Мұғалім құз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:03, доклад

Описание

Жоғары медициналық білім мазмұнын жаңарту үдерісіндегі негізгі мақсаттардың бірі — студенттердің бойында негізгі құзыреттілікті қалыптастыру. Информатика негізгі құзыреттілікті қалыптастыруда үлкен әлеуеттікке ие. Алайда осы пәннің құзыреттілікті қалыптастыру қабілеті туралы айтқан кезде, оның өзіне тән ерекшеліктерін ескеру керек (1 кестені қараңыз).

Работа состоит из  1 файл

АКТ оқытуда дамыту.docx

— 92.42 Кб (Скачать документ)

Медицинада қашықтан білім  беру мәселесі үнемі пікір-талас туғызады, яғни дәрігерді алыстан оқыту мүмкін емес деп саналады. Бұдан он жыл бұрын мұндай пікір талас тудырмайтын еді. Қазіргі кезде ақпараттық технологиялардың жаңа құралдарының дамуымен жоғарғы оқу орындарының басым бөлігі оларды оқу үрдістерін, соның ішінде қашықтан оқытуды да,  ұйымдастыру үшін пайдаланады. Мысалға, дәстүрлі оқыту жүйесінде зертханалық жұмыстар арнайы жабдықтарды, макеттерді, ұқсатқыштарды, жаттықтырушыларды, химиялық реактивтерді және т.б. қажет етеді. ҚО мүмкіншіліктері мультимедиялық технологияларды, ұқсастырушы модельдерді және т.б. пайдаланудың есебінен зертханалық практикумдарды орындау мәселелерін біршама жеңілдетеді.  Виртуальды нақтылық оқушыларға қарапайым жағдайларда көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құбылыстарды демонстрациялауға мүмкіндік береді.  Егер негізгі медициналық білім беру жүйесінде қашықтан оқыту белгілі бір пәндер үшін тар шеңберде қолданылса, ал медициналық білімді жетілдіру жүйесінде қашықтан оқыту әдістері сенімді түрде алдыңғы шепке шығарылады.

Қашықтан оқыту үшін біршама  күрделісі технологиялық цикл, бұған  ғылыми категориялар мен түсініктер үрдістеріндегі оқылатын материалдарды  ұғынуы, оның логикалық жүйеленуі, қандай да бір құбылыстардың сипатталуы жатады. Бұдан басқа, ҚО-дың компьютерлік қосымшаларын жасау үшін, маманданған бағдарлама жасаушының білімі қажет, ал оқу бағдарламасын жасау кезінде нақты пәнді оқыту тәжірибесі қажет. Автор-педагог, теориялық материалдың баяндалу тәжірибесін, бақылаудың әртүрлі тәсілдерін, тапсырмалар мен мысалдардың шешілуін, материалды оқу кезіндегі білім алушының жіберетін қателерін, курсты меңгеру кезіндегі қиын жерлерді және т.б. ескере отырып, өздігінен оқып үйрену мен бақылаудың әдістемесін жасайды.  Алайда автор білім алушының компьютермен жұмыс істеуі кезіндегі қиындықтарын әр кезде есепке ала бермейді. Көптеген жағдайларда білім алушы компьютерді нақты пәнді оқуға арналған құрал ретінде емес, ақыл-ой кешені ретінде қабылдайды. Бұл мәселені шешу үшін әдетте психологпен бірлесіп жұмыс істеу керек. Нәтижесінде, бағдарламаның тиімділігі мына жағдайда, яғни ҚО жүйесінің әдістемелік, техникалық және психологиялық талаптарын кешенді түрде біріктірген және шешкен жағдайда жүзеге асады. Жоғарыда айтылғандардан мынау шығады, қашықтан оқытуға арналған оқыту жүйесін құру үшін ұжымға ең аз дегенде бағдарламашы, оқыту курсының авторы және психолог кіру қажет.  

Медицинаға қашықтан оқытуды  енгізуге қарсы болушылар мынандай тезисті жиі келтіреді: адамға «қолмен жасайтын істі» алыстан үйретуге бола ма? Дәрігердің кәсібі көптеген жағдайларда әртүрлі операциялар мен манипуляцияларды орындауда жатыр емес пе.

Бұған жауап ретінде мынандай мысал келтіруге болады: бұл ұшқыштар. Ұшақтың штурвалына отырудан бұрын  олар теориялық дайындықтың үлкен  курсынан өтеді, өзінің әрекеттерін  тренажерлер мен симуляторларда пысықтайды.  Әрине, дәрігердің іс жүзіндегі дағдыларының қалыптасуына дәстүрлі тікелей жанасу қажет, бірақ барлық теориялық дайындық пен шешім қабылдауға жаттығу ара қашықтық формасында өтеді.

 

Әдебиеттер:

1. Андреев А.А. Введение в дистанционное обучение. Учебно-методическое пособие. - М.: ВУ, 1997 г.

2. Полат Е.С. "Дистанционное обучение: организационные и педагогические аспекты" ИНФО, № 3, 1996 г.

 

 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОРТФОЛИО  – ОҚЫТУШЫНЫҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ

 

Бүгінгі таңда біздің еліміздегі білім беру жүйесі құзырлық тәсілге, яғни, күтілетін нәтижеге бағдарланған. Оқу үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды пайдалану жеке тұлғаның жетістіктерге жетуіне  жол ашады. Аталған технологиялар, біріншіден, оқытушы мен оқушының арасындағы кері байланысты қарым-қатынасты  жүзеге асыруға, ақпараттық білім беру ресурстарын, программалық-әдістемелік  сүйемелдеуді және техникалық құралдарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктер береді. Оқытушының кәсіби іс-әрекетін жинақталған  жүйе ретінде көрсететін әдіс-тәсілдің бірі – АКТ құралдарын пайдалануға  негізделген оқытушының Е-портфолиосы (электрондық портфолио) болып табылады.

Электрондық портфолио шетелдік білім беру жүйесінде белсенді түрде  қолданылып келеді.

Көптеген шетелдік зерттеушілер әртүрлі саладағы құзырлық деңгейлерін  өлшеу үшін электрондық портфолио  әдісін пайдалану мүмкіндігіне байланысты оған ерекше мән береді.  Х. Баррет оқу Е–портфолиосын құру үрдісі оқушының кәсіби құзырлығын дамытуды қамтамасыз етеді, ал портфолионың өзі студент үшін құзырлықтарын дамыту үшін рефлексивті құрал болып табылады.

B. Роумер Носсек, С. Звиауерлердің  жұмысында Балон процесі шеберіндегі жоғары білім берудің жалпы болашағы ретіндегі және электрондық оқыту стратегиясын дамыту мақсатындағы электрондық портфолионың құрылымын жасаудың тұжырымдамасы мен жобасы келтірілген.

Әлемдік практикада электрондық  портфолионы ХХІ ғасырдағы  жоғары білім беру жүйесіндегі болашағы өте зор технология ретінде саналатын  электрондық оқытудың (e-learning)  бөлігі ретінде түсінеді. Электрондық оқыту  оқу материалдарын Интернет арқылы пайдалануды, сондай–ақ, студент пен  оқытушының қарым–қатынасы желі арқылы онлайн режиміндегі видеоконференция және басқа интерактивті тәсілдер арқылы өтуді ұсынады. Бұдан іштей оқытуды  және виртуалды сценарийді біріктіретін аралас оқыту түрі шығуы мүмкін.

Жоғары оқу орындарындағы  ашық білім беру жүйесінде пайдаланылатын педагогикалық инструменттер ЖОО–да алынған студенттердің құзырлықтары айқын, әрі салыстыруға келетіндей болуын қамтамасыз етуі тиіс. Балон  жүйесінде бұл ЕСТS (European Credit Transfer and Accumulation System– кредитті тарату және жинақтаудың Европалық жүйесі) терминінде сипатталады. Бірқатар европалық зерттеушілер Е–портфолионы академиялық мобильділік  программасында студенттердің жеке белсенділігін арттыру әдісі  және ЖОО–орнына түсу барысында дербес жетістіктерінің нәтижесін көрсету  тәсілі ретінде  қарастырады. Ғалымдардың  келесі бір тобы студенттердің Е–портфолионы  пайдалануының болашағы жұмыс берушілерге  өзінің жетістіктерін электрондық  желіде көрсететіндігін уағыздайды.

Біздің елімізде Е-портфолионың оқу үрдісінде пайдалануын зерттеуге  арналған бірқатар ғалым-педагогтардың  еңбектері бар. Қазіргі уақытта  білім беру процесінде портфолионың әртүрлі типі қолданылады. Портфолионың мақсаты әртүрлі жұмыстарды жүйе ретінде жоспарлаумен түсіндіріледі. Портфолио – орындаушының маман ретіндегі даму деңгейін анықтау үшін пайдаланылады. Білім беру жүйесіне қатысты портфолио (кең мағынада алғанда) – бұл оқытудың белгілі бір кезеңіндегі оқушының дербес жетістіктерін бағалау, жинақтау және тіркеу технологиясы ретінде қарастырылады. Қазіргі қалыптасқан түсініктерден, портфолио - білім нәтижелерін тұтастай көрсететін, оқушының дербес білім алу траекториясын сипаттайтын, оқу іс-әрекетінің нәтижелерін бағалау, құзырлықтарының қалыптасу деңгейлерін көрсететін оқыту процесі жайлы есеп беру деп түсіндіреді. Сонымен, портфолио оның иесі туралы үлкен көлемді құжаттарды сақтайтын күрделі құрылымдық объект болып табылады.

Жоғары оқу орындарында  Е-портфолио – жеке тұлғаға бағытталған  электрондық құралдар мен ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалануға негізделген, студенттің жеке тұлғалық жетістіктерін  көрсететін, білім беру үрдісінің  субъектілерінің интерактивті өзара  әрекеттесуін сипаттайтын құрал. Сонымен  бірге, портфолио студенттердің  белгілі бір мақсатты көздейтін  студенттердің өзіндік жұмысын  ұйымдастыруға, оқу іс-әрекетінің нәтижелерін  қадағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан, қазіргі уақытта Е-портфолионы  жоғары оқу орындарында пайдаланудың студенттердің өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда, оқудағы жеткен жетістіктерін  қадағалауда  зор маңызы бар деп  есептейміз.

Е-портфолио ақпараттық-коммуникациялық  технология болып табылады және оған тән барлық қасиеттерге ие. Электрондық  портфолионың төмендегідей ерекшеліктерін атауға болады: белсенділік, жеделділік, көрнекілік, ашықтылық, гиперсілтемелер  арқылы өзара байланысты жүзеге асыру, құзырлықтың қалыптасу деңгейін көрнекі бағалау. Білім беру процесінің ерекшелігін ескере отырып, студенттердің  электрондық портфолиосын қалыптастырудың  екі деңгейін ерекшелеуге болады: білім беруге арналған пәндік портфолио  және маманның деңгейін сипаттайтын  кәсіби портфолио.

Білім беру үрдісінде Е-портфолионы  пайдалану барлық мүмкін болатын  аспектілерді ескере отырып, соңғы  нәтижеге - оқытушылардың кәсіби құзырлығын қалыптастыруға бағдарланған, білім  сапасын қамтамасыз ету, жеке тұлғаға  бағдарланған оқыту тәсілін, кері байланысты,  олардың кәсіби құзырлығының қалыптасу  деңгейін бағалауды жүзеге асыру  мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Қазіргі уақытта портфолио  ұғымы оқушының дербес жетістіктерін  тіркеу, қорландыру және бағалау тәсілі ретінде түсініледі. Портфолио сөзі ағылшын тілінен енген, ол жазба  жұмыстарын, құжаттарды және т.б. тасымалдау және сақтау үшін дегенді білдіреді. Ал портфолио сөзін итальян тілінен  аударғанда құжаттары бар бума, маманның бумасы деген мағынаны білдіреді. Ал француз тілінен аударғанда портфолио  «баяндау», «тұжырымдау», «тасымалдау», «бет», «жетістіктер жинағы» деген  ұғымдарды білдіреді.

И.Р. Калмыкованың пікірінше, оқытушының портфолиосы – бұл  өзінің кәсіби іс-әрекетінің міндеттерін  шеше білу іскерлігін көрсететін материалдар  жинағы, сондай-ақ қызметкердің кәсіби деңгейін бағалауға арналған тактикасы  мен стратегиясын сипаттайды.

Е.М. Чошановтың пікірінше  портфолио – бұл жеке тұлғаның жұмыс пакеті, ол оның іс-әрекетінің жеке аспектілерін оның толық жұмысымен  байланыстырады немесе алдын ала  жоспарланған индивидумның дербес жетістіктерінің  жинағы.

А.А. Кузнецовтың пікірінше  бұл жеке тұлғаның белгілі бір  уақыт аралығындағы іс-әрекетіндегі дербес жетістіктерін тіркеу, жинақтау, бағалау тәсілі.

В.А. Красильникова мен  В.В. Запорожко оқытушының электрондық  портфолиосын күрделі программалық-әдістемелік  кешен деп көрсетеді. Ол компьютерлік оқыту құралдарының көмегімен құрылған және ақпараттық білім беру ресурстарына, нормативті құжаттарға, оқытушының педагогикалық  тәжірибесі мен жетістіктерінің  нәтижесіне, оқушылардың шығармашылық жұмыстарына және т.б. бөлінеді.

Оқытушының электрондық  портфолиосы – бұл педагогтың педагогикалық іс-әрекетін жан-жақты бейнелейтін, оның әр түрлі жұмыстарының жиынтығынан құралатын біртұтас жүйе болып табылады. Электрондық портфолио оқытушының  өзін-өзі жүзеге асыруын, кәсіби іс-әрекетінің деңгейін көрсететін педагогикалық іс-әрекетіндегі рефлексияны сипаттайтын дербес кәсіби даму деңгейі мен іс-әрекетінің табыстылығын қалыптастыруға жағдай жасайды.

Соңғы жылдары портфолионы  оқу үрдісінде пайдалануға деген  қызығушылық Ресей және Қазақстан  білім беру жүйелерінде байқалады. Е.М. Чошанов портфолионы «бағалаудың  альтернативті жүйесі» ретінде  ұсынады.

Оқу әдістемелік, ғылыми әдебиеттердегі және виртуалдық кеңістікте жарияланған  материалдар электрондық портфолио  мәселесінің бүгінгі таңда үлкен  қызығушылыққа ие екендігін және оның ары қарай дами беретіндігін көрсетеді. Әр түрлі интернет сайттарын  зерттеу нәтижесі электрондық портфолионы  анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар  екенін көрсетті. Бір қатар авторлар электрондық портфолионы компьютерде  жинақталған құжаттардың жиынтығы ретінде уағыздайды.

Портфолио бір қатар практикалық  жұмыстарға нұсқаулар мен сипаттаманы, ұсынылған жұмыстағы тапсырмаларды  орындауды қамтамасыз ететін әдістемелік  материалдар мен нұсқауларды  оқушыларды аттестациялау, өзіндік  аттестация материалдарын оқушылардың  шығармашылық және зерттеу жұмыстарын қамтиды.  Сонымен бірге, автор web портфолиоға түсінік береді: «web портфолио дегеніміз – оқытушының зерттеу іс-әрекетінің нәтижелерін, дербес жетістіктерін сақтау үшін пайдаланылатын web бет немесе web сайт. Сонымен, портфолио  дегеніміз – құжаттардың қағазға  шығарылып, бумаға салынған нұсқасы  болса, ал электрондық портфолио  электрондық тасымалдаушылардағы  файл түрінде ұсынылған материалдар. Көптеген авторлардың тұжырымына сәйкес оқытушының портфолиосының құрамына теориялық құжаттармен жұмыс материалдарымен қатар:

- мұғалім туралы жалпы  мағлұмат;

- оқушыларды тексеру жұмыстары;

- пән бойынша сыныптан  тыс әрекеттер;

- шығармашылық жұмыстарға  білім беру мекемелерінің қызметкерлері  жазған пікірлер мен сын пікірлер;

- оқушылардың жобалық;және  шығармашылық жұмыстары;

- аудио және ви еоматериалдар,  суреттер кіреді.

Е.Е. Камзеева оқытушының электрондық  портфолиосының төмендегідей құрылымын  ұсынады.

- анкеталық мәліметтер:

- білімі;

- мамандығы;

- стажы;

- санаты;

- біліктілігін жоғарылату  туралы мәліметтер.

- әдістемелік іс-әрекет:

- сабақ жоспарлары;

- жеке тақырыптар бойынша  әзірленген жұмыстар;

- тест, бақылау жұмыстары;

- жарияланымдар.

- оқушылармен жұмыс: 

- оқушылармен ғылыми зерттеу  жұмысы;

- конкурстар мен олимпиадаларға  қатысу;

- сыныптан тыс жұмыстар  жобасы мен сценарийі;

- оқушылардың қызықты  жұмыстары.

Оқытушының жетістіктері:

Информация о работе Мұғалім құз