жеке басының тәжірибесін, сондай-ақ студенттердің өз бетінше білімін дамытуға қолданылатын негізгі қызмет түрлерін құрылымдық жағынан таныстыру негізінде анықталады. Біліктіліктің 3 негізгі түрі енгізілген А. В. Хуторскийдің [1] классификациясын қарастырайық: 1) негізгі құзыреттіліктер: құндылық - мәнді, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік-еңбектік, жеке тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі, 2) жалпы пәндік құзыреттілік, 3) пәндік құзыреттілік.
Құзыреттіліктің әрқайсысы
білім, біліктілік пен дағды және
құндылықтардың үлкен кешенінен
тұрады. Коммуникативтік және жалпы
кәсіптік құзыреттілік медициналық
оқу орнын бітірушінің, жалпы
тәжірибе дәрігерінің басты
Жобалар әдісі, мысалы, ақпараттық, коммуникативтік, жеке тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіру және т.б. сияқты құзыреттілікті қалыптастыруға қолданыла бастады. I курста студенттер жеке шағын-жобаларды, кейіннен жұптық және топтық жобаларды дайындайды.
Оқу-танымдық құзыреттілікті қалыптастыру — бұл оқу іс-әрекеті мен өз қызметін талдау біліктілік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жүйелілік дағдылары, мысалы, сұлбалар, алгоритмдер құрастыру арқылы қалыптасады. Осы құзыреттілікті қалыптастыру үшін сабақтарда өзін-өзі бақылау және өзара бақылау белсенді түрде қолданылады.
Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру ойын технологиялары, пікірталастар, кейс-стади технологиялары көмегімен сатылай жүргізіледі. Негізгі біліктілікті қалыптастыруда оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдары маңызды рөл атқарады. Сабақ өткізу кезінде оқытушылар электрондық оқулықтар мен оқу құралдарының бірнеше түрлерін, оқытудың көзбен шолып байқау құралдарын, мультимедиялық технологияларды пайдаланады. Сонымен медбиофизика, информатика және математикалық статистика кафедрасы информатиканы оқыту үдерісінде құзыреттіліктің амал-тәсілдерін жеткілікті дәрежеде табысты қолданаса бастады деп қорытынды жасауға болады. Бұл бағыттағы жұмыстар да жалғасын табуда. Нәтиженің өзгеруі: бітіруші тек «білімді» ғана емес, сондай-ақ «білікті» де болуы білім беруді жаңартудың барынша маңызды буыны болып табылады, сондықтан құзыреттілікті қолдану қажеттігі еш күмән тудырмайды.
Әдебиеттер:
Алтекова И.С., Омарбаева А.Н. ,
Ботбаева А.Қ.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Ақпараттық-
Аннотация
Қашықтан білім беру технологияларының өзектілігі мен қажеттілігі.
Актуальность и
Importance and necessity of remote training technologies.
Қашықтан оқыту (ҚО) – бұл дәстүрлі, жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар мен техникалық құралдардың кең спектрін қолдануға негізделген, және білім алушы үшін қосымша мүмкіндік тудырушы, нақтысында: халықаралық стандарттарға сәйкес келетін оқыту пәндерін таңдаудың еркіндігі, оқытушымен және басқалармен өзара қарым-қатынас жасай алатын, оқытудың әмбебап гуманистік формасы. Бұл жерде оқыту үрдісі білім алушының кеңістіктік немесе уақыттық орналасуына тәуелді емес. Басқаша айтқанда, қашықтан оқыту бұл оқытушы мен білім алушының кеңістіктік бөлінуі кезіндегі белгілі бір ара қашықтықтан білім берудің тәсілі.
Компьютерлік технологиялар медициналық білім беруде жаңа мүмкіншіліктер ашты. Барлығы да, білімді бақылау бағдарламалары, имитациялық модельдер мен экспертік жүйелер, диагностикалық медициналық зерттеулерді көру мен сараптауға арналған бағдарламалық-аппараттық кешендер, медициналық анықтамалық-ақпараттық жүйеге кеңінен еніп келеді. Соңғы жылдары ғаламдық компьютерлік Интернет желісінің сандық жағынан көбеюі мен технологиялық прогрестің қарыштап өсуіне байланысты қашықтан медициналық білім беру концепциясы қарқынды дамып келеді.
Медициналық білім беруді
компьютерлендіру міндеттерін шешу
үшін, дайындау үрдісі мен бағдарламалық
өнімдерді жинақтау, стандарттау, арзандатуға
әкелетін, оқу материалдарын
Осы мәселелердің шешімін
табудың салыстырмалы сараптамасы
мен компьютерлік білім беру жүйесін
дайындау мен қолданудың өзіндік
тәжірибесі Интернет технологияларын
басты құрал ретінде
Мынаны атап өту керек, Интернет технологиялары тек қана компьютерлік коммуникацияларды қамтамасыз етуге арналған хаттамалар мен бағдарламалық құралдарды біріктіріп қоймайды, сол сияқты олардың құрамына «белсенді құжаттар» концепциясын іске асыруға арналған стандарттар мен бағдарламалық қамтамасыз ету де кіреді, олар мәтіндік құрылымды, бағдарламаларды, графикалық бейнелерді, мультификацияны, бейнені, дыбысты, көрінетін үш өлшемді кеңістікті бір контейнерге біріктіреді.
Кәсіптік білімдер қазір өте тез ескіруде. Әлемдік телекоммуникациялық инфрақұрылым уақыттық және кеңістіктік белдеулерге қарамастан, үздіксіз өздігінен білім алудың бұқаралық жүйесін құруға мүмкіндік береді, білімді тез жетілдіру мен жаңартуға көмектеседі. Қашықтан білім беру XXI-ғасырға мамандардың жоғарғы квалификациясын қолдаудың нағыз тиімді жүйесі болып енеді.
Заманауи компьютерлік технологиялар білімді тасымалдауға және әртүрлі оқу ақпараттарына бірдей енуді қамтамасыз етуге қабілетті, кейде дәстүрлі оқыту құралдарына қарағанда әлдеқайда тиімді. Тәжірибе жасаушылар оқыту курстарының сапасы мен құрылымының қашықтан оқытудың сапасымен бірдей екендігін, кейбір жағдайларда оқытудың қарапайым түріне қарағанда артық екендігін дәлелдеді. Ғаламдық Интернет желісі арқылы енуге болатын, CD-ROM интерактивті дисклері, электрондық хабарландыру тақталары, мультимедиялық гипермәтін сияқты жаңа электрондық технологиялар, студенттерді оқыту үрдісіне белсенді араластырып қана қоймай, оларды басқаруға да көмектеседі. Ақпараттарды жеткізудің бағдарламалары мен жүйелерінің интерактивті мүмкіншіліктері кері байланыс орнатуға және тіптен ынталандыруға қабілетті, диалог пен үнемі қолдап отыруды қамтамасыз етеді, бұл көптеген дәстүрлі оқыту жүйелерінде мүмкін емес.
Медицина сырттай тыңғылықты кәсіби білім алу мүмкіншілігі жоқ оқу орындарының біріне жатады. Сондықтан қашықтан медициналық білім беру бәрінен бұрын – денсаулық сақтау кадрларын мамандандыру мен оларды қайта даярлау үшін жүргізілетін, жоғарғы білімнен кейінгі кезеңге қажет. Эксперттердің бағалауы бойынша, қашықтан білім беру кезіндегі мамандарды дайындауға кететін емдеу мекемелерінің материалдық шығыны, тыңдаушылардың қонақ үйлерде тұруына кететін, жұмыстан қол үзу шығынының т.б. болмауынан, шамамен 10 есе қысқарады екен.[1]
Бүгінгі таңда жаңа ақпараттық технологиялар арқылы дәрігерлерді қашықтан оқытудың әртүрлі тәсілдері пайдаланылады. Соңғы уақытта қашықтан оқытудың бейне-конференц-байланыстар, компьютерлік телекоммуникациялық әдістер және олардың үйлесімділігі технологиясына негізделген үш түрі көбірек қолданылуда.
Бейне-конференц-байланыстар базасында оқытуды дәрігерлерді жұмыс орнында проблемалық-бағыттап оқытудың прогрессивті формаларының бірі деп санауға болады. Бүгінгі компьютерлік технологиялар оқыту ақпараттарының аса үлкен көлемін сақтауға, ал мультимедия құралдары – тамаша сападағы бейнелер мен дауысты шығарып алуға мүмкіндік береді. Ақпараттардың мұндай түрлеріне микроскопиялық бейнелердің мәліметтерін, секциялық материалдарды, рентгендік, эндоскопиялық, УДЗ түсірілімдерін және т.б., хирургиялық операцияларды жасау, диагностикалық зерттеулерді жүргізу техникаларын және т.б. жатқызуға болады.
Оқыту жүйесі келесі бөлімдерді қамтиды: ара қашықтықтан оқылатын дәрістер, ертеректе оқылған дәрістер материалдарын тереңдетіп оқытуға арналған семинарлар, диагностика, емдеу, хирургиялық операциялар әдістері бойынша практикалық сабақтар, сол сияқты дербес телемедициналық консультациялар өткізу. Дәрістердің оқылуы үрдісінде тыңдаушылар дәріскерді, иллюстрациялық материалдарды тыңдауы және көруі, сұрақтар қоюға мүмкіншілік алуы, сол сияқты әріптестерінің сұрақтары мен оқытушының жауаптарын тыңдауы қажет. Телекоммуникациялық жүйелер параллель екіарналы бейнекөріністерді қамтамасыз етеді және бір мезгілде дәріскерді, дәріс оқылатын аудиторияны көрсетеді, және медициналық құралдарға: микроскопқа, эндоскопқа, УДЗ, рентген аппараттарына т.б. қосылады.
Семинарларды өткізу әдісі дәрістерді өткізу әдісіне ұқсас, бірақ үлкен интерактивтілікті қажет етеді. Оқытушы мен тыңдаушылар өздерінің емханаларында, жұмыс орындарында бола алады және өздерінің жеке жабдықтарын пайдалана алады. Оқытудың ерекшелігі барлық диагностикалық, тексеру үрдістерін нақты уақытта бір топ мамандардың үздіксіз көріп отыруын қамтамасыз етуі, сол сияқты ерекше маңызды үрдістердің оперативті бейнежазбаларын түсіріп отыру мүмкіншілігі. Сондықтан, семинар кезінде зерттеудің күрделі әдістері, шапшаң қол сұғу техникаларының демонстрациялануы мүмкін. Мұндай оқыту үрдісінің маңызды ерекшелігі, диагностика немесе хирургиялық операциялар әдістері бойынша практикалық сабақтар барысында оқытушылар тарапынан іс-әрекеттің түзетіліп отырылуы болып табылады.