Жалқы есімдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 21:13, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Ағылшын тiлiндегi жалқы есiмдер аудармасының ерекшеліктерін зерттеу;
Курстық жұмыстың міндеті:
Аудармада жалқы атауларды берудің лингвистикалық ерекшеліктерін зерттеу;
Жалқы есімдердің аудармада берілудің амал–тәсілдерін қарастыру;
Топонимдерді аудару ерекшеліктерін анықтау;
Кісі есімдері, лақап және әлеуметтік дәрежені білдіретін атауларды ағылшын тілінде беру ерекшеліктерін зерттеу;
Ұлттық Зоонимдердің аудармадағы сипатын беру.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 АУДАРМАДАҒЫ ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Аудармада жалқы атауларды берудің лингвистикалық ерекшеліктері........5
1.2 Жалқы есімдердің аудармада берілудің амал – тәсілдері.............................9
2 АҒЫЛШЫН ТIЛIНДЕГI ЖАЛҚЫ ЕСIМДЕРIНIҢ АУДАРМАСЫ
2.1 Топонимдерді аудару ерекшеліктері................................................................13
2.2 Кісі есімдері, лақап және әлеуметтік дәрежені білдіретін атауларды ағылшын тілінде беру ерекшеліктері....................................................................16
2.3 Ұлттық Зоонимдердің аудармадағы сипаты..................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................30

Работа состоит из  1 файл

жалкы.doc

— 212.50 Кб (Скачать документ)

Келесі  талдайтын  сөзіміз  – «Дәшті  Қыпшақ».

Дәшті  Қыпшақ  жері  тарихи  маңыздылығы  зор  болғандықтан,  біз  бұл  жердің  трилогия  бойында  кездесу  жиілігін  ескере  кетуін  жөн  көрдік.  «Көшпенділер»  тарихи  трилогиясында  бұл  атау  136  рет  кездесіп,  ал  ағылшын   тіліне  тәржімаланған  аудармасында  97  рет  кездесіп,  бұл  сөзге  сільеме,  яғни  трүсіндірме берілгенін  төмендегі мысалдан  көріп отырсыз. 

«Ал  Әбілқайыр  бауыр  басып  қалған  Дәшті  Қыпшаққа  ешкімді  ортақ  етпек  емес».  [1.15].

“No,  he  could  not  allow  them  to  do  that  since  Desht – and – Kipchak   was  the  basis  of  everything”.   [4.13].

Аудармашы  бұл  топонимді  транслитерация  тәсілі  арқылы  аударған  және  ағылшын  оқырманына  бұл  қандай  жер  екенін  түсіндіру  үшін  сол  беттің  соңында  төменгідей  түсіндірме  берген.

“Desht – and – Kipchak – name  of   a  territory  in  modern  Kazakhstan,  South  Russia  and  Siberia,   literally – “land  of  Kipchaks” – «қыпшақтар  жері».   Аудармашының  мұндай  түсіндірме  беруі  өте  орынды.

Тағы  бір  сөз  «Ұлытау,  Ақкөл».

«Ұлы  асқа  бүкіл  Дәшті  Қыпшақ  пен  Мауренахрдың  бек,  сұлтандары  тегіс  келетінін  білген  хан,  асты  кең  жайлауда – Ұлытаудың  күн – батыс  жағындағы  Аққөл   жағасында  өткізбек  болды». [1.46].

“This  is  why  khan  Abulkhair  decided  to  invite  his  guests  to  the  shore  of  Lake  Akkol,   west  of  the  Ulutau  Mountains”. [4.32] . 

Жоғарыдағы  мысалдардан  көріп  отырғанымыздай,   аудармашы  географиялық  атауларға  қоса  «Lake – көл»,   «Mountains – тау»  сөздерін  қосқан.  Әрине,  әрбір шетел оқырманы  Қазақстан жерінде  өзен,  көл,  тау  атауларын  біле бермейтіндіктен,  “lake,  hills,  river,  sea – яғни  көл,  өзен,  тау  т.б»   деген  анықтауыш  сөздерін  қою  ең  ұтымды  жолы  деп  санаймын.  Аудармашы  тек  Ұлытау,  Ақкөл  атауларымен  ған  “lake,  sea,  etc”  сөздерін  қолданбаған.   Оны  келесі  мысалдар  арқылы  көруге  болады.

«Жолда  бір  жарым  айдай  жүріп,  Телікөлге   кеп  шатырын  тіккенде,   Арқадан  жеткен  жауынгерлерден  көз  тұнатын  еді!»[2.505].

“Black  and  white  yurts  were  promptly  pitched,  sentries  posted,  and  Ablai  galloped  with  his  crack  force  to   Lake  Telikol”.  [5.326] .

“…,   lying  in  wait  on  the  lake  Alakul  near  the   River  Turgai”. [6.549] . 

“Kenesary  demanded  that  Kazakhs,    located  on  banks  of  the  Rivers  Turgai,   Yrgiz,  Syrdarya,  Sarysu  and  Ili  and  near  numerous  steppe  lakes  should  be  obligatory  involved  in  farming”. [6.538] .

Осы  сөздер  арқылы  ағылшын  оқырманы  Телікөл  көл  екенін,  Торғай  өзен  екенін  біледі.  Ал,  өзен,  көл,  тау  атауларын  біршама  көп  бөлігі  транскрипция,  транслитерация  көмегімен   тәржімаланған  кезде  олалдың  дыбысталуының фонетикалық  заңдылықтары  бұзылмай  берілген.   Ал,  кейбір  сөйлемдерге   көңіл  аударсақ  тәржімашы  бір  атауды  анықтау  үшін   “lake – көл”,    “sea - теңіз”  қосарлата  қолданған.  Оны  келесі  мысалдан  көре  аламыз.

“At  a  distance  of  five  mounted   marches  from  the  place  where  the  Chu  makes  it  final  turn  to  the  west  the  Blue  Sea,  or  Lake  Balkhash,  is  with  five  large  rivers  Falling  into  it”.[4.125]  .

Яғни  аудармашы  «Балқаш  көлі»  немесе  «Көкше  теңізі»  деп   тәржімалаған.  Мұндай аударма ағылшын тілінде сөйлейтін оқырмандарды  бұл не  көл,  не  теңіз екенін  айыра алмауы  тиіс,   өйткені кей кезде аудармашы ол  екі сөзді   қосарлата жазбай,  бөлекте қолданады.  Қазақ жеріндегі бүкіл көл,   теңіздері білмейтін оқырман  Балқаш  көлі  мен  Көкше  теңіз  екі  түрлі  нәрсе  деп  ойлауы  айдай  анық.   Сондықтан  бұл  атауды    «Lake  Balkhash»   түрінде  қалдырсақ  дұрыс  болар  еді.

Енді  келесі  сөйлемдерге  көңіл  аударайық.

«Жоңғар  мен  қалмақты  бір  санайтын  қазақ  «қара  сиырды»  енді  «Қалмаққырылған»  деп   атады». [2.378] .

“The  battle  was  fought  in  the  interfluve  of  the  Bulanta  and  Bulenta  rivers  Flowing  into  the  Sarysu  River,  and  this  spot  is  still  known  as  Kalmakkyrgan,  “Place of  Dzungars’ Death”.  [4.250].

Аудармашы бұл  тәржімада  аудармашы  транскрипциямен  қатар  калька арқылы  қолданған.  Ол  алдымен  аталмыш  сөзді  өзгеріссіз  тәржімалап,  кейін  ағылшын  тіліне  баламасын  тауып  сипаттап  аударған.  Біздің ойымызша, аудармашының  осы әдісті  қолданғаны  өте дұрыс,  өйткені шетел оқырманы  бұл жердің  атауын  қазақ тілінде қалай дыбысталатынын  біліп қана  қоймай,   оның  ағылшын тіліндегі мағынасын түсінеді.  Әрине,  аудармашы әрбір географиялақ  атауға  жеке – жеке  тоқтамаған,   жоғарыдағы  сөйлемнен көрініп тұрғандай,  бұл   жер атауы белнгілі  бір тарихи  оқиғаға байланысты  екені белгілі.  Сондықтан калька  тәсілі  ең  ұтымды  жол.   Бұл,  әрине,  тұрақты түрдегі,  бір қалыпты үрдіс емес,   мұндайда  ретіне  қарай аудару да,  транскрипция  да  қатар қолданыла береді.

 Осы  сияқты  тағы  бірнеше мысалдар  көре  аламыз.   «Осы   «Жасауыл қырғыны»   деп аталатын  уақиғадан кейін кенесары  желтоқсанның  басында сарбаздарын өзі басқарып  келіп   жаппас  руын  шапты». [3.300].

“A  new  name  appeared  in  the  steppe,  Zhasaul  Kyrgyny,  better  known  as   Death  Place  of  Cossack  Captains,  and  a  new  burial  hill,  Bautabyn  Banyzy – the  only  remainders  of  those  tragic  events”. [6.550] .

Жоғарыда  айтылғандай  бұл  жерлер  тарихи  оқиғаларға  байланысты  аталған,   және  де  қазіргі  таңда  олардың    көбі   бұл  атулармен  аталмайды.  Осы  сөлемдерге  ұқсас  тағы  бір  мысал  алсақ,  бұл  сөйлемде  О.Чоракаев  бірден  калька  тәсілін  қолданған.

«- Церен – Доржи  қасындағы  жігіттерімен  бүгін  түнде  Қанды  жартас   тұсында  ажал  табулары  керек».   [2.427].

“-Death  awaits  him  at  Red  Rock”.  [5.285].

Мысалдардан көріп отырғанымыздай «Қанды жартас – Red  Rock» ағылшын тілінің «red»-сөзінің ең бастапқы, түсінікті, жиі қолданылатын мағынасы қызыл түсті білдіреді.  Бұл  жерде  «қанды  сөіpің  тура баламасы  «bloody»  сөзін  қолданса  жақсырақ  болар  еді.  Өйткені  «қанды» - «қан  төгілген  жер»  қан  араласқан  мағынасында,  ал  ағылшын  «bloody»  сөзі  ағылшын  тілінің  түсіндірме  сөздігі  бойынша  «covered  in  blood» - «қанмен  жабылған»  мағынасында.

Осы  сөйлемдерге  тектес  тағы  бір  сөйлемді  талдайық.

«Әулие  шыңының»  басындағы  Пішпектің  күшбегі  Алішер  датқа  мен Орман  манапты  өңімдей   анық  көріп  тұрмын. [3.304] .

“And  Pishpek  Kush – Begi  Alisher – datka  backing  the  manap  was  waiting  at  the  top  of  the  Kekli’s  Auli – Shyni  peak  or  the  peak  of  the  Saint,  they  all  shaking  their fists  at  me  and  pointing  at  a  still  higher  mountain”. [3.552] .

Түпнұсқа  және  аударма  сөйлемдерінен  көріп  отырғанымыздай  аудармашы  «әулие»  сөзін  «Saint»  деп  аударғаны  өте  сәтті.  Өйткені,  қазақ  тілінде  де,  ағылшын  тілінде  де  «әулие»,  «Saint»  сөздерінің  мағыналары  өте  жақын, қасиетті мағынасымен сәйкес.  Мәселен,  ағылшын,  қазақ  тіліндерінде  бұл  сөздердің  мағыналары  діни  наным  бойынша  адам  тағдырына  ықпал  жасай  алатын,   «қасиетті,   киелі  жан».  Жоғарыдағы  мысалдардан  көріп  отырғанымыздай   трилогия  бойында  кездесетін  географиялық   атауларды  аудармашы  аударма  барысында  транскрипция,   транслитерация,   калька  тәсілдерін  ұтымды  пайдалануға  тырысқан.

 

2.2 Кісі  есімдері, лақап    және  әлеуметтік  дәрежені  білдіретін  атауларды  ағылшын  тілінде  беру  ерекшеліктері

 

Келесі  қарастырылатын мағыналық  топ  құрамына  трилогияда  кездесетін  жалқы  атаулардың  үлкен  бір  қабатын  құрайтын  адам  атаулары,   антропонимдерді  талдаймыз.

Жалқы  есімдердің,  тарихқа,  мәдениетке,  гографияға  байланысты  атаулардың  ең  жиі  қолданылатын  саласы – ақпаратты  арнаулы  әдебиет.  Алайда  бұл  тармақтағы  жалқы  есімдерге  стильдік  қызмет  тән  емес,  олардың  міндеті – ақпараттың,  мәліметтің  дәлме – дәл,  шындыққа  сай,  түсінікке  кедергісіз  түрде  жеткізілуіне  ықпал  ету.  Сондықтан  да  қазақ  тіліне  аударылған  және  аударылатын  ақпаратты  арнаулы  әдебиетке  жалқы  есімдерді  негізінен  түпнұсқа  қалпында  беру – норма.  Осыған  орай  аталмыш  романда  кісі  аттары  барлығы  дерлік  транслитерация,  транскрипция  көмегімен  тәржімаланған  кезде  әріптердің  фонетикалық  заңдылықтары  бұзбауға  тырысқан.   Төмендегі  мысалдардан  оның  дәлелін  көре  аламыз:

«Шыңғысханның  төрт  ұлы  болған: Жошы, Жағатай, Үгедей,Төле».  [1.7]

“Genghiz  Khan  had  four  sons:  Jutchi,   Jagatai,  Ugedei,  Tuleh”.[4.9]

 «Бабасы   Шыңғысхан  бүкіл  әлемді  осы  ажал  арқылы  бағындырмақ   болған  жоқ  па  еді?»[1.6]. 

“Was  it  not  your  forebearer  Genghiz(Chingis)  Khan  who  unsheathed  it  to  vanquish  the  world?” [4.8].

«Әбілқайыр   ернін  жыбырлатып  оқи  бастады».  (1,6). 

“Abul  khaуr’s  lips  moved”. [4.8] .

Яғни  аудармашы  «Әбілқайыр»  есімін  екіге  бөліп  жазған, - «Әбіл – Abul»,  және  «Қайыр – khaуr».  Бұл есімде  осындай үлгіде  жазу  шетел оқырманына  қазақ тарихынан қосымша ақпарат беріп тұрғандай көрінеді,  өйткені оқырман Қазақстан тарихында бір тарихи  кезеңде екі Әбілқайыр өмір  сүрді деген ойға  итермелейді.

Тарихи  тұлғалардың  лақап  аттары  жалқы  есіммен  бірдей  болмайтындықтан,  оларды  көбінесе  калька  тәсілі  арқылы  аударып  береді.  Бірақ,  аталмыш  романда  автор  «Ақсақ  Темірді»:

«... Ақсақ  Темір  көргенмен  алысып  өткен  Орыс  ханның  кезінен – ақ  бауыр  басты».  [1.12].

“… Khan  Urus  measured  swords  with  Lame  Timur  himself”.  [4.11].

“In  the  palace  where  Tamerlane  had  held  court  in  his  day …”. [4.256] (book  1,  page  256).

“Too  vast  was  the  territory  the  Iron  Lame  crushed  down once”.

Мысалдардан  көріп  отырғанымыздай   автор  бірде  «Lame  Timur»  деп  калька,   транскрипция  арқылы  аударса,  бірде  «Iron  Lame»,  яғни   лақаптан  басқа  жалқы  есімді  қоса  «темір – Iron»  деп  аударған,  ал  кейбір  жерде  «Темірлан – Tamerlan»  деп  берген.  Жоғарыда  айтылғандай  бір  лақап  екі  бөліктен  тұруы  әбден  мүмкін,  сондықтан  аудармашы  мұны  ескеру  тиіс  еді.  Өйткені  кісі  есімдері  аударылмайды,  аударылған  жағдайда  олар  ұлттық  калоритін  жоғалтып,  қазіргі  таңда  бәріміз  бір  тілде  Бақыт,  Құндыз,  Мақсат,  Темір  болсақ,  келесі  тілде:  Happiness,  Mink,  Aim,  Iron,  болушы  едік.Осы  берілген  нұсқалардың  ең  сәттісі  “Timur  the  Lame”  деп   санаймын.

Келесі  талдайтын  сөзіміз  «Шыңғысхан - әлем  әміршісі,  Бар әлемді  тітіретуші».

«Шыңғысхынның  жер – жиһанға  аты  жаңа  тарап,  қырықтан  асып  бара  жатқан  кезі  екен...». [1.90] .

“The  Shaker  of  the  Universe”    had  already  been  over  forty  and  by  the  time  he  had  begun  to  justify  his  famous  nickname”. [4.57] .

“And  what  did  the  “Conqueror  of  the  Universe”  do  then?” [4.97] .

Сөйлемдерден  көріп  отырғанымыздай,  аудармашы  «Шыңғысхан»  есімінің  орнына  бірден  оның  сол  кездегі  ел  арасында  айтылатын  яғни,    ағылшын  тілінде  сөйлейтін  оқырман,  Шыңғысхан  жайлы  әңгіме  болып  жатқанын  бірден  түсінеді,  өйткені  тәржімашы  басынан – ақ  «әлем  әміршісіне»  сипаттама  беріп  кеткені  анық.  «Бар  әлемді  тітіретуші – The  Shaker  of  the  Universe» - деген  сөйлемдер  бір – біріне  өте  жақсы  аударма,  ал  «әлем  әміршісі – The  Conqueror  of  the  Universe  (яғни  барша  әлемді  жаулап  алушы)»  деген  балама  сәтті  бола  тұра,  мен,  бұл  сөз  тіркесін  аударудың  бір  нұсқасын  ұсынуға  болар  еді.   «Әлем  әміршісі – The  ruler  of  the  Universe»,  өйткені  «ruler» - сөзі  - «әмірші»  сөзінің  тура  аналогы  болып  табылады.  Бірақ,  қазақ  жерінің  тарихын  жақсы  менгермеген  шетел  азаматы  үшін  «conqueror – жаулап  алушы»  сөзі  қосымша  көп  мағына  беретіне  сөзсіз.  Бәріміз білетіндей  Шыңғысхан барлық  жtрлерді  өз  қол астына  күшпен  енгізген.  Осы «conqueror» сөзі  арқылы  аудармашы конкретизация   (нақтыландыру)  әдісін  қолданып  тұрғаны айдай анық.

Енді,  келесі  мысалдарға  көңіл  аударатын  болсақ,  аудармашы лақап аттарды калька  тәсілі  арқылы  аударып,  лақап ат  иесінің есімін  фонетикалық жағынан қалыпқа келтіріп  аударған.  Төмендегі сөйлемдер арқылы  біз аудармашының  шетел тілінде сөйлейтін оқырманға бұл сөздердің   мағынасын  жеткізудің  ең  ұтымды  жолы.

«Әлгі  ақ  көз  жебірейлі мен  маңқа  Әлексалдысы   көзге  түспеді  ме?» [3.37] .

“Has  anybody  seen  Dzhebrail,  the  white – Eyed  or  Aleksaldy,  the  Snuffling  Man?”  [6.399] .

«Осы  күннен  бастап  «Жалғыз  көз»  батыр  кедей  жұрттың  қорғаны  деген  лақап  бүкіл  Дешті  Қыпшаққа  тарады». [1.184] .

“The  famous  nameless  warrior  nicknamed  “One – Eуed”   and   forty  horsemen  had  stolen  a  great  number  of  argamaks  belonging  to  merchant  Mukhammed – Hakim  al – Tarazi”.  [4.123].

«- Дұрыс  айтты  Арғын  би,  - деді,  ел  арасында,   «бес  құлаш»   деп  аталатын  еңгезердей,  қошқыл  өңді  Қарақожа  батыр – анадан  ер  болып  жалғыз  қыпшақ  тұрған  жоқ,  батырлыққа,  ерлікке  бәріміз  ортақпыз». [1.109] .

“… of  the  representatives  of   the  Kreikin  Kara – Hoja – Batyr  was  the  oldest.  For  his  large  stature  he  was  nicknamed  “Five  Girdles”. [4.73].

Бұл  жерде  «ақ  көз – white – eyed»,  «жалғыз  көз – one – eyed»,   «бес  құлаш – five  girdles»   деп  қазақ  тіліндегі  сөздердің  ағылшын  тіліндегі  аналогын  берген.  Ал,  «маңқаны» - «The  snuffling  man»   «мұрнынан  сөйлейтін  адам»   деп  бейнелеп  аударған.  Әрине,  бейнелеп  аудару  ағылшын  тілінде  баламасы  жоқ  сөздер  үшін  кеңінен  қолданылатыны  баршамызға  мәлім,  бірақ  ағылшын  тілінде  сөйлейтін  оқырман  бұл  қандай  адам  екенін  көз  алдына  елестете  алады.  Сонымен  қатар  аудармашы  «маңқа»  сөзінің  экспрессивтік  реңкін  жеткізе  алмаған,  өйткені  «маңқа»  сөзін  қазақ  халқы  арасында  бір  адам  өзінен  жасын  кішірейтіп,  менсінбей,  жіркеніш  білдірген  кезде  жиі  қолданылады.

Ал  келесі  мысалдарға  көңіл  аударсақ  түпнұсқадағы  сөз  аударма  мәтініне  екі  түрлі,   екі  мағыналы  болып  аударылған.

«Қанішер  Абылайдың   баласы  Уәлиден Әбілмансұр  деген ұл  туып,  ол  он  сегіз жасында «Абылайлап!» жауға шауып,  қанішер атасының  атын  әлемге  жаятынын  білмеді». [2.310] .

“At  eighteen,   Abulmansur,  the  grandson  of  Ablai  fathered  by  Valy,  lead  the  Kazakh  army  in  one  of  the  battles  with  the  Dzungars  shouting  “Ablai” and  he  was  given  name  of  his  bloodthirsty  grandfather  after  that”.[5.196] .

«Ал  әзірге  атасы   «Қанішер»  Абылай   қанқұмарлы  құлқыменен  Түркістан  маңын  шошытумен  болды». [2.310] .

“Even  the  closest  people  to  him  called  him  “Bloody  Ablai”. [5.196].

Аудармашы  «қанішер»  сөзін  бірде  «bloodthirsty – қақұмар»,  бірде «bloody – қанды,   қанға толы»   деп тәржімалаған.  Бұл екі сөздің  «қанішер»   сөзіне  «bloodthirsty»   сөзі  мағынасы  жағынан  ең  жақын  болып  келетіні  анық  көрініп  тұр.  Және  де  бұл  екі  аударма   қатар  қолдану  ағылшын  тілінде  сөйлейтін  оқырманға  қазақ  тарихында  бір  мезгілде  «қанды – bloodу»   және  «қанішер – bloodthirsty»   Абылай  болған  деген  жалған  ойға  кезіктіруі  мүмкін.

Информация о работе Жалқы есімдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері