Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 19:29, дипломная работа

Описание

Мұғалім оқушының белсенді оқу қызметін ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Сапалық есептер оқушының оқуға жауапкершілікпен, түсініктілікпен қарауы сияқты бағытта қарастырылады. Оқытылған материалды түсінуді жүзеге асыратын басты құрал мұғалімнің түсіндіруі болып табылады. Бұл қағида сыныптан-сыныпқа көшкенде күрделеніп отыратын өзіндік жұмыс жүйесін құруды және қолдануды талап етеді. Мұнда оқушылардың өзіндік жұмыстарына маңызды орын беріледі. Білімді жаңарту мен терендету жолдарының бірі-өз бетімен білім алу. Оқушы бойында өздігінен білім алуға деген қажеттілік тудырып оларды тиісті дағдылармен қаруландыру мектептің маңызды міндеттерінің бірі.

Содержание

Кіріспе ------------------- --------------------------------(3)
1. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
1.1. Оқыту теориясы мен практикасында оқушылардың өзіндік жұмыс істеу мәселелері.----------------------------(7)
1.2.Эксперименттік білімдерді және дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері.------------------(11)
2. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыратын тәжірибелік жұмыстардың әдістемесі мен ұйымдастырылуы.---------------------------------------------(21)
2.1. Оқушылырдың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі.-------------------------------------------------------(21)
2.2. Зертханалық жаттықтыру сабағын өткізу процесіндегі оқушылардың эксперименттік іскерлік пен дағдылыларын ұйымдастыру.---------------------------------------------------(26)
2.3. Экспериментті ұйымдастыру және жүргізу тәсілдері
---------------------------------------------------------------------(29)
6. Қорытынды:--------------------------------------------------(42)
Әдебиеттер:-----------------------------------------------------(45)

Работа состоит из  1 файл

Дипломная Аяулым.doc

— 560.00 Кб (Скачать документ)

  тексеру

  16    Жұмыстың орындалу тәртібі                                                                 +


  17     Құралдардың сипаттамасы                                                                   +


  18    График түріндегі  мәліметтерді өңдеу                                                  +


  19  Білім мен шеберлікті ұштастыра  білу және


 оны болашақта дағдыға  айналдырып,

 пайдаға  асыру  


         Барлығы:                                                                 4               10            19



7-суретте әртүрлі сабақтар түрлеріндегі өзбеттілік іс-әрекеттер саны гистограмма түрінде көрсетілген.

 

 

Өзіндік жұмыстың іс әрекеттерінің   саны

                                                                                                                                  

7-сурет. Әртүрлі сабақтар түрлеріндегі өзіндік іс-әрекеттердің салыстырмалы саны.

 

     Әртүрлі  сабақ түріне қажетті өзбеттілік  сатысы әртүрлі болатынын көрдік. Практикалық сабақтарда оқытушының  басқарушылық сатысы өте үлкен,  тапсырманы жаттыға шешу тақтаға  жазуменен түсіндіруменен беріледі. Әрбір оқушы тапсырманы шешудің әрбір кезеңінде өзінің шешкендігінің дұрыстығын тексере алады. Зертханалық жұмыс үшін, жаттықтыру кезеңі жоқ.  Зертханалық сабақтарда әрбір оқушы өз бетінше зертханалық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқауларды басшылыққа ала отырып, барлық қажетті іс-әрекеттерді орындаулары тиіс. Осының нәтижесінде сабақтан сабаққа, кәсіптік іскерлік пен дағдыға негіз болатын, оқытудың соңғы кезінде бірқатар оқушыларда олардың жеткіліксіз қалыптасуы болып табылады.

     Оқушылардың зертханалық жұмыстары бойынша сынақ кезінде алған қорытынды бағалары эксперименттік іскерлік пен дағдылардың қалыптасуының жалпы көрсеткіші  деп есептейміз. Бұл тексеру қорытылған эксперименттік іскерлік пен дағдының  тізімімен жүзеге асады. Енді 10 кестесіндегі біздің нәтижелерімізді «4» пен «5» - үздік, «3» - қанағаттанарлық, «2» - қанағаттанарлықсыз базасымен көрсетуге болады.

               

              Зертханалық жаттықтыру сабақтарын өткізгеннен кейінгі оқушылардың эксперименттік іскерлік пен  дағдыларының қалыптасу деңгейін зерттеу нәтижесі                            

     Зертханалық  жаттықтыру сабақтарының негізгі  зерттеу қорытындысы болашақ  жоғары іс-әрекеттеріне қажетті эксперименттік іскерлік пен дағдының деңгейін жақсы жетістіктерге белгілі бір мөлшерде қамтамасыз ете алмайды.

     Бұл тарауда  көрсетілген зерттеу қортындысы  бойынша келесі жаңа міндеттер  қойылды және анықталды:

  • кезеңге бөлу принципін қолдана отырып, оқушылардың эксперименттік іскерлік пен дағдыларының болашақ деңгейін арттыру жолдарын табу;
  • зертханалық жұмыстарды орындау кезіндегі оқушыларда туатын қиыншылықтарды жеңу тәсілдерін табу;
  • химиялық зертхана жұмысы кезінде өз бетінше жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін тез меңгеруге көмектесу;
  • зертханалық жаттықтыру сабақтарында практикалық қолданбалы іс-әрекетінің элементін енгізу жұмыстарын жалғастыру;
  • зертханалық жаттықтыру сабақтарын өткізу әдістемесінің қосымша өңдеу жолымен оқушылардың шығармашылық ойлау деңгейін арттырады.          

 

 

 

         8 – сынып оқулығындағы сарамандық жұмыстар және эксперименттік есептер

 

   Қазіргі мектеп бағдарламасында химиядан 8 сыныпта 9 сағатқа есептелген  8 сарамандық жұмыс берілген. Олардың екеуі эксперимент есептерін шығаруға бөлінген .

    Алғашқы үш сарамандық жұмыс химиялық кабинетте жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелерін оқып үйренуге, ондағы қойылған талаптарды бұлжытпай орындауға , еске сақтауға және химия сабағы кезінде бұл ережелерді үнемі есте сақтап отыру керектігі ескертілген.

Химия эксперименттік ғылым  болғандықтан, оны оқыту процесінде  көптеген тәжірбиелерді қою үшін химиялық құрал жабдықтармен таныс болуы тиіс және олармен жұмыс істей білу қажет.Ол үшін оқушыларды алдымен химия кабинетінде бар құрал жабдықтармен таныстыру қажет,заттарды қай жерде, қалай пайдалану керектігін білулері керек[23].

Міне осыған байланысты алғашқы сағаттарда «Зертханалық штативпен жұмыс істеу» ретіндегі оған түрлі химиялық ыдыстарды бекіту және тағы басқа талданған сонымен қатар химиялық зертханаларда жиі қолданылатын спирт шам, электр қызғыш және газ жанарғысы жөнінде мәліметтер берілген.Мұнда заттармен жұмыс жасағанда қандай сақтық шараларын есте сақтау керектігі айтылады. Оқушылар үй тұрмысында электр қызғыштармен жиі кездеседі.Олармен жұмыс істеу ретін азды көпті біледі.Сол себепті де электр қызғыш туралы айтқанда олардың көңілін осыған аудару қажет.Оның үстіне үй тапсырмасында біздер түрлі газ қондырғыларын пайдаланатындығымызды еске түсіріп , химиялық кабинеттерде де газ жанарғысын пайдалануға болатындығын айту қажет.Дегенмен де,газ жанарғысы жалынның температурасы туралы айтқан жөн. Бұл жайында оқулықта ешнәрсе айтылмаған. Мектептегі химиялық кабинетте қыздырғыш ретінде спирт шам жиі қолданылады.Сондықтан да оны пайдалана білуді оқушылардан мұқият талап ету керек.Оқушылар жалын туралы толық мәліметті құрылысын ,оның әртүрлі бөлігінде температураның әртүрлі болатындығы осы алғашқы сабақтарда оқып үйренеді.Егер оқушыларға газ жанарғысы жалынының температурасымен құрылысы салыстыра отырып түсінік берсе,онда олар әртүрлі қыздырғыш туралы жалын туралы терең білім алады.Бұл жағы оқулықта ескерілмеген .Осыған байланысты бізде өз жұмысымызда оларды өзара салыстыруды жөн көрдік.

 

 

 

1. Газ жанарғысы үшін:

а) бөлімінде жану жоқ, газ ауамен жай араласады;

б) бөлімінде газ толық  жанбайды (бұл бөлімде температура  әсерінен табиғи   газ ыдырауы ықтимал);

в) бөлімінде газ толық  жанады.

2. Спирт шам үшін:

а - бөлімінде C2H5 + O2 ®

б - бөлімінде  2C2H5OH + 5O2 ® 4CO2 + 6H2O

                        C2H5OH ® C2H4 + H2O

в - бөлімінде   C2H4 + 3 O2  ® 2CO2 + 2H2O

                       2C2H5OH + 5O2 ® 4CO2 + 6H2O

а бөлімінде түзілген газдар ауамен араласады. Жалынның бұл  бөлігіне сіріңкенің шырпысын тез апарып біраз ұстаса ол бірден жанбайды. Демек  жалынның бұл бөлігінің температурасы  төмен. Егер жалынның төменгі бөліміне шыны түтікті енгізіп, тесігіне жанған шырпыны апарса жалын пайда болады. Бұл жалынның төменгі бөлігінде жанып үлгермеген газдар барын дәлелдейді [24].

   Жалынның б – бөлігі өте жарық болады. Мұның мәнісі жоғары температураның әсерінен құрамында көміртегі өнімдері айырылады және көмірдің бөлшектері күшті қызып жарық шығады.

   Жалынның в   бөлігінде газдар толық жанып,  көміртегі (IV) оксидін және су түзеді. Соның салдарынан жалынның бұл бөлігі жарық шығармайды.

   Үшінші сабақта оқушылар заттарды еріту, сүзу, сүзгі дайындау және буландырумен танысып, үйренеді. Бұл сабақта оқушылар тегіс сүзгі дайындауды үйренумен қатар қатпарлы сүзгі жасап үйренгені жөн. Себебі қатпарлы сүзгінің сүзу ауданы үлкен болады. Сондықтан сүзу процесі жылдам жүреді. Сүзу арқылы және буландыру арқылы заттарды бір – біріне бөлуге болатындығын іс жүзінде көріп үйренеді.

 3- сарамандық жұмыс. «Оттегіні алу және оның қасиетттері».

    Бұл жұмыста  оқушылар газ (оттегі) алу және  жинау әдістерімен танысады. Ол  үшін қажетті қондырғы, қондырғыны  құрастыруды және оның герметикалығын тексеруді үйренеді. Сонымен қатар жинап алған оттегінде көмір мен күкіртті жағып заттардың ауада және таза оттегіде қалай жанатындығына көз жеткізеді. Газды жинау және оны заттармен әрекеттестіру арқылы заттардың қасиеттері, физикалық және химиялық құбылыс туралы білімдерін тиянақтай түседі. Бұл жұмыста оқушылар құрастырған қондырғының герметикалығын тексеру үшін оны газ өткізгіш түтігінің ұшын суы бар ыдысқа салып, реакциялық ыдысты аздап қыздырады. Егер қондырғы герметикалық болса, онда суда ауа көпіршіктері біліне бастайды, ал суды қыздыруды тоқтатқанда су ыдыстан қондырғыға қарай өте бастайды.

    Оқушылар осыған  дейін қондырғының герметикалығын  тексерумен таныс болмаған, сондықтан  жұмыстың бұл бөлігін мұқият  түсіндіру қажет [25].

    Бұл жұмыста кездесетін процестердің химиялық теңдеулері:

2KMnO4 ® K2MnO4 + MnO2 + O2­

C + O2 ® CO2­

CO+ Ca (OH)2 ® CaCO3¯ + H2O

S + O2 ® SO2

 

4 – Сарамандық  жұмыс. «Мыс (II) оксиді мен күкірт қышқылының арасындағы алмасу реакциясы».

    Бұл жұмыста  оқушылар алмасу реакциясымен және қыздару, сүзу, еріту және буландыру процестерімен тағы да танысады. Бұл жұмыстағы өтетін процестің химиялық теңдеуі:

CuO + H2SO4 ® CuSO4 + H2O

 

5- Сарамандық  жұмыс. «Тұз ерітінділерін дайындау».

Заттарды өлшеу жайында  алған білімдерін негізге алып мұғалім нұсқауы бойынша ерітінділер даярлап үйренеді [26].

1.Заттың массалық үлесі  көрсетілген тұз ерітіндісін даярлау.

Тапсырма: Массалық үлесі 50г,5% соданың (Na2Co3) 50г ерітіндісін дайындау.

Шешуі: Қажетті тұз  бен суды есептейді:

а)100г ерітінді - 5г тұз бар.

50г ерітінді – хг  тұз бар.

100г:50г=5г: хг

Х=50*5/100= 250/100=2,5(тұз)

б) 50г ерітінді /ерітінді/- 2,5/тұз/=47,5г су / немесе 47,5мл/

в) Оқулықта көрсетілген  жолмен ерітінді даярлайды.

2. Мольдік концентрациясы  көрсетілген тұз ертіндісін даярлау.

Тапсырма:Мольдік концентрациясы 0,2 моль/л барий хлоридінің /ВаСl2//50 мл ерітіндісін  дайындау.

Шешуі: Қажетті тұздың массасын және көлемін есептейді.

а) М/ВаСL2//=137+35,5х2=137+71=208

1 моль – 208г

0,2 моль – х г

1:0,2=208:х

Х=208*0,2/1=41,6г

б) 1л ерітіндіде - 41,6г тұз бар.

0,05л ерітіндіде - х г тұз бар.

1*0,05= 41,6: х

Х= 41,6* 0,05/ 1= 2,08 г( тұз)

в) 50 г ерітінді - 2,08 г тұз = 47,92 г су / немесе 42,92 мл/

г) оқулықта көрсетілген  жолмен ерітінді даярлайды.

 

6- Сарамандық жұмыс. «Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары» тақырыбы бойынша эксперимент есептерін шығару.

      Бұл  есептердің барлығын бір бағытта  орындау өте қиын.

Сондықтан да келтірілген  тапсырмаларды  көрсетілгендей топтап беру өте тиімді. Шығарылмаған  есептерді үй тапсырмасы  ретінде  беру қажет [27].

    Есептердің  шешуі.

1- есеп. Пробиркалардың қайсысында:

а) Натрий хлориді 

ә) Натрий гидроксиді

б) тұз қышқылы ерітінділері бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеңднр .

Шешуі: Үш ерітіндіден  жеке- жеке құйып алып, әр қайсысына  лакмус қағазын батырады:

а) Тұз қышқылы ерітіндісіне батырылған қағаз қызарады

ә) Натрий гидроксиді ерітіндісіне батырылған  қағаз түсін көгертеді.

б) Натрий хлориді ерітіндісіне батырылған қағаз түсін өзгертпейді.

2- есеп. Бір пробиркада - дистелденген су, екіншісінде калий хлориді ерітіндісі бар. Өздеріңе берілген осы заттардың қайсысы қай пробиркада екенін анықта .

жеке-жеке алып, суда ерітеміз.

Кальций оксиді суда жақсы  ериді,жылу бөлінеді; магний оксиді болса  суда баяу ериді .Осы қасиеттеріне Шешуі: Екі сұйықтықтан жеке- жеке құйып алып әрқайсысына бірнеше тамшы күміс нитратының / AgNO3/ ақ тұнба / АgCL/ түзілуі керек ./

AgNO3 + H2O ®

AgNO3 + KCL® AgCL2¯ + KNO3

3- есеп. Екі пробиркада : а/ кальций оксиді; б/ магний оксиді берілген. -Олардың қайсысы қай пробиркада екенін анықтаңдар.

Шешуі: Екі пробиркадағы заттарды қалай бір-бірінен ажыратуға болады.

Реакция өте шабытты  жүреді, экзотермиялық процесс.Реакция  нәтижесінде кальций гидроксиді түзілгенін ерітіндіге көмір қышқыл газын жіберу арқылы тексеруге болады.

 

 

 

Реакция өте баяу жүреді.

4-есеп . Металдық магнийден магний гидроксидін алыңдар.

 

5-есеп. Мыс /II/ оксиді берілген .Мыс /II/ гидроксидін алыңдар.

Шешуі:

б) Сүзу арқылы Мыс /II/ гидроксидін бөліп алуға болады.

6- есеп.Кальций гидроксидінің ерітіндісі берілген .Кальций карбонатын , одан кальций хлориді ерітіндісін алыңдар.

Шешуі:

              а).Ca(OH)2 + CO2 ® CaCO3 + H2O

              б).CaCO3 + HCI ® CaCI2 + H2O + CO2­

7-есеп.Темір / III/ хлоридінен темір / III/ оксидін алыңдар.

Шешуі: а).FeCI3 + 3NaOH = Fe(OH)3 + 3NaCI

              ә). Темір / III/ гидроксидін сүзіп бөліп алып , қыздырамыз:

8-есеп.Магнийдің кристалл  түріндегі хлориді берілген.

Магний гидроксидін  алыңдар.

Шешуі:              а).MgCI2 + H2O ® Mg(OH)2 +2 HCL(ерітінді)             

                           ә).MgCI2 + 2NaOH ® Mg(OH)2 + 2NaCI              

Информация о работе Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру