Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 21:13, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: Ағылшын тiлiндегi жалқы есiмдер аудармасының ерекшеліктерін зерттеу;
Курстық жұмыстың міндеті:
Аудармада жалқы атауларды берудің лингвистикалық ерекшеліктерін зерттеу;
Жалқы есімдердің аудармада берілудің амал–тәсілдерін қарастыру;
Топонимдерді аудару ерекшеліктерін анықтау;
Кісі есімдері, лақап және әлеуметтік дәрежені білдіретін атауларды ағылшын тілінде беру ерекшеліктерін зерттеу;
Ұлттық Зоонимдердің аудармадағы сипатын беру.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 АУДАРМАДАҒЫ ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Аудармада жалқы атауларды берудің лингвистикалық ерекшеліктері........5
1.2 Жалқы есімдердің аудармада берілудің амал – тәсілдері.............................9
2 АҒЫЛШЫН ТIЛIНДЕГI ЖАЛҚЫ ЕСIМДЕРIНIҢ АУДАРМАСЫ
2.1 Топонимдерді аудару ерекшеліктері................................................................13
2.2 Кісі есімдері, лақап және әлеуметтік дәрежені білдіретін атауларды ағылшын тілінде беру ерекшеліктері....................................................................16
2.3 Ұлттық Зоонимдердің аудармадағы сипаты..................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................30
Қазақта төрт түлікті жеке – жеке түйе, жылқы, қой, ешкі, сиыр малы деп атады. Әрі бұлардың сақтаушы иесі бар деп ұғып, оларды, Oйсылқара, Қамбар ата, Жылқышы ата, Шопан ата, Шешек ата, Зеңгі баба деген. Қазақ халқы әсіресе жылқыны ерекше құрметтеген. Бұл, әрине түсінікті де, өйткені жылқы малы олардың мінсе көлігі, сүті сусын, еті дәмді тағамы болды. Жаугершілік заманда ер – жүрек батырлар сәйгүлік мініп елін, жерін басқыншы жаулардан қорғады. «Ат адамның қанаты», «алып анадан туады, ат биеден туады», - деп дәріптеді. Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясы қазақ халқының өмірін тариғи оқиғалар мен өзгерістер тұрғысынан сипаттауды мақсат еткенін ескерсек мал, үй жануарларының атауларынан жылқы малына “ер қанаты –ой” атауына аса көңіл бөлгенді жөн көрдік. Трилогияда кездесетін жылқы малына қойылатын атаулардың басым көпшілігі түсіне байланысты екені байқалады. Мұндай атаулар бір сөзден де (Сары, Боз, Ала т.б.), екі немесе үш сөзден де (Ақжамбас, Ақауыз т.б.) жасалып отырған.
Аталмыш романда зоонимдердің атауының біразы ақ түске байланысты. Ақ түске байланысты болуының – ақ өзіндік маңыздылығы бар. Өйткені, «ақ сақалды аталарымыз, ақ жаулықты апаларымыз, ақ тілек, ақ бата, ақ ниет, ақ айран» тіркестерінде бұл түсті қолданады, бұл тіркестердің мағынасы «кіршіксіз, таза», сөздерімен мазмұндас келеді. Оны келесі мысалдардан көре аламыз.
«Маңдайына басқан жалғыз аты Ақбақайын бәйгеге қоспақ болатын». [1.71] .
“He wanted his stallion Akbakai, or “White – Legged”, to take part in the coming horse – race and won a prize”. [4.44] .
«Батырдың денелігі соншалық, биіктігі кіші – гірім түйедей, атақты Ақлағына мінгенде, есекке мінген өзбектей, тізесі атының қолтық тұсына соғып тұрады». [3.65].
“His kin’s sing was the half – moon and when he galloped his charger Akylak (White Lamb) with his war cry “Zholdybai!”. [6.423].
Бұл сөйлемдерден көріп отырғанымыздай аудармашы сәйгүліктер атауларын транскрипциялай берілген тәсілін қоса, калька арқылы қолданылған. Бұл тәсілдермен аудару шетел оқырманы үшін өте қолайлы, өйткені ол жылқы атауы оның түсіне байланысты қойылғанын бірден түсінеді. Ал, келесі мысалдарға көңіл аударсақ, мұнда тәржімашы тек транскрипцияны қолданған:
«құдайдың жазғаны осы болса оны да көрейін» деп шідерімен оттап жүрген Ақжанбасын алдырған». [1.99] .
“Let’s see what God has in store for me!’ He muttered and ordered the horseman to bring his nobbled horse Akzhanbas to him”. [4.64].
«Наурызбай Николай Губин әкелген Ақауыз жүйрігіне мініп үлгерді».[3.300] .
“The naked warrior ran out of the yurt and got onto his horse, Akauz, brought to the yourt by Nikolai Gubin”.[6.550] .
Біздіңше, аудармашы бұл атауларды да калька немесе сипаттама арқылы адарса жақсы болар еді. Ол жағдайда «Ақауыз – White mouth», «Ақжамбас – White hintquarters» қалпында қолданушы еді.
Келесі келтіретін мысалда сәйгүлік атауы көк түске байланысты қойылған, бірақ аударма мәтініне тек транслитерация арқылы берілген.
« - Тарланкөк тым асау екен, бие сауымдай мезгіл шаптым».[1.38] .
“As it turns out Tarlankok is not a very obedient horse, - he said obviously proud with his wards”. [4.25] .
Көптеген атаулар жылқының мінез – құлқына, жүріс – тұрысына байланысты қойылады. Келесі сөйлемді аудармашы калька және транскрипцияны бірге қолданып, бұл атау неге байланысты қойылғанын ағылшын тілінде сөйлейтін оқырманға жақсы жеткізген.
«Дәл осы кезде алаңдағы жалғыз ашада байлаулы тұрған Қабанбайдың аты шулы «Көкдауыл» атанған атын жетелеп, қаратаудың сусар бөркін киген сұңғақ бойлы, бота көз аққұба бойжеткен алдынан көлденең тарта берді». [5.314] .
“It’s a tradition, our warrior, she said and without reply, took the reign of the famous battle horse which had the nickname “Kok – Daul” – “Blue Storm””. [5.200].
Кейбір атаулар дене мүшелеріне де байланысты қойылған. Мысалы:
«Бұның астында аты шулы, «Киік – аяқ» атанған ақбоз жүйрік. [1.20]. “Being the dauther of a warrior from the nomadic Kerei clan she looked regal astride a milky – white mount nick – named Kihikayak which means “Deer’s Legs”. [4.17] .
Аударма сөйлемде аударманы транскрипцияны қолданып, кейін сол атауға сипаттама берген.
Жоғарыда айтылғандай арғымақтың атауы оның мінез – құлқына да байланысты болады. Келесі сөйлемдерге көңіл аударайық:
«Әсіресе, ортада келе жатқан, бүкіл Дәшті қыпшақ жеріне әйгілі, «Ортеке» деп ат қойылған сәйгүлік мінген жас әйел таңғажайып салтанатымен анадайдан – ақ көздің жауын алады». [1.19].
“One of them who was dressed better than the rest and sitting astride a golden akhaltekin horse whose name Ortek meaning “The Dancing Ibex”, was known all over the steppe was attracting the attention of everyone”. [4.16]. Өздеріңіз көріп отырғандай аудармашы «Ортеке» сөзіне ағылшын тілінде қысқаша түсіндірме беріп кеткен. Қазақ тілінің түсіндірме сөдігі бойынша «Ортеке» сөзі – «арнайы тетіктен, күй ырғағымен бірге тербелетін, ағаштан жасалған тау теке бейнесі», яғни ағылшын тілінде “The Dancing Ibex” (билеп тұрған теке) деген мағынасын берген.
Жылқы малына қойылатын есімдер көптеген қазақ шығармаларында кездеседі, бұл шығармаларды аударған тәржімашылар лақап аттардың шетел халқы бітіміне сәйкес, басқа ел ұғымында қолданылатын баламаларын қолданады. Жоғарыда келтірілген мысалдардан көріп отырған-дарыңыздай аудармашы зоонимдерді аудару барысында транслитерация тәсілімен қоса калька әдісін де ұтымды пайдалануға тырысқан.
Қорытынды
Түпнұсқаның ұлттық-мәдени сипатын Көрсететін тілдік құралдардың бірі – жалқы есімдер: жер су атаулары, кісі есімдері, лақапттар. Олар қоғам өмірімен тікелей байланыста болғандықтан, Ұлттық ерекшеліктеріміздің негізгі көрсеткіші болып табылады.
Еңбегіміздің басты мақсаты жалқы есімдердің ағылшын тіліндегі аудармасында берулі жолдарына талдау жүргізу. Қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен байланысты болғандықтан, оны ауылымыз алшақ орналасқан оқырманға түпнұсқаға неғұрлым жақын таныстыру оңай жұмыс емес, Есіміздегі атаулар ешқашан да кездейсоқ қойыла салмаған.
Аударма біздің ана тіліміздің өткірлігін, икемділігін, үйлесімділігін, бейнелеу қабылетін арттырады. Аударма біздің ана тіліміздің сөздік қорын байытты. Аударма біздің өзіміздің жалпы дүние тану өрісімізді ұлғайтты.
Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілінің бүкіл қазынасы аударылып – төңкеріліп отырады. Соның арқасында тіл қазынасының қалтарыстарындағы не бір байырғы сөздер, кейде, тіпті, ұмытылып бара жатқан атулар да жазу, сөйлеу қызметіне жегіледі де әдеби тілдің тұлғасы болып шыға келеді.
Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы тілдік қорымыздағы бар сөздер мағына жағынан сараланып, ұғымдық шектері айырыла түседі.
Аудару үстінде түпнұсқада берілген ойды дәл жеткізу үшін тілдік құралдардың түр – түрін іздеуге, таңдап, табуға тура келеді. Бұл – аударманың шығармашылық сипаты бар еңбек екенін көрсетеді. Шығармашылдық сипат көркем аудармаға ғана тән емес, сол сияқты аударма қоғамдық – саяси, публицистикалық, ғылыми шығармаларда да, тіпті, қарапайым құжаттың өзіне де, ауызекі сөйлеуде де шеберлікті қажет етеді.
Ұсынылып отырған еңбегімізде біз ағылшын тіліндегі жалқы есімдерді аудару жолдарын талдаймыз. Көркем шығарма нақты тарихи оқиғалармен байланыста болғандықтан оның бойында міндетті түрде нақты жалқы атаулар, әсіресе халық тарихында елеулі рөл атқарған тұлғалар есімдері, жер – су атаулары беріледі. Жалқы есімдерсіз адамзат қарым – қатынасы болуы мүмкін емес.
Жалқы есімдер – ұлттық мәдениеттің көрінісі болып табылады, яғни оларды ауылдары алыс орналасқан басқа ұлт оқырмандарына жеткізу аса үлкен біліктілікті қажет етеді.
Аудармашы арқылы қарым – қатынас жасау лингвоэтникалық кетергі арқылы қарым – қатынас жасаудың бірден – бір жалқы әдісі, жолы емес (Лингвоэтникалық кетергі ұғымы тілдік кетергі ұғымымен бірдей емес. Лингвоэтникалық кедергінің құрамына тілден басқа ұлттық, этностық, мәдени, салт – дәстүрлік, тарихи, психологиялық тағы да сол сияқты факторлар кіреді).
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 Бірінші кітап «Алмас Қылыш» романы Алматы «Жазушы»
І.Есенберлин «Көшпенділер» тарихи трилогия. 1986ж.
Информация о работе Жалқы есімдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері