Термодинамикадағы негізгі ұғымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 17:54, курс лекций

Описание

Термодинамикада зерттелетін объектіні жүйе деп атайды. Жүйе дегеніміз кеңістіктің бөліп алынған бір бөлігі. Бұл бөлік бір немесе бірнеше денеден тұрады. Жүйе айналадағы ортадан ойша немесе шын мәнінде алынған шектермен шектеліп бөлінеді.Жүйені құратын денелер өзара бір-бірімен және басқа денелермен энергия не зат алмасу арқылы әрекеттесуі мүмкін.

Работа состоит из  1 файл

ТЕРМОДИНАМИКА.doc

— 199.00 Кб (Скачать документ)

KN=

Мольдік үлес - өлшемсіз шама, сондықтан KN – де өлшемсіз, ал KP өлшемі Pi - өлшеміндей болады.

Реалды газдар үшін тепе-теңдік константасының теңдеуіне фугитивтікті қояды, ал ерітіндіде өтетін реакциялар үшін парциал қысымдардың немесе концентрация орнына заттардың активтігі қойылады.

Химиялық тепе-теңдікті зерттеуде массалар әрекеттесу заңы өте маңызды роль атқарады. Тепе-теңдік константасы арқылы реакцияға қатысатын  заттардың тепе-теңдіктегі концентрацияларының  қатынастары беріледі. Бұл қатынасқа заттардың бастапқы концентрациясының мәндері әсер етпейді. Мысалы, төмендегі реакцияны қарастырайық:

                                          H2+I2↔2HI

Бастапқы заттар сутегі мен иод арасындағы реакция алғашында  тура бағытта, яғни сутек түзілу бағытында өтеді. Осы тура процестің жылдамдығы сутегі мен иодтың парциалды қысымдарына тәуелді. Реакция барысында иод пен сутегі концентрациялары кемиді; соған байланысты тура реакцияның жылдамдығы төмендей бастайды. Ал иод сутектің түзілу барысында кері реакцияның жылдамдығы артады. Тура және кері реакциялардың жылдамдығы бір-біріне теңескенде химиялық тепе-теңдік орнайды.


Информация о работе Термодинамикадағы негізгі ұғымдар