Жалқы есімдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 21:13, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Ағылшын тiлiндегi жалқы есiмдер аудармасының ерекшеліктерін зерттеу;
Курстық жұмыстың міндеті:
Аудармада жалқы атауларды берудің лингвистикалық ерекшеліктерін зерттеу;
Жалқы есімдердің аудармада берілудің амал–тәсілдерін қарастыру;
Топонимдерді аудару ерекшеліктерін анықтау;
Кісі есімдері, лақап және әлеуметтік дәрежені білдіретін атауларды ағылшын тілінде беру ерекшеліктерін зерттеу;
Ұлттық Зоонимдердің аудармадағы сипатын беру.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 АУДАРМАДАҒЫ ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Аудармада жалқы атауларды берудің лингвистикалық ерекшеліктері........5
1.2 Жалқы есімдердің аудармада берілудің амал – тәсілдері.............................9
2 АҒЫЛШЫН ТIЛIНДЕГI ЖАЛҚЫ ЕСIМДЕРIНIҢ АУДАРМАСЫ
2.1 Топонимдерді аудару ерекшеліктері................................................................13
2.2 Кісі есімдері, лақап және әлеуметтік дәрежені білдіретін атауларды ағылшын тілінде беру ерекшеліктері....................................................................16
2.3 Ұлттық Зоонимдердің аудармадағы сипаты..................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................30

Работа состоит из  1 файл

жалкы.doc

— 212.50 Кб (Скачать документ)

Тағы  бір  жалқы  есімдердің  түрі,  реалийлер  қатарына кіретін аңыз,  ертегі  кейіпкерлерінің  атаулары  транскрипция  арқылы  беріледі, өйткені олар белгілі бір халықтың  ұлттық–мәдени  реңкін  көрсетеді.  Мысалы,  Алдар  көсе – Aldar   Kose,  Баба-яга – Baba-Yaga,  Goblin – гоблин, ал  кейбір  әдебиеттерде  мағыналық компоненті  бар есімдер аралас  немесе  калька  тәсілі  арқылы  аударылады.  Мысалы,  Кощей  безсмертный – Koshchey   the  Deathless (немесе  Immortal),  Mirkwood – Мехалесье.        

Жалқы  есімдердің  болмысын  толығымен  ашу  мен  теория  тұрғысынан  ұғыну  үшін олардың  атқаратын  рөлін  анықтау  өте  маңызды.   Лингвистикада, соның ішінде  ономастикада  атау  қызметінің  нақты мазмұны мен көлемін анықтаған бір шешім жоқ.  Әрине,  әр  түрлі деңгейде  берілетін элементтерден тұратын ауқымды құбылыс ретіндегі тілдің  қызметіне  қарағанда  жалқы  есім  қызметтері  жекелеген  болып  саналады.   А.В.Суперанскаяның  айтуы  бойынша,  «тілдегі  жалқы  есімнің  арнайы  ерекше  қызметі  жоқ.  Олардың  негізгі  грамматикалық  қызметі – сөйлемде  бастауыш  пен  толықтауыш  қызметін  атқару,  ал  негізгі  лексикалық  қызметі – атау.   Жалпы  есімдердегі  сияқты  бұл функциялар  жалқы  есімдерге  де  қолдану  аясы  мен  жағдай  ерекшелігіне  қарамастан   тән». Барлық зерттеушілер  жалқы  есімнің  бірінші  қызметі  атау  болып   табылады  дейді:  «Сөздер болмыстағы  заттар  мен құбылыстарды  атауы мүмкін:   бұл номинативтік  қызметі,  атау  қызметі;  таза  осы қызметті  атқаратын сөздер – жалқы есімдер...   Жалқы есімдер гипертрофирлі атау  беруші: олар  атау  үшін  қалыптасқан, бұл  олардың  мақсаты»   [16; 10, 36, 66]

Жалқы  есімнің  атау  қызметі  мен  жекелеуші  және  ажыратушы  қызметі  тығыз  байланысты,  бұл  аталмыш  объекті   басқа  объектілермен  салыстырып,  ажыратуға,  жекелеуге  мүмкіндік  береді.   Н.Д.Арутюнованың   пікірі  бойынша,  жалқы  есім  «индивидке  қатысты  теңестіру  қызметін  атқарып,  белгілі  бір  дескрипцияның  эквиваленті  болып  табылады»  [11,  16].   Н.В.Подольскаяның сөздігінде  барлық  үш  қызметі:  атау – салыстыру – жекелеуші қызметі  деп  бір ақ  жинақталған  [12, 145].   Дегенмен  көптеген  зерттеушілер  оларды  біріктіргенді жөн көрмейді,  себебі  олардың әрқайсысын  ономастикалық қызмет  деп қарастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Жалқы   есімдердің  аудармада  берілудің  амал–тәсілдері

 

Түпнұсқаның  ұлттық  мәдени  сипатын  көрсететін  тілдік  құралдардың  бірі – жалқы  есімдер:   жер-су  аттары,  кісі  есімдері,  лақапаттар.  Көркем  аудармадағы  жалқы  есімдер,  бір  қарағанда,  функционалды  қызметі – жүгі  жоқ,  ақпаратты  жеткізу міндетін  атқаратын элемент деңгейінде  ғана  көрінеді.  1950  жылдардан кейінгі кезеңдерде  қазақ әліпбиінің  орыс  графикасына көшуіне және  алфавит құрамына  өзге  тілдік  әріптердің  енгізілуіне байланысты  жалқы есімдердің  жазылуы өзге  тілдің  емлесіне  негізделген,  әрі  бұл  жайт  норма  ретінде  орнықты.

Арнаулы  ақпаратты  әдебиетте  де,  көркем  әдебиетте  де жалқы есімдердің ақпараттық–танымдық,  ұлттық  мәдениетті  білдіру  сапасы  өте  жоғары,  стильдік  қызметі  айрықша  байқалып  тұратын  жалқы  есімдер  де  бар. Көркем аудармадағы транскрипциясын сақтау үрдісімен қатар  аудармашылар  жалқы  есімдердің  ішкі  семантикасына,  стильдік  қызметіне  қарай  ара–тұра  қазақшалауға  да  барып  отырады.  Белгілі  бір  семантикалық  жүк  және  стильдік  қызмет  әсіресе лақапаттарға  тән.  Сонымен қатар екі халықтың  да  этно-мәдени  сипатында  тұрмыс тіршіліктің  ажырмас  бөлігі – жан-жануарларға  ат  беру  дәстүрі  бар.  Ат  беру  дәстүрінде  екі  халықтың  тілінде  де  теңеуге,  образ  жасауға  негіз  болатын  сөздердің  негізгі  семантикасы  бір–біріне  жуық,  жақын.  Аудармашылар  көп  ретте  осындай  ерекшелікті  ескеріп,  түпнұсқадағы  лақапаттың  қазақша  баламасын  қазақ  ұғымына  сәйкестендіре  ұсынып  отырады.

Жалқы  есімдерді  аудару  белгілі  бір  дәрежеде  ұлттық  реалия  сөздері  келесі  тілге  жеткізуімен  ұқсас  келеді.  Себебі  жалқы  есімдерді  аударуда  калька  тәсілі  және  транскрипция,  транслитерация  тәсілдері  қолданылады.

Реалия –  белгілі  бір  ұлттың,  елдің  өзіне ғана  тән тұрмыстық,  материалдық,  рухани,  тарихи – қоғамдық  құбылыстары мен заттарының  тура  мағынасындағы атаулар.  Ағылшын халқымен  қазақ  халқының  салт-дәстүрі,  тілі,  мәдениетінің  арасындағы  айырмашылық  жер  мен  көктей  болғандықтан,  жалқы есімдерді,  реалий  сөздерін  аудару  барысында аудармашы транскрипция,  транслитерация,  калька,   сипаттама тәсілдерін  кеңінен қолданады.

Әңгіме  тура   мағына  туралы  болғандықтан,  мұны  аудару  ешқандай  қиындық  келтірмейтіндей  де  сияқты.  Алайда  мұның  аударматануда  ерекше  сөз  болуына  себеп  болар  жайттар  баршылық.  Ол,  біріншіден,  бір  халықтың  өмір  салты  екінші  халықта  айна–қатесіз  қайталануы  мүмкін  емес;  екіншіден,  сөз  контексте  тәуелсіз  болып  тұруы  мүмкін;   үшіншіден,  ол  сөзде  ерекше  бір  стильдік  бояу  болуы  міндетті  емес.  Міне,  сондықтан  ұлттық  реалияны  бейнелейтін  сөздерді  келесі  бір  тілде  жеткізудің  өзіндік  шарттары,  өзіндік  тәсілдерінің  болуы – заңды  құбылыс. 

Өзге  тілде  жазылған  аударылмақшы  материалдағы  ұлттық  өмір  шындығын,  ғылыми  практикалық құбылыстар,  қоғамдағы басқа құбылыстардан хабардар  болумен байланасты  соңғы кезде салыстырмалы  тіл білімі  мен аударматануда,  елтанудағы  сияқты,  «фондық білім»  деген  ұғым  қалыптасты. Түпнұсқадағы  бейнеленген болмысты түсінудің кілтін  мәтіннің  бойынан  да  табуға  болады,  ал  сол  мәтіндегі  кейбір  атауларды  түсіну   үшін,  негізінен,  фондық  білім  керек. 

Басқа  халықтарда,  елдер  мен  жерлерде  қайталанбайтын,  белгілі бір кезеңнің,  елдің,  жердің,  тұрмыстық,  тарихи–мәдени  элементтердің  атауларын  аудару  аударма  практикасындағы  қиын  іс  екенін  айтып  өттік.  Жергілікті,  ұлттық  және  тарихи  бояуы қалың кез-келген  тілдің  реалия  атауларының дәл баламасы  басқа тілде бола  бермейді.

Алайда  орыс  тілінің  немесе  басқа  тілдердің  қазақша  аудармаларына  жасалған  талдауларға  қарағанда,  түпнұсқадағы  реалия  сөздерді  аударуда  қалай  бере  білудің  әр  түрлі  жолдары  бар  екені байқалады.  Ондай жолдардың  қатарына  транскрипция, транслитерация,  калькалау,  жаңа  сөздер  енгізу  тағы  да  басқа  тәсілдер  жатады.

Реалия  сөздердің  экспресивті–эмоциялық,  ұлттық  бояуын  толық  жеткізу  үшін  транскрипция  жолының  маңызын  қатты  бағалауымыз  қажет.  Өйткені,  бұл тәсіл реалия  сөздердің бойындағы ұлттық,  мәдени,  тарихи  қасиеттерді мүмкіндігінше сақтауға  тырысады. 

Себебі  жалқы  есімдерді  аударуда  аудару  және  транскрипция  тәсілдері  қолданылады.  Мұндай  жағдайда  неғұрлым  атақты,  белгілі географиялық  атауларға байланысты  қолдану (Сарыарқа,  Алатау,  Қарату  тағы  да  басқа),  ал  тар көлемдегі жергілікті  ғана  мәні  бар географиялық  атауларға аударуды  (Шортанды – Шучье,  Царское село – Патша  селосы,  Белогорье – Ақкемер  тағы  да  басқа)  қолдану  үрдісі  байқалады.  Бұл  әрине,  тұрақты  түрдегі,  бір  қалыпты  үрдіс  емес,  мұндайда  ретіне  қара  аудару  да,  транскрипция  да  қатар  қолданыла  береді.  Тарихи тұлғалардың лақап аттары жалқы есіммен бірдей  болмайтындықтан,  оларды  көбінесе  аударып  береді.  Мысалы:  Святая  Мария – Әулие Мария,  Петр  Первый – Петр  Бірінші,  Карл  Великий – Ұлы Карл,  Ақжелге – Белогривый  (М.Әуезеовтің  «Қилы заман»  романының кейіпкері). Қазіргі  газеттердің,  журналдардың  аттары  басқа тілде баламасы   бола  тұра  аударылмайды  (Индустриальная  Караганда,  Известия,  Казахстанская правда,  Нойес Дойчланд  тағы  сол сияқтылар),   өйткені осы арқылы  бұл атаулардың  белгілі бір халыққа,   елге  қатыстылығы айқындалып  отырады.

Жалпы  айтқанда,   жалқы  есімді   келесі  тілге  жеткізуге  қатысты  аударудың  болмаса  транскрипциялаудың  екеуінің  бірін  қолдану  дәстүрге  де  байланысты.

1920-30  жылдардағы  алғашқы аударма тәжірибесінде  жалқы  есімдерді  қазақшалаудың  бірді–екілі фактілері болды. Бірақ бұл әрекет  түпнұсқасының  мазмұнын  бұзатын,  аударманың  деңгейін  төмендететін  жайт  ретінде  бағаланады.  Бұл  жөнінде  Ә.Исмағамбетов  былай  деп  жазды:  «Авторлардың   өздеріне  ғана  тән жазушылық ерекшеліктерімен,  ұлттық  өзгешеліктерімен  санаспай,  өздерінше қазақшалап  беру  ол  кездегі аудармалардың  жалпы  стилі  еді... Гогольдің   Собакевичтері – Итбаев,  Ноздревтары – Танауов болып аударылған.  Бүгінгі таңда оларды  әдеби  брак  деп  санайды». 

Жалпы  аударма  тәжірибесінде  жинақталған  ойды  бір  тілден  екінші  тілге  жеткізудің  бірнеше  тәсілдері  бар.  Олар:

  1. транскрипция,  транслитерация
  2. сипаттама
  3. калька  жолымен  аудару
  4. компенсация  жолымен  аудару
  5. антонимдік  (шендестіре)  аудару
  6. конкретизация  (нақтыландыру)
  7. генерализация(жалпыландыру)

Транскрипция,  транслитерация – бұл  тәсіл  бойынша  сөздер  тілдің  артикуляциялық  ережелеріне  сәйкес  аударма  тілдің  фонетикалық  жазу  құралдарының  көмегімен  басқа  тілге  сол  күйінде  енеді.  Транскрипция  арқылы  фонетикалық  дыбысталуы,  ал  транслитерация  арқылы  оның  графикалық  формасы.

Мысалы:  Қасым  хан – Kasym  Khan,  Орақбатыр – Orak  Batyr,    Әбілқайыр –  Abulkhair,  Қобыланды батыр – Kobylandy  Batyr,  Жәнібек пен Керей – Janybek  and  Kerei,  Тобыл мен Нұра – Tobol  and Nura,  Ертіс – Irtysh, Моғолыстан – Mogolistan,  Баянауыл – Bayan –Aul,  Мырза – Mirza,  Сұлтан – Sultan,  Besbarmak,  тағы  басқалары. 

Сипаттама (экспликация) –бұл лексико–грамматикалық  трансформация,  бұнда  шетел  тілінің  лексикалық  единицасы,  оны  суреттейтін  сөз  тіркесімен  ауыстырылады.  Аударма  тілінде  толық  түсіндірмесі  немесе  анықтамасы  беріледі.  Сипаттама  тәсілі  арқылы  баламасыз  лексиканың  мағынасын беруге  болады.

Калька  тәсілі – тілдік  единицаның  (сөздің,  сөз  тіркесінің)  сыртқы  нысанын,  ішкі  мазмұнын  нақпа–нақ,  сол  қалпында  аудару  дегенді  білдіреді.  Мысала: Қанішер  Абылай – Ablai  the  Bloodthirsty, Әз–Тәуке – Wize  Tauke,  Сарыарқа – Yellow–Back,  Golden  Arka.

Компенсация (орын  толтыру) – бұл  тәсіл  түпнұсқа  тілдегі  белгілі  бір  элементтердің  аударма  тілде  дәлме –дәл  баламасы  болмауына  байланысты,  аудармашының  оның  басқаша  тәсілдермен  және  дәл  сол   сөйлемнің  ішінде  емес,  текстің  басқа  бір  жерінде  түпнұсқа  сөзінің  орнын  толтыруға  қызмет  етеді.  Бұндай  жағдайда  кейбір  сөз  суреттеме,  сипаттала  арқылы  аударылуы  мүмкін. Конкретизация,  генерализация – түпнұсқа  тілдегі  кең  мағыналы  сөздерді  аударуда  нақтыландыруға  тура  келеді  немесе  керісінше  түпнұсқадағы  тар  мағыналы  сөзді  аудармада  кең  мағыналы  сөзбен  береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Ағылшын тiлiндегi жалқы есiмдерiнiң  аудармасы

 

2.1 Топонимдерді  аудару  ерекшеліктері

   

Ең  бірінші  топқа  топонимдерді  жатқызып,  олардың  аталмыш  романдағы  берілу  жолдарына  анализ  жасаймыз.   Топонимдер – жер  бетіндегі кез  келген  табиғи  немесе  адам  жасаған  объектілер  атауынан  тұратын  жалқы  есім.  Топонимдердің  барлық  түрлерінің  ортақ  белгісі – кез  келген  географиялық  объектті  атау. 

Бірінші  қарастыратын  сөзіміз – Сарыарқа

Сар -  сөзінің  кездесу  жиілігі  Трилогия  бойында  42  рет  кездессе, ағылшын  тіліндегі  аудармасында  «Сарыарқа»,  ал бұның  қалған 11  Арқа  қалпында  кездеді.  Ағылшын  тіліндегі  аудармасында  «Сарыарқа»  сөзі  үш  түрлі  жолмен  берілгендіктен “Golden – Arka”   қалпында  үш  рет  кездессе, Sary – Arka,  күйінде  12  рет  кездесіп,  Sary – Arkі  қалпында  2  рет  кездесіп,  “Yellow  Back”  - деп   түсіндірме  берген

«Еділ  өзенінің  сағасындағы  Алтын  Орда  астанасы  Сарай  қаласынан  «Сарыарқадағы  елімді  көремін»  деген   сылтаумен  оң  түмен  қолмен  күйікке  қарсы  жүрген».   [1.10].

“The  Golden  Horde’s  troops  moved  to  meet  him.  Baty  said  he  wanted  to  find  out  what  the  situation  was  like  in  his  possessions  in  Sary – Arka”.   [4.10]. 

“Sary – Arka” – name  of  the  central  part  of  modern  Kazakhstan,   literally – “Yellow  Back”.

“The  set  up  light  camp – tents  by  the  hills,  at  the  foot  of  Argynaty,   one  of  the  most  beautiful  places  of  the  “Golden – Arka”.  [4.17].

Берілген  мысалдардан  көріп  отырғанымыздай,  аудармашы,  Олег  Чоракаев,  «Сарыарқа»   географикалық  атауын  транслитерация  және  калька  тәсілімен  аударған.  Бірақ  Сарыарқаны - “Yellow  Back”   немесе   “Golden – Arka”   деп  аудару  мүмкін  емес.  Себебі  О.Чоракаев  «Сары»  сөзін  түсті  білдіретін,  бұл  күнде  әбден  түсінікті,   жиі  жұмсалатын  сөздердің  бірі  ретінде  ағылшын  тіліне  “Yellow”   деп  аударған.

Сарыарқа – Қазақстанның  ұлан  байтақ  жеріндегі  толып  жатқан  жер – су аттарының  әрқайсысының  өзіндік  мән – мағынасы,  шығу  тарихы,  көпшілікке  беймәлім  сыр – құпиясы  бар  екені  күмән  тудырмайтын  нәрсе.

«Сарыарқа»  сөзінің  этимологиясы  жөнінде  ғалым  топонимист  Е.Қойшыбаев  та  арнайы  мақала  жазған.  Бұл  географиялық  атаудың «сары»  бөлігін арнайы  қарап ЕҚойшыбаев  «сары аяз»,  «сары қар», «сарыгідір»,  сарытоқым» т.б.  тұлғаларда,  алуан мәнде қолданылатынын  көрсетеді.  «Сары»  сөзі  көптеген  жер – су  аттарының құрамында бар:  Сарыадыр,  Сарыбел,  Сарыбұлақ  т.б.  Е.Қойшыбаевтың  пікірінше  «...  бұл  атаулардағы  сары  сөзінің  арғы  тегі  түркі – монғол  тілдері  тегінен  артып,  орал – алтай  тілдері  негізіндегі  сар  тұлғасына,  яғни  бұл  күнде  өзінің  сол  бұрынғы  географиялық  мәнін  сақтап  келе  жатқан  «кең»  мағыналарындағы  ұғымға  саятын  сөз  болуы  мүмкін».  Сонымен  Е.Қойшыбаевтың  болжауынша  Сарыарқа  сөзі  «кең  жер»,  «жалпақ  үстірт»,  «шексіз  қырқа  деген  тіркестер  мәніндегі  атау.   Яғни  бұл  жерде   не  “Yellow”,   не  бұл  сөзге  синонимдес  “Golden”   деп  аудару  мүмкін  емес.  Бұл  сөзді  транслитерация   немесе  транскрипция  арқылы  аудару  ең  ұтымды  жол  екені  сөзсіз.

Информация о работе Жалқы есімдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері