Жалқы есімдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 21:13, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Ағылшын тiлiндегi жалқы есiмдер аудармасының ерекшеліктерін зерттеу;
Курстық жұмыстың міндеті:
Аудармада жалқы атауларды берудің лингвистикалық ерекшеліктерін зерттеу;
Жалқы есімдердің аудармада берілудің амал–тәсілдерін қарастыру;
Топонимдерді аудару ерекшеліктерін анықтау;
Кісі есімдері, лақап және әлеуметтік дәрежені білдіретін атауларды ағылшын тілінде беру ерекшеліктерін зерттеу;
Ұлттық Зоонимдердің аудармадағы сипатын беру.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 АУДАРМАДАҒЫ ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Аудармада жалқы атауларды берудің лингвистикалық ерекшеліктері........5
1.2 Жалқы есімдердің аудармада берілудің амал – тәсілдері.............................9
2 АҒЫЛШЫН ТIЛIНДЕГI ЖАЛҚЫ ЕСIМДЕРIНIҢ АУДАРМАСЫ
2.1 Топонимдерді аудару ерекшеліктері................................................................13
2.2 Кісі есімдері, лақап және әлеуметтік дәрежені білдіретін атауларды ағылшын тілінде беру ерекшеліктері....................................................................16
2.3 Ұлттық Зоонимдердің аудармадағы сипаты..................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................30

Работа состоит из  1 файл

жалкы.doc

— 212.50 Кб (Скачать документ)

Келесі  сөйлемізді  талдайық:

«Әз Тәуке   күшейіп  келе  жатқан  жоңғар  хандығының  қазақ  еліне  өте  қауіпті  екенін  бірден  түсінді». [2.304] .

“That  was  thanks  to  the  previous  Khan  Tauk  who,  not  without  reason,   was  called  Az – Tauk – Wise  Tauk -  by  the  people”.  [5.192] .

Мысалдардан  көріп  отырғанымыздай  аудармашы   «әз»  сөзін  біріншіден  бастапқы  қалпында  қалтырып,  екіншіден  «wise – ақылды,  данышпан»   деп  аударған.    Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде  «әз»   сөзінің  сипаттамасы:    «ғазиз,   ардақты,  жақсы,   данышпан,   қадірлі»  деп  беріледі,    яғни  аудармашы  бірден  «Wise  Tauk»  деп  аударса  да,  шетел  оқырманына  Тәуке  хан  аса  құрметті,  ақылды,   данышпан,   беделі  зор,   қазақ  тарихының  төрінен  орын  алған  тұлға  екенін  бірден  түсінеді. 

Осы  мысалға  ұқсас  тағы  бір  сөйлемде   айта  кетуге  болады:

«Сұршақыз, - деді  Абылай, - айтырып  қойған  жерің  бар  ма  еді?»  [2.596].

- Sursha – Kyz – Ablai  said  in  a  low  voice.  – “Dark  young  Lady”   were  you  engaged  to  someone?”[5.363].

Бұл  жерде  де   аудармашы   «сұршақыз»   сөзінің  бастапқы  формасын  да,  аударма  тілде аналогын  да  берген.   Абылай  хан  бұл  жерде  қыздың  бет - әлпетіне  қарап  қойған  аты,   сондықтан  да  оны  бірден   “Dark  young  Lady”  деп  аударуға   болар  еді.   Бұл  жерде  тағы  бір  «қыз»   сөзіне  көңіл  аударуға  болады.   Қазақ  және  ағылшын  тілінде  «қыз»   және   «Lady»   сөздерінің  мағыналары  бір – біріне  өте жақын,   екеуі де  әлі «тұрмыс құрмаған,   айттырып  қойған  жері  жоқ»   дегенді білдіреді.   Әрине,   ағылшын тіліне  «қыз» сөзін «girl» деп те  аударуға  болады.  Бірақ та  бұл екі сөздің  арасындағы  айырмашылықты  ескеруіміз  қажет.   Біз   «girl»   сөзін  күнделікті  қарым – қатынаста  қолданамыз,  ал   «Lady»   сөзі  белгілі  бір  салтанатты – ресми  кештерде,   бұл  адамның  айрықша  маңыздылығын  көрсеткісі  келген  кезде  эмоционалды,  экспресивті  реңкі  «girl»  сөзінен  біршама  көбірек  болған  жағдайда  қолданамыз.

