Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 19:29, дипломная работа

Описание

Мұғалім оқушының белсенді оқу қызметін ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Сапалық есептер оқушының оқуға жауапкершілікпен, түсініктілікпен қарауы сияқты бағытта қарастырылады. Оқытылған материалды түсінуді жүзеге асыратын басты құрал мұғалімнің түсіндіруі болып табылады. Бұл қағида сыныптан-сыныпқа көшкенде күрделеніп отыратын өзіндік жұмыс жүйесін құруды және қолдануды талап етеді. Мұнда оқушылардың өзіндік жұмыстарына маңызды орын беріледі. Білімді жаңарту мен терендету жолдарының бірі-өз бетімен білім алу. Оқушы бойында өздігінен білім алуға деген қажеттілік тудырып оларды тиісті дағдылармен қаруландыру мектептің маңызды міндеттерінің бірі.

Содержание

Кіріспе ------------------- --------------------------------(3)
1. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
1.1. Оқыту теориясы мен практикасында оқушылардың өзіндік жұмыс істеу мәселелері.----------------------------(7)
1.2.Эксперименттік білімдерді және дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері.------------------(11)
2. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыратын тәжірибелік жұмыстардың әдістемесі мен ұйымдастырылуы.---------------------------------------------(21)
2.1. Оқушылырдың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі.-------------------------------------------------------(21)
2.2. Зертханалық жаттықтыру сабағын өткізу процесіндегі оқушылардың эксперименттік іскерлік пен дағдылыларын ұйымдастыру.---------------------------------------------------(26)
2.3. Экспериментті ұйымдастыру және жүргізу тәсілдері
---------------------------------------------------------------------(29)
6. Қорытынды:--------------------------------------------------(42)
Әдебиеттер:-----------------------------------------------------(45)

Работа состоит из  1 файл

Дипломная Аяулым.doc

— 560.00 Кб (Скачать документ)

                         б).Сүзу арқылы магний гидроксидін бөліп алады.

9 – есеп. Мыс /II/ сульфаты ерітіндісінен Мыс /II/ хлоридінің ерітіндісін алыңдар.

 Шешуі: а).CuSO4+ BaCI2 ® CuCI2 + BaSO4

               ә).Сүзу арқылы мыс хлориді  ерітіндісін бөліп алады. 

10 – есеп.Мына айналымдарды іс жүзінде жүзеге асырыңдар:

Мыс  /II/ карбонаты ® мыс /II/ хлориді ®      мыс    /II/ гидроксиді, ® мыс /II/ оксиді .

 

Шешуі:  а). CuCO3 + 2HCI ® CuCI2 + H2O + CO2             

               ә). CuCI2 + 2NaOH ® Cu(OH)2 + 2NaCI

               б).Сүзу арқылы Cu(OH)2 бөлініп алынады:

               в) Cu(OH)2 ® CuO + H2O

 

7 - Сарамандық жұмыс. «Тұз қышқылын  алу және онымен тәжірибелер».

1- Тұз қышқылын алу.

 

  а). NaCI + H2SO4 ® NaHSO4 + HCI

       2NaCI + H2SO4 ® Na2SO4+ 2HCI            

   

 б).Екінші сынауықта  хлорсутек газы шабытты бөлінді  де су буымен әрекеттесіп өте  концентрлі ертінді түзіледі,оның  тығыздығы судан жоғары болғандықтан  төмен түседі.

в).Хлорсутек газы өте  жақсы еритін болғандықтан оның сумен  шабытты әрекеттесуі нәтижесінде су түтікшемен жоғары көтерілуі ықтимал.

2.Тұз қышқылының химиялық  қасиеттері.

а). HCI + лакмус - қызарады

 ә).2HCI +Zn ® ZnCI2 + H2

 б).HCI + Cu ®реакция жүрмейді.

    Металдардың  актив қатарында сутегіне дейін  тұрған мырыш тұз қышқылындағы  сутегіні ығыстырып , мырыш хлоридін түзеді.Ал мыс бұл қатарда сутегінен кейін тұр,сондықтан қышқыл құрамындағы сутегіні ығыстыра алмайды.

в). 2HCI + CuO ® CuCI2 + H2O

г). 2HCI + Cu(OH)2 ® CuCI2 + H2O

       - судағы  ерітінді көк түсті ,себебі  гидраттанған мыс иондарының түсі көк.

д). 2HCI + CaCO3 ® CaCI2 + H2O + CO2

з).Тұз қышқылын және оның тұздарын тани білу.

а). HCI + AgNO3 ® AgCI + HNO3

ә). NaCI + AgNO3 ® AgCI + NaNO3

б). CaCI2 + 2AgNO3 ® 2AgCI + Ca(NO3)2

   Тұнба      азот қышқылында ерімейді.       – ионға катионға реактив болып саналады.        Суда және азот қышқылында ерімейді.Қорғасын хлориді де қышқылда және суда ерімейді.Сондықтан          орнына         пайдалануға болады.

8- Сарамандық  жұмыс .   «Галогендер»тақырыбының эксперимент есептерін шығару.

1- есеп Мырыш хлоридін үш әдіспен алыңдар.

 

Шешуі:

 а). Zn + 2HCI ® ZnCI2 + H2

 ә). Zn + CuCI2 ®ZnCI2 +Cu

 в). ZnO + 2HCI ® ZnCI2 + H2O

2 – есеп. Әртүрлі екі  әдіспен Мыс  /II/ хлоридін алыңдар.

Шешуі: 

а).Cu + CI2 ®  CuCI2

ә). CuO + 2 HCI ® CuCI2 +H2O

3-есеп.Кішкене паркеттің қайсысында натрий хлориді , натрий бромиді, натрий иодиді, натрий карбонаты бар екенін анықтаңдар.

Шешуі: 1.Тұздар мен реактивтердің арасындағы жүруі мүмкін реакцияларды кестеге жазады да реакциялардың ретін анықтайды.

  

 

    Берілген

      заттар

                                    Реактивтер

 

     AgNO3

 

       HC

 

 Хлор суы

 

 Бром суы

    NaCL

    NaBr

    NaJ

    Na2CO3

Ақ тұнба

Сары тұнба

Ақ тұнба

Сары тұнба

  -----------

  -----------

  -----------

    газ

-------------

Сарғыш түс

Қызыл қоңыр

 -------------

-------------

-------------

 Қызыл қоңыр

-------------


   2. Na2CO3+2HCI ®2NaCI+H2O+CO2­

   3. 2NaJ+Br2 ® 2NaBr+J2

   4. 2NaBr+CI2 ®2NaCI+Br

         

4-есеп.Тұз қышқылының  ерітіндісі берілген.Оның сапалық  құрамын тәжірибе жүзінде дәлелдеңдер.

 Шешуі:

 а). 2HCI+Zn ® ZnCI2+H2

бөлінетін сутегін тексеру  үшін оны пробиркаға жинап, спирт  шамы жалынына апарсақ, «па» деген дыбыс  шығады.   

 ә). HCI+AgNO3 ®AgCI+HNO3

5 – есеп .Магний хлориді және мырыш хлориді қатты күйде берілген.Өздеріне тән реакциялары арқылы бұл заттарды анықтаңдар.

Шешуі:

 а). MgCI2+H2O ® Mg(OH)2 +2 HCL (ерітінді)

      MgCI2+2NaOH ® Mg(OH)2+2NaCI

 ә). ZnCI2+H2O ® Zn(OH)2+2HCL

      ZnCI2+2NaOH ® Zn(OH)2+2NaCI 

6 – есеп .Төрт сынауықта мынадай ерітінділер берілген: а).тұз қышқылы ; ә).натрий хлориді; б).натрий гидроксиді; в).натрий гидроксиді, в).күміс  /I/нитраты; Бұл заттарды өздеріне тән реакциялар арқылы анықтандар.

Шешуі: 1. HCI+ лакмус ® лакмус қызарады.

              2. NaOH+лакмус ®лакмус көгереді.

              3. AgNO3+HCI ®AgCI + HNO3

7 - есеп. Натрий карбонатынан және  натрий  хлоридінен  тұратын қоспа берілген. Натрий хлоридін бөліңдер.

 Шешуі: Na2 CO3 +NaCI -    ұнтақ қоспа

  1. (Na2 CO3 + NaCI ) + HCI ® NaCI + H2O + CO2     
  2. ертіндіден суды буландыру арқылы  натрий хлоридін бөліп алады.

8- есеп. Мына айналуларды іс жүзінде жүзеге асырындар:

     CuCO3 ® CuCI2 ® Cu(OH)2 ® CuO ®  CuCI2 ®AgCI

    a. CuCO3 + 2HCI ® CuCI2 + H2O +CO2 ­

ә. CuCI2  + 2NaOH ®Cu(OH)2 + 2NaCI

б. Сүзу арқылы Cu(OH)2  бөліп алынып, қыздырылады:

     Cu(OH)2 ® CuO + H2O

в. CuO + 2HCI ®CuCI2 +H2O

г. CuCI2 + 2AgNO3 ® AgCI + Cu(NO3)2

     Сарамандық жұмыста  оқушылардың  оқулықтағы  әр тарау  бойынша алған білімдерін  қорытындылап, оларды іс жүзінде пайдалана білу дағдыларын  қалыптастыру мақсатымен  жүргізіледі. Сондықтан мұғалім мектеп бағдарламасында көрсетілген жұмыстарды бар мүмкіндікті пайдалана отырып міндетті түрде өткізуі қажет.[26,27] Болашақта мұндай сарамандық жұмыстардың нәтижелеріне педогогикалық практика негізінде төртінші курс студенттері және жас мамандар химия пәнінен сарамандық жұмыстар орындау барысында  пайдалану мүмкіндігі бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       

 

Қорытынды

 

     Зерттеу барысында мынадай қорытындылар мен әдістемелік ұсыныстар тұжырымдай аламыз:

     Химия мұғалімінің  «өзіндік жұмыс ұғымы» оқушы  үшін болашақта маңызы бар,  өз түйсігіне жүгіне отырып, алған білімдері мен біліктеріне, икемдіктері мен дағдыларына және интелектуалдық қабілетіне сүйеніп, өзгелердің көмегінсіз мәселелерді анықтап және оларды шешудің тиімді жолдарын таба отырып жүзеге асыра білуімен сипатталатын, жеке тұлғаға тән қасиет ретінде анықталды;  

    Өзбетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру: іс-әрекеттің мән-мағынасын түйсінуді, оған деген қызығушылық пен қажеттілікті қамтитын уәждік; іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажет білімдер мен біліктерді, икемдіктер мен дағдыларды және оқушының жеке басына тән интеллектуалдық қасиеттерін қамтитын кезең;  іс-әрекетті алдын-ала жоспарлай білуді, оны ұйымдастыра алуды,  іс-әрекеттің нәтижесіне деген жауапкершілікті сезінуді қамтитын; өз іс-әрекетіне есеп беріп, реттеп  отыруды, іс-әрекет нәтижесін бағалай, сынай және саралай білуді қамтамасыз ететін реттеуші-бақылау түрінде анықталды.

     Химия пәні бойынша зертханалық сабақтарда студенттердің өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру әдістемелері ұсынылды. Бұл әдістемелер:1)зертханалық сабақтар барысында,оқушылардың ізденімпаздық іс-әрекетіне жағдайлар туғызу; 2)алғашқы кезеңде оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне бағыт-бағдарбере отырып, оны біртіндеп өз бетінше әрекет етуге үйрету; 3)оқушының істеген жұмыс нәтижелерін үнемі бақылап, бағалап отыру; 4)бағдарланған өзіндік жұмыстар арқылы оқушының іс-әрекетіне толық мазмұн беру; 5)оқушының әрекетінің нәтижесін іс жүзінде қолдана білуіне мүмкіндік жасау сияқты сатыларды қамтиды.

     Оқушылардың  толық іс-әрекеттері үшін қажетті эксперименттік іскерлік пен дағдыларға бөлінді. Осы процестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызатын оқушылардың эксперименттік іскерлігі мен дағдыларын кезең бойынша қалыптастыру әдістемесі құрылды.

     Оқушылардың  өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын  қалыптастыру және дамыту үшін  төмендегідей шарттардың:

     Оқушының  өзіндік іс-әрекетінің қарапайым дағдыларын төменгі сыныптардан бастап меңгеруі; зертханалық жұмыстың тапсырмалары оқушыларды қызықтыратындай болуы; зертханалық жұмыс тапсырмаларының біртіндеп күрделене беруі; оқушылардың өзіндік жұмыс іс-әрекетін жүзеге асыруына мүмкіндіктердің болуы; зертханалық жұмыстардың іс-әрекет нәтижелерінің тексеріліп, дұрыс бағаланып отыруын, қамтамасыз ету қажеттігін айқындалды.

     Бұл қорытындылар зерттеу болжамында ұсынылған, химия мұғалімінің өзбетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолы - оқушылардың зертханалық жұмыс кезінде белсенділігін арттырумен олардың химия пәні бойынша мазмұндары біртіндеп тапсырмаларды қамтитын, бағдарланған өзіндік жұмыстарды жүйелі түрде орындап отыруын қамтамасыз ету деген пікірдің дұрыстығын дәлелдейді.

     Қандай да болмаса пәнді оқып үйрену барысында оқушының өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік туғызып, оған көңіл бөлу керек; бағдарланған зертханалық жұмыстардың тапсырмалары іс-әрекетінің мазмұнына барынша жақын болғаны дұрыс; өз бетімен жұмыс істеуді қалыптастыруда студенттің жеке басынан ерекше қасиеттеріне, бейімділіктеріне да назар аударған жөн.

     Дипломдық  жұмыстағы міндеттеріне байланысты  химияны оқытуда оқушылардың  өзіндік жұмысының тиімділігін  арттыру мәселесіне байланысты  келесі сұрақтар шешімін тапты.

1. Оқушыларға сапалы білім беруде өздігінен білім алу үшін олардың химиядан зертханалық сабақтарда өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік, дидактика- психологиялық, ғылыми-теориялық негіздерін, оқып талдау нәтижесінде:

- оқыту процесінің барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық белсендігін, арттыру олардың зертханалық сабақтарда өзіндік жұмыстардының жүйесін ұйымдастыру арқылы жүзеге асатындығы;

- өзіндік жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін зертханалық жұмыстардың жүйесінің қажеттігі анықталды.

2. Сынып топтарының жұмыс практикасында оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі зерттелініп:

- олардың білім сапасы алғашқы кезеңдегі анықтау бойынша салыстырғанда төмен екендігі;

- зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін аспаптардың, реактивтердің жеткіліксіздігі анықталды.

3. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін аспаптарды дайындау және жасау барысында сүйенген негізгі бағдарларға талдау жасалынып, соның нәтижесінде:

- жаңа білімді меңгеру және өзбетінше білім алуға;

- алған білімдерін тереңдетіп оны нақтылы қолдануға;

- практикалық іскерліктері мен шеберліктерін қалыптастыруға;

- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға;

- оқушылардың білімдері мен біліктіліктерін тексеруге арналған, қажетті материалдар жинақталып, іріктеліп, олар таным кезеңдеріне байланысты жүйеге түсірілді.

4. Зертханалық жұмыстарды таңдау, іріктеу, дайындау ережелері мен өзіндік жұмысты ұйымдастыру әдістері көрсетілді. Оларды тексеру әдістемесі анықталып, жұмыстар жасалынды.

5. Химиядан зертханалық  сабақтарда оқушылардың өзіндік  жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың  тиімділігі мен сапасы тексерілді, педагогикалық эксперимент жүргізілді. Эксперименттің нәтижесінде бұл  жұмысты химияны оқыту процесінде  қолданғанда оқытудың тиімділігін артатыны дәлелденді.    

     Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды барлық қазақ топтар да қолдануға болады.

     Дипломдық жұмыстың ғылыми әдебиеттерге шолу бөлімінде сарамандық жұмыстарды ұйымдастырудың әртүрлі жолдары жүйеленіп көрсетіледі.

     Орта мектептерге арналған 8 сарамандық жұмыс берілген. Оның екеуі эксперимент есептерін шығаруға, ал алтауы сарамандық жұмыс орындауға арналған.

     Алтыншы сарамандық жұмыста оқушылар 8 сыныпта бейорганикалық қосылыстар туралы алған білімдерін жүйелеп, олардың арасындағы генетикалық байланысқа іс-жүзінде көз жеткізді. Тәжірибелер жасап реакциялар теңдеулерін жазып, алған білімдерін бекіте түсті.

     Сегізінші сарамандық жұмыста галогендер және олардың туындылары арасындағы байланыс туралы эксперименттік есептер шығарылды. Бұл эксперименттік есептерді шешкенде де тәжірибелер жасалынып, іске асқан химиялық процестердің реакция теңдеулері жазылып, нәтижесінде оқушылардың галогендер туралы алған білімдері жетілдірілді.

Информация о работе Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру