Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 19:29, дипломная работа
Мұғалім оқушының белсенді оқу қызметін ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Сапалық есептер оқушының оқуға жауапкершілікпен, түсініктілікпен қарауы сияқты бағытта қарастырылады. Оқытылған материалды түсінуді жүзеге асыратын басты құрал мұғалімнің түсіндіруі болып табылады. Бұл қағида сыныптан-сыныпқа көшкенде күрделеніп отыратын өзіндік жұмыс жүйесін құруды және қолдануды талап етеді. Мұнда оқушылардың өзіндік жұмыстарына маңызды орын беріледі. Білімді жаңарту мен терендету жолдарының бірі-өз бетімен білім алу. Оқушы бойында өздігінен білім алуға деген қажеттілік тудырып оларды тиісті дағдылармен қаруландыру мектептің маңызды міндеттерінің бірі.
Кіріспе ------------------- --------------------------------(3)
1. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
1.1. Оқыту теориясы мен практикасында оқушылардың өзіндік жұмыс істеу мәселелері.----------------------------(7)
1.2.Эксперименттік білімдерді және дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері.------------------(11)
2. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыратын тәжірибелік жұмыстардың әдістемесі мен ұйымдастырылуы.---------------------------------------------(21)
2.1. Оқушылырдың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі.-------------------------------------------------------(21)
2.2. Зертханалық жаттықтыру сабағын өткізу процесіндегі оқушылардың эксперименттік іскерлік пен дағдылыларын ұйымдастыру.---------------------------------------------------(26)
2.3. Экспериментті ұйымдастыру және жүргізу тәсілдері
---------------------------------------------------------------------(29)
6. Қорытынды:--------------------------------------------------(42)
Әдебиеттер:-----------------------------------------------------(45)
Химиядан білім беру жүйесінің соңғы кездегі бағыттарының бірі химия курсының құрамын структуралау, оның әртүрлі бөлімдерін біріктіріп және жүйелеп қарастыру. Курстың кейбір бөлігі жалпы мақсаттары мен оқыту әдістемесі бірдей болуы арқылы біріктіріле отырып және жалпы принциптер негізінде құрастырылса, онда мұғалімнің оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамыту, білімдері мен дағдыларын керекті деңгейде қалыптастыру бағытында мол мүмкіндігі болады.
Кез келген маман
қалыптасқан жағдайларын басқа
Өмірдегі көптеген өзгерістерге тез бейімделу үшін оқушылардың шығармашылық ойлану процесін дамыту керек, оқытудың дамытушылық әдістері арқылы қалыптасуы сөзсіз.
Оқытудың дамытушылық әдістері негізіне жаңалық ашу концепциясы алыну керек,-дейді Джемора Брунер. Оқушылар әлем тану барысында практикалық білім мен дағдыларын пайдалана отырып, ашылған заңдылықтарға сүйене отырып, өздерінің меншікті тұжырымдарын жасау керек. Оқытудың бұл түрі шығармашылық оқытуға жатады, себебі мұндай әдіс оқушылардың нәтижелі ойлануын дамытуға әсер етеді. Осы теориядан қазіргі кезеңдегі оқытудың дамытушылық концепциясы туындалады.
Осы күнгі ой-пікірлердің ішінде бізге жақындауы М.Ж.Жадрина [20] концепциясы. Оның ең негізгі қағидасы оқушылардың табиғат тану ғылымдары негізінде ойлану қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. Оқушылардың табиғат тану ғылымдары негізінде ойлану қабілеттерін қалыптастырудағы әсерін тигізетін факторларды талдау арқылы және мектептегі химия курсын оқыту процесімен салыстыра отырып, автор белгілі бір тұжырымға келеді: оның айтуынша оқушылардың табиғат тану ғылымдар негізінде ойлану қабілеттерін қалыптастыру үшін оқу процесіне химияны оқыту барысында арнайы әдістемелер жүйесі мен тәсілдер енгізу керек дейді. Мұндай әдістер қатарына оқылатын материалдарды проблемалық түрде баяндау, проблемалық сәттер туғызу, зерттеулік және эвристикалық әдістер жатады.
М.Ж.Жадрина [20] жұмыстарында ойлану тәсілдерін қалыптастыру әдістері қарастырылған. Ойлану тәсілдерін қалыптастыратын тапсырмалар төмендегідей талапқа сай болуы керек:
А)оларды қолданудың қажеттілігінің негізделуі.
Б)тапсырмалар жүйесі арқылы оқушылардың ойлану белсенділіктерін арттыруға талап қою.
В)мұндай тапсырмалар оқу процесінің барлық кезеңдеріне енгізілу керек.
Материалды проблемалық түрде баяндау, оқытудың белсенді әдістемелері негізінде Н.М. Зверева студенттердің шығармашылық өзбеттіліктерін дамыту жүйесін құрастырады.
Н.М. Зверева жұмыстарында
баяндалған теориялық
- зертханалық жұмыстарға қосымша тапсырмалар енгізу;
- жалпы қосымша зертханалық жұмыстар, оқу процесіне компьютерлік технологияны енгізу, оқушылардың ғылыми тақырыптарға рефераттар жазуы;
- ЭЕМ –ға бақылаушылық және оқулық бағдарламалар жасау, ғылыми мақалалар жазуға оқушылардың қатысуы.
Оқушылардың эксперименттік білімдері мен дағдыларының қалыптасуында біздің ұсынып отырған әдістеменің теориялық негізі ретінде П.Я.Гальперин теориясын қарастырдық.
П.Я.Гальперин кез-келген іс-әрекетінің орындалуы, оның орындалу деңгейіне байланысты емес екі бөлімінен тұрады деп атап көрсетеді, олар : икемденушілік және орындалушылық.
Икемденушілік іс-әрекетінің орындалуындағы жалпы жағдайды сипаттай, алдымен оның орындалу жоспары, бақылау әдістері мен параметрлері және орындалу барысындағы түзету тәсілдері тағайындалады. Орындалатын іс-әрекеттің сапасы мен деңгейі тәуелді болатындықтан бөлімі негізгі болып саналады, себебі одан ең алдымен орындалатын әрекеттің П.Я.Гальперин [21] теориясы бойынша сыртқы іс-әрекетті ішкіге айналдыру процесі(интериоризация) бөлек-бөлек кезеңдермен жүргізіледі. Сырқы іс-әрекеттің ішкіге ауысуын төрт параметр арқылы өрнектеледі:
- орындалу деңгейі, қорытындылар өлшемі, шын мәнінде орындалатын операциялардың толықтығы және игеру өлшемі, тонмен сөйлеу және іштей ойлану арқылы іс-әрекет. Басқа үш параметр белгілі деңгейде қалыптасқан іс-әрекеттік сапасын сипаттайды.
Біздің ойымызша, тәжірибелік білімдер мен дағдылардың қалыптасу кезеңдерінің үш принципін атап көрсетіп және солардың негізінде лабораториялық жаттықтыру сабақтарын жүргізу әдістемесін құрастыруға болар еді.
1.Зертханалық жұмыстарды орындау барысында жаттығулық тәжірибелік тапсырмаларды жоспарлы түрде қайталау.
2.Зертханалық жұмыстарға арнайы терминдер тәжірибелік тапсырмаларды алдын-ала енгізу.
3.Зертханалық жұмысқа дайындалудың препедевтикалық құралы ретінде тәжірибелік есептерді пайдалану.
Бірнеше лабораториялық сабақтарды қайталанып жаттығулық тапсырмалар, студенттердің алған нақты білім түрін пайдалану,игеру немесе таныстыру мақсатында жүргізіледі.
Бұл тұжырым ойланулық іс-әрекетті қалыптастыру процесіндегі П.Я.Гальперин [21] көзқарасымен ұштасады.
1.Болашақ іс-әрекетінің практикалық танысу, яғни болашақ іс-әрекеттер негізінде икемдену.
2.Іс жүзінде іс-әрекеттердің.
3.Сыртқы денелердің тікелей пайдаланбай берілген іс-әрекеттерді орындау.
4.Іс-әрекеттерді іштей айналу жоспарына ауыстыру. Әрекет мазмұнын іштей еркін сөйлеп шығу.
Жалпы химия бағдарламасына енбейтін, бірақ химия курсында игерілген білімдер мен дағдыларға сүйене отырып, кейінірек арнайы кафедраларда орындалатын жаттығуларды біз алдын-ала жоспарланатын тапсырмалар дейміз. Осындай элементтерді оқу процесіне енгізу студенттердің химия мен техниканы оқып үйренуге деген ынтасын жоғарылатады.
Осы келтірілген теориялық қағидалар біз құрастырған оқушылардың эксперименттік білімдері мен дағдыларын әртүрлі кезеңдерде қалыптасу әдімтемесінің негізін қалайды.
Орта мектептерде сабақ жүргізудің әдістемелік әдістемесінде оқушылардың өзіндік дербес жұмыс істеу дағдысына қалыптастыру актуалды проблемалардың бірі болып табылады. Теориялық сабақтарға қарағанда зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу мүмкіндігімен танымдық қабілетінің арта түсетіндігі талас тудырмайды. Олай дейтін себебіміз осы химиялық практикумде берілген тапсырмаларды орындау барысында, оқушылардың біріншіден, теориялық тұрғыдан алғанда білімдері біршама шыңдалып тереңдей түседі; екіншіден, олар аспаптармен жұмыс істеудің тәсілдерін жете меңгереді; үшіншіден, эксперименттер қою арқылы өз бетінше дербес жұмыс істей отырып, теориялық білімдерін бұрынғыдан да арттыра түседі.
Бірнеше жоғарыда жүргізілген зерттеулер қорытындысында, бұл ұғымдардың ғылымдағы орны, сонымен қатар оқушылардың әртүрлі жұмыстарының классификациясының психологиялық-педагогикалық негіздері айқындалған.
«Өзбеттілік іс-әрекет» ұғымы оқушының оқу немесе ғылыми танымын ұйымдастырудың құралы ретінде қарастырылды. [22].
Оқулық,
өзіндік жұмыс, танымдық
Өзіндік жұмыс дегеніміз - оқушылардың жаңа білім алу жолында байқалатын іс-әрекеттерінің қорытындысы.
Сонымен оқушылардың өзіндік жұмысы дегеніміз - олардың интеллектуалды, жігерлі және кәсіптік қасиеттерін дамытатын,оқу бағдарламасында қарастырылған,оқулық материалдың мазмұны мен керекті көлемін игерудегі оқу жұмысының жанжақты түрлері. Оқушылардың барлық түріндегі оқу жұмыстары шын мәнінде өзіндік жұмыс қатарына жатады,ал өзбеттіліктің деңгейі оның орындалу барысында педагогикалық басқарушылық жүргізу дәрежесі және түрлерімен анықталады.
Зертханалық сабақтар кезінде оқушылар өлшеуге арналған техникалармен жұмыс істеуді жете меңгереді, өз беттерімен зерттеу жұмыстарын жүргізуге дағдыланады, зерттеу жұмыстары кезінде байқалған құбылыстарды сипаттап жазып үйренеді және зерттеудің ең тиімді жолдарын таңдай білуге қол жеткізеді. Сонымен бірге теориялық білімдерін, эксперименттің нәтижесінде алынған фактылармен салыстыра білетіндей және оларды график, кесте түрінде көрсете білетіндей деңгейге көтеріледі. Сонымен зертханалық сабақтарда оқушылардың өз бетімен дербес жұмыс істеуін ұйымдастыру, әрбір сабақтың мазмұнын қысқаша ұғынуға жеңіл формада ашып көрсетумен және олардың орындалу жолдарын сипаттап жазумен аяқталады.
Осы айтылғандарды жүзеге асыру үшін әрбір зертханалық сабақтағы оқушыларға берілетін тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы маңызды орын алады. Сондықтан да әрбір зертханалық сабаққа алдын ала әдістемелік нұсқау дайындалады. Осы нұсқауда оқушыларға берілетін тапсырмалар әдіснамалық тұрғыдан терең білімге негізделген болуға тиісті. Бұл жерде сабақтың әдіснамалық негіздеріне мыналар кіреді:
Әрбір зертханалық сабақта жүргізілетін жұмысты жоспарлау және олардың дер кезінде дұрыс орындалуын ұйымдастырып, бақылап отырып мынадай нәрселерге қол жеткізуді көздейді:
Әрбір зертханалық жұмыс кішігірім есеппен аяқталады. Ондағы негізгі көңіл аударылатын нәрсе мыналар болуға тиісті:
Түптеп келгенде зертханалық сабақтардың сәйкестігін ескере отырып құрастырылған бағдарламамен жұмыс істегенде, әсіресе зертханалық сабақтардың жүруін жоғарыда келтірілген схемамен өткізгенде, коллоквиумдарды дер кезінде қабылдап отырғанда, мұғалім ең бастысы оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығының және ынтасының артуына қол жеткізеді.
I ТАРАУ ТҰЖЫРЫМЫ
Психологиялық, педагогикалық және әдістемелік зерттеулерге алға қойылған проблема бойынша талдау жасай отырып, оқушылардың өзіндік жұмыс ұғымдары меңгеруінің химияны оқып-үйренудегі орны анықталды.
«Өзіндік жұмыс ұғымы» оқушы үшін болашақта маңызы бар, өз түйсігіне жүгіне отырып, алған білімдері мен біліктеріне, икемдіктері мен дағдыларына және интелектуалдық қабілетіне сүйеніп, өзгелердің көмегінсіз мәселелерді анықтап және оларды шешудің тиімді жолдарын таба отырып, жүзеге асыра білуімен сипатталатын жеке тұлғаға тән қасиет ретінде анықталды;
Өзбетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру: іс-әрекеттің мән-мағынасын түйсінуді, оған деген қызығушылық пен қажеттілікті қамтитын ; іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажет білімдер мен біліктерді, икемдіктер мен дағдыларды және оқушының жеке басына тән интеллектуалдық қасиеттерін қамтитын кезең; іс-әрекеттің нәтижесіне деген жауапкершілікті сезінуді қамтитын; өз іс-әрекетіне есеп беріп, реттеп отыруды, іс-әрекет нәтижесін бағалай, сынай және саралай білуді қамтамасыз ететін реттеуші бақылау түрінде анықталды.