Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:03, доклад
Жоғары медициналық білім мазмұнын жаңарту үдерісіндегі негізгі мақсаттардың бірі — студенттердің бойында негізгі құзыреттілікті қалыптастыру. Информатика негізгі құзыреттілікті қалыптастыруда үлкен әлеуеттікке ие. Алайда осы пәннің құзыреттілікті қалыптастыру қабілеті туралы айтқан кезде, оның өзіне тән ерекшеліктерін ескеру керек (1 кестені қараңыз).
- марапаттары;
- олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздары;
- оқытушының шығапмашылық жұмыстары.
И.Р. Калмыкова оқытушының
әдістемелік бумасын
- құжаттар портфолиосы;
- жұмыстар портфолиосы;
- пікірлер портфолиосы.
Құжаттар портфолиосы автор туралы, іс-әрекетінің нәтижесі туралы және автордың жеке тұлғалық ерекшеліктері туралы ақпаратты қамтиды.
Жұмыстар портфолиосы
іс-әрекеттің негізгі түрлері
мен бағыттары туралы ақпараттарды
қамтиды: педагогтың шығармашылық іс-әрекетінің
негізгі түрлері мен
Пікірлер портфолиосы
оқытушының әр түрлі іс-әрекет түрлеріне
қатысты сипаттамалардан
Т.М. Кьюздің жүргізген тәжірибелеріне сүйене отырып, портфолионың үш түрін атап көрсетеді.
1. Демонстрациялық портфолио
– белгілі бір тақырып бойынша
оқушылардың білімін қорытынды
бағалау қызметін атқарады
2. Даму портфолиосы – соңғы нәтижені ғана көрсетіп қоймай, оған жету үрдісін көрсетуге бағытталады.
3. Құрал портфолиосы –
құрал портфолиосында әр түрлі
қызықты мысал мен жаттықтыру
тапсырмаларын қамтитын
Сонымен, білім беру үрдісінің
сапасын бақылап, қадағалауды қамтамасыз
ету үшін студенттердің оқу іс-
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұхамбетжанова С.Т.
2. Портфолио в современном
3. Смолянинова О.Г. Использование метода электронного портфолио в практике зарубежных вузов.//Информатика и образование.№11, 2008
Түйін
Оқу процесіне ақпараттық-
Резюме
В статье рассмотривается вопрос о
применении технологии электронного порфолио
как иннавационной формы
А.Ш.Баракова., Ш.Е.Жусипбекова.,
Жакипова Ш.А.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Электрондық оқулықтарды пайдаланудың тиімділігі
Аннотация
В научной статье описывается
пути развития использования технологий
в учебном процессе, а также
привить студентам
The report is about the ways and methods of usage of developed information and interactive boards to activate the creative and intellectual abilities of students at the informatical lessons.
Bu choosing the optical ways of technology the report is aimed the systemic knowledge.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Қазіргі білімнің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады. Қазіргі заман талабына сай мамандар жоғары жетістікке жетуіне компьютердегі жұмыстың маңызы жоғары. Компьютерге байланысты мамандықты игергендер үнемі білімін жетілдіріп, көш алдында болғаны жөн. Өйткені уақыт өткен сайын техниканың жаңаруы мен дамуына сәйкес бағдарлама пакеттері ескіріп, жұмыстың тәсілі өзгереді.
Ақпараттық технология жақсы дамығанымен ол оқытудың басты құралы болып есептелмейді. Ол үшін оқу бағдарламасында және оқыту әдістеріне өзгеріс енгізу керек. Жаңа технологияны қолдану оқытушыға дайындық жұмыстарына көп уақытты керек етеді. Әрбір оқытушының ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс – жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді.
ХХІ ғасырда ақпарат жүйелерінің өркендеп, ғарыштап дамып келе жатқанын білеміз, өнеркәсіп пен ортаның дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстар болып табылады. Компьютерлік технология білім ортасына ене отырып, информатика пәнінде оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен әдістерді қолдануға әкеп соқтырады.
Студенттерге білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.
Қазіргі кезді электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.» Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану студенттің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.
Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың ережелеріне сәйкес келеді.
Оқылатын пәннің әр тақырыбын авторлар көзбен көру арқылы ұсынған. Студент әр пән бойынша оқу материалын көру арқылы қабылдауды қамтамасыз ететін түрлі суреттер, сызбалар, фотосуреттерді көре алады, тарихи және географиялық карталарды, көркем экспонаттарды және тағы басқа көптеген нәрселерді қарастыра алады.
Оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі студенттің жеке басының ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне – материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы мүмкін, өйткені студент электронды оқулықпен жеке жұмыс жасайды.
Электронды оқулық – бұл студентке ғана емес, сонымен қатар оқытушыға да көмек. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде студенттің бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.
Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың
бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар
және клиптер қажетті элемент болып табылады.
Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге
және көріністерді тез және жәй түрде
көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық
таңдап алынған хабарды
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.
Электронды оқулық – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр студентттер түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Электронды оқулықтар студенттің бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл студент үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, студентке қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.
Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдайларында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге, ойын жинақтауға көмектеседi.
Электронды оқулықтар студенттерге
Қорыта келе айтарымыз, оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Медицина саласында электронды оқулықты пайдалана отырып көрнекі түрде ақпарат ала алады.Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік- жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жыланбаева Б.К., Рахымбаева Г.С.