Келесі  сөйлемдерге  көңіл  аударайық:

«Бұл  Шыршық  өзені  бойынан  Түркістандағы  нағашысының  үйіне  келіп  жатқан  Сіргелі  руының  «бала  палуан»  атанған  Елшібек  атты  батыр  жігіт  еді». [2.313] .

“There  he  is – yelchibek  whom  you  yourselves  once  named   “Bala – Рaluan” – “Boy – Hercules”.  [5.199].

Аударма  сөйлемде  «палуан»  сөзін  «геркулес»  деп  аударған.  Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі  бойынша   «палуан»   сөзінің  түсіндірмесі – «күреске  түсетін  адам,   күрес  өнерімен  айналасушы».  Ал  С.И.Ожеговтың   сөздігінде  «геркулес»  сөзінің  сипаттамасы  - «человек,  обладающий  громадной  силой  (по  латинскому  названию  Геракла – героя  древне – греческой  мифологии)». 

Өздеріңіз  көріп  тұрғандай  «палуан – геркулес»  болып  аударылуы  мүмкін  емес,  өйткені  «геркулес» - күрес  өнерімен  айналасушы  емес,  олар  тек  қана  дене  бітімдерімен  сәйкес  келуі  мүмкін.   Бұл  жағдай  да  аудармашы  «балуан»  сөзінің  түсіндірмесін  берсе  жақсы  болар  еді.

Қазақ  халқы  өздерінің  болашақ  сәбилеріне  есім  қояр  кезде,  бұл  есімнің  мағынасына  да  қараған.  Келесі  мысалдарда   аудармашы  кісі  есімдерін   траскрипция  арқылы  беріп,  олардың  мағынасы  нені  білдіретіндігін  қысқаша  бір  сөзбен   түсіндіре  кеткен.

«Атым  Құралай,  біліп  тұрып  несіне  сұрайсыз? – Қыз  теріс  бұрылып  кетті». [2.508] .

“ – Why,  you  know  it! – exclaimed  the  maid,  surprised  at  the  handsome  stranger  knowing  her  name,  Kuralai,   which  meant  “gazelle”.  [5.328].

«Казахские  имена»  атты  кітапта  бұл  есімнің  мағынасы  былай  берілген:    «Құралай – в  переводе  с  кзкхского  языка  означает – козлёнок  сайгака,  особенность  у  неё  очень  красивые чёрные  глаза.  В народе  красивые  чёрные  глаза сравнивают   с глазами козлёнка  сайгака.  Поэтому когда девочка рождается черноглазой,  её  могут назвать этим  именем».  Ал,  ағылшын  тіліне  бұл  сөз  «газель»  деген  мағынады  берілген.

Келесі  мысалға  көшейік,  «- Атым  Гәуһар». [2.314].

“ – My  name  is  Gaukhar .  That  means  pearl”.[5.200] .

«Казахские  имена»  атты  кітабында  бұл  есімде  келесі  түрде  сипаттаған.  «гаухар – в  переводе  с  кзкхского  языка  означает –  драгоценный  камень,  жемчуг,  бриллиант,  (алуан түсті,  қымбат,  асыл   тас),  имя показывает  качество  чистоты,  красоты,  ценность».  Аудармашы қысқаша түрде бұл есімнің мағынасын   «pearl – жемчуг» деп берген.

Келесі  мысалға  көңіл  аударсақ,  аудармашы  бұл  қыз  есімінің   түсіндірмесін  бермеген.

«Ағалы –  қарындасты  екі  жас  бір  зиратқа  қатар  жерленді.  Осы  уақытқа  дейін  Түркістанның  күншығыс  жағында  «Құндыз»  төбе  деген  төмпешік  бар». [2.575].

“So  they  were  buried  together,  the  Konrad  beauty  Kunduz  and  her  assassin,  the  young  warrior  Kanybek”.[5.366] .

Жоғарыда  келтірілген  мысалдар  сияқты  бұл  есімдер  бір  тектес  болып  келеді.  «Құндыз»  есімі  қазақ  халқында  ең  әдемі,  мәнді  есімдердің  бірі  болғандықтан,  оның  да  түсірмесін  берсе  артық  болмас  еді.   «Казахские  имена»  атты  кітабында  бұл  есімге  келесі  түсіндірме  беріледі:    «Кундуз – означает – бобер,  нутрия,  норка,  блестящий  красивый,  ценный  мех.   Символизирует  красоту.  Казахи  из  этого  меха  шили  красивые  женские  головные  уборы  «кундыз  борик;  красоту  женщины  сравнивают  с  норкой.  В  казахском  языке  слово  «кундызым»  используется  в  ласкательной  форме».   Әрине,  бүкіл  есімдердің  мағынасын   түсіндіріп,  аудару  қажет  емес,   өйткені  жалқы  есімдер  (кісі  аттары)  транскрипция,   транслитерация  арқылы  беріледі.  Бірақ,   аудармашы  бұл  жерде  қазақ  қыздарының  сұлулығын,  әдемілігін  көрсеткісі  келгені  сөзсіз.

 Келесі  лақап   аттар  калька  тәсілімен   жасалған:

Қаз  дауысты  Қaзыбек – “Kazybek – the  Goose  Voice” (гусь).

Қазыбек  би  Келдібекұлы.

(1659 – 1765жж)

Қазақтың  атақты  биі. Ел  ішінде  Қазыбек  биді  Қаз  дауысты  Қазыбек  деп  атап  кеткен.  Былай  атаудың  себебі,  дау,  жанжал  болған  кезде  Қазыбек  бидің  дауысы  саңқ  етіп,  қатты  шығатын.  Әрине,  біз  «саңқ  етті»  деген  «қазды (гусь)»  көз  алдымызға  елестетеміз.  Бірақ  қазақ  халқы  арасында  қазды  киелі  құс  рктінде  санаған,  сондықтан  «Қаздауысты  Қазыбекті»  түпнұсқа  қалпында  қалдырған жөн.

Қарға  бойлы  Қазтуған – “Rook – Size” (грач)   Kaztugan – Zhirau.

Қазтуған  жырау (XVғ)

Халық  арасында  Қарға  бойлы  Қазтуған  атанып  кеткен.  Қазтуған  жырау  жорық  жылшысы  және  халық  эпосын  жасаушылардың  бірі  саналады.  Артына  қазақтардың  әскери  рухын,  туған  жерін,  халық  өмірі  мен  тұрмысын  суреттейтін  көптеген  өлеңдерден  тұратын  шығармашылық  мол  мұра  қалдырды.

 Асан  Қайғы  – “Asan – Kaigy”,  or Asan  the  Poor  Devil (бедный  дьявол).  Asan  the  Ill - Starred  (родившийся  под несчастливой  звездой).

Асан  Қайғы  Сәбитұлы

(XIV – XVғғ)

Асан  Қайғы  Сәбитұлы  суырып  салма  ақын,  жырау.  Асанқайғы  көшпенді  халық  тұрмысына  жұт,  табиғи  апаттар  көп  нұқсан  келтіретінін  сезеді.  Осыған  орай,  Асанқайғының  жанға  жайлы,  жері  тулы,  суы  мол,  барлық  адамдар  терезесіз  тең  өмір  сүретін  жерұйықты  іздегені  туралы  аңыз  да  елге  кең  тараған.

 «Қаз  дауысты» - “Goose (гусь) Voice”  деп  аудару  орынсыз.   Бұл  жерде   аудармашы  «kaz  dauysty»  деп   транслитерация  арқылы  беріп,   оны  негe  былай атағанына түсіндірме  берсе жақсы болар еді.  Сол сияқты  «Асан Қайғыны» -  the  Poor  Devil (бедный  дьявол)  the  Ill - Starred   (несчастный)  деп деп аудару  орынсыз.   Өйткені бұл   аударманы оқыған  шетел оқырманы  бұл кейпкерді мүлдем  есінен  ауысқан  кісі  деп  елестетуі   мүмкін.  «Асан  Қайғыны - Asan – Kaigy»  «Қарға  бойлы  Қазтуған»  қалпында  аудару  жақсырақ  болар  еді.

Көріп  отырғанымыздай  жалқы  есімдерді  аудару  жеңіл  жұмыс  емес,  аударма  барысында  тәржімашының  ескермей  кеткен  сәттері  әрине  болды,  және  де  бұл  тарихи  көркем  шығарма  болғандықтан  аудармашы  әрбір  детальге  көңіл  аударса  жақсы  болар  еді.  Өйткені  ұлы  билерімізді,  жарауларымызды  «гусьпен»,  «дьяволмен»  салыстыру  мүмкін  емес.     

Енді  «Көшпенділер»  тарихи  трилогиясындағы  әлеуметтік  дәрежені  білдіретін  атаулардың  берілу  жолдарына  тоқталамыз:

Әмір –  emir

Сұлтан –  sultan  (аға – сұлтан – aga - sultan)

Бек –  bek

Би –   biy

Батыр –  batyr

Мырза –  mirza

Жыршы –  zhirchi

Ақын –  akyn

Төре – tyureh

Құшбегі –  kush – begi

Бұл  сөздердің  барлығы  транскрипция  (транслитерация)  арқылы  берілген.   Осы  топқа  жататын  келесі  сөздер    калька,  сипаттама  тәсілдері  арқылы  аударылған    «Нөкер»  сөзі  бірде  “nuker”  болып  берілсе,   бірде  “body – guard - телохранитель”  болып  берілген.    Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде  «нөкер»  сөзі  былай  сипатталады:    «Нөкер – ақсүйектердің  қасына  еріп  жүріп,  қызмет  ететін  шашбауын  көтеретін  қошеметшіл  адамдар».   Ал,   ағылшын тілінің   “body – guard”   сөзі,  тек қана  адам  өміріне жауапты адам .    Бұл сөзді бастапқы  қалпында,    яғни   “ Нөкер - nuker” деп қолданған жөн. 

Келесі  сөзді  аудармашы  бейнелеп  аударған:   «хакімді»  “Khakims”  (head of  a  city – қала  басшысы)  деп түсіндірген.  Бұл ағылшын тілінде сөйлейтін,  қазақ халқының  әлеуметтік  құрылымын білмейтін оқырман үшін,  ең  қысқа,  ең  ұтымды  жол.   Осы топқа жататын сөз «игі  жақсылар»   сипаттама арқылы  аударылған,   “the  best  people  of  the  three  zhozes”    (үш  жүздің  ең  жақсы (беделді)  адамдары).    Қазақ тілінің түсіндірме  сөздігінде   бұл тіркес  былай сипатталған:   «Үстем  таптың  басты адамдары,  бай мен би,   төрелер»,  яғни  бұл аударма өте сәтті шыққан. 

Дәл  осы  тәсілмен  ол  «қoнтайшы»   сөзін  “Oirot  ruler   (басшысы)”  деп  аударған.   Ал  «уәзір»    сөзіне  “vizier”   (ақыл – кеңесші)   деген  аударма  жасаған.  «Тоқал,  Бәйбіше»   сөздерін  “senior  wife,   junior  wife”,  яғни    «ең  үлкен,  ең  кіші  әйел»  деп  аударған.  Әрине,  ол  Бәйбішені  бірінші  әйел  «The  first  wife»  деп  аударуға  болар  еді,  онда  оқырман  бірде  екінші,  үшінші,  алтыншы  әйел  болуына  байланысты  бұлардың  қайсысы  тоқал  екенін  түсінбей  қалуы мүмкін.  Біздіңше,   бұл жол ең  ұтымды,   өйткені реалия  сөздерінің  тым көп болуы шетел тілінде сөйлейтін оқырманын мәтін мазмұнын  түсінуге  қиындықтарға  әкелуі  мүмкін.

Келесі  әскери  терминдерді  аудармашы  транскрипциямен  қатар,  аналогын  табуға  тырысқан:

Онбасы –  onbasy

Жүзбасы –  lieutenant  (zhuzbasy)

Мыңбасы –   mynbasy

Ноян – noyon

Қолбасшы –  commander – in – chief.

Терминдік  атауларды  ұлттық  ұғымға  бірдейлестіру,  терминдердің  ұлттық  колоритін  көрсету  бағыты  әскери  терминдердің  қазақшалануынан  да  көрінеді.  Зиялы  қауым  өкілдері – ақын  М.Әлімбаев,  жазушы  Қ.Исабаев,  әскери  қызметкер  К.Құттыбаев  интернационалдық   әскери  терминдерге  төмендегідей  қазақша  баламалар  ұсынған:

Қолбасшы –  маршал,   жүзбасы – капитан,  елубасы – лейтенант,  түмен – армия,   жүздік – рота  және  т.б.   Бұлар – ұсыныс  жобалар,  ұсыныстардың  айтылуына  негізгі  себеп – ұлттық  ойсанаға  бірделейстіру.  Ал  айтылған  терминдердің  ұғымдық  көлемі  түсініктің  дефинициясын  толық қамти ала ма,  жоқ па,  қазақ этномәдениетіндегі  терминнің семантикалық  құрылымы  өзге  тілдік  аталымның семантикалық  құрылымына  теңбе – тең түсе  ме,  жоқ па,  - өз  алдына  жеке  мәселе.  Сондықтан да  аталмыш романдағы   әскери – терминдік сөздер  бастапқы   қалпында  берілсе жақсы болар еді. 

 

 

2.3  Ұлттық  Зоонимдердің  аудармадағы  сипаты

 

Дүние  жүзінде  алты  мыңнан  астам  ұлт  бар  десек,  сол  ұлттың  әрқайсысының  өзіне  тән,  өзге  халыққа  ұқсамайтын,  ұлттық  дүние  танымы,  әдет – ғұрпы  наным – сенімі,  салт – дәстүрі  мәдениеті  бар.  Адам  баласы  осы  ерекшеліктерімен  айшақталады.  Сол   ерекшеліктердің  бірі – қазақ  халқының  әлеуметтік  өміріндегі  төрт  түлік  мал,  оның  ішінде  жалқы  атауының  символдық  мәні,  оған  байланысты  қалыптасқан  терминдер  мен  географиялық  атаулар.

Қазақ  әлеуметтік  дәрежесінің  толықтығын,  төрт  құбыласы  түгелдігін,  аман – есендігін  көрсету  үшін  «мал – жан  аман  ба?» - деп  бастайды.  Төрт  түлік  малды  бірінші  атайды,  олар:  жылқы,  түйе,  қой,  сиыр.  Төрт  түлік қазақтың  тіршілігі мен тұрмысының  тірегі.  Сондықтан да  Қаз дауысты Қазыбек би:  «Біз,  қазақ деген мал баққан  елміз,  бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан  елміз» - дейді.

Қазақ  халқы  шын  мәнінде  кең  байтақ  далада  көшіп – қонып  жүріп,  өмірін  ат  үстінде  өткізді.  «Жылқыдан  таза,  киелі,  қасиетті  жануар  жоқ»  деп  түсінген  қазақтың  атқа  мінгенде  делебесі  қозып,  домбыра  ұстағанда  шабыттанған.  Осыдан  болса  керек,  төрт  түлік иерархиясында жылқы малы  алғашқы орын  алады,  қалғандары  адам  баласына  қызмет  етеді.  Ал  адам  баласы  болса жылқы алдында бас иіп қызмет  көрсеткен.  Өйткені ол   «Тәңірдің тірі  бейнесі,  Оның   нұры  ғарыштың  жоғары  бөлігі,  қалғандары  жердікі»  деп  түсінген.  Сол  себепті  ол  қазақ  мәдениетінде  адамның  ақылшы  досы,  сырлас  серігі  ретінде  ерекше  орын  алады.

Ж.К.Каракузова,  М.Ш.Хасанов  қазақтың  ертеден  бері  келе  жатқан  мал  шаруашылығы  туралы  мынадай  түсінік береді:  «Үш әлем – олар  малдың  үш  түрі  болып табылады  және  әрқайсысы белгілі бір әлемге  қатысты. Жылқы – жоғарғы әлем,  қой – материалдық әлем,  яғни  жер,  сиыр – о дүние,  өлілер  әлемін  білдіреді. Ал  түйе – бұлардың  барлығын  жинақтап  байланыстырып тұрған  төртінші  бірлік,  ғарыштың  символы [16,32].

Информация о работе Жалқы есімдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